Математика ғылымының ең ежелгі салаларының бірі геометрия. Геометрия, математика тарихында үлкен орын алады және геометриялық фигуралар үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, призма, пирамида, және т б. туралы ғылым


Математика сабағын компьютер арқылы



жүктеу 2,51 Mb.
бет27/30
Дата23.11.2018
өлшемі2,51 Mb.
#24009
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30
Математика сабағын компьютер арқылы

жүргізудің әдістемелік нүсқаулары
Математика мектепте оқылатын пәндердің ішіндегі негізгі, әрі іргелі ғылымдардың бірі, ол адам мәдениетінің маңызды элементі болып саналады.

Математиканың мектептегі бағдарламасының басым бөлігі практикада қолданылады немесе басқа ғылыми пәндік салаларға негіз бола алады.

Математиканың көптеген қырлары бар, ол адамның үкыптылық, ынталылық, жаңаны қабылдау тәрізді, өзгеріске жиі ұшырайтын әлеумеггік, техникалык. табиғи күбылыстарға бейімделушілік сияқты жеке қасиеттерін де дамытуға көп үлес қоса алады.

Оқу процесіне жана информациялық технологияларды енгізу ісі де матемапжамен тығыз байланыста өткізіледі, сондыктан математик мұғалімдер компьютерлік техниканы меңгеріл кана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен колдануы тиіс. Осындай сәтгерде математика қурсынын мазмұнын да қайта қарап, оның компьютерлік сүйемеддеуде пайдалануға болатын белімдерін саралап, сабақтарды жаңалап өткізу әдістемелерін құрастыру қажет. Жаңа технологияларды математикада пайдалану ісі бұрынғы белгілі әдістемелермен қатар педагогикалық жаңа технологияларды қолдануды талап етеді.

Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады, пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізге ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамьпу істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.

Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мүғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мүғалімді алмастыра алмайды. Сабакты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы түрғыдан қарастырылуы тиіс.

Осындай сабақтарды жасау қажеттілігі мынадай факторлармен сипаггалады:

математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қогамның өлеуметтік талабына сай болуы;

компъютерлік технологияның бұрынгы дәстурлі пәндерге, оның ішінде математикага араласуы, енгізілуі;

оқушылардың әр турлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, соларды тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, ягни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді;

математикалық,түсініктер мен концепцияларды оқып уйренуге қажет жогары деңгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компъютерлік техниканы тұрақты қолдану мумкіндіктерінің пайда болуы, т.б.

Қазіргі кезде компыотер арқылы математиканы оқытудың дайын теориялық әдістемесі жоқ. Өткен ғасырдың 80 жыддарының ортасында басталған компьютерлік программалар көмегімен оқыту жүмыстары ойдағыдай нәтиже бере алмады, өйткені программалық қүралдар сапасы төмен болды да, олар бұрынғы қолданылып келе жатқан технологиялардан асқан нөтиже бере алмады. Оған қоса ол кездерде компьютерлер де көптеген мектептерде болған жоқ. Сондықтан балалар да, мүғалімдер де компьютерлерді тұрақты оқу құралы деп санамады.

Кейбір зерттеушілер тіпті сол компьютерді оқу процесіне қоддану қажеттілігіне үлкен күмәнмен қарады. Қазірде жағдай өзгеріп, мекгептегі математика сабағын компьютер арқылы жүргізудің теориялық негіздерін, әдістемелерін жасау қажеттілігі туып отыр.

Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмүны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі.

Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезендерін атап өтейік:

оқыту мақсатын анықтау;

өтілетін тақырыптың, бөлімнің материалдарын талдау, керектілерін таңдап алу жөне оның тиісті құрылымын жасау;

оқыту тәсілін таңдау;

сабақты жобалау, ягни оның сценарийін құрастыру;

сабақты жүргізудің программасын (программалау тілінде) жасау;

пән мұгаліміне арналган әдістемелік құрал жасау;

педагогикалық эксперимент;

оқу процесіне компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды кіргізу.
Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды жасаудың алғашқы кезеңі таңдап алынып тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады. Педагогикада оқыту мақсатгарының үш түрі болатыны белгілі, олар: білім беру, дамыту және тәрбиелеу.

Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесіңде балалар оқу материалдарының жаңа көлемін игереді, оның сапасьш арттырады, деңгейін өсіреді. Бұл мақсат екі топқа бөлінеді:

• оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілермен, түсініктермен, заңдармен, теориялармен таныстыру;

• жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді қалыптастыру, яғни алынған білімді қолдану тәсілдерін меңгеру.

Дамыту мақсаттары жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттерді дамытудан тұрады. Бұл мақсаттың да үш тобын атап өтуге болады:

• ойлау аймағына жататын іс-әрекеттерді табысты түрде орындау;

• іздеу әрекеттері;

кейбір интеграциялық әрекеттерді - әр түрлі мәтіндерді өндеп есте сақтау, пайымдау түрлерін игеру.

Тәрбие мақсатгарына жеке түлғаны өндіріс пен қоғамда қызмет етуге дайындауға керекті оның рухани және физикалық дамуына тұрақты және бағытталған түрде әсер ету істері кіреді.

Оқу материалының мазмұнын талдау мен таңдап алу кезеңінде, алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын, білімдерін анықтап қарап, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек.

Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс.

Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.

Бір күрделі мәселе - материалдың басты мазмүнына не жатқызу керектігін анықтау. Басты мазмұн деп оны түсінбей, материалдың қалған тақырыптарын игеруге болмайтын негізгі бір бөлігін айтады. Компьютерлік сабақ құрылымын-жасау кезеңіңде оқушылардың жалпы оқу білімдерін игеруге керекті талаптарды анықтап алу керек. Бұлар оқушылардың өзі қалыптаспаған, білмейтін материалдарын айқындауға көмектесіп, кейбір топтар үшін болатын сабақтардың мақсаттарын анықтауға, өтілетін тақырыптардың ішкі материалдарын талдап, оқушылардың өзіндік жүмыстарына арналған тапсырмаларды жасауға мүмкіндік береді.

Жалпы әдістемелік дайындық математика-сабағының компыотерлік

нұсқасын жасап, оны еткізуге негіздеме болады, сабақ тиімділігін, оқушылардың танымдық қасиеттерін арттырып, балалардың өздерінің жұмыс істеулеріне әсер етіп, олардың компьютерлік сабаққа қызығушылығын туғызады.

Оқыту программасы жоғары сапасының негізгі көрсеткіші - білім берудің

тиімді болуы. Компьютерлік жүйенің бейнелеп көрсету мүмкіңцікгері мен оның интеракгивті түрде сабақ өткізуді ұйымдастыру деңгейі өздігінен оқыту программасының пайдалылығын өсіреді деп айтуға болмайды. Программа тиімділігі оның жақынға немесе кейінге жоспарланған сабақ мақсаттарын қандай деңгейде орындауды қамтамасыз ете алатынымен, мысалы, олардың компьютерде жұмыс істеу мүмкіндіктерін дамыту сияқты істермен анықталады. Кез келген мәселені шешу жолында - графиканы пайдаланудан бастап, оқушыларды жекелеп оқыту ісін жүргізуге дейін басты шарт болып оқу мақсатын орыңдау есептелуі тиіс. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика түрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай пайдаланылуы керек. Сыртқы эффектіні ғана қуып, оқыту программасының тек сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көңіл бөлген дұрыс.

Оқыту программасының қаншалықты тиімді екендігін оны тек сабақта қолданып болған соң, талдай отырып айтуға болады.

Электрондық оқыту программасын жасайтын программалаушылардың

қолданбалы программалар жасау принциптерін оқу программаларына механикалық түрде енгізбеуін қадағалау керек, ол кейбір кезде зиянын тигізіп кетеді. Мұнда программалардың нақты адамдардың әрекеттеріне әсер ететінін ұмытпау керек, олардың ынтасы, қызығуы, үмтылысы компьютердегі оқу процесіңде ескерілуі қажет.

Компьютер арқылы оқыту үшін даярланған сабақты программалау кезеңі алдымен қабылданған сценарийдің орындалуын қамтамасыз ететін алгоритмдерді құрудан тұрады. Ал алгоритмдерді сипатгау оны түсінуге, оқуға жеңіл болуы тиіс, оған қоса алған бағытган ауытқымайтын дәл, әрі анық болуы керек. Алгоритмдер, бір жағынан программалаушы еместерге де түсінікгі болса, екінші жағынан - программа дұрыстығын тексеру үлгісімен бола алуы да керек. Алгоритмді сипаттау үшін олардың функционалдық ерекшеліктері мен сөздер арқылы жазылуын байланыстыратын жартылай жасанды тіл қажет, оған қоса оның объекттерін негізгі графикалық түрде бейнелеуге арналған мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс.

Одан ары компьютер арқылы жүргізуге дайындалған сабақтың программасын жасау -берілген алгоритмді компьютер программасына аударуға барып тіреледі. Мұндайла жоғары деңгейдегі программалау тілдері немесе электрондық сабақтарды жасаудың жүйелік құралдары қолданылады.

Мұнан кейін даяр болған оқыту программалық жабдықтамалары әдістемелік нұскаулармен және пайдалануға қажетті ұсыныстармен толықтырылады.

Соңында осы оқыту программалық жабдықтамаларын оқу процесіне енгізу кезеңі, яғни педагогикалық эксперимент жүргізуге байланысты өткізілетін жауапты кезең болады. Осының нәтижесінде оқушылардың біліміне қойылатын талаптарды анықтап. окытудың педагогикалық мақсаттарын ары қарай айкындап, компьютерлік сабаққа қойылатын психологиялық-педагогикалық талаптарды бекіту сиякты жұмыстар атқарылады.



Үшбұрыштарды шешу тарауын қорытындылау
Үшбұрыштарды шешу тарауы бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру мақсатында қорытынды сабағын өткіздім. Алдын ала сынып окушылары төрт топқа бөлінеді. Toп жетекшілері сайланады.

1-топ. «Ойлы орталық» (Әр түрлі сұрақтарға жауап береді, тұжырымдарды дәлелдейді).

2-топ. «Есепкерлер» тобы. (Үшбұрыштарды шешуге байланысты әртүрлі қолданбалы есептерді шығарады).

3-топ. «Тарихшылар» тобы. (Тарихтан мағлұмат береді).

4-топ. «Сәулет» тобы. (Үшбұрыштарды салу, салу есептерін қарастырады). (Әр топ жеке-жеке отырады).

I. Сұрақтар. Мұнда оқушылардың тарау бойынша теориялық білімдері тексеріледі.

1) Үшбұрыш деген не? Элементтері, түрлері.

2) Үшбұрыш бұрышының қосындысы.

3) Косинустар теоремасы.

4) Үшбұрыш теңсіздігі.

5) Синустар теоремасы.

6) Пифагор теоремасы.

7) Пифагор теоремасына кері теорема.

8) ABC үшбұрышында В бұрышы болса, a, b, c қабырғаларының қайсысы үлкен? Неліктен?

9) Егер тең бүйірлі үшбұрыштың табаны бүйір қабырғаларынан кіші болса, онда төбесіндегі бұрышы қандай болады ? Неліктен ?

II. «Дөңгелек үстел». Жүргізуші әр топқа тапсырмалар таратады. Сол бойынша жауаптар алынады.

«Ойлы орталық» тобына берілетін тапсырмалар:

1) Пифагор теоремасы косинустар теоремасынан шыға ма?

2) Пифагор теоремасының кітаптағыдан басқа дәлелдемесін келтір.

3) Қабырғасы а-ға тең ромбының диагональдарының квадраттарының қосындысы неге тең ?

4) Үшбұрыштың тамаша төрт нүктесі.



«Есепкерлер» тобына берілетін тапсырмалар.

1) Ұзындықтары 2 м, 0,8 м, 1,6 м болатын стержендерден ұштарын дәнекерлеу арқылы үшбұрыш құрастыруға болатынын дәлелде және оның бұрыштарын тап.

(Үшбұрыш теңсіздігі: Үшбұрыштың әрбір қабырғасы басқа екі қабырғасынан ұзындықтарының қосындысынан кіші болады. Сондықтан ұзындықтары берілген стержендерден үшбұрыш құрастыруға болады.

Косинустар, синустар теоремалары бойынша үшбұрыштың бұрыштары табылады).



2) Футбол добы аландағы қақпаның В және С дінгектерінің түбінен 23 м және 24 м қашықтықтағы А нүктесіндe жатыр. Футболшы допты қақпаға қарай тепті. Егер қақпаның ені 7 метрге тең болса, онда доптың кақпаға кіру бұрышы а қандай болады?


1-сурет

(Есептің шешуі косинустар теоремасы арқылы ізделеді).

3) Материалық нүкте арасындағы бұрышы a =50° болатын екі күш

Р =100Н, Q = 200Н әсер етеді. Осы екі күшке тең шамалы күшті табыңдар.





2-сурет

жүктеу 2,51 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау