Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет33/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

134
Бұлбұл ӘЛІМЖАНОВА,
«Байқоныс» жалпы орта 
білім беру мектебінің мұғалімі.
Павлодар облысы,
Қашыр ауданы.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІң 
«өЗЕН» өЛЕңІ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  қазақ  балалар  әдебиетінің 
атасы – Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен өскен ортасы туралы 
мәлімет алу, бар өмірін білім мен тәрбиеге жұмсаған, халқының 
адал кемеңгері екенін дәріптеу; дамытушылық –ақын өлеңіндегі 
табиғат  көрінісінің  адам  өмірімен  байланысы,  адамның  қандай 
игілігіне жарамдылығын суреттеуі; тәрбиелік – табиғаттағы өзен, 
көл, орман тоғайды қорғау парызымыз екендігі.
Түрі:  жаңа  сабақ.  Әдіс-тәсіл:  сұрақ-жауап,  мәнерлеп  оқу, 
талдау,  зерттеу,  проблемалық  оқыту.  Көрнекілік:  интербелсенді 
тақта, тірек-сызбалар.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Махамбет  Өтемісұлының  «Қызғыш  құс»  өлеңін  жатқа  айтуы 
(5-6 минут). Қосымша сұрақтар:
- «Қызғыш құс» өлеңінде қандай оқиға суреттеледі?
- Исатай кім?
-  Өлеңдегі  Исатайдың  сырт  тұлғасын,  астына  мінген  атын, 
жаумен айқасқандағы ерлік бейнесін суреттеген жолдарды анықта.
Жаңа тақырыпты меңгерту.
Оқушының  көңілін  сұрақ-жауап  арқылы  сабаққа  аудару. 
Мәтінмен жұмыс.
1. Ыбырай Алтынсарин есімі бала жүрегіне қандай әсер береді? 
2. Ұлы ұстаздың туып өскен жері қалай аталады? 3. Ұлы ұстаздың 


135
атасы  мен  әкесінің  аттарын  атаңыз.  4.  Орынборда  қай  жылы 
мектеп  ашу  туралы  патша  ережесі  бекітіледі?  5.  Қазақтан  отыз 
бала алынған мектеп қай жылы ашылды? 6. Ақынның армандаған 
мектебі қай жылы ашылды? 
- Балалар, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылық жолындағы 
табиғат  лирикасымен  де  танысайық.  Табиғатты  суреттеген  тағы 
басқа қандай ақын-жазушыларды атауға болады?
І. «Сұңқар» тобы.                             
ІІ. «Алпамыс» тобы.
1. Бұл екі топтан біреуі суырылып ақын өлеңін мәнерлеп оқып 
береді.
2. Өлеңнің тілдік ерекшелігін айқындау.
3. Өзеннің табиғаттағы және адам өміріндегі атқарар орынын 
көркем тілмен дәлелдеу.
Сергіту сәтін орындату (1-2 минут).
1. Өлеңге тілдік талдау (135-бет).
2. Сөздікпен жұмыс.
Мәтіндегі өксіген, қынарда, жанабында, дерт, сай, сәуле беріп, 
аққан өзен қалыбында деген сөздердің мағынасын ашу, дәлелдеу.
Шығармашылық тапсырманы орындау кезеңі (9-10 минут).
«Табиғатты  қастерлеу  –  азаматтық  парызымыз!»  атты 
тақырыпта шағын шығарма жаздыру.
Әдеби талдау жұмысы.
Өлеңді буынға, бунаққа, шумаққа, тармаққа бөлу, өлең ұйқасын 
ажырату, өлеңдегі көркемдегіш тәсілдерді анықтау.
Қорытынды  кезең.  Мәтінмен  салыстыру,сипаттау,  дәлелдеу, 
сұрыптау, талқылау, тұжырымдау жұмыстарын жүргізу.
1.  Абайдың  табиғат  лирикасымен  салыстыру.  2.  Өзеннің 
табиғаттағы,  адам  өміріндегі  атқарар  жүгін,  ақын  суреттеуін 
баяндау. 3. Өлеңде қандай көркемдегіш сөздер мен сөз тіркестері 
қолданылған? 4. Өлеңде өзеннің және тоғайдың қандай сөздермен 
суреттелгенін  сипаттау.  5.  Өз  ауылымыздағы  өзен-көлдерге 
сипаттама беру.
Үй тапсырмасы: өлеңді жаттау.
Оқушылар білімін бағалау. Күнделіктеріне баға қою.


136
Алтынжан ЗЕЙНЕКӘРІМҚЫЗЫ,
«Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы 
жалпы білім беретін орта 
мектеп» кешенді мемлекеттік 
мекемесінің мұғалімі.
Шығыс Қазақстан облысы,
Аягөз ауданы,
«Баршатас» ауылы.
ЕТІСТІКТІң ТҮРЛЕНУІН 
ҚАЙТАЛАУ
(7-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың  етістіктің 
түрленуінен  алған  білімдерін  тиянақтау,  теориялық  білімдерін 
практикамен ұштастыру; тәрбиелік – оқушыларды  орындалатын 
жұмыстар  арқылы  адамгершілікке,  ізеттілікке,  достыққа,  өз 
Отанын  сүюге  тәрбиелеу;  дамытушылық  –  оқушыларды  өз 
бетімен  жұмыс  істеуге  баулу,  берілген  тапсырма  бойынша 
білімдерін  тексеру,  ойлау,  сөйлеу  қабілеттерін  дамыта  отырып, 
шығармашылық жұмысқа төселдіру.
Типі:  дәстүрлі  сабақ.  Түрі:  қайталау  сабағы.  Әдісі:  сұрақ-
жауап,  талдау.  Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  Power  Point 
презентациялары,  электронды  оқулық,  семантикалық  карта,  тест 
тапсырмалары. Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
  –  Бүгінгі  сабағымыз  қайталау  сабағы  болғандықтан  өзгеше 
өткізгенді жөн көрдім. Бүгін оқулықтардағы жаттығулардан бөлек 
қосымша тапсырмалармен жұмыстанып, білімімізді пысықтайтын 
боламыз. Енді сіздерді бүгінгі сабақтың жоспарымен таныстырып 
өтейін.
1. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап».
2. «Талдау – табыс кілті».


137
3. «Өзіңді-өзің сынап көр».
4. Сергіту сәті.
5. «Тапқыр болсаң, тауып көр».
6. Шығармашылық жұмыс.
7. «Біліміңді байқап көр».
8. «Қоржындағы сарқыт».
9. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».
1-слайд. «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап».
1.  Етістіктің  шақтары  дегенді  қалай  түсінесіздер?  2.  Шақтың 
қандай түрлері бар? Мысал келтір. 3. Етістіктің райлары дегеніміз 
не? 4. Етістіктің райларының қандай түрлері бар? 5. Ашық рай нені 
білдіреді? Мысал келтір. 6. Бұйрық райдың мағыналары қандай? 7. 
Шартты райдың мағыналары қандай? 8. Қалау рай дегеніміз не? 
Мысал  келтір.  9.  Есімшенің  түрленуі.  10.  Көсемшенің  түрленуі. 
11.  Тұйық  етістіктің  түрленуі.  12.  Етістіктің  сөйлемдегі  қызметі 
қандай?
2-слайд. «Талдау – табыс кілті» (212- жаттығу).
3-слайд. «өзіңді өзің сынап көр». Семантикалық картамен 
жұмыс
№        Мысалдар
Ашық 
рай
Бұйрық 
рай
Қалау
рай
Шартты 
рай 
1
Тыңда, дала, Жамбылды!
+
2
Не ексең, соны орасың.
+
3
Мезгіл жетсе мұз ерір.
+
4
Олар ертең көшеді.
+
5
Балмұздақ жегім келеді.
+
6
Үйге ерте қайттым.
+
7
Еңбек етсең, емерсің.
+
8
Ол ауылға барса игі еді.
+
9
Өзгеге сырыңды айтпа.
+
10 Инең болса – иінің бүтін.
+


138
4-слайд. Сергіту сәті. «Кім тапқыр?»
1. ... берсең де ... берме. (Жауға жаныңды ... сырыңды берме) 2. 
Ексең ... ішерсің. (... егін, ... тегін) 3. Ойнап ... ойлап. (... сөйлесең 
де, ойлап сөйле) 4. ... жарады ... жармаса ... жарады. (Тіл тас ..., тас 
..., бас ...) 5. ... қуған ... жолығады. (Сөз ... бәлеге ...) 6. ... болсаң ... 
бол. (Ұлық ..., кішік ...) 7. ... айтпайды ...  қайтпайды. (Ер жігіт ..., 
айтса, ...) 8. ... бармасаң ... боларсың. (Шақырғанға ..., шақыруға 
зар ...)
5-слайд.  «  Тапқыр  болсаң,  тауып  көр».  Электронды 
оқулықпен жұмыс 
1-тапсырма. Берілген сөздерді тиісті бағанға орналастыру.
Осы шақ
Келер шақ
Өткен шақ
қарап отыр.
жазып отыр.
демалып жатыр.
танысып жатыр.
танысады.
демалады.
қарайды.
қарады.
демалды.
танысты.
2–тапсырма.  Сөйлемнің  мағынасына  қарай  етістіктерді 
тиісті бағанға орналастыр.
1. Ертең «Қыз Жібек» фильмін көремін. (ауыспалы келер шақ) 
2. Кеше «Сұлтан Бейбарыс» фильміне бардым. (жедел өткен шақ) 
3.  Мен  «Көшпенділер»  фильміне  бара  жатырмын.(нақ  осы  шақ) 
4.  Қазақ  халқының  лиро-эпостық  жырлары  мені  қызықтырады. 
(ауыспалы  осы  шақ)  5.  «Қозы  Көрпеш-Баян  Сұлу»  жырын 
оқыдым.  (жедел  өткен  шақ)  6.  «Қыз  Жібек»  жырында  қазақтың 
көшпелі  өмірі  кең  суреттеледі.  (ауыспалы  осы  шақ)  7.  Төлеген  
Жібекті  көште  кездестіреді.  (ауыспалы  осы  шақ)  8.  Лиро-эпоста 
сүйіспеншілік сезімі көп айтылады. (ауыспалы осы шақ) 9. Жаралы 
Төлеген тұлпарына қайғысын айтады. (ауыспалы осы шақ) 10. Қыз 
Жібек рөлін Меруерт Өтекешова орындайды. (ауыспалы осы шақ)
6-слайд. Шығармашылық жұмыс.
Рөл:  оқушы. Аудитория:  сынып.  Форма: ой  толғау.  Тақырып: 
«Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан».


139
(Мағжанқызы Ақерке «Қазақ елі» әнін орындады).
7-слайд. «Біліміңді байқап көр» (тест-руно).
1.  Етістіктің  шағы  дегеніміз  не?  а)  Іс-әрекеттің  түрлі  амал-
тәсілін білдіреді; б) Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың 
өту кезеңін білдіру; в) Істің орындаушыға қатысын білдіреді.
2.  Тұйық  етістікке  тән  ерекшелікті  табыңыз.  ғ)  Қимылдың 
шындыққа  қатысын  білдірді;  і)  Қимылдың  атын  білдіреді;  о) 
Алдағы уақытта орындалатын іс-қимылды білдіреді.
3.  Етістіктің  рай  категориясы  дегеніміз  не?  и)  дәл  сөйлеп 
тұрған кездегі іс-әрекетті білдіреді; к) Мақсат қоя орындалатын іс-
әрекетті білдіреді; л) Қимылдың шындыққа қатысын, айтушының 
пікірін, көзқарасын білдіріп, белгілі бір грамматикалық тұлғалар 
арқылы жасалатын етістік түрі. 
4. Үш шақтың бірінде тұрған етістік райдың қай түріне тән?    ө) 
бұйрық рай;   е) шартты рай;    і) ашық рай.
5. Қай жалғау тұйық етістікке тән емес? л) тәуелдік жалғау;  м) 
жіктік жалғау;   н) септік жалғау.
6. Асқар тау алыстан көрінеді. Көсемшенің сөйлемдегі қызметі 
қандай?  т) баяндауыш;   р) пысықтауыш;   с) толықтауыш.
7.  Етістіктің қай шағы «жалаң, күрделі» болып бөлінеді?  е) нақ  
осы шақ;   б) ауыспалы өткен шақ; а) ауыспалы келер шақ.
8.    Етістіктің  сөйлемде  атқаратын  негізгі  қызметі  қандай?  м) 
бастауыш;   н) толықтауыш;    ң) баяндауыш.
9. Ұйымдасқан ұтады. Есімшенің сөйлемде атқаратын қызметі 
қандай?  ө) толықтауыш;   ү) анықтауыш;   і) бастауыш.
10. Айжан кітапты дауыстап оқыды. Көсемшенің сөйлемдегі 
қызметі қандай? д) толықтауыш;   з) пысықтауыш;   к) баяндауыш.
Жауабы: Білім – теңіз.
Бұл  тест  сабақты  қорытындылағанда  оқушыларды  жаппай 
тексеруге,  нәтижесін  тез  айқындауға  тиімді.  Оқушылардың 
қызығушылығын, дұрыс шешім жасауға ынтасын арттырады.
8-слайд. «Қоржындағы сарқыт». 
Үй  тапсырмасы:    212-жаттығу  (ІІ  бөлім),  көркем  әдебиеттен 
етістіктің райларына 10 сөйлем жазып келу.
9-слайд. «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда».  Бағалау.


140
Балауса жыр бағында
Салтанат СҮЛЕЙМЕНҚЫЗЫ,
Мәншүк Мәметова атындағы 
гуманитарлық колледж студенті.
Қызылорда қаласы.
КЕУДЕМДЕГІ КҮМБІРЛЕР
АЙ СӘУЛЕСІ
Ай сәулесі түссе жүрек дір еткен,
Ауыл маңы,
Өзенді Абай жыр еткен.
Ай сәулесі толқындарда дірілдеп,
Құпия бір сезімің де білінбек.
      Сәмбі талдың жапырағы дірілдеп,
      Самал есті,
      Тасыды өзен гүрілдеп.
      Жапырақтың күйін кештім мен-дағы,
      Оның жәйін түсінерсің сен-дағы.
КөКТЕМ ЛЕБІ
Күй секілді асқақтатқан даланы,
Жыр секілді аялаған ананы
Көктем шықты,
Есті сәуір самалы,
Бұлақ тасып қырдан асып барады.
      Әдетімен көшін түзеп жылдағы,
      Құс баласы қиқулады,жырғады.
      Жасыл желек жамылды да қыр-белес,
      Гүл теруге асығамыз біз тағы.
Көктем келді.
Өлкем менің түрленді,
Жағалау ма?..
Өзгеше бір түрге енді.
Көк толқынға назарыңды сал-дағы,
Құрбым менің, асықпағын үйге енді.


141
СЫРДЫң ҰЛЫ
Жырыңды оқып сонау бала кезімнен,
Сыршылдығын,өршілдігін сезінгем.
Елің мақтан ететұғын әрқашан
Сыр елінің Әбділдасы өзің ең.
       «Сырдария» өлеңіңді оқыдым,
       Өрнектерін ойыма мен тоқыдым.
       Дариясына сүңгідім де өлеңнің,
       Сезім ғажап,
       Толқын болып толқыдым.
Ұлықтадың ұлы Сырды, жақсы аға,
Теңемедің оны Еділ,басқаға,
Сарысуды көтеруші ең төбеңе,
Сызашық су әрең ағып жатса да.
НАУРЫЗ КЕЛДІ, НҰР ШАШТЫ
Десем бе жерұйығы жер үстінің,
Туған жер,келбетің де келісті тым.
Жаңарған жылмен бірге жаңа мейрам,
Құтты болсын мерейлі ұлыс күнің.
       Дәм қосып көжесіне жеті түрлі,
       Сары сазға салтанатпен тікті үйді.
       Қос етек көйлек кисе ару қыздар,
       Кимешек әжелерде, бұл да үлгі.
Тораңғыл,тобылғы да бүрленеді,
Табиғат ғажайып бір түрге енеді.
Ағайын, есігіңді айқара аш,
Теңеліп күн менен түн, Жыл келеді.
Алалық Наурызда бір думандатып,
Қаралық, кетті киік қырдан асып.
Билелік биімізге «Қара жорға»,
Салтанат  шапағаты – бұл да бақыт.


142
ОЙ КЕШУ
Суретін көргенімде ұлы тұлға,
Тілдесіп тұрғандай ма ол жанымда.
«Ескендір» поэмасын оқығанда,
Ой кештім көпке дейін сол бір таңда.
       Ұлы тұлға Ибраһим есімді,
       Сәуле шашқан жарық жұлдыз секілді.
       Терең екен,
       Түпсіз екен ой-толғам,
       Ғибратын түгел қалай айта алам?
Поэма.
Өткен өмір,тілдесемін,
Абайсыз мәнін оның білмес едім.
Абай – шың,
Оған ешкім таласа алмас,
Талпынса талаптылар жолда қалмас.
ТІЛІМ МЕНІң – ТІРЕГІМ!
Тіршіліктің тірегі боп Абайларым нәр алған,
Қазақ үшін қазақ тілі отты тіл боп жаралған.
Өскіндерді өрлігіңмен өркендеттің  өршітіп,
Бал боп тамдың  асыл жанды, мейірбанды анадан.
      Тілім менің, жалын болып шығарсың сен жүректен,
      Сен дегенде бар қазақтың жүректері дір еткен.
      Кеудемдегі жанымменен, ойымдағы бар сырым,
      Сен арқылы, қазақ тілі, ашып айтып, жыр еткем.
Сен арқылы қуанып та, жылап та біз алғанбыз,
Өткір жебе сияқтанып қадалып та қалғанбыз.
Ал кей кезде қатал ханның жүректерін жібітіп,
Өшіп қалған тұманды да сәуле қылып жаққанбыз.
О, қазақ тіл!
Асыл тілім, жарқын тілім, тілегім,
Сеніменен барлық жерде мақтанып мен жүремін.


143
Сен арқылы биік шыңға қолымды да жеткізіп,
Самғап ұшып, қанат қағып, болам сенің тірегің!
Мерей НҰРҒАЗЫ,
Алматы қаласындағы
№172 жалпы білім беретін 
мектептің 3-сынып оқушысы.
ЖҮРЕГІМДІ ТЕРБЕГЕН  
ДҮНИЕЛЕР
ТӘУЕЛСІЗДІК – ТҰҒЫРЫМ
Жырлар жазып кеудемнен,
Жақсылығын тергем мен!
Кеңпейілді халқыма
Тәуелсіздік дем берген!
       Арайлансын ақ таңым,
       Білім іздер жастамын.
       Көкбайрағым қолымда,
       Тәуелсіздік – мақтаным!
ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қазақ тілін қадірлеумен өтейік,
Жалықпайық, ізет-құрмет етейік.
«Тіліміздің мерейі үстем болсын» деп
Әрқашан да қазақ тілде сөйлейік.
ЖҰМБАҚ
Гүлдің нәрін жинайды,
Адамға бал сыйлайды.   (ара)
ЖАңЫЛТПАШ
Ақ аю,
Көк аю,
Көп аю.


144
Бас редакторы – Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
Қазақ тілі мен әдебиеті» – 
ай сайын шығатын республикалық ғылыми-
педагогикалық және әдістемелік жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: «Қазақ тілі мен әдебиеті» 
және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы – Рыскелді САБЫРБАЙ.
Корректоры – Гүлзира өМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы 
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №6266-ж Куәлігі берілген.
Басуға 04.12.2012 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0.
Есептік баспа табағы – 7.68. Таралымы – 4140.
Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75746.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы,
Гайдар көшесі, 123-үй. Бас редактордың қабылдау 
бөлмесі және бөлімдер...............268-32-48.
Факс..............................................243-15-53.   
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru.
Басылатын жері – «Хай Текнолоджи» полиграфиялық
кешені. Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 43.      
ЕЖЕМЕСЯЧНЫЙ РЕСПУБЛИКАНСКИЙ 
НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЙ И МЕТОДИЧЕСКИЙ 
ЖУРНАЛ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ 
ОТВЕТСТВЕННОСТьЮ «ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН 
ӘДЕБИЕТІ» ЖӘНЕ «ҰЛАҒАТ»
 © «Қазақ тілі мен әдебиеті», №12, 2012 ж., 144 бет, Алматы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау