108
Сыныптан тыс сабақ
Нұржамал МОМЫНОВА,
«Таушық» ауылындағы
орта мектептің мұғалімі.
Маңғыстау облысы,
Түпқараған ауданы.
«ҮРКЕР» РОМАНЫНДАҒЫ ЕСЕТ
КөКІҰЛЫНЫң БЕЙНЕСІ
Сабақтың мақсаты: білімділік – қазақ халқының
жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған
әйгілі батыры Есет
Көкіұлының ерлік, батырлығын романнан
оқытып меңгерту, Есет батыр тұсында өмір сүрген басқа да
тарихи тұлғалар жөнінде оқушыларға қысқаша түсінік беру;
дамытушылық – оқушыларды романның идеялық мәнін
түсіне білуге, образға өзіндік талдау, жинақтау жасау, ойлай
білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық,
тапқырлық танытуға, өз ойын әдеби тілмен өрнектей білуге
төселдіру;
тәрбиелік – Есеттің ерліктерін, батырлығын айта
келіп оқушыларды Отанын сүюге, адамгершілікке, елін
құрметтеуге, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Әдісі: баяндау,талдау, сұрақ-жауап, СТО стратегиялары.
Көрнекілігі: 1) Есеттің жауынгерлік суреті, 2) Ақтөбе
облысының картасы, 3) «Қазақтың Есеттері», «Қарабура»
(плакаттар), 4) «Қырымның қырық батыры» жыры, Мұрын
жырау суреті, 5) Айрақты тауының суреті.
Сабақтың жүрісі.
Үйге «Үркер» романынан Есет батырға қатысты
мәліметтер тауып келу тапсырылған болатын.
- Оқушылар, бүгін біздің өтетін сабағымыз «Үркер»
романындағы батыр Есет Көкіұлы туралы болмақ. Қазақтың
Есет батыры туралы естігендерің бар ма?
Есеттің шыққан төмендегі тегі жайлы оқушыларға
түсіндіріп өтемін: (
Тама, Қарабура, Нәрік, Шора,
110
риза болған Тәуке хан кейін шақырып алып: «Айбатың аса
түссін, найзаң мұқалмасын, ел намысы тұздығың болсын»
деп бата берген.
3-оқушы. «Үркер» романында былай суреттелген: Есет
батыр әйгілі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін ел болып
бірігіп, жоңғарларға алғашқы алапат соққы берген Бұланты
шайқасына қатысып, езілген елдің еңсесін көтерткен Ұлы
жеңіске өз үлесін қосады. Ал тарихи бетбұрыс жасаған
Аңырақай соғысында ол кіші жүз құрамының туын көтерген
атойшы болады.
Есет батырдың кейінгі өмірі Әбілқайыр ханның
саясатымен тығыз байланысып жатады. Ханның қасында
болып, ақыл-кеңесін береді, хан мен халық арасына түскен
жарықшақты дәнекерлеп біріктірушісі болады. Әсіресе,
хан басына үйірілген қауіп бұлтын сейілтуде ол сол кездің
тарихи ірі тұлғалары Бөгенбай, Жәнібек батырлармен
бірлесе отырып, оған үлкен көмек көрсетеді.
Сұрақ: Есет батыр жайлы ертеден Маңғыстау өңірінде де
бірнеше
аңыздар айтылады, соны кім айтады?
4-оқушы. Бейнеу ауданының Тоқсанбай бағытына
жүргенде Ырғызбай-Қарасайдың тұсынан оңтүстік шығысқа
қарағанында адамның имек тұмсығына ұқсас «Тама Есет
батырдың тұмсығы» деген жер көрінеді: Қалмақтардың
үстірт Маңғыстауды билеп тұрған кезі болса керек. Қазақтар
қолы таудың астындағы жауды ала алмайды. Таудың асты –
бұлақ. Шұрқыраған көк алалы жылқы су ішіп, шығып бара
жатады. Алдындағы таудан түсіп кеткен аттылардың қайдан
түсіп жүргенін білмей аң-таң болған әскер сол таудың үстіне
түнеп, таңертең ерте қарап тұрса, шұбырып таудан шығып
бара жатқан құландарды байқап қалады. Келіп көрсе, бір аяқ
қия жол.
Сол арқылы барып, қалмақтарды тас-талқан етеді.
5-оқушы. Кіші жүз әскері Маңғыстаудағы қалмақтармен
қазіргі Шетпе елді мекенінің Бозашы бағытындағы «Иір»
жерінде соғысады. Соғыстың қатты болғандығы сондай – ой
қанға бөгіпті. Есет батыр шатырын Айрақтының үстіне тігіп,