Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет28/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

111
ара-тұра демалады екен. Соғыстан кейін Есет батыр ауырады 
да,  өлетінін  біліп  өсиет  айтады.  Есеттің  қосын  артатын  ақ 
атаны бар екен. «Ақ атанның шөккен жеріне жерлерсіңдер» 
дейді. Осы қаралы керуенді Атағозы бастап барып жерлепті 
деген аңыз бар... Ал орыс саяхатшыларының кітаптарындағы 
деректерде    Әбіш  Кекілбайұлы  Есет  батырды  орыстардың 
«Есет Айрахтинский» деп атағанын айтқан еді.  
-  Оқушылар,  бүгін  біз  Әбіш  Кекілбаевтың  “Үркер” 
романындағы  қазақтың  батыры  Есет  Көкіұлы  жайлы 
біршама материалдармен таныс болдық. Енді осы бойынша 
сендердің тақырыпты қаншалықты меңгергендеріңді сынау 
үшін,
 бекіту мақсатында батырдың кім екенін барлығымыз 
бірлесе отырып топтастыру жасайық.
Қорытынды.  “...Темір  даласында  тағы  да  бір  “Қалмақ 
қырылған”ат қалды. Бұл шайқаста әсіресе, Көкінің баласы 
Есет батыр күркіреді. Мынау тақтайдай тегіс қара дөңде бір 
кезде арғы бабасы Қарадөң, одан бергі Жұбаныш,Сүйініш, 
Бегіс, Көгіс, Тамалар талай ойнақ салыпты. Сүйініш бабасы 
дәл  осы  Темірдің  жағасында  бір  өзі  мың  қолмен  алысып 
жеңіпті.  Ноғай  мен  қазақ  жыр  қылып  қақсап  келе  жатқан 
бұл  қоныста  бала  кезінде  өздері  де  талай  қыстап,  талай 
жайланған-ды. Оның батыр аты алғаш рет осы ұшан далада 
шыққан-ды”.
Үйге  тапсырма:  1)  Есет  батыр  туралы    ел  аузынан 
әңгімелер жинау; 2) «Есет батырдың ерлігі – елге аңыз» (ой-
толғау жазып келу).


112
Жас маманға жәрдем
Дана ИКАПОВА,
                       Қазақ-Америка университетінің 
ассоц.профессоры, п.ғ.к. 
ҚЫСТЫРМА СөЗДЕРДІ 
МЕңГЕРУДЕГІ ҚИЫНДЫҚ
Айтушының  өз  ойына  қатынасын  білдіру  мақсатында 
сөйлем  ішіне  кірістірілетін  оқшау  сөздердің  түрін 
қыстырма  сөздер  деп  атайды.  Мысалы:  Әрине,  оқуымды 
жалғастырамын.  Қыстырма  сөздер  құрамына  қарай  дара 
қыстырма  сөз  болады.  Мысалы:  Біріншіден,  мені  мұқият 
тыңдаңыз.  Кейде  қыстырма  сөз  тіркесі  түрінде  де  келеді. 
Мысалы: Бақытыңа қарай сені сұрамады.
Қыстырма сөздердің өзіндік мынадай белгілері бар:
1.  Қыстырма  сөз  бір  сөзден  де,бірнеше  сөзден  де 
жасалады.  2.  Қыстырма  сөздер  сөйлем  мүшесі  болмайды.             
3. Кейбір қыстырма сөздер бірде сөйлем мүшесі де болады. 
4. Қыстырма сөздер мағынасына қарай қуанышты, аянышты, 
өкінішті, сену, мақұлдау, мойындауды білдіретін қыстырма 
сөздер болады. 5. Қыстырма сөздер сөйлемнен үтірмен және 
сөйлем күйінде келгені жақшамен бөлінеді,оқшауланады.
Нақты  белгілері  болса  да,  студенттердің  меңгеруіне 
қиындау  тиетін  оқшау  сөздің  бір  түрі  қыстырма  сөздер 
болып  табылады.  Мұның  қиын  болатын  себебі:біріншіден, 
қыстырма сөздердің мағынасын студенттерге бірден аңғарта 
қоятын тұлғасы жоқ, екіншіден, қыстырма сөздердің түрлері 
тым көп:үшіншіден, қыстырма сөздер деп танылып жүрген 
сөздер  бірде  қыстырма  сөздердің    қызметін  атқарса,  бірде 
сөйлемнің белгілі бір мүшесі болады. Қыстырма сөздердің 
түсіндірілуіне ерекше мән берілуі тиіс.
Қыстырма  сөз  сөйлем  күйінде  келсе,  екі  жағынан  не 


113
жақша, не сызықша қойылатынын, жеке сөз тізбегі күйінде 
келгенде, сөйлемнен үтірмен бөлініп жазылатынын  түсіндіру 
керек.  Мысалы:  Рас,  біз  бір-бірімізге  қатты  ұқсаймыз. 
Ұялғаннан  шығар,  әйтеуір,  келмеді.  Шақырғанда  келмедің, 
ұмытып кеттің-ау, сірә. Түсіндіріліп көрсетілген жағдайда 
ғана студенттер қыстырма сөзді және оның тыныс белгілерін 
жетік меңгере алады.
Қыстырма сөздер бірде қыстырма, бірде сөйлем мүшесі 
болғанда, қайсысы қыстырма, қайсысы сөйлем мүшесі екенін 
ажырату  үшін  ол  сөзге  сұрақ  қою  керек.  Егер  сөзге  сұрақ 
қойылмаса  және  оны  сөйлемнің  ішінен  алып  тастағанда 
сөйлемнің  мағынасы  өзгермесе,онда  ол  сөз  –  қыстырма. 
Егер  ол  сөз  жеке  өзі  немесе  басқа  сөзге  тіркесе  келіп 
сұраққа жауап берсе, оны сөйлемнің ішінен алып тастағанда  
сөйлемнің мағынасы өзгерсе, онда бұл сөз – сөйлем мүшесі.
Мысалы:  Мүмкін,  сіз  ертең  театрға  барарсыз.  Ертең 
театрға баруыңыз мүмкін. Бірінші сөйлемде мүмкін деген 
сөз  –  қыстырма,  ал  екіншісінде  сөйлем  мүшесі.  Осылай 
талдай отырып, сөздің қандай жағдайда қыстырма, қандай 
жағдайда сөйлем мүшесі болатынын көрсетуге болады.
Қыстырма  сөздер  мынадай  негізгі  мағыналарда 
қолданылады. 1.Сөйлеушінің әр түрлі көңіл-күйін білдіреді: 
шіркін, амал  қанша, бағымызға (бақытына) орай, өкінішке 
қарай. Мысалы: Өкінішке қарай, сізбен бірге бара алмаймын. 
2.  Айтылған  ойға  сенім,  жорамал,  күдік,  болжау  мәндерін 
қосады:  сірә,  әрине,  мүмкін,  сөз  жоқ,  сөзсіз,  шамасы. 
Мысалы:  Шамасы,  оның  қолы  тимеді.  3.  Ойдың  айтылу 
тәртібін,  жүйе,  ретін  білдіру,  топшылау,  қорыту  мәнінде 
жұмсалады;  демек,  қысқасы,  жалпы  алғанда,  ақырында, 
міне, сонымен. Мысалы: Ұзын сөздің қысқасы, біз бұл жоба 
бойынша  жұмыс  істейміз.  4.  Айтылған  ойға  сөйлеушінің 
өзінің я басқа біреудің көзқарасын, кімнің пікірі екенін қоса 
білдіру үшін жұмсалады: меніңше, сізше,оның ойынша,оның 


114
айтуынша,  мен  білсем,  айтуына  қарағанда.  Мысалы:  Мен 
білсем,  ол  бүгін  келмейді.  5.  Айтылған  ойлардың  өзара 
байланысын,  жалғасы  ретінде  білдіреді;  біріншіден, 
екіншіден, бір жағынан, екінші жағынан, сонымен. Мысалы: 
Бір жағынан, оның сөзінің жаны бар.
Қыстырма  сөздерді  осы  көрсетілген  мағыналарында 
дұрыс  қолданса,айтайын  деген  ой  көркем,  әдеби  тілмен 
жеткізе сөйлеудің стильдік реңі өзгеше мәнерлі болады.
 Қыстырма сөздер әр түрлі сөз таптарынан жасала береді.
Олардың ішінде үнемі қыстырма сөз болып қолданылатын 
сөздер  де  бар.  Оларға  әрине,  сірә,  міне,  тегі,  мәселен, 
мысалы  сияқтылар  жатады.  Қыстырма  сөз  сөйлемнің 
басында,  ортасында,  ең  соңында  тұра  береді.  Қыстырма 
сөздерді студенттерге меңгертуде төмендегідей жұмыстарды 
орындатуға болады.
1-тапсырма. Қыстырма сөздерді тауып,тыныс белгілерін 
қойып көшіріңіз.
Сонымен көшіп келеді ме? Кім біледі жақсы маман болып 
кетерсің. Мүмкін сіз қателесетін шығарсыз. Айтпақшы бүгін 
оның туған күні ғой.
Ұмытпасам  шешесінің  аты  –  Күләш.  Сөйтіп  біз  жүріп 
кеттік.  Шамасы  ол  бүгін  келе  алмайды.  Мен  білсем  ол 
ешқайда  бармады.  Бір  жағынан  сіздің  ойыңызбен  келісуге 
болады. Жалпы алғанда бұл жаман ой (ұсыныс) емес. Менің 
ойымша  оның  себебі  бар.  Мүмкін  ол  бүгін  кешке  ұшып 
келер.
Меніңше бұл адамның өзіне байланысты. Оқытушының 
сөзіне қарағанда біз ертең өздік жұмысын жазамыз.
Бақытымызға  орай  үлгердік.  Сөзсіз  сіздің  айтқаныңыз 
дұрыс. Біріншіден сабаққа кешігуші болма.
2-тапсырма.  Берілген  қыстырма  сөздермен  сөйлем 
құрастырыңыздар.
Бәсе,  рас,  мүмкін,  әрине,  мәселен,  демек,  сізше,  сөзсіз, 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау