124
сан есім жасайтын жұрнақты ата. 8) Болжалдық сан есім
цифрмен берілгенде қосымша қалай жалғанады? 9) Топтау
сан есім қай септік жалғауы жалғануы арқылы жасалады?
10) Бөлшектік сан есімге мысал айт. 11) Құрамына қарай сан
есім нешеге бөлінеді? 12) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді;
төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Сөйлемдегі сан есім
қызметі.
3. «Мақал – сөздің мәйегі» тақырыбында мақал-мәтел
айту жарысы. Сайысқа түсушілер алма-кезек сан есім
қатысқан мақал-мәтел айтады. Әрбір дұрыс жауабы үшін 1
ұпайдан беріледі.
4. «Ойлы болсаң, озып көр» кезеңінде әрбір топқа ребус
сызылған парақ беріледі. Ребусты дұрыс шешкен топ туған
жерге, табиғатқа байланысты нақыл сөзді таба алады. Дұрыс
жауабы үшін – 5 ұпай.
1- ребус
,,, , с ,, !
, би “ “ 6
C іңдер , , биғат
2341 12й345, ғы.
125
2- ребус
,, , н жер - 6н
б .
Жауабы: 1) Жас достар! Табиғатты сүйіңдер, табиғат –
Отан байлығы.
2) Туған жер – алтын бесік.
5. Жаттығулармен жұмыс.
6. «Шешсең жұмбақ – көңілің тынбақ» кезеңі.
Интерактивті тақтада есеп жұмбақ мәтіні шығады.
Он бір түйе,бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі,
Екі қоян, үш түлкі,
Бәрі нешеу,кім білді? (шешімі - 28 аң)
Жұмбаққа қатысқан сандарды құрамы мен мағынасына
қарай талдау.
7. «Мықты болсаң, тауып көр» кезеңі.
«Кім көп сөз таба алады?» сайысы.
Сағат тілі бойынша ешбір әріпті тастамай рет-ретімен 21
сөз тап!
Ұпай санын есептеу. Жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа
белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.
126
Айнагүл МҰҚАНОВА,
Берқайыр Аманшин атындағы
жалпы орта білім беретін
мектептің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Қаратөбе ауданы.
ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВ.
«ТОЛАҒАЙ»
(5-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – «Толағай» әдеби
ертегісі туралы білімдерін саралау, жүйелеу, ертегінің
идеясын анықтау; дамытушылық – оқу мен жазу арқылы
сын тұрғысынан ойлауды дамыту, оқушылардың көркем
шығарма оқуға қызығушылығын арттыру, сондай-ақ өзіндік
пікірлерін, көзқарастарын білдіруге қалыптастыру, өз
беттерінше ізденуге жетелеу; тәрбиелік – ұйымшылдыққа,
өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап бағалай білуге,
қауымдасып жұмыс істеуге, Отанды, елді сүйе білуге баулу.
Түрі: сайыс сабақ. Тегі: топпен жұмыс. Әдісі:
психологиялық дайындық, ұжымдық оқыту, талдау-
жинақтау, проблемалық сұрақ-жауап. Көрнекілігі: сабақ
бойынша слайдтар. Технологиясы: сын тұрғысынан ойлау.
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, музыка, өзін-өзі
тану.
Сабақтың барысы.
Қызығушылықты ояту.
- Қане, балалар, бәріміз тақтаның алдына қарай шығып,
«Шаттық» шеңберін жасап тұра қояйық.
Енді бір-бірімізге бір-бір ауыз сөзбен жақсы тілектер
тілейік. Тек біріміздің айтқанымызды екіншілерміз
қайталамауға тырысайық. Алақандарымызды ашып көрші-
леріміздің айтқан ақ тілегін қабылдауды бастайық.
127
Ұжымдық оқыту әдісі бойынша оларды 3 топқа бөлемін.
Мақсат қою.
- Балалар, үйге тапсырмаға Әбділда Тәжібаевтың
«Толағай» әдеби ертегісі берілген болатын. Ертегіні 3 топтан
бір-бір оқушыдан айтып шықсын. Әр топ басшысы топ
оқушыларын өздері бағалайды.
Мағынаны тану.
1. «Топтастыру» стратегиясы.
шыдамды мерген
Толағай қандай кейіпкер екендігін тақтаға жазу керек.
2. «Ішке-сыртқа» стратегиясы.
Мұнда мәтін бойынша оқушылар «Ішке» деген бөліміне
риза болған оқиғаларын, «Сыртқа» деген бөліміне мәтінді
оқыған кездегі көңілі толмағандарын қысқаша жазу керек.
ІШКЕ СЫРТҚА
Алып бала болуы. Жаңбыр іздеуі.
Мерген болуы
Ойтолғаныс.
1. Шығармашылық жұмыс.
«Толағай» ертегісіндегі «Ең бақытсыз жан кім?» деп
ойлайсыз?
Әр топтан екі оқушының жұмысын тыңдау.
2. «Ортада қаламсап» стратегиясы.
Егер сіз автор болсаңыз, бұл әдеби ертегіні қалай аяқтар
едіңіз?
Толағай
128
3. «РАФТ» стратегиясы.
Толағайға арнап хат жазу.
4. Үйге тапсырма. «Толағай батыр ма?» (Шағын эссе
жазып келу).
Рая ҚҰЛБАТЫРОВА,
«Сарыкөл» орта мектебінің
мұғалімі.
Ақтөбе облысы,
Темір ауданы.
ЗАТ ЕСІМНЕН өТКЕНДІ
ҚАЙТАЛАУ
(6-сынып)
Сабақтың мақсаты: 1) зат есімнен алған білімдерін
пысықтау, теориялық білімдерін практикамен ұштастыру;
2) сөз асылын қадірлеп, тілді кұрметтеуге тәрбиелеу; 3) ойын
түрлері арқылы шығармашылыққа баулу, өз ойын еркін,
толық жеткізуге дағдыландыру.
Типі: қайталау сабағы. Түрі: сайыс сабақ. Әдісі: сұрақ-
жауап. Көрнекілігі: сөзжұмбақ, кеспе қағаздар, интерактивті
тақта.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын сұрау (кеспе қағаздар арқылы).
Сынып 2 топқа бөлінген: I топ – «Тіл», II топ – «Сөз».
I топ сұрақтары (көк түсті кеспе қағаздар):
1. Зат есім деген не? (мысал) 2. Негізгі зат есім деген не?
(мысал) 3. Дара зат есім деген не? (мысал) 4. Деректі зат есім
Достарыңызбен бөлісу: |