Мақсатым – тіл ұстартып, өнер шашпақ



жүктеу 1,02 Mb.
Pdf просмотр
бет29/33
Дата10.11.2018
өлшемі1,02 Mb.
#18788
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

115
мен білсем, шамасы.
3-тапсырма. 
Қыстырма 
сөздердің 
мағынасын 
анықтаңыздар.
Әлбетте,  сірә,  жалпы,  біріншіден,  турасын  айтқанда, 
жасыратыны жоқ, қайтсін, бір жағынан, сөзсіз, қысқасы.
4-тапсырма. 
Қыстырма 
сөздердің 
қызметін 
анықтаңыздар.
Бүгін келуі де мүмкін. Мүмкін,келіп қалар. Рас айтасың, 
өте әдемі екен. Рас, мен бұл туралы кейін білдім. Сонымен 
бәрі  бітті.  Сонымен,  кімде  қандай  сұрақтар  бар?  Әрине, 
оқуымды  жалғастырамын.Шынымды  айтсам,  барғым 
келмейді.
Қыстырма  сөздер  жүйелі  түсіндірілсе,  жаттығу 
жұмыстары орындатылса, студенттер оларды саналы түрде 
меңгере алады.
Жанаргүл ҚУАНЫШЕВА, 
Ақтөбе қаласындағы
№50 орта мектептің мұғалімі.
АБАЙДЫң «ЕСКЕНДІР» 
ПОЭМАСЫ
(9-сынып)
Сабақ  мақсаты:  1)  поэманың  мазмұнын,  идеясын, 
астарындағы тарихи шындықты таныстыру; 2) адамның іс-
әрекеті  арқылы  өмір  заңдылықтарын,  адамдар  арасындағы 
қарым-қатынас  жасау  жолдарының  маңыздылығын 
түсіне  білуге  үйрету;  3)  сыпайылыққа,  адамгершілікке, 
мейірімділікке, білімді бағалай білуге тәрбиелеу.
Түрі: сын тұрғысынан ойлау сабағы. Әдіс-тәсіл: кубизм, 
сұрақ-жауап, сахналау. Көрнекілік: жинақ, портрет, нақыл 


116
сөздер,  тарихи  ескерткіштер  көрінісі,  сызбалар  (слайд 
түрінде). Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі, ән.
Сабақ барысы.
I. Қызығушылығын ояту.
Оқушылар  Абайдың  «Сегіз  аяқ»  өлеңі  арқылы  топқа 
бөлінеді.
Мен – ақынмын
Мен – батырмын
Мен ... қараймын
Мен ... санаймын
Сұрақ-жауап /оңайдан күрделіге қарай/:
1.  Әдеби  тіл  мен  халықтық  тілдің  байланысы  бар  ма? 
2.  Халық  тілінің  Абайға  әсері  болды  ма?  3.  Абай  әдебиет 
әлеміне  өзгеріс  әкелді  ме?  4.  Абайдың  сөз  өнеріне,  өлеңге 
қатаң  талап  қойғаны  өз  шығармаларынан  байқала  ма?                     
5.  Әдеби  тіл  мен  халықтық  тілдің  айырмашылығы  неде?               
6.  Абай  халықтық  тілден  не  алды,  қалай  алды?  7.  Абай 
әдеби тілге қандай өзгеріс енгізді? 8. Абайдың сөз өнеріне 
деген талғам,талабына дәлел болар шығармаларынан мысал 
келтіріңіз. 
II. Мағынаны тану. 
Бұл тақырыпты әлем қаламгерлері де қозғаған.
Әлем  әдебиетінен:  Фирдоуси  –  “Шахнама”;  Низами  – 
“Ескендір-нама” ; Жәми – “Ескендірдің даналық кітабы”.
«Кубизм» әдісі бойынша «Ескендір» поэмасы талданады. 
/Поэманы оқып келу үйге тапсырма ретінде берілген./
1-топ.  Баяндаңыз.  Поэмадағы  оқиға  желісін  ретімен 
баяндаңыз.Шығарма құрылысы туралы не білеміз?
2-топ. Зерттеңіз. Шығарма астарындағы тарихи шындық 
туралы  деректер  айтыңыз.  /Тәуелсіз  зерттеушілер  алдын 
ала  әзірлеп  әкелген  мәліметтерін  ортаға  салады./  Тарихи 
шығарманың ерекшелігі неде?
3-топ.  Суреттеңіз.  Қақпа  алдына  келген  кездегі 


117
Ескендірдің портреті мен Аристотельдің бейнесін жасаңыз. 
Көркем бейне деген не?
4-топ.
Дәлелдеңіз. Ескендір – батыр.         Ескендір батыр емес.
5-топ.  Ұсыныс  жасаңыз.  Ескендірдің  орнында  болсаң, 
қандай іс-әрекет жасар едіңіз?
Оқушылар осы тапсырмалар бойынша  жауаптар береді.
Әр  топ  өз  жауаптарына  байланысты  слайдтар  бойынша 
сөйлейді.
Шығарма бойынша тапсырма.
Тапсырмалар 
Мәтіннен 
көрсетіңіз.
1-топ. Ауыспалы мағынадағы сөздер.
2-топ. Антоним сөздер.
3-топ. Көнерген сөздер.
4-топ. Шығармадан алар даналық ой.
5-топ. Шығарма идеясына сәйкес мақал-
мәтел ойлаңыз.
III.  Ойтолғаныс.  Абайдың  өлең  жолдары  арқылы 
қорытындылау.
Малда да бар жан мен тән,
Жүрек, сезім болмаса.
Тіршіліктің несі сән
Тереңге ден қоймаса?
Осы  бүгінгі  сабақ  туралы  ой,сезімдерін  бір  сөйлемге 
сыйғызып жазу тапсырылады.
Оқушылардың жауабын тыңдау.
Тақтада  жылқы,музыкант,таразының  суреттері  ілінген. 
Әр оқушы өздеріне берілген түрлі түсті жапсырма қағаздарды 
өзіне ұнаған сурет астына апарып жапсырады.
Қорытынды:  әр  сурет  балалардың  түрлі  әсерде 
отырғандығын дәлелдейді.
Бағалау.
Үйге тапсырма: «Ерлік жасай білеміз бе?» тақырыбына 
шығарма жазу.


118
Назина ҚАДЫРҚҰЛОВА,
«Құланды» елді мекеніндегі
№77 орта мектептің
мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Арал ауданы.
САЙЫН МҰРАТБЕКОВ.                
«ЖУСАН ИІСІ»
Сабақтың  мақсаты:    а)  оқушыларға  жазушының 
өмірінен  мәліметтер  беру,  көркем  шығарманы  оқыту 
арқылы  әңгіменің  құндылығын  таныту,  кейіпкерді  жан-
жақты  суреттеуге  үйрету;  ә)  оқушылардың  ақыл-ойларын, 
ой-өрістерін,  тіл  байлықтарын  дамыту;  б)  адамгершілікке, 
мейірімділікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
Түрі:  жаңа сабақты бекіту. Әдісі:  сұрақ-жауап, талдау, 
баяндау,  суреттеу.  Көрнекілігі:    жазушының  портреті, 
интерактивті тақта, тірек сызбалар, жусан шөбі. Пәнаралық 
байланыс: қазақ тілі, биология.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен  сәлемдесу,  түгелдеу,  оқушы  зейінін 
сабаққа аудару, бүгінгі сабақтың мақсатын айту.
-  Балалар,  біз  өткен  сабақта  60-90  жылдардағы  қазақ 
әдебиетінің  көрнекті  өкілдерінің  бірі  –  жазушы  Сайын 
Мұратбековтің  «Жусан  иісі»  әңгімесімен  таныстық.  Енді 
сендердің  осы  шығармадан  алған  білімдеріңді  тексеріп 
көрейін. (Оқушылар екі топқа бөлінген). 
Ойшақыру. І топқа: 1. Сайын Мұратбеков қай жылы қай 
жерде дүниеге келді? 2. Қай жылы қай оқу орнын бітірді? 
3.  «Сайын  өзіне  ғана  тән  тақырыптық,  жанрлық,  стильдік 
даралығы, ерекше сөз нақылы, ашық үнді өзіндік бояуы бар 
шығармаларымен  танылды»  деп    пікір  айтқан  кім?  4.  Қай 


жүктеу 1,02 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау