94
Алға талпынып оқыңдар, кітаптағы ғұлама ойын, адамзат
естелігін бойларыңа сіңіре біліңдер. Ананың ақ сүтін қалай
ақтаймыз деп ойлаңдар, алдынан кесіп өтпеңдер, Меккеге
арқалап апар десе де көніңдер.
8-оқушы: - Жылдар өтер, айлар ауысар, замана желі
бірде оңнан, бірде солдан туар, ешқашан... ешкімге... менің
жоғымды жоқтатпаңдар. Жаратқан ие өзі берген жанын өзі
алғандай болса – туған жердің топырағы бұйырмайтынын
іштей сезем, айтып жүруге, ұмытып кетпеуге ниет қылып
ұл-қыздарыңа «Қайрат» деп атымды қойып, «Арайлым»деп
аруағымды сыйлап ас беріңдер.
9-оқушы: - Осы жазып отырған ақтық хатымды
қолдарыңа тигізген адамға астына ат мінгізіп, иығына шапан
жаппасаңдар да, адамгершілікпен қарсы алып, жақсылығын
жақсылықпен қайтарыңдар. Тар қапастағы ақтық күндерімді
осы азаматтан естіп білесіңдер. Не айтайын, хош, көкешім
Талғатым, мен сендерге енді жоқпын. Батар күнге карап бата
қылыңдар, әумин...
(Барлық жұрт орындарынан тұрып 1 минут Желтоқсан
құрбандарын еске алады. Жеті нан таратылады).
Жүргізуші: - Бұл күнде Қайраттың абақтыдан жеткен
өлеңдерін, жалынды сөздерін бүкіл әлем ұйып тыңдайды.
Орман мүлгіп, дала тыншиды... Бас бостандығымыз үшін
мерт болған батыр ұланын мақтаныш тұтқан. Туған халқы
да оның ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуді парыз санап,
мектептер мен көшелерге, мәуелі гүлзар бақтарға Қайрат
есімін беруде. Бәрі де орынды. Бәрі де заңды. Желтоқсанның
мезгілсіз аққан жұлдызы өз орнында, шырқау биікте тұруға
тиіс.
Бүгінгі іс-шараны белгілі ақын Мұхтар Шахановтың
мынадай өлең жолдарымен аяқтайық.
95
10-оқушы: - Оралу (немесе Қайрат ескерткішін
ашардағы сөз).
Дархандық пен кенделіктің,
Адамдық пен пенделіктің
Арасында мәңгі итжығыс түсіп
Жатқан осы алапат майданды
Жігеріңмен көктеп өтіп,
Төбең бір сәт көкке жетіп,
Өз өлкеңе ескерткіш боп
Оралдың ба, айдарлым?!
Жетекке алып саналы арман,
Бүршігіңді жаңа жарған шағыңда
Денең қалып сонау
Семей түрмесінің маңында,
Рухыңмен туған өлке топырағын
Қайта бастың кемелдеп,
Ара жігін ерлік пен ездіктің
Бір-ақ қадам екендігін дәлелдеп.
Қиын сәтте жалау еткен намысын,
Бағың жансын, қайсар ұлым,
Жанын қиған ары үшін.
Алматыға Ноғайбайдың
Перзенті боп аттанып,
Бар қазақтың мақтаны боп
Қайта оралған арысым!
«Елім менің» әні орындалды.
96
Авторлық бағдарлама
Рауа ТОҒЫЗБАЕВА,
Алдашбай Ахун ауылындағы
№111 орта мектептің
мұғалімі.
Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданы.
«ӘДЕБИЕТ – СЫРЛЫ ӘЛЕМ»
ФАКУЛьТАТИВ КУРСЫ
(9-11-сыныптар)
Аптасына – 2 сағат, жылына – 68 сағат
Орта мектепте оқытылатын пәндер жүйесінде әдебиеттің
алатын орны мен маңызы айырықша. Әдебиет сабақтары
халқымыздың сан ғасырлық рухани қазына байлығынан, сөз
өнерінің тарихынан, әр кезеңдерде ғұмыр кешкен қаламгер
өмірі мен шығармашылығы, белгілі бір туындылар,
олардағы кейіпкерлер әлемі жайында мағлұмат беріп қана
қоймайды. Әдебиет сабағы адамгершілікке тәрбиелеу
сабақтары ретінде зор маңызға ие. Көркем туындыларды
оқыту, түсіндіру, талдау барысында ұстаз әдеби білім беріп
қана қоймайды, шәкірттерін адамгершілікке және әсемдікке
тәрбиелейді. Ол тәрбиелеу шаралары біржақты бағалаулар
арқылы емес, оқушыларды жазушы бейнелеген көрікті
әлемге бағыттау, сол сырлы әлемге ұшқыр бала қиялымен,
қызу сезім-эмоциясымен саяхат жасата білу, кейіпкерлерді
тірі, жанды бейне деп қабылдату, олардың тағдыр-талайына,
қиындық-қуаныштарына
шәкірттерді
психологиялық
тұрғыда ортақтастыру, олармен бірге ойлап, бірге қиналу,
қуану сезімдерін кештіру арқылы жүзеге асырылады. Бүгінгі
мектеп шәкірттерінің әдебиетке, өнерге қызығушылығы,
97
білімге құштарлығы, жалпы көзқарасы, таным-талғамы
басқаша. Бұрынғы елгезек, ізденгіш, тапсырманы мұқият
орындауға тырысатын, көркем әдебиетті іздеп жүріп
оқитын оқушылар қазір сирек кездеседі. Қазіргі шәкірт те
– күрделі бір музыкалық аспап. Құлақ күйін бабымен дұрыс
келтіре алмасаң, домбыра дұрыс тартыла ма? Өзің аңсаған
қоңыр үнді ести аласың ба? Оқушы да сол секілді, оның да
«құлақ күйін» келтіріп алу керек, яғни, сабаққа алдын ала
психологиялық тұрғыдан даярлап, тақырыпқа қызықтырып,
шығармашылық танымдық белсенді әрекетке тарта білу
қажет. Қазіргідей білім алуға, өнерге жастардың ынтасы
азайып, самарқаулық күшейген уақытта бұл оңай міндет емес.
Бәрі де айналып келгенде ұстазға, оның пәнді, сөз өнерін
сүюіне, кәсіби біліктілігі мен шеберлігіне байланысты.
Факультатив курс міндеті: оқушыларды сауаттылыққа
үйрету; курсқа арналған барлық жоспарлы материалдарды
толық игерту; қосымша мәліметтерді іздестіру кезінде
әдебиеттерді дұрыс таңдап, орынды пайдалана білуге
үйрету; ізденіс жұмыстарына бейімдеу; өз беттерімен
жұмыс түрлерін істей білуге дағдыландыру; жұрт алдында
өз ойын толық жеткізуге, сөз мәдениетін сақтай отырып
тіл шұбарламай, ана тілінде қысылмай, мүдірмей сөйлеуге
үйрету.
Күтілетін нәтиже:
1. Өз ойын көркем тілмен жеткізетін,поэзияны сүйетін,
сахнада рөлдік ойындар ойнай білетін, әдебиеттің сырлы
әлеміне терең бойлай алатын тұлға қалыптасады.
2. ҰБТ-да, пәндік олимпиадада жақсы көрсеткішке
жетуіне мүмкіндік мол.
3. Білімділік, біліктілік дағдыларын қалыптастыра
отырып ізденімпаз, шығармашыл оқушы қалыптасады.
Факультатив курс бағдарламасы
Достарыңызбен бөлісу: |