78
5. Өлең құрылысына талда.
-------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------
Отыз бірінші сөз
1. Абайдың неше қара сөзі бар?
а) 40; ә) 45; б) 46.
2. «Отыз бірінші» сөзіндегі төрт түрлі себеп пен ой
кеселдерін ата.
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
Құлақтан кіріп бойды алар
1. Абайдың қандай әндерін білесіңдер?
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
2. Өлең құрылысына қарай талда
Әсемпаз болма әрнеге
Шумағы
Тармағы
Бунағы
Буыны
Ұйқасы
Шәкәрім Құдайбердіұлы.
«Жолама, қулар, маңайға»
1. Топтастыру. Шәкәрім жайлы не білесің?
Шәкәрім
79
2. Шәкәрім бұл өлеңді неліктен «Жолама, қулар, маңайға»
деп атаған?
-------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
3. Сен ақын болсаң өлеңге қандай ат қояр едің?
-------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
4. Өлеңге сатылай кешенді талдау жаса.
-------------------------------------------------------------------------
-------------------------------------------------------------------------
«Адамдық борышың».
1. «Адамдық борышың» дегенді қалай түсінесің?
------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
2. Өлең мәтініндегі ақын айтқан адамдық борыш
түрлерін тауып жаз.
-------------------------------------------------------------------------
--------------------------------------------------------------------------
3. Кестемен жұмыс. Екі ақын өлеңдеріндегі сөз
қолданысын, өлең құрылысын, тақырыбын салыстыр.
Абай Құнанбайұлы
Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Әсемпаз болма әрнеге»
«Адамдық борышың»
«Менің борышым» атты шығарма жаз.
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------
80
Сұлтанмахмұт Торайғыров.
«Шығамын тірі болсам адам болып», «Мен – қазақ».
1. Өлең кімге арналып жазылған,қашан жазылған?
а) 1911 ж. Мұқан молда;
ә) 1913 ж. Нұрғали ұстаз;
б) 1914ж. Әлі молдаға .
2. Өлең мазмұны қалай әсер етті, кім болуды
армандайсыңдар?
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
3. Ауыспалы мағыналы сөздерді теріп жаз.
Теңеу
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
Эпитет
-------------------------------------------------------------------------
----------------------------------------------------------------------------
«Мен – қазақ»
1. Өзгені құрмет тұта отырып, өз ұлтын сүю , ұлттық
намыс дегенді қалай түсінесіңдер?
-------------------------------------------------------------------------
------------------------------------------------------------------------
Есіңе сақта!
Әр оқырман жүрегіне жол тауып, онымен дәл өзіндей
сырласатын өлең кейіпкерін лирикалық қаһарман дейміз.
(Жалғасы бар).
81
Ұлттық ұлағат
Меңдібай ӘБІЛҰЛЫ,
Қазақстан Жұрналшылар
одағының мүшесі,
Тараз инновациялық- гуманитарлық
университетінің доценті, ф.ғ.к.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫң
ТАМДЫДА БОЛУЫ
Орталық Азиядағы туысқан түркі халықтарына белгілі
журналист-жазушы Жүсіп Әлқожаұлы 1931 жылы
Өзбекстанның Бұқара облысындағы Тамды ауданының
«Қақпатас» деп аталатын елді мекенінде дүниеге келді.
Өмірінің көптеген жылдарын туған халқына адал еңбекпен
өткізген Жүсіп ақсақал қазір 80-нің сеңгірінде, қазіргі таңда
Тараз қаласында тұрады.
– Сонау Өзбекстанның Бұқара қаласының Тамды
ауданынан тарихи Отаным – Қазақстанға келгенде шын
мәнінде өзімді бақытты адам ретінде сезіндім,- дейді
Жүсіп ақсақал. – Себебі Өзбекстандағы қазақтар барлық
уақытта Қазақстанды мақтаныш тұтып жүретін еді. Әрбір
отбасы «Қазақстан әйелдері», «Мәдениет және тұрмыс»,
«Балдырған», «Жұлдыз» жұрналдарын, «Лениншіл жас»,
«Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан» газеттерін
жаздырып алып оқитын. Қазақ тілінде жарық көретін әдеби
кітаптар, соның ішінде аты аңызға айналған, қазақтың
ғана емес, бүкіл түркі халықтарының батыры Бауыржан
Момышұлының кітаптары әрбір үйдің төрінде тұратын. Ата-
аналар ұл-қыздарына, немерелеріне «Бауыржандай батыр
82
бол...» деп өсиет айтатын, бата беретін...
Жүсіп ақсақал қолы бос кезінде мектеп оқушыларымен,
жоғары оқу орнының, колледж білімгерлерімен кездесу
өткізіп, жастар тәлім-тәрбие аларлықтай әңгімелер, атақты
адамдар туралы естеліктер айтып, жастардың рухани жан-
дүниесін байытуда айтарлықтай үлгі көрсетіп жүр.
Кезінде Өзбекстан Республикасында қазақ тілінде жарық
көретін «Достық туы», «Нұрлы жол» газеттерінің Науаи,
Бұқара облыстары бойынша меншікті тілшісі болып еңбек
еткен қарымды журналист, бірнеше кітаптардың туындыгері.
Тамды аудандық «Тамды шаруагері» деп аталатын газетте
көп жылдар бойы редактор болып қызмет еткен Жүсіп
ақсақал Тамды ауданына барған жазушы-майдангер,
гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлымен, жазушы-
ғалымдар Диқан Әбілов, Рахманқұл Бердібаев, Ізтай
Мәмбетов, профессорлар Бекежан Сүлейменов, Мардан
Байділдаев, Қазтай Әбідіқадыров, Асқар Тоқпанов, Асқар
Тоқмағамбетовпен кездесіп, олармен талай рет сұхбаттасып,
сұхбаттарын аудандық, республикалық газеттерге жариялап,
жастардың рухани байлығын арттыруда зор қызмет істеген
еді.
Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының
Тамдыға келуі, онымен тілдесіп әңгімелесуі Жүсіп
ақсақалдың есінен мәңгі кетпек емес. Себебі бұл кездесуді
Жүсіп ақсақал жүрген жерінде жыр қылып айтып жүреді.
Оның бұл әңгімелері ұрпақтан ұрпаққа тарап келеді. «Мәңгі
ұмытылмайды...» деп отырғаным – осы.
Сол жылы ауданға «Бауыржан Момышұлы келеді екен...»
деген хабар бүкіл аудан жұртшылығын аяғынан тік тұрғызды.
Жүсіп Әлқожаұлы – аудандық газеттің редакторы. Дереу
редакция қызметкерлерінің шұғыл жиналысын өткізіп, осы
кездесуге байланысты тапсырмалар беріп жатты.
Достарыңызбен бөлісу: |