119
салада қызмет етті?
ІІ топқа: 1. Жазушының ең алғаш шығармалары қай жылы
жарияланды? 2. Повесть деген не? 3. Ел арасына таралған
қандай шығармаларын білесіңдер? 4. Жусан қандай шөп?
І. Кейіпкерлерге талдау.
І топқа: Аянға мінездеме.
ІІ топқа: Мінездемені толықтыру.
Кім? Қашан? Қайда?
Шығармадан үзінді оқимын. Оқушылар қай кейіпкердің
қашан қай жерде айтқанын табады.
І топқа: 1. «Желкең қиылғырлар-ай! Соғыс аздай, бұл
атысып ойнайды дегенді қайдан шығарды осылар, басқа
ойын аз ба, ей!» (Балалар көшеде атыспақ ойнап жүргенде
ары-бері өтіп жүрген кемпір-шалдардың сөзі).
2. «Аянның әжесі өліп қалыпты»
(Сырғанақ теуіп жүрген балалар шүйінші сұрағандай бір-
біріне жеткізеді).
3. – Барлық әріптерді неге тезірек үйретпейді екен?
(Аянның мектепке барып жүргендегі сөзі).
ІІ топқа: 1. – Үйбай, бетім-ай, бұ дүбірлеген не десем,
мыналар екен ғой, аулақ жүріңдер әрі, өй, өңшең топырлаған
немелер! Онысы несі-ей, тап терезенің түбіне кеп
үймелегендері! (Бапайдың кемпірінің ертегі тыңдап отырған
балаларды қуып жібергенде айтқаны).
2. «Ағаңды анау Жусанды төбенің үстінде мал қайырам
деп жүргенде, айдалада тапқанмын» (Әжесінің сөзі).
Аян қандай?
120
3. – И-и, жаман ит үргіш келеді, мына біздің ұл мылжың
көрінеді ғой. (Бапайдың кемпірінің сөзі)
Пікірлесу.
1. Шығарма неге «Жусан иісі» деп аталған? 2. Ертегінің
«Баяғыда бір жетім бала болыпты» деп басталуының себебі
неде? 3. Аян сендерге қандай әсер қалдырды? 4. Әңгімеші
баланың бойынан қандай қасиетті байқадыңдар? 5. Повесть
қалай аяқталады?
Бейнебаян. Интерактивті тақтадан соғыс кезіндегі және
қазіргі уақыттағы жетім балалардың суреті көрсетілді.
Алтынбек Қоразбаевтың «Бозторғай» әні тыңдалды.
Венн диаграммасы.
Соғыс кезіндегі
жетім балалар
Қазіргі кездегі жетім балалар
1. Жоқшылықтан.
2. Соғыс
салдарынан.
1. Тәрбиесіздіктен.
2. Ата-анасының құқығынан
айырылған балалар.
3. Тастанды балалар.
Райхан ЕЛАМАНОВА,
«Кеңсуат» жалпы орта білім
беретін мектебінің мұғалімі.
Батыс Қазақстан облысы,
Ақжайық ауданы,
Есенсай ауылы.
АЛЕКСАНДР ПУШКИН.
«БАЛЫҚШЫ МЕН БАЛЫҚ»
Сабақтың мақсаты: білімділік – ертегінің мазмұнын
меңгерту, кейіпкерлерге салыстырмалы мінездеме беру
арқылы өзіндік қорытынды жасай білуге үйрету;
121
тәрбиелік – қанағатшылдыққа, ұйымшылдыққа, бір-бірін
тыңдай білуге, адамгершілікке тәрбиелеу; дамытушылық
– шығармашылық қабілеттерін ұштау, сөйлеу тілін дамыту,
өз пікірін қорғай білуге дағдыландыру .
Күтілетін нәтиже: өз ойын ашық айта алады; мазмұнын
меңгереді; жаман мен жақсыны ажырата біледі; өз бетінше
қорытынды жасай біледі.
Қолданылатын әдіс: «СТО» технологиясының әдістері.
Не арқылы бағаланады: мазмұнын айта білгені үшін;
топта ерекше көзге түсіп, тобын алға сүйрегені үшін;
шығармашылық жұмыстарды жақсы орындағаны үшін.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Амандасу. Оқушылардың сабаққа
қатыстарын тексеру. Тренинг арқылы оқушыларды үш
топқа бөлу .
Қызығушылықты ояту.
1. «Топтастыру» әдісі
Ертегі туралы
не білеміз?
2. «Болжау» әдісі
Ертегі не туралы деп ойлайсыңдар?
Мағынаны тану.
1. « Жигсо» әдісі арқылы ертегінің мазмұнын меңгерту.
122
2. «Екі жақты түсіндірме күнделік» әдісі
Не таңдандырды?
Неліктен таңдандырды?
3. «Талқылау картасы» әдісі
Шалдың алтын балықты кемпірінің өтінішін ғана
орындау үшін пайдаланғанына келісесің бе?
Иә
Жоқ
1
2
1
2
Толғаныс.
1. «Бес жолдық тұжырымдама» әдісі арқылы ертегі
кейіпкерлеріне бес жолды өлең құрастыру. Мысалы:
Зат есім: шал.
Сын есім: жуас, көнбіс.
Етістік: аулайды, ұстады, тыңдайды.
4 сөзден тұратын сөйлем: Шал кемпірінің талабын
орындайды.
Синоним: қария.
Бағалау.
Бағалау парағында осы әдістердің барлығы кестеге
түсіріліп берілген.
Үйге тапсырма:
1. Автор туралы мағлұмат жинау.
2. Топ бойынша ертегі желісімен көрініс көрсету.
123
РАНО ЭГАМБЕРДИЕВА,
№1 Ю.Сареми атындағы
мектеп-гимназия мұғалімі.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Сайрам ауданы.
САН ЕСІМНЕН АЛҒАН
БІЛІМДЕРІН ПЫСЫҚТАУ
Жоспары:
1. Төсбелгіні қорғау.
2. «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады»
(Сұрақ-жауап сайысы).
3. «Мақал – сөздің мәйегі» (Мақал-мәтел сайысы).
4. «Ойлы болсаң, озып көр» (Ребустар әлеміне саяхат).
5. Жаттығулармен жұмыс.
6. Шешсең жұмбақ – көңілің тынбақ.
7. Кім көп сөз таба алады? («Мықты болсаң, тауып көр»).
Сайыс сабақ барысы:
1. Топқа бөлінген оқушылар өз аттарын белгілейді
(«Барыс»және «Болашақ»), алдын ала дайындап келген
төсбелгісін қорғайды (5 ұпаймен бағаланады).
2. «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады»
атты кезеңде әр топ мүшесі қоржын ішінен нөмірленген
парақша алады. Сол нөмірге сәйкес келетін конверттің ішіне
жасырылған тапсырмаға дұрыс жауап беру қажет.Әрбір
дұрыс жауабы үшін – 1 ұпай.
1) Сан есім деген не? Сұрақтарын ата. 2) Сан есімнің
мағыналық түрлерін ата. 3) Реттік сан есім жасайтын
жұрнақтарды ата. 4) Жинақтық сан есімге жататын сандарды
айт. 5) Жинақтық сан есім жасайтын жұрнақтарды тап. 6)
Болжалдық сан есімнің сұрақтарын ата. 7) Болжалдық
Достарыңызбен бөлісу: |