Сабақтың тақырыбы: Матрицалармен жұмыс Сабақтың мақсаты



жүктеу 96,43 Kb.
Дата05.02.2018
өлшемі96,43 Kb.
#8794
түріСабақ


Күні: пәні:_____________________________________
Сабақтың тақырыбы: Матрицалармен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

Матрица туралы түсінік беру және олармен жұмыс жасауға үйрету, ұйымшылдыққа, тазалыққа, шапшаңдыққа баулу.

Еңбекке, суретке деген қызығушылықтарын арттыру, өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың әдісі: топтық

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру.

– Оқушылардың сабаққа қажетті құралдарын түгендеу.

– Енді бүгінгі сабағымызда 4 топқа бөлінеміз.

– Әр оқушы өз қолдарындағы қағазға қарап аталған бейнелеу өнерінің түрлері бойынша бір – бірімен топ құрайды.

– Пейзаж деген не? /бейнелеу өнерінің табиғатты бейнелейтін жанры/
– Композиция деген не? /суреттің парақ бетінде әсерлі орналасуы/
– Гамма деген не? /белгілі бір көңіл күйді білдіретін бірнеше түстердің үйлесімділігі/
- Гуашь деген не? /суда еритін қоймалжың бояу/

ІІ. Сабаққа кіріспе
– Балалар біз сабағымызды бастамас бұрын, алдымызда үстелдің үстінде алма, картоп, сәбіз тұр. Осылардың барлығы бізге пайдалы, күнделікті тамаққа қолданып жүрген жемістер мен көкөністер. Бірақ дәл қазіргі кезде солардың ішінен бізге жеуге қайсысы қолайлы?
– алма
– Себебі алма адам ағзасына өте пайдалы. Оның құрамында адам ағзасына қажетті көптеген дәрумендер бар. Олар адам бойына күш, қуат береді. Сондықтан күш, қуатымызды арттырып алып, сабаққа жақсылап қатысатын боламыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
– Алдымен үйге қандай тапсырма берілді?

– Өзіңе ұнайтын ертегі кейіпкерлеріне иллюстрация жасау.

/оқушылардың жасаған жұмыстарын тексеріп, бағалау/

IV. Пәнаралық байланыс.
олармен біз қай сабақтарда көбіне жұмыстанамыз?
Еңбек
Олай болса бейнелеу өнері сабағы еңбек сабағымен тығыз байланысты. Өйткені бейнелеу өнері тек сурет салуды ғана емес, сонымен қатар еңбекшіл, қолынан іс келетін икемді болуды қажет етеді.

V. Жаңа сабақпен байланыс
Балалар міне біз кез келген материалдармен, жемістер мен көкөністерден де жұмыс жасай аламыз. Тіпті жұмыс жасап қана қоймай олармен біз сурет сала да аламыз. Ондай заттардан сурет салуды матрицалармен жұмыс деп атайды.

VІ. Жаңа сабақ. Теориялық бөлім
Ендеше бүгінгі сабақта матрицалармен сурет салатын боламыз. Ол өте қызық. Матрица деген не? Матрица деген ол таңбалар. Алдымен осы матрицаларды, яғни таңбалар жасап аламыз. Оларды картоптан, сәбізден, алмадан, асқабақ қабығынан жасауға болады. /жасалған матрицаларды көрсету/. Әртүрлі суреттер салу үшін осылардан әртүрлі фигуралармен, қарапайым пішіндер жасап аламыз. Содан соң қоймалжың су бояуды пайдалана мыз. Алдымен бояуды өзінің тақтайшасына езіп дайындаймыз да, сол бояуға дайын піші німізді батырып аламыз. Енді әбден жұққаннан соң алып сурет салатын альбомға бастырамыз. Бастырғанда манағы пішініміз пайда болады. Дайын болған суреттің сыртынан фламастер, маркерлер пайдалану арқылы жан жағын әдемілік үшін жинақтау мақсатында сызып шығамыз. Осылайша бірнеше қайтара бастыру арқылы әртүрлі суреттер салуға болады.

VIІ. Практикалық жұмыс.
Оқушыларға көрсете отырып, картоптан жасалған матрицамен гүлдің суретін салу
Оқушылар өздерінің салған суреттерін сыртын сызықтармен бастырып көркемдейді.

VIII.Ойын
Ойынның шарты әрбір командаға А3 қағазын беремін. Сол қағазға әр топ мен айтқан нарсенің суретін белгілі бір уақыт ішінде салып отырады.
Күн, тал, үй, гүл.

IХ. Сабақты қорыту.
Бүгінгі сабақта не үйрендік?
Матрица деген не?
Матрицаларды нелерден жасайды?
Матрицамен жұмыс жасауда қандай жеңілдіктер мен қиындықтар болды?

Оңай жағы


Қиын жағы

Х. Бағалау.

Сабақтан алған әсерлері туралы смайликтер таңдайды


Өте жақсы Жақсы Орташа Онша емес

ХІ.Үйге тапсырма:

Гуашь бояуымен түрлі түсті қағазға шығармашылық жұмыс орындау,қосымша тапсырма.



Кеңсахара орта мектебі

Ашық сабақтың тақырыбы:

Матрицалармен жұмыс

(5-класс)


Кеңсахара орта мектебінің

бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі:

ИльясоваА.Т.

2014 – 2015 оқу жылы
жүктеу 96,43 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау