50
көтерген мәселесі мен тақ ырыбын мәтінге сүйене отырып
ашу; дамытушылық – шығарманың идеялық мәнін
түсіне білуге, өзіндік талдау, жинақтау жасап, ойлай
білуге дағдыландыру, жеке, топтық жұмыста шапшаңдық,
тапқырлық танытуға, ойын әдеби тілмен баяндауға
төселдіру; тәрбиелік – адамгершілікке, мейрімділікке,
адалдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Түрі: талдау сабағы. Әдісі: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу,
талдау, жинақтау, шығармашылық. Көрнекілігі: Мұхтар
Әуезовтің әңгімелер жинағы, интерактивті тақта, «Қазақ
тілінің түсіндірме сөздігі», «Мұхтар Әуезов мұражайында»
атты бүктеме. Пәнаралық байланыс: тарих, құқық, қазақ
тілі.
Сабақтың өту барысы.
Ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сабақтың мақсатымен, өтілу барысымен таныстыру:
1. «Сөз сырына үңілсек»;
2. «Таным таразысы»;
3. «Егер мен жазушы болсам»;
4. «Қазіргі заман бейнесі».
Осы жүйе бойынша біз бүгінгі сабағымызда Мұхтар
Әуезовтің тақырыптық, идеялық жағынан жақын алғашқы
әңгімелері «Қорғансыздың күні» мен «Жетім» әңгімесін
жан-жақты талдап, автордың идеясы туралы ой бөлісеміз.
Сабағымыздың алғашқы бөлімі «Сөз сырына үңілсек» деп
аталады. Алдымен сабағымызды бастамас бұрын «жетім»,
«қорғансыз», «қаралы», «болыс» сөздерінің мәнін ашайық.
Бұл сөздер қандай мағына береді? Қалай түсінесіздер?
(Оқушыларға сұрақ қойылады. Жауаптары тыңдалады).
«Таным таразысы» бөлімі бойынша оқушыларға
әңгімеден үзінді оқылады да, үзінді қай әңгімеден, оқиға әрі
қарай қалай өрбитіндігі сұралады.
51
1) «Күндегі әдетпен белгілі уайымның соңында бишара
әйелдер отырғанда ауыз үйдің есігі ашылады. Үшеуі бірдей
«Бұл кім ?» десіп есікке қарағанда бұлар отырған үйдің де
есігі ашылып, үйге түлкі тымақ, жақсы киімдер киген екі
қонақ кіріп келеді».
Сұрақ: Үзінді Әуезовтің қай әңгімесінен алынған,
оқиға әрі қарай қалай өрбиді? Жалғасын айтыңыз.
2) «Бұл жігіттер иесіз таудың ішімен түнде жүріп өтпек
болып, тау сыртындағы елді бетіне алып, жалғыз аяқ жолмен
түн қатып келе жатыр еді. Осы кезде осы таудың сыртында
жігіттер келе жатқан жақты бетіне алып жалғыз жаяу бала
келе жатты».
Сұрақ: Түнделетіп жүріп келе жатқан жалғыз жаяу
бала кім ? Жалғасын айтыңыз.
3) «Жетімнің малына қиянат қылма! Өзін адам ет, күт,
асыра, жылатпа!».
Сұрақ: Үзінді қай кейіпкердің сөзі?
4) «Құлынымның бұғанасы қатқанша рақым ет. Сорлы
қылып қақсатпа, зарлатпа, көрде мені күңірентпе».
Сұрақ: Бұл қай кейіпкердің сөзі? Ол тілегіне жетті ме?
5) «Орта бойлы, дөңгелек денелі, қысқалау мұрынды,
шоқша сақалды, сұрғылт беті дөңгелек, жалпақтау. Суық
қарайтын қисық біткен кішілеу өткір көзінде және түксиген
қабағында өзгеше қаталдық бар. Бұл адамның күлгендегі
пішіні құмарлыққа көп салынғандығын білдіріп тұрады».
Сұрақ: Үзіндіде кімнің бейнесі берілген? Оның қандай
адам екендігін танытып тұрған сөз қайсысы?
6) «Жіңішке, сұңғақ бойлы, аз ғана секпілі бар, дөңгелек
ақ сұр жүзді. Пішіні мұңды, жүдеу. Жас басына орнаған
қайғы, жүрегін жеген дерт сыртына шығып тұр».
Сұрақ: Бұл кімнің бейнесі? Оның бойына орнаған
қандай қайғы-мұңы бар?
52
«Егер мен жазушы болсам» бөлімі.
Әңгімеден алынып берілген үзіндіні оқушы өз қиялымен
әрі қарай жалғастыру керек. Оқушыларды екі топқа бөліп,
екі түрлі тапсырмалар беріледі.
І топқа «Ғазиза зорлықтан босанғанда есі ауыңқырап,
көңіліне дүние дүниелігін жоғалтқандай, өзінен алыстап
бара жатқандай болып көрінді. Бұл сезім – бұл уақытқа
шейін көңіліне келмеген, аса жат бір суық сезім. Не қыларын
білмей, өксіп-өксіп жылап, жерден басын көтерген қалпында
отырып қалды».
ІІ топқа «Олардың балалары бірінен-бірі ерке болып
шығып, Қасым қаға берісте қалатын болды. Қасымға таласа-
тармаса күн көру керек болды. Мал ұсталғалы басында
қайғыртып жылатып, кішкене сорлы жетімнің ішіне у
болып жиналып жүрсе де, әрі-беріден соң ол қайғы бөлек
қалды. Енді Қасым тамақты да жөндеп іше алмайтын болды.
Қасымға бұдан соңғы бір қайғы болып малды қарастыру,
қозы бағу шықты...».
Бұл оқушыларға 5 минут уақыт беріледі.
Қазіргі заман бейнесі /ойталқы/:
1. Сонымен екі әңгіменің де негізгі идеясы неде?
2. Ғазиза мен Қасымның жетімдік көрулерінің, яғни,
қорғансыз болуларының себебі неде деп ойлайсыздар?
3. Қазіргі заманда осындай қорғансыз жандар бар ма?
4. Жетім балалар қазіргі заманда қорғауға алынған ба?
5. Балаларды қорғау туралы конвенция қабылданды.
Сіз онымен таныссыз ба?
6. 2009 жылы қыркүйек айында Қазақстан Қамқоршылар
одағы құрылды. Осы одақтың мақсаты не деп ойлайсыз?
Өзім де толықтырып, балаларды қорғау туралы конвенция
қабылданып, республика бойынша 46126 жетім балалардың
қамқорлыққа алынғанын, үкімет қамқорлығында екендігін
айтамын.
53
Қорыту. Сонымен, оқушылар, біз бүгінгі сабағымызда
ойшыл суреткер Мұхтар Әуезовтің алғашқы әңгімелерімен
танысып, ой бөлістік. Алғашқы әңгімелері арқылы Мұхтар
Әуезов өзінің шеберлігін таныта білді.
Әйгілі ғалым, әдебиет зерттеушісі Әуелбек Қоңыратбаев
«Мұхтар Әуезов өзінің алғашқы прозасында көрнекті
новеллашы, дала өмірінің әр саласын алып, алуан-алуан
типтік характер жасаған көркем сөздің үлкен шебері» деген
болатын. Қоғамның көкейкесті мәселелерін қозғаған Мұхтар
Әуезов шығармалары мәңгілік ұрпақ жадында қала бермек.
Үйге тапсырма: Мұхтар Әуезовтің «Қыр әңгімелері»,
«Оқыған азамат» әңгімелерін оқу. «Заман және біз» деген
тақырыпта ойтолғау жазып келу.
Оқушыларды бағалау.
Әсем ҚЫЗЫРОВА,
Сләмия Саттаров атындағы
№57 мектеп-лицейдің
мұғалімі.
Қарағанды қаласы.
«АҚЫН ҚОНАҚТАР»
(5-сынып)
Білім берудің жаңа парадигмасы мектептегі сабақ
барысын, оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы
қарым-қатынасты мүлдем өзгеше құруға әкелді. «Мұғалім
– ұсынушы, оқушы – қабылдаушы» қағидасы өзгерді.
Қазіргі мұғалім – бағыттаушы, көрсетуші, жетелеуші.
Ал оқушы – өздігінен ізденетін, алған білімін өмірінде
қолдана білетін тұлға. Мұндай нәтижеге жеткізудегі басты
құрал – жаңашыл педтехнологиялар. Соның бірі – жобалау
Достарыңызбен бөлісу: |