Марапаттау


Өткізілген ғылыми конференциялар мен іс-шаралар



жүктеу 0,88 Mb.
бет3/5
Дата16.04.2020
өлшемі0,88 Mb.
#29830
1   2   3   4   5

4. Өткізілген ғылыми конференциялар мен іс-шаралар

2011 жылы университет қабырғасында өтетін дәстүрлі конференциялармен қатар онлайн конференциясының өтуімен және университетіміздің оны ұйымдастырушылар қатарында болуымен ерекшеленді. Жыл бойы университетте 4 халықаралық, 4 республикалық, 2 аймақтық, 1 облыстық конференция өтті. Олардың ішінде жоспардан тыс, жергілікті әкімшілік пен түрлі ұйымдар тарапының ұсынысымен оздырылған 2 халықаралық, 1 аймақтық, 1 облыстық конференция өтті.

Алдыңғы жылдармен салыстырғанда, орташа есеппен 8-9 конференция ұйымдастырылып отыр. Төменде 2011 жылы өткізілген конференциялар келтірілген.







Атауы

Дәрежесі

Өту мерзімі



Ғабдолла Тоқай поэзиясындағы философия мен исламдық ренессанс тақырыбындағы еуразиялық шарықтауды қалыптастыру мәселелері

халықаралық

16-17 мамыр



Қазақстандағы демографиялық ахуал: жағдайы және келешегі

халықаралық

28-29 қыркүйек



Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық: тәжірибе және даму мүмкіндіктері

халықаралық

4 қараша



Қазақ мемлекеттілігі: жарқын бетбұрыс, жойқын ұмтылыс (1991 – 2011 жж.)

халықаралық

2 желтоқсан



Қазіргі ономастикалық ахуал: тілдік, тарихи әлеуметтік және географиялық факторлар

республикалық

21 сәуір



Білім берудегі құзыреттілік және тұлғалық-бағдарлы тұрғылар: интеграциялау мәселелері

республикалық

30 сәуір



Батырлар институты: қалыптасуы, тарихы, мәні

республикалық

5-6 мамыр



Егеменді Қазақстанның ұлттық заңнамасының дамуы

республикалық

21 қазан



Иванов оқулары

аймақтық

27 қыркүйек



Қазақстанның инновациялық дамуындағы жастар ғылыми шығармашылығының рөлі

аймақтық

13 желтоқсан



175 лет со дня выхода «Капитанской дочки» А.С.Пушкина

облыстық

30 қараша

2011 жылдың 16-17 мамырында «Ғабдолла Тоқай поэзиясындағы философия мен исламдық ренессанс тақырыбындағы еуразиялық шарықтауды қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық онлайн конференция ұйымдастырылды. Оған Алматы, Казан және Уфаның танымал ғалымдары қатысты.

2011 жылы 28-29 қыркүйегінде «Қазақстандағы демографиялық ахуал: жағдайы және келешегі» атты халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция жұмысына қазақстандық және шетел ғалымдары қатысты. Шетелден келген қонақтар: профессор Карлов университетінен (Прага қ. Чехия) Кучера Томаш, РХДУ (Мәскеу қ. Ресей) г.ғ.д., профессор И.А. Родионова, Мәскеу мемлекеттік университетінің (Мәскеу қ. Ресей) г.ғ.к., доценті А.Г. Махрова, Оренбург мемлекеттік университетінің (Оренбург қ., Ресей), г.ғ.к., доценті Е.А. Семенов, Карлов университетінен (Прага қ. Чехия) докторант Толеш Фариза.

Үлкен даярлықпен өткізілген «Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарындағы академиялық ұтқырлық: тәжірибе және даму мүмкіндіктері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысқан шетелдік ғалымдар Майнц қаласындағы (Германия) Гуттенберг атындағы университетінен ф.ғ.д. Карл Кайнер, Бонн қаласындағы (Германия) Бонн университетінен ф.ғ.д. Бернхард Динсберг, София университетінен (София қаласы, Болгария) ф.ғ.д. И.И. Камбуров, Ресей Халықтар Достастығы университетінің (Мәскеу қ, Ресей) полилингвизм және аударма ғылыми орталығының директоры ф.ғ.д., профессор Ұ.М. Бақтыгереева, Оңтүстік федералды университетінен (Ростов-на-Дону қ, Ресей) халықаралық қызмет және аймақтық саясат жөніндегі проректор С.А. Дюжиков, Иванов мемлекеттік университетінен (Иванов қ., Ресей) п.ғ.к., доцент А.С. Турчин және республикадан бірнеше ғалымдар мен ізденушілер келді.

2011 жылдың 2-желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақ мемлекеттілігі: жарқын бетбұрыс, жойқын ұмтылыс (1991 – 2011 жж.) атты Халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференция болып өтті. Конференция жұмысына Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Хангелді Махмудұлы Әбжанов және осы институт қызметкерлері, тарих ғылымдарының докторы, Ресей мемлекеттік туризм және сервис университетінің профессоры Дина Ахметжановна Аманжолова, Түркия елінен тарих ғылымдарының докторы, Мимар Синан көркем өнер университетінің профессоры Әбдіуақап Қара, Қазақстан, Ресей, Украина мен Өзбекстанның жетекші жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысты.

2011 жылдың 21-сәуірінде «Қазіргі ономастикалық ахуал: тілдік, тарихи әлеуметтік және географиялық факторлар» тақырыбында Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция оздырылды.

2011 жыл 30-сәуірде педагогика ғылымдарының докторы, профессор Әлия Мұханбетжанованың 60 жас мерейтойына арналған «Білім берудегі құзыреттілік және тұлғалық-бағдарлы тұрғылар: интеграциялау мәселелері» республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

2011 жылдың 5-6 мамыр аралығында Халық батыры Исатай Тайманұлының 220 жылдығына арналған «Батырлар институты: қалыптасуы, тарихы, мәні» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды.

21 қазан 2011 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетімен бірге құқықтық пәндер кафедрасы «Егеменді Қазақстанның ұлттық заңнамасының дамуы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді.

2011 жылдың 27 қыркүйек күні жаратылыстану-математикалық факультетінде биология және экология кафедрасының ұйымдастыруымен «Иванов оқулары» атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

2011 жылы 13 желтоқсанда «Қазақстанның инновациялық дамуындағы жастар ғылыми шығармашылығының рөлі» атты аймақтық студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы оздырылды.

2011 жылдың 19-25 сәуір Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Жастар және ғылым» атты 69-ші студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясы болып өтті. 2011 жылдың қараша айында Жалпы тіл білімі және аударма кафедрасы «175 лет со дня выхода «Капитанской дочки» А.С.Пушкина» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өткізілді. Конференцияға Орал қаласы ЖОО оқытушылары, мектеп мұғалімдері және магистранттар мен студенттер қатысты. 2011 жылдың 14 желтоқсанында осы кафедраның ұйымдастыруымен өлкетанушы-ғалым Н.М.Щербановтың шығармашылығына арналған дәстүрлі «Малеча» оқулары өткізілді. 2011 жылдың 7 желтоқсанында «Менеджмент және кәсіпкерлік» кафедрасының ұйымдастыруымен «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты студенттік ғылыми конференция өтті.

5. Университетте ғылыми бағытта өткен семинарлар мен дөңгелек үстелдер

2011 жылдың 16-маусымында «Азаматтардың құқықтық санасын қалыптастырудағы заң клиникасының рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді. Ұйымдастырушылар: «БҚО Жас ғалымдар Кеңесі» - С.М.Гиззатов, БҚМУ Заң клиникасы – Власова Н.А., Ауелбаев З.Б.

2011 жылдың қазан айының 6-сы күні п.ғ.к Г.А.Ерғалиева Республикалық «Бөбек» қоры орталығының қызметкерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырып, өзін-өзі тану пәні оқытушыларына арналған облыстық семинар жүргізді.

2011 жылдың 14 қазанында БҚМУ-да АҚШ Энергетика министрлігінің Биологиялық және экологиялық зерттеу бағдарламасының маманы, Калифорния университетінің Лоуренс Беркли атындағы Ұлттық лабораториясының докторы Терри Клайд Хейзен мен АҚШ-тың Орталық Азиядағы қоршаған ортаны қорғау бойынша аймақтық өкілі Брюс Хадспет дәрістерін оқыды. Терри Клайд Хейзен АҚШ ғылыми зерттеу лабораториясында жүргізілген жобалар аясында Мексика шығанағында болған апаттың қоршаған ортаға тигізген зардабы, осы экологиялық апаттың зардабын шешу мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілгенін баяндады.

2011 жылдың 2-3 желтоқсанында Гарольд Самьюэльстің бастамасымен 2 күндік семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингті Габриэль Шадиавичуте мен Давид Нортон жүргізді.

2011 жылы 5 желтоқсанда Ғылым күніне арналған «ХХІ ғасыр – білім және ғылым ғасыры» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты -Қазақстан Республикасында білім және ғылым салаларында жас ғалымдарға көрсетілетін қолдауды және университетіміздегі жастар ғылымын насихаттау.

2011 жылдың 3-желтоқсанында тарих және құқық факультетінде «Тәуелсіздік және ұлттық тарих: жасампаздық бастауы» атты тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының тарихындағы «Тәуелсіздік және ұлттық тарих» мәселесі бағытында мағлұматтар тоғыстырып, өзара ой-пікір алмасу және студенттердің отансүйгіштік сезімін оятуды мақсат етеді. Бұл шараға Жайсаң Ақбай - өлкетанушы, Сафуллин Ж.Н. – «Жайық – Пресс» ЖШС-ның бас директоры, Жоламанов Ә.Т. – Батыс Қазақстан облыстық тарихи - өлкетану мұражайының директоры, Шахин А. – Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметінің бас маманы, Исмагулов М.М. – Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының әдіскері, Хайдаров Е.Е. – т.ғ.к., Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық– техникалық университетінің доценті, Қазбек Құттымұратұлы – журналист, Балмолда М.М. – Батыс Қазақстан облыстық «Қазақстан – Орал» телеарнасының редакторы сынды қонақтарымыз шақырылып, пікір алмасты.
6. ПОҚ ғылыми басылымдары мен ғылыми іссапарлары

2010 жылдың желтоқсанынан бастап аудармашылар бюросы ашылды, онда импакт-факторы жоғары 6500 журналдың тізімі бар. 2011 жылы Б.Улановтың, Т.Дарбаеваның, Г.Қайсағалиеваның, Қ.Науанованың, Қ.Айтқалиеваның, Ә.Мұхамбетжанованың, С.Бахишевалардың мақалалары аударылып, жоғары импакт-факторлы журналдарға жолданды. Соның ішінде, п.ғ.д., профессор А.М.Мұхамеджанова мен п.ғ.к. А.С. Иргалиевпен бірігіп импакт-факторлы журналда 1 мақала жариялады. Басылымның импакт-фактор көрсеткіші деп – соңғы үш жылда осы журналға берілген сілтемелер санының осы аралықта басылып шыққан мақалалар санына қатынасымен анықталады. Басқаша айтқанда, осы журналдағы бір мақалаға берілетін сілтемелердің орташа санын көрсетеді. Осы көрсеткіші жоғары журналдарда жариялану оңай емес, онда мақалалар кейде екі-үш жылға дейін сараптамадан өтеді (Қазақстанда сілтемелікке тексерілетіні әл-Фараби атындағы ҚҰУ-дың Eurasian Chemico-Technological Journal және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың Еуразиялық математикалық журналы ғана. Қазақстандық ғалымдардың 1991-2008 жж. аралығындағы басылымдарын «Scopus» деректер қоймасы» компаниясының талдау мәліметтері бойынша орыс тіліндегі мақалаларға берілген сілтемелер саны - 144 (әр мақалаға орташа 0,3 рет сілтеме көрсетілген), ал ағылшын тіліндегі мақалаларға - 10125 рет (орташа 3 рет). Ал басқа тілдер (неміс, фр. т.б.) сілтемелер саны - 43. Яғни, ағылшын тілінде жарияланатын қазақстандық мақалалар жиірек қолданылады. Қазақстандықтардың жиі жарияланатын елдері Ресей, АҚШ, Нидерланд, Германия және Ұлыбритания). Бұған қоса БжҒМ басшылығымен университетіміз Thomsom Reuters (США) и Springer (Германия) мәліметтерін пайдалануға қол қойды. Ғылыми кітапхана қызметкерлері Тоты Алимбекерова, Самал Сулейменова және Гаухар Шариповалар қаңтар айының 30-нан 3-ақпанға дейін Web of Knowledge (Вэб оф ноуледж) платформасының веб-семинарына қатысты.

Оқу семинарында:

-Web of Science: осы облыстағы ең қызықты мақалаларды іздеу, іздеу нәтижелерін тіркеу, есеп берулер.

-Web of Science и Researcher ID: Web of Science іздеу, дербес профил ашылымы, WOS с RID байланыс.



-Web of Science и EndNote Web: WOS с EndNote Web бағдарламасымен байланысып, жеке кітапхана мен библиографиялық тізімдерді құру.

-Web of Knowledge платформасы: жаңалық мен біліктілікті арттыру; әртүрлі базаларды іздеу (WOS, Medline, DII), іздеу қорытындыларын экспорттау және жазу.

- Journal Citation Reports : өзінің меншікті стратегиясын импакт-фактор журналында жариялау, Journal Citation Reports мәліметтер базасында қалай экспорттау және Импакт-фактормен қалай дұрыс қолдану керектігі.

- EndNoteWeb: интерактивті мәліметтер базасыннан бүкіл әлемнің кітапханалық каталогын құру, жинау және сақтау туралы.

Соңғы жылдардағы университетіміздің ПОҚ-тың жариялаған мақалалары:


Кафедралар

ҚР жарияланған мақалалар

ЖАК басылымдарында жарияланған мақалалар

Шетелде жарияланған мақалалар




2009

2010

2011

2009

2010

2011

2009

2010

2011

Педагогика және психология

42

49

10

17

9

8

9

9

2

ДТТмен Ә

25

28

25

10

9

13

7

8

1

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

24

23

21

10

6

3

3

1

6

Дене тәрбиесі

15

15

22

-

-

9

-

-

-

Педагогика факультеті

91

100

78

37

24

33

19

18

9

География кафедрасы

5

2

22

7

11

1

1

-

10

Химия кафедрасы

14

13

9

3

8

0

2

6

5

Биология және экология кафедрасы

31

36

47

10

8

11

3

9

5

Физика және математика кафедрасы

32

17

11

10

5

4

3

3

5

Информатика кафедрасы

17

8

1

Жаратылыстану-математикалық факультеті

50

51

106

19

25

24

6

15

26

Қазақ филологиясы

43

55

54

11

18

7

1

5

-

Жалпы тіл білімі және аударма

5

7

8

5

5

6

7

5

-

Шет тілін оқытудың теориясы мен практикасы

10

11

7

7

5

6

1

2

1

Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы

18

18

37

2

-

1

6

1

6

Филология факультеті

76

91

106

25

28

20

15

13

7

ҚР тарихы

36

32

14

10

12

6

8

12

6

Құқықтық пәндер

12

12

15

3

7

10

1

2

1

Дүниежүзілік тарих және ӘСП

3

11

26

1

6

7

3

1

-

Тарих және құқық факультеті

51

55

55

14

25

23

12

15

7

Менеджмент және кәсіпкерлік

11

10

11

-

2

3

1

-

-

Есеп және қаржы

11

13

11

2

1

1

4

3

5

Экономикалық теория и бизнес

15

18

14

3

4

6

2

1

5

Экономика және басқару факультеті

37

41

36

5

7

10

7

4

10

Музыкалық білім

10

17

-

2

1

1

2

-

-

Вокал және аспаптық өнер

11

7

12

2

2

7

2

3

-

Театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану

13

4

17

2

2

8

1

1

1

Көркем-қолданбалы өнер және кәсіптік білім

11

18

8

4

4

8

2

3

2

Мәдениет және өнер

факультеті

45

45

37

10

9

24

7

7

3

Университет бойынша

350

403

418

110

118

134

66

72

62

Кестеден байқағанымыздай, 2011 жылы - 614 мақала, соның ішінде 62 шетелде, комитет тізіміндегі журналдарда - 134 мақалалар жарық көрген. Яғни, алдыңғы жылдармен салыстырғанда, өсу байқалады (басым бөлігі Мәскеу, Санкт-Петербург, Саратов, Смоленск, Орынбор, Самара қалалары). Алыс шетелде б.ғ.к. Л.Н. Завадскаяның Прага қаласында (Чехия) және ф-м.ғ.к. А.Е. Кузьмичева, Н.В. Мымринаның Варшава қаласында (Польша) мақалалары жарияланды.

Республикалық басылым

ЖАК басылымдарында жарияланған мақалалар

Шетелде жарияланған мақалалар










жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау