Марапаттау


-кесте. 2011 жылғы ғылыми кадрларды даярлау нәтижелілігі



жүктеу 0,88 Mb.
бет2/5
Дата16.04.2020
өлшемі0,88 Mb.
#29830
1   2   3   4   5

8-кесте. 2011 жылғы ғылыми кадрларды даярлау нәтижелілігі



Көрсеткіш

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

1

Қорғалған докторлық диссертациялар

3

4

-

2

Қорғалған кандидаттық диссертациялар

8

12

2

3

Профессор ғылыми атағын иелену

1

-

1

4

Доцент ғылыми атағын иелену

4

3

5


Кафедралар бойынша ғылыми әлеует деңгейі

Жыл

Кафедра

2009-2010 о.ж.

2010-2011 о.ж.

2011-2012 о.ж.

ҚР тарихы

56,3%

64,3%

80%

Дүниежүзілік тарих және ӘСП

48,6%

60%

62%

Құқықтық пәндер

43,5%

45,3%

45,8%

География

41,7%

41,7%

45,4%

Химия

54,5%

58,3%

58,3%

Биология және экология

55%

64,7%

57,1%

Физика және математика

45%

47,8%

60%

Информатика

5,1%

Педагогика және психология

29,2%

30%

45,8%

ДТТ мен Ә

36,8%

38,5%

46,7%

Жалпы педагогика, психология және өзін-өзі тану

12%

13,3%

20%

Дене тәрбиесі

12%

12,5%

8,3%

Қазақ филологиясы

58,8 %

60 %

60%

Жалпы тіл білімі және аударма

52,6%

53,8%

45,5%

Шет тілін оқытудың теориясы мен практикасы

28,5%

25%

25%

Тілдерді оқып-үйренудің практикалық курсы

31%

31,6%

33,3%

Театрлық-хореографиялық өнер және кітапханатану

9,5%

7,7%

20%

Музыкалық білім

11%

15%

33,3%

Көркем – қолданбалы өнер және кәсіби білім

17%

17,2%

13,8%

Вокал және аспаптық өнер

11%

14,3%

27,2%

Экономикалық теория және бизнес

42%

45,5%

60%

Менеджмент және кәсіпкерлік

38%

42,1%

38,5%

Есеп және қаржы

41%

41,2%

44,4%

Барлығы

32,1%

38,1%

40,6%


Факультеттер жағдайын салыстыратын болсақ:

Факультет

2009 ж.

2010 ж.

2011 ж.

Тарих және құқық

49,4%

56,8%

62,6%

Жаратылыстану-математика

49,1%

54,8%

45,2%

Педагогика

22,8%

25%

30,2%

Филология

37%

43,6%

40,9%

Экономика және басқару

40%

42,5%

47,6%

Мәдениет және өнер

14%

14,5%

23,6%

Барлығы

32,1%

38,1%

40,6%




2-диаграмма. 2011-2012 оқу жылына университеттің ғылыми әлеуетінің деңгейі.

2011-2012 оқу жылында университеттің ғылыми әлеуеті 40,6% құрады. Яғни, 2010-2011 оқу жылымен салыстыратын болсақ, университеттің ғылыми әлеуеті 2,5% артты. Университетте 21 ғылым докторы және 137 ғылым кандидаты жұмыс жасайды. Штаттық оқытушылар саны - 365.

Университетте оқу орнымыздың құрметті профессоры атағын беру дәстүрге айналған. Бірақ 2011 жылы бұл атақ ешкімге берілген жоқ. Бүгінде бұл атақты 18 адам иеленді. Олардың тізімі төмендегідей:

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың құрметті профессорлары:


  1. Қадір Мырза Әлі

  2. Иманғали Тасмағамбетов

  3. Әлібек Дінішев

  4. Талғат Мұсабаев

  5. Тұяқберді Шамелов

  6. А.Амонашвили

  7. Әбсаттар қажы Бағызбайұлы Дербісәлі

  8. Бисенғалиев Марат

  9. Крис Крейкер

  10. Доктор Карл Е.Кайнер

  11. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мүсіреп Еркебұлан Саламатұлы

  12. Бақтыгереева Ақұштап Бақтыгерейқызы

  13. Жолдасбеков Мырзатай

  14. КСРО халық артисі Қажығалиев Шамғон Сағаддинұлы

  15. Сатубалдин Сағындық Сатубалдыұлы

  16. Ізмұханбетов Бақтықожа Салахатдинұлы

  17. Оңғарсынова Фариза Оңғарсынқызы

  18. Кекілбаев Әбіш Кекілбайұлы.

Университет 24 магистратура мамандығы бойынша лицензияға ие. Бүгінгі таңда БҚМУ магистратурасында 120 магистрант білім алады. Оның ішінде 1 курста – 89, 2 курста – 31 магистрант. Мемлекеттік тапсырыста – 97, ақылы негізде – 23 магистрант оқиды.

2011-2012 оқу жылына 6М011100 Информатика, 6М010700 Бейнелеу өнері және сызу, 6М012000 Кәсіптік оқыту мамандықтары бойынша құжаттар дайындалды.


2. Байқаулар, конкурстар

Ғылыми зерттеулер және ізденістер нәтижесі профессор-оқытушыларымыздың түрлі байқауларға қатысуынан да байқалады. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы-2011» байқауына Т.Рысбеков, Л.Мерғалиева, Б.Альмуханов үміткерлікке ұсынылып, Л.Мерғалиева – үздік оқытушы атанды. ҚР Тұңғыш Президенті қорының байқауына С.Гиззатов, З.Ауелбаев, Н.Власова қатысып, 500 мың теңге көлеміндегі грантты ұтып алды. Сондай-ақ С.Гиззатов облыстық «Жыл үздігі-2011» байқауында «Жас ғалым» номинациясының І орын иегері атанды.



Келесі кестеде соңғы үш жылдағы салыстырмалы көрсеткіштер келтірілген:



Байқау атауы

2009

2010

2011

1

«ЖОО-ның үздік оқытушысы» байқауы

3 (Нагимова М., Ержанова Ұ., Есетова С.) үміткерден /0

2 (Т.Дарбаева, Ә.Мұхамбетжанова) үміткерден/ 1 Ә.Мұхамбетжанова

3 (Т.Рысбеков,

Б..Альмуханов, Л.Мерғалиева)/1 Л.Мерғалиева



2

Мемлекеттік шәкіртақы иегерлері

жарияланбады

Л.Мерғалиева

Р.Сұлтанғалиева

2 жылға


жарияланбады

3

ҚР тұңғыш Президенті қорындағы байқаулар

Үздік Жас ғалымдар кеңесі - І орын

750 мың теңге



әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі –Д.Габдуллаев, М.Мухамбетов, Н.Жүсіпқали – грант 400 мың теңге

әлеуметтік жобалар жәрмеңкесі – С.Гиззатов, З.Ауелбаев, Н.Власова – грант 500 мың теңге

4

Облыстық деңгейде жыл қорытындылау шарасы

«Жас ғалым» номинациясы –

Л. Мерғалиева


«Жас ғалым» номинациясы - Р.Сұлтанғалиева - І орын


«Жас ғалым» номинациясы –

С.Гиззатов – І орын

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитеті жариялаған 2011 жылы ғылым саласындағы атаулы сыйлықтар конкурсына М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдарының еңбектері конкурстың келесі кезеңіне сәтті өтті. Гуманитарлық ғылымдар бойынша үздiк ғылыми зерттеулер үшiн Ш.Уәлиханов атындағы сыйлыққа Ә.Тасмағамбетовтың «История конфессии Казахстана в конце XVIII – начала XX вв. (по материалам ислама и православия)» атты, гуманитарлық ғылымдар саласындағы үздiк жұмыстары үшiн жас ғалымдарға арналған М.Әуезов атындағы сыйлыққа Л.Мергалиеваның «Государственная собственность в условиях глобализации экономики на материалах Республики Казахстан» атты монографиясы ұсынылды. Аталған жұмыстар алғашқы сатылардан сәтті өтіп, соңғы мемлекеттік комиссияға жеткізілді. Мұның өзі – университет ғалымдарының табысты жұмыстарының нәтижесі.

Сондай-ақ, биыл шілде-тамыз айларында ҚР Білім және ғылым министрлігі жариялаған «Болашақ» бағдарламасы бойынша конкурсқа университетіміздің оқытушылары М. Сабыр мен Б. Әлжанова қатысып, грантқа ие болды. Қазіргі таңда осы бағдарлама шеңберінде екі оқытушымыз Түркия, Ресей елдерінде ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

12 қазанда Т.Дарбаева, М.Фартушина, Г.Қайсағалиева, С.Кажиахметов, М.Мамышева, В.Куницын, Ж.Уалиахметова Астрахан мемлекеттік университеті ғалымдарымен бірлесіп (Астрахань қ. Ресей Федерациясы), ізденіс ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау үшін мемлекеттік келісім-шарт жасауға мүмкіндік беретін конкурсқа қатысты. Астрахан мемлекеттік университеті мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ ғалымдары «Разработка методов биоремедиации загрязненных территорий» атты тақырыппен аталған конкурсқа қатысуға бірлесіп өтініш білдірді. Комиссия отырысының шешімі бойынша бірлескен жоба конкурстық іріктеуден өте алмады.

24-30 мамырда Орынбор қаласында «Орынбор-Ресей» дизайнының 2011 жылы «Бүкілресейлік фестивалі» щеңберінде «Өзгермелі дизайнның бет-бейнелері» атты дизайн көрме-конкурсы болып өтті. Атаулы конкурсқа оқытушылар Б.Г. Даулетова, Ж.Г. Насырова, Р.С. Бақытова, Ю.В. Пак «Көркем тоқыма» және «Дизайн» номинациялары бойынша белсене қатысып, дипломдармен марапатталды.

23 қыркүйекте облыстық қазақ драма театрында «Жазира – Жайық-2011» атты халықаралық көрме–конкурс ұйымдастырылып, оған өздерінің сызбалық, кескіндемелік, көркемдік металл өңдеу шығармашылық жұмыстары бойынша оқытушылар К.Мәдіров, Т.Сарманбеков, М.Отаров, А.Әбдешов қатысты. «Көрермендік сүйкімді жүлдесі» номинациясына Т.Сарманбеков, А.Әбдешов ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жас оқытушы М.Отаров конкурс лауреаты атанып, үздік кескіндемелік жұмысы үшін жүлделі ІІІ орынға ие болды.

24 қарашада ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Алтын күз-2011» қалалық көрме-конкурсқа Р.Бақытова, А.Беккалиева өздерінің кескіндемелік, сәндік қолданбалы өнер шығармашылық жұмыстарымен қатысты.

Қараша айының 18-і мен 25-і күндері аралығында Алматы қаласындағы Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік мұражайда, Астанадағы президенттік мәдени орталығында ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналып өткізілген Қазақстан сәулетшілерінің ІІ Республикалық көрме конкурсына оқытушы Т.Сарманбеков қатысты.

Мәскеу қаласында өткен «Романтизм: истоки и горизонты» атты халықаралық байқауға аға оқытушы М.Попов қатысып, жүлделі 2 орынды иеленді.



3. Ғылыми орталықтардың жұмысы

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да 2011 жылы бес ғылыми орталық және Экология және биогеохимия сынақ зертханасы жұмыс жасады.

Экология және табиғатты пайдалану мәселелелері орталығы ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жалғастырып отыр. 2011 жылдың қаңтар айында орталықта «Батыс Қазақстан облысының мұнай-газ кен орындарындағы фаунасына ұзақ мерзімді экологиялық мониторинг жүргізу әдіснамасын ұсыну» жобасын жүзеге асырудың жоспары құрылып, оған бөлінген 3 млн. теңге көлеміндегі жұмыстар атқарылды. Негізгі зерттеу жұмыстары Батыс Қазақстан облысының мұнай-газ кен орындарындағы фаунасының қазіргі жағдайын зерттеуге арналды.

Орталықта жасалған негізгі жұмыстар:



  • жануарлар фаунасын герпетологиялық, орнитологиялық, териологиялық зерттеу жүргізілді;

  • Қарашығанақ газ-кен орнының климаттық географиялық қазіргі жағдайы зерттелді;

  • кен орны маңындағы омыртқасыздар мен омыртқалы жануарлардың тіршілік ету формасы мен ерекшеліктері жүйеленді;

  • мезафаунаның динамикалық көрсеткіші анықталды;

  • Батыс Қазақстан облысының мұнай-газ кен орындарындағы фаунасы бойынша сирек кездесетін мониторингісін және индикаторлық түрлерінің тізімі жасалды;

  • биологиялық жүйенің жеке элементтерінің өмір сүру қабілеті мен қазіргі антропогендік әсерлерге бейімделу формасы зерттелді;

  • ұзақ мерзімге арналған мониторинг фаунасының экологиялық әдіснамасы жасалып, ұсынылды;

  • тұрақты табиғи жүйеде тіршілік ететін түрлердің құрамын анықтау, оны сақтау жолдары көрсетілді;

  • сирек кездесетін түрлердің мекен ететін жерлері анықталып, Батыс Қазақстан облысының мұнай-газ кен орындарындағы сирек кездесетін жануарлар түрлерінің картасы жасалды;

  • жануарлар биотоптары құрылып, олардың ішінде экологиялық жағдайға орай жойылып кетуге айналған түрлері анықталды.

Б.ғ.к., доцент Ж.М.Қарағойшиннің жетекшілігімен басталған бұл жұмысты орталық директоры б.ғ.к., доцент А.С.Ерғалиев жалғастырып отыр.

Орталықта б.ғ.д., профессор Т. Дарбаеваның жетекшілігімен «Проведение научно-исследовательских работ по определению состояния дубрав» атты ғылыми-зерттеу жобасы орындалды (2,9 млн. тенге).

Биология және экология кафедрасының ғалымдары және Ресей ғалымдары (Орынбор, Санкт-Петербург) бірлескен түрде іске асыратын «Изучение изменений природы, населения и хозяйства приграничных районов Республики Казахстан и Российской Федерации за период ХVIII – XXI вв. по материалам П.С. Палласа и современных полевых исследований» атты іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу бағытында ғылыми-зерттеу консорциумының базасы ретінде Экология және табиғатты пайдалану орталығы бекітілді.

Орталықта Алматы қаласындағы жетекші ғылыми зерттеу институттарымен тығыз байланыс орнатылған. Орталықтағы зерттеулерге жетекші ұйым - РМК «Микробиология және вирусология» институты, осы институт басшылығымен зерттеулердің қорытындылары мен негізгі қағидалары бірлесе отырып орындалды.

Университет ғалымдары Батыс Қазақстан облысының өсімдіктер және жануарлар дүниесін зерттеу жұмыстарын 2005 жылдан бастап жүргізіп келеді. Осы бағытта бірнеше ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып, зерттеу жұмыстарының есептері Батыс Қазақстан облыстық Табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу департаментіне тапсырылды. Осы есептер негізінде 2011 жылы професссор Т.Е.Дарбаеваның қазақ және орыс тілдерінде «Батыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі» атты каталогі жарық көреді. Қазіргі уақытта каталогтың жобасы Алматы қаласына баспаға (500 дана) тапсырылды. Орталықта табиғатты пайдалану мәселесі бойынша жобалар жасалып, арнайы зерттеулер жүргізу үшін жоспар дайындалуда.

Жаратылыстану-математикалық факультетінің кафедраларындағы зерттеу жұмыстарының бағыттары осы орталық жұмысымен сабақтасып жатыр.

Аймақтық экономикалық мәселелер орталығы э.ғ.д., доцент Л.И. Мергалиеваның жетекшілігімен «Экономикалық теория және бизнес» кафедрасының жанынан құрылды. 2011 жылы орталықтың ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыттары: Қазақстан экономикасын индустриалдық-инновациялық дамыту, аймақтық экономиканы дамытудың есептік-қаржылық факторлары, аймақты тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың механизмі және дамудың басым бағыттарын белгілеу.

Зерттеу нәтижелері бойынша Алматы, Саратов, Самара, Ақтөбе, Орал қалаларында өткен халықаралық және аймақтық конференцияларда баяндама оқылды. Орталық директоры Л.И. Мергалиева Ресей ғалымдарымен бірлесіп «Проблемы обеспечения конкурентоспособности социально-экономических систем» атты ұжымдық монография шығарды. Осы бағыттағы жұмыстың нәтижесі Мәскеу қаласында Халықаралық ғылыми зерттеулер журналында (№1-2, қаңтар-маусым, 2011 ж.) ағылшын тілінде Regional aspects of social corporation development in Kazakhstan // International Science Research (Vol. 2 Nom. 1) ғылыми мақаласы шықты. Ғылыми зерттеулер материалдары оқу процесінде, оқу-әдістемелік құралдарды дайындауда көп көмегін тигізіп келеді. Орталықта 25 оқытушы, оның ішінде 1 ғылым докторы, 23 ғылым кандидаты ғылыми жұмыстарын жүргізіп отыр. Нәтижелері оқулық, элективті курстар, оқу-әдістемелік құралдар, монографиялар, мақалалар түрінде көрініс тапты.

Тілдерді дамыту орталығы (жетекшісі ф.ғ.к. А.Ы.Мамыров) филология саласында ғылыми-практикалық зерттеулер және профессор-оқытушылар құрамы мен студенттерге, орта білім беру мекемелері қызметкерлеріне және тілді үйренуге тілек білдіруші жеке және заңды тұлғаларға қосымша білім беруді жүзеге асырады. Орталық өз жұмысында Қазақстан Республикасының 2010-2020 жылдарға арналған тілдерді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру талаптарын басшылыққа алады.

Қыркүйек айында «Тілдерді оқып үйренудің практикалық курсы» кафедрасының доценті О.В. Опряның ұйымдастыруымен қазақ, орыс, ағылшын, неміс тілдерінде «Күз көріністері» атты жыр кеші өтті. Кештің мақсаты - мемлекеттік тілмен қатар әлемдік өркениетте танылған тілдерді университетте дамыту. Қаңтар айында орталық жетекшісі А.Ы. Мамыровтың басшылығымен академик Қажым Жұмалиевтің еңбектері жинақталып, олар жеті томға біріктіріліп шығарылды. Жеті томдықты «Ақжайық қаламгерлері» сериясымен облыстық бюджеттен 7 миллион теңгеден астам қаражатқа шығаруға облыс әкімі Б.С.Ізмұхамбетов қолдау көрсетті. Оқу процесіне жеті томдықтың әрбір томынан жүз данасы университет кітапханасына тегін алынды.

Сәуір айында «Қазақ филологиясы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі ономастикалық ахуал: тілдік, тарихи, әлеуметтік және географиялық факторлар» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Ресей Халықтар Достастығы университетінің ғалымдары ф.ғ.д., профессор В.П. Синячкин мен ф.ғ.д., профессор Ұ.М. Бахтикиреева шақырылып, Қазақ филологиясы, Шет тілдерді оқытудың теориясы мен практикасы, Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедраларында студенттерге дәріс оқыды және «Тілдің үш тұғырлығы» атты ғылыми-практикалық семинар өткізілді.

Т.ғ.д., профессор Х.С. Мұханбетқалиевтің жетекшілігіндегі «Мәдени мұра» ғылыми орталығы Батыс Қазақстан аймағының мәдени мұрасын қолданудың тиімділігі мен сақталуын қамтамасыз етеді. Орталықта профессор Т.З. Рысбековтың ғылыми мектебінің ізденістері жүргізіліп отыр.

Орталық 2011 жылдың мамыр айында Исатай Таймановтың 220-жылдығына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіп, конференция жинағын шығарды. 2011 жылы профессор Ә.Қ. Мұқтардың жетекшілігімен (ғалымдар М.Б.Сабыр, Ж.А. Ерназаров, Ұ.Т. Ахметова) «18-19 ғасырлардағы қазақ қоғамындағы өзгерістер және тарихи тұлғалар» тақырыбында зерттеу жұмыстары жүргізіліп, магистрлік диссертациялар дайындалуда.

Орталық ғалымдары монография, ғылыми мақала дайындау бойынша бірқатар жұмыстар атқарды.

2011 жылы Педагогика және психология кафедрасы жанынан құрылған Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аймақтық ресурстық орталығы п.ғ.д., профессор Ә.М.Мұханбетжанованың жетекшілігімен жұмыс жасады. Орталықта докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертацияларды орындаумен қатар облыстық, қалалық білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне арналған білімді жетілдіру және қосымша білім беру курстарын жүргізді. Олар:


  1. «Әлеуметтік педагог» курсы, жалпы білім беру орындары мен коррекция класстарындағы әлеуметтік педагогтар үшін;

  2. «Жоғары мектеп педагогикасы» курсы, жас оқытушылардың педагогикалық білімін жетілдіру үшін;

  3. «Тұлғалық өсу тренингі» семинар-тренингі, студенттер мен магистранттар үшін;

  4. «Тәрбиеші педагог» курсы, «Балапан» бағдарламасының шеңберінде мектепте дейінгі мекемелер, балабақша және т.б. тәрбиешілері үшін.

Ресурстық орталық Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті, Білімді дамытудың Федералдық институтының Приволжье филиалы (Самара қ.), Продуктивті білім беру лабороториясымен (Самара қ.) тығыз жұмыс жасады. Бүгінгі таңда бұл орталық «Өзін-өзі тану» психологиялық-педагогикалық орталығына өзгертіліп, жаңа жоспармен жұмыс жасауға дайындық үстінде.

Экология және биогеохимия сынақ зертханасы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады (меңгерушісі, х.ғ.к. Г.Ж. Сдикова). Зертхана Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеу жүйесінде 2006 ж. 29 желтоқсанында тіркелді. Зертхана Ұлттық Аккредиттеу Орталығының 2011 жылдың 12 сәуіріндегі №11-324 бұйрығының негізінде аккредиттеуден қайта өтті. Қайта аккредиттеуден өту нәтижесінде алынған аккредиттеу аттестатты 2016 ж. мерзімге дейін алды (№ KZ.И. 09.1186).

Зертхана базасында жаратылыстану-математикалық факультеті магистранттарының «Биология», «Экология», «Химия» мамандықтары бойынша магистрлік диссертациялары орындалды.
Кесте - Қорғалған магистрлік диссертациялардың тізімі


Магистранттың

аты-жөні

Магистрлік диссертация тақырыбы

Ғылыми жетекшісі

Кенесарина К.Х.

Батыс Қазақстан облысы аумағындағы дала және орман қауымдастықтарының экологиялық жағдайын далалық зерттеу әдістері, 2010

Б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

Беккалиев Б.У.

Мұнай негіздері бұрғылау ерітінділерінің карбонатты қалдықтарын өңдеу әдістері, 2011

Х.ғ.д., проф. Мендалиева Д.К.

Кажиахметов С.А.

Қарашығанақ мұнай-газ конденсатты кен орнының табиғи және техногенді ластанған топырақтарының биогеохимиялық жағдайын экологиялық бағалау, 2010

Б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

Утеулиева Д.

Влияние техногенного пресса на биоло-гическую активность почвы, 2010

Б.ғ.к., БҚМУ доц. Қайсагалиева Г.С.

Меңдіғалиева А.

Сырым ауданы территориясындағы Тамды өзенінің далалық псаммофитті қауым-дастықтарының ерекшеліктері, 2010

Б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

Чукалина О.Н.

Современное состояние типчаково-ковыльных степей в зоне влияния Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения, 2011

Б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

Мулдашев Б.Е.

Сохранение и восстановление почвенного плодородия природных экосистем (ПЭ) и природно-технических геосистем (ПТГ) Карачаганакского нефтегазоконденсатного месторождения, 2011

Б.ғ.к., проф. Фартушина М.М.

Биогеохимия сынақ зертханасында профессорлар Д.К.Меңдалиева, Т.Е.Дарбаева, доценттер Н.К.Череватова, А.Б.Ниязбекова, Р.И.Орлова, М.Г. Аманғосова, магистрант Г.Г. Капанова өз зерттеу жұмыстарын жүргізуде. Негізгі зерттеу бағыттары: сұйық және металл электродтардағы кинетикалық процестер, Солтүстік Каспий маңының табиғи ресурстары мен экология мәселелері, тағам химиясы, мұнай өнімдерінің химиялық құрамы және т.б.

2011 ж. сынақ зертхана базасында келісім-шарт негізінде келесі жұмыстар орындалды:


  1. «Проведение научно-исследовательской работы по определению состояния дубрав». ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі, Астана қаласы. Жетекші - б.ғ.д., проф. Дарбаева Т.Е.

  2. «Комплексное изучение состояния бассейна реки Урал Западного Казахстана». ЖШС «Атмосфералық ауаны қорғау» Республикалық ғылыми-зерттеу орталығы, Павлодар қаласы. Жетекші - б.ғ.к., доц. Қайсағалиева Г.С.

2011 жылдың қарашасында бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру үшін Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в. экологиялық орталық менеджері Рэй Гоган экология және биогеохимия сынақ зертханасында болды. Зертхана базасында х.ғ.д., профессор Д.К. Мендалиеваның жетекшілігімен «Разработка вариантов по дальнейшему использованию и переработке буровых отходов» бағытында 3 жылға ҚПО б.в.-мен келісім-шарт жасалды (№АР/Ү/11/2108). Осы жоба жүзеге асыру аясында профессор Мендалиева Д.К. Ресей және жақын шетел мемлекеттерімен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатты.

2012 ж. сынақ зертханасы халықаралық, республикалық ғылыми-зерттеу конкурстарына қатысып, нәтижесінде келісім-шарт жобаларын орындауды жоспарлап отыр.



жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау