Жоо-нан кейінгі білім беру мен мамандарды қайта даярлау институтының 2012-2013 оқу жылында атқарған жұмыс есебі



жүктеу 182,74 Kb.
Дата01.01.2018
өлшемі182,74 Kb.
#6639

ЖОО-нан кейінгі білім беру мен мамандарды қайта даярлау институтының

2012-2013 оқу жылында атқарған жұмыс есебі
Ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды дайындаудың жаңа формаларын ендіруді қамтамасыз ететін жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім жүйесін жетілдіру мақсатында ЖМУ-да 2012 жылдың 1 наурызынан бастап ЖОО-нан кейінгі білім беру мен мамандарды қайта даярлау бөлімі жұмыс жасайды.

Бөлімнің негізгі мақсаты магистранттар мен докторанттарды жоғары сапалы білімге қол жеткізуін, білім беру қызметінің әлемдік рыногінде бәсекеге қабілетті бола алатын мамандарды қамтамасыз ету үшін халықаралық және отандық стандарттардың талаптары мен Болон үрдісінің қағидаларына сәйкес келетін мамандар дайындауды жетілдіру болып табылады.

Оқу процесінің мазмұны, оқу сабақтары мен іс-тәжірибелердің барлық түрлерін жоспарлау оқу мерзімі барысында оқу жоспарының мынадай формаларында көрінеді: типтік оқу жоспары, магистранттың және PhD докторанттардың жеке оқу жоспары, жұмыс оқу жоспары. Типтік оқу жоспарлары мен элективті пәндер каталогы негізінде әрбір магистрант өзінің білім алу траекториясын қалыптастыра алады. Бұл магистранттың және PhD докторанттардың жеке жұмыс жоспарында көрініс табады.

Оқу процесін бір жыл ішінде ұйымдастыру академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.

Магистранттарға және PhD докторанттарға білім беру студенттердің білімі мен дағдысын бағалаудың баллдық-рейтинг жүйесі негізінде жүргізіледі. Бұл жүйе магистранттар мен PhD докторантураның бір жыл ішіндегі білімі мен жұмысын аралық бақылау нәтижелерін қорытынды бағалауға мүмкіндік береді.  Рейтинг жүйесі магистранттар мен PhD докторанттардың белсенділігін, шығармашылық қабілеттері мен мүмкіндіктерін есепке алуға мүмкіндік береді. 

Магистратура мен PhD докторантурада теориялық білім алудың қорытынды деңгейі – мемлекеттік кешенді емтихан тапсыру және диссертацияны қорғау болып табылады.



2012-2013 оқу жылында 161 бітіруші түлек, оның ішінде: ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша - 76 магистр, бейіндік бағыт бойынша – 85 магистр дипломын алды.
1 - кесте 2011-2012 оқу жылында магистр академиялық дәрежесін алатындар саны:


Мамандықтардың аты

Саны

ғылыми және педагогикалық

бейіндік

грант

ақылы

грант

ақылы

мем.




мем.




Педагогика және психология

28

5

11

12




Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

1

-

-

4




Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

1

-

-

6




Дефектология

2

-

-

4




Қазақ тілі мен әдебиеті

8

5

-

6




Құқықтану

23

3

5

10




Экономика

10

5

-

8




Қаржы

22

4

3

8




Есеп және аудит

6

-

-

4




Менеджмент

6

-

-

4




Мемлекеттік және жергілікті басқару

17

8

1

8




Математика

8

6

-

10




Информатика

18

10

-

10




Тарих

2

-

-

4




Дене шынықтыру және спорт

8

-

-

6




Музыкалық білім

1

-

-

4




Құқық және экономика негіздері










4




Кәсіптік оқыту (сала бойынша)










4





Барлығы:


161


46




20


116



Университеттің 2020 даму жоспарына сәйкес жыл сайын жаңа мамандықтар ашылуда. Қазіргі таңда магистратура бойынша 18 мамандыққа, ал PhD докторантура бойынша 4 мамандыққа білім беруді жүзеге асыру үшін ҚР БҒМ лицензиясы беріліп, өз қызметін атқаруда.


2 - кесте 2007-2013 оқу жылдары аралығында ашылған магистратура мамандықтарының тізімі


2007-2008

6М010300

Педагогика және психология

6М010900

Математика

6М011700

Қазақ тілі және әдебиет

2008-2009

6М050600

Экономика

2009-2010

6М011100

Информатика

6М030100

Құқықтану

2010-2011

6М050700

Менеджмент

6М051000

Мемлекеттік және жергілікті басқару

2011-2012

6М050800

Есеп және аудит

6М050900

Қаржы

2012-2013


6М010100

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

6М010200

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6М010500

Дефектология

6M010600

Музыкалық білім

6M010800

Дене шынықтыру және спорт

6M011400

Тарих

6М011500

Құқық және экономика негіздері

6M012000

Кәсіптік оқыту (сала бойынша)

3 - кесте 2007-2013 оқу жылдары аралығында ашылған PhD докторантура мамандықтарының тізімі




2009-2010

6D010300

Педагогика және психология

6D011700

Қазақ тілі және әдебиет

2010-2011

6D050600

Экономика

2012-2013

6D030100

Құқықтану

Магистратура мен PhD докторантурада білім кредиттік технология бойынша беріледі. Кредиттік технологияның басты мақсаты – магистранттар мен докторанттарға білім траекториясын еркін әрі өздігімен таңдау, оқу процесін үйлесімді жоспарлау, білім алушылардың өз бетімен білім алу және даму қабілеттерін қалыптастыру, заманауи инновациялық-педагогикалық және ақпараттық білім технологияларын игеру мүмкіндігін беру. Университеттің 15 кафедра бойынша 21 ғылым докторлары, 53 ғылым кандидаттары оқу үдерісін жүргізуді қамтамасыз етті. Бұдан басқа серіктестікті таңдау және тәжірибе алмасу аясында оқу процесін қамтамасыз ету үшін, алыс және жақын шет мемлекеттердің ЖОО-нан кәсіби біліктілігі жоғары, әдістемелік тәжірибелі оқытушылар шақырылып отырады. Өткен оқу жылында алыс және жақын шет мемлекеттердің ЖОО-нан шақырылған 2 профессор дәріс өткізді. ЖМУ-нің тәжірибе алмасу ретінде магистранттар мен докторанттар ғылыми жетекшілерімен және дәріс беруші профессорлық оқытушылар құрамымен бірге 3 елге барып білімдерін жетілдіріп келді.

Университетте болашақ магистрлар мен PhD докторанттарды дайындау ҚР МЖМБС мен сәйкес бейіндік және ғылыми-педагогикалық бағыттар бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта бөлімдегі кадрларды дайындаудың құрылымы мен көлемі республика мен аймақтағы қажеттілік талаптарына сәйкес келеді.

     



1-сурет 2007-2013 оқу жылдары аралығында магистратура мен PhD докторантураға қабылдау көрсеткіші
4 - кесте 2012-2013 оқу жылдары аралығында магистратураға түскені туралы ақпарат





Мамандықтардың аталуы

Мемлекеттік грант

ақылы

негізде

мақсаттық даярлау

ректор гранты

1

Педагогика және психология

6

13

6

2

2

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

6

1







3

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу

4

1







4

Кәсіптік оқыту

4










5

Дефектология

4

1




1

6

Құқықтану

9

21

1




7

Экономика

8

5




1

8

Құқық және экономика негіздері

4










9

Қаржы

8

15







10

Менеджмент

4

7







11

Есеп және аудит

4

5







12

Мемлекеттік және жергілікті басқару

8

7







13

Қазақ тілі мен әдебиеті

3

1

3

1

14

Тарих

4

1




1

15

Математика

7

2

3




16

Информатика

5

10

5

1

17

Музыкалық білім

4

2







18

Денешынықтыру және спорт

6

7




3

Барлығы:__98__99__18__10'>Барлығы:

98

99

18

10

225

4 - кесте 2012-2013 оқу жылдары аралығында PhD докторантураға түскені туралы ақпарат






Мамандықтардың аталуы

мемлекеттік грант

ақылы

негізде


мақсаттық даярлау

ректор гранты

1

Педагогика және психология

1

-

1

-

2

Қазақ тілі және әдебиет

1

-

1

-

3

Экономика

-

-

-

-

4

Құқықтану

2

-

-

-

Барлығы:

4

-

2

-

6

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті құрылымдық өзгерістерге сәйкес ЖОО-нан кейінгі білім беру мен мамандарды қайта даярлау бөлімі 2012-2013 оқу жылында ЖОО-нан кейінгі білім беру мен мамандарды қайта даярлау институты болып құрылды. Институт болашақта өз жұмыстарын жалғастырумен қатар, еліміздің ҚР білім саласын дамытуға арналған Білім берудің 2020 жылға мемлекеттік бағдарламасы мен ЖМУ-дың 2020-шы жылға дейінгі Стратегиялық бағдарламасы аясында көптеген ғылыми-инновациялық іс-шараларды атқарады.




ЖОО-нан кейінгі білім беру мен мамандарды қайта даярлау институтының стратегиялық мақсаттары мен міндеттері:

Жоғары білікті мамандар мен ғалымдарды даярлау, үздіксіз білім беруді қам-тамасыз ету, халықаралық стандарттарға сәйкес жаңа білім беру технологияларын әзірлеу.

Білім беру мен ғылымның бірігуі негізінде магистратура, докторантура арқылы қоғамды, экономиканы, өндірісті, ғылымды жетілдіру мәселелерін шешуге, соны технологияларды әзірлеуге қабілетті жоғары білікті ғылыми, ғылыми-педагогикалық кадр-ларды даярлаудың нәтижелі жүйесін құру.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және мамандарды қайта даярлау институтының міндеттері:



  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру, яғни магистратура, докторантура шеңберінде жоғары білікті ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды ұйымдастыруды жетілдіру;

  • Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт-тарының талаптарына сәйкес жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру аясында оқу үдерісін ұйымдастыруды бақылауды күшейту;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінде оқу үдерісін жетілдіру және оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша шараларды әзірлеу және өткізу;

  • ЖМУ-дің профессорлық-оқытушылар құрамын және басқа да мекемелер ғалымдарының ғылыми және педагогикалық әлеуетін тиімді пайдалану;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіндегі оқу үрдісінің қаржылық және ақпараттық жағынан қамтамасыз етілуін нығайту және жетілдіру;

  • жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің оқу және ғылыми-зерттеу құрамдас бөліктерін біріктіру;

  • докторантура бағдарламаларын іске асырушы шетелдің аккредиттелген жетекші оқу-зерттеу орталықтарымен ғылыми айырбас туралы келісім-шарт жасауды жалғастыру, кәсіптік кадрларды дайындау саласында ғылыми серіктестікті дамыту;

  • институт қызметіне талдау жасау, даярланатын ғылыми және ғылыми-педа-гогикалық кадрлардың лайықтылығы мен сұранысқа ие болуын айқындау, оқыту сапасын бағалау және диссертациялық зерттеулердің уақытында дайындалып, қорғалуын қатаң қадағалау.

Мамандарды қайта даярлау бойынша: экономика, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау органдарымен бірлесе отырып, жастарға кәсіптік білім беру және жұмыссыз азаматтарды оқыту аймақтық бағдарламасы негізінде еңбек рыногының мониторингін жүргізу арқылы, жастар мен жұмыссыздардың барлық санаты бойынша білім қызметін дамытуға үлес қосу болып табылады, сол бағытта төмендегідей жұмыстарды атқарады.

  • еңбек рыногында сұранысқа ие болатын бәсекеге қабілетті кәсіби білікті мамандар даярлау және қайта даярлаудың жаңа замануи үлгісін жасау;

  • университет оқытушы профессорлар құрамының біліктілігін көтеруді ұйымдастыру;

  • ақылы білім беру қызметін ұйымдастыру және жүргізу;

  • ақпараттандыру және кеңес беру қызметтерін ұйымдастыру;

  • Бастауыш кәсіптік білім беру бағдарламасын жүзеге асыру;

  • «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламасын орындау;

  • Алыс жақын шетел мамандарын шақырып, курс, семинар-тренингтерді ұйымдастыру;

  • Аймақтың өндірістік мекемелері тапсырысы бойынша білім беру қызметін орындау.


жүктеу 182,74 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау