Марапаттау


Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары



жүктеу 0,88 Mb.
бет5/5
Дата16.04.2020
өлшемі0,88 Mb.
#29830
1   2   3   4   5

2. Түлектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары



2.1. Университет сайтында № 2 форма бойынша құрастырылған бітіруші курс студенттерінің электрондық базасы орналасқан.

2.2. Уәкілетті органдар (облыстық білім беру департаменті, облыстық мәдениет басқармасы) жыл сайын (наурыз айынан кеш емес) ауыл жастарына берілетін квота негізінде оқуға түскен білім гранттарының иегерлері оқитын ЖОО-ға ауылдағы мәдениет және білім беру ұйымдарына қажетті кадрлар жөнінде мәлімдеме жібереді.

2.2. Облыстық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамту бөлімі, облыстық және қалалық ұйымдарынан жиналған бос орындар туралы ақпараттар жалпыланады; ақпарат бітіруші курс студенттеріне беріледі.

2.3. Жыл сайын наурыз айында универсиеттің институт пен факультеттерінде түлектерді алдын ала тарату шарасы өтеді.
2.4. Мекемелер мен ұйымдардан алынған қатынас қағаздары бар педагогикалық, өнертану мамандықтары және педагогикалық емес мамандықтар студенттеріне бекітілген тарату күнінен 15 күн бұрын №1 форма бойынша түлектерді алдын ала тарату шарасы бойынша қорытындылар жалпыланады.
2.5. Түлектерді тарату шарасын өткізу күнінен бір ай бұрын педагогикалық мамандықтардың жәрмеңкесі өткізіледі.
2.6. Педагогикалық және өнер мамандықтардың түлектеріне тарату шарасы және педагогикалық емес мамандықтар түлектеріне Мансап күні жыл сайын 15 мамырдан қалмай өткізіледі.

3. Мемлекеттік комиссия жұмысы



3.1. Өнер және педагогикалық мамандықтарының түлектерін таратуды Мемлекеттік комиссия жүзеге асырады.
3.2 Мемлекеттік комиссия құрамын және түлектерді тарату шарасының өткізілу күнін университет ректоры бекітеді.
3.3. Мемлекеттік комиссия өздерінің шешімінде ҚР БҒМ жоғарыда аталған нормативті құжаттарын басшылыққа алады.
3.4. Ауылдық квота арқылы оқуға түскен білім беру грантының иегер-түлегі ауылдық жерге жұмысқа жіберіледі («Білім беру грантын тағайындау ережесі» 3 бөліміне сәйкес)
3.5. Ақылы түрде оқыған студенттер еркін түрде таратылады немесе өз еркімен ұйымдар мен мекемелердің сұранысы бойынша жұмысқа жіберіледі.

3.6. Жас мамандарды жұмысқа жіберу шешімін мемлекеттік коммиссия шығарады.
3.7. Түлектерге оқу жылы аяқталған соң Мемлекеттік комиссиясының шешімімен жұмысқа жолдама беріледі.
3.8. Жұмысқа жіберілген жас мамандар жұмыс орындарына оқу жылының 1 тамызына дейін барулары керек.
4. Есеп беру және бақылау
4.1. Әр оқу жылының қыркүйек-қазан айларында бөлім бітіруші кафедралармен бірге Мемлекеттік коммиссия шешімімен жұмыс орындарына барған жас мамандарды бақылайды.
4.2. Түлектерді жұмыспен қамту қорытындылары институт пен факультет кеңестерінде және кафедра отырыстарында талқыланады.

4.3. Былтырғы оқу жылының түлектерінің жұмыспен қамтылу есебі жаңа оқу жылының басында БҚМУ Ғылыми кеңесінде тыңдалады.
4.4. Түлектердің жұмыспен қамтылу қорытындысының есебі ҚР БҒМ-не екі рет ұсынылады: мамыр айында және әр оқу жылының тамыз айының 1 жұлдызынан кешіктірілмей.


Қосымша

№1 Форма (тарату хаттамасы үшін)





050112 шифрі мамандығы 02402 топ (қазақ бөлімі)



Аты-жөні

Оқу түрі

Орта баллы

Мекен жайы

Студент қалауы

Комиссия шешімі

1

Адилова Акмарал Толегеновна

Грант

5,0

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

Орал қаласы, №36 ЖОББМ(сұраныс бойынша)




2

Искандирова Аягуз Тасболатовна

Грант

4,9

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

Орал қаласы, №27 ЖОББМ(сұраныс бойынша)




3

Жанатарова Бибигуль Болатовна

Ақылы

5,0

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

Теректі ауданы, Абай ЖОББМ (қатынас қағаз )




4

Искаков Артур Молдагалиевич

Ақылы

4,7

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

Теректі ауданы, Абай ЖОББМ(қатынас қағаз)




2 Форма (Жұмыспен қамту жорналы үшін)


050112 шифрі мамандығы 02402 топ (қазақ бөлімі)



Аты-жөні

Оқу түрі

Орта баллы

Мекен жайы

Ұялы және үй телефондары

1

Адилова Акмарал Толегеновна

Грант

5,0

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

8 705 4246532

50 23 67


2

Искандирова Аягуз Тасболатовна

Грант

4,9

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

8 705 236 98 65

8 711246 95 624



3

Жанатарова БибигульБолатовна

Ақылы

5,0

Жанақала ауд. Жанақала ауылы, Бейбітшілік көшесі 22/1

8 705 236 98 65

8 711246 95 624



4

Искаков Артур Молдагалиевич

Ақылы

4,7

Орал қ-сы, Мұхит көш. 15, 22 пәтер

8 705 236 98 65

8 711246 95 624





М.Өтемісов атындағы БҚМУ түлектерінің

Ассоциациясы туралы ереже

Жалпы ережелер
«БҚМУ түлектер Ассоциациясы» Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық ұйымы БҚМУ түлектерінің өзін-өзі басқара алатын ерікті қоғамдық ұйым болып табылады. Жалпы мүдделерді жүзеге асыруға және мәдени, білім беру, ғылыми басқару және де басқа мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған және мүшелерге негізделеді. Ассоциация университет пен түлектер арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыра отырып БҚМУ түлектеріне көмек көрсетеді және білім беру қызметі нарығындағы ЖОО-ның орнын нығайтуға жәрдемдеседі.

Ассоциацияның ұйымдастыру-құқықты формасы – қоғамдық ұйым. Ассоциация қызметі шексіз. Ассоциация өзінің қызметін ҚР әртүрлі аймақтарында және шетелде тұратын түлектерді өз мүшелігіне тарта отырып БҚО аумағында жүзеге асырады.


Мақсаты
Ассоциация мына мақсаттар үшін құрылған:

- түлектердің мәдени және кәсіби қарым-қатынасына жағдай жасау үшін;

- түлектердің кәсіби өсуіне жәрдемдесу, өз-өзінің толықтай қалыптасуына жағдай жасау;

- Оқу, ғылыми, қоғами – экономикалық және басқа да жобаларды орындауда түлектердің тәжірибесі мен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, БҚМУ даму жоспарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;

- БҚМУ қызметкерлері, студенттері, және түлектерінің күшін біріктіру, имиджін нығайту, БҚМУ бірлескен байланыстарын кеңейту жолдары арқылы БҚМУ міндеттерін орындауға көмек көрсету;

- БҚМУ ғылыми, білім беру, қоғамдық мәселелерін шешуге жәрдемдесу;

- БҚМУ оқытушылары мен түлектері арасында ақпарат алмасу;

- жеке тұлғаның құқықтары мен еркіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу;


Міндеті
- ЖОО-ның үздік дәстүрлерін сақтауға және дамытуға жәрдемдесу;

- БҚМУ түлектерінің бір-бірімен кәсіби қарым-қатынас орнатуына, Ассоциация мүшелері арасындағы байланысты сақтауға көмек көрсету;

- түлектерге білім беру, кеңес беру және басқа да қызметтер көрсету;

- Ассоциация қызметінің мақсаттарына сәйкес бағдарламалар мен жобаларды жасау;

- Лекции, дәріс, семинар, конференциялар, көрмелер мәдени-бұқаралық, спорттық және басқа да шараларды өткізу;

- БҚМУ түлектерінің ақпараттық мәліметтер базасын жүргізу;

- қоғамдық пікірлерді зерттейді, сұрақтар жүргізеді;

- Ассоциация мақсаттарын жүзеге асыруға қажетті кәсіпкерлік және шаруашылық қызметін жүзеге асырады;

- БҚМУ материалдық-техникалық базасын дамытуды қаржыландыруға қатысу;

- ЖОО-ның білім беру, ғылыми қызметін өңдеу-жинауды ұйымдастыру;

- облыстың коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдары мен БҚМУ арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қолдау көрсету;


Ассоциация мүшелігі

Ассоциацияда жеке, ұжымдық және құрметті мүшеліктер бекітілген.


3.1.Ассоциацияның жеке мүшелері жеке тұлғалар болуы мүмкін:
- БҚМУ бітірген және БҚМУ бітіргендігі туралы диплом алғандар;

- БҚМУ магистратурасын, аспирантурасын, докторантурасын бітіргендер;

- БҚМУ оқытушылары;

- БҚМУ қызметкерлері;


3.2. Ассоциацияның ұжымдық мүшелері құқықтық тұлғалар болуы мүмкін


Ассоциацияның қызметіне атсалысқан және мақсаттарына қолдау көрсеткен қоғамдық ұйымдар жеке және ұжымдық мүшелер бірдей құқықтар мен міндеттерге ие.


3.3. Ассоциацияның құрметті мүшелері ғылым, мәдениет, білім, бизнес саласының атақты өкілдері, көрнекті, мемлекеттік және саяси өкілдері болуы мүмкін. Ассоциацияның құрметті мүшелігіне шақыру құқығы Ассоциация басқармасына беріледі.
3.4.Ассоциация мүшелігіне қабылдау жеке тұлғалардың басқарма Ассоциациясына өтініш беруімен немесе қоғамдық ұйымдардың құқықтық тұлғаларының өтініштерін беру арқылы жүзеге асырылады.
3.5. Ассоциация мүшесі

Ассоциация басқармасына жеке өтініш беру арқылы Ассоциация құрамынан шыға алады.


4.Ассоциация мүшелерінің міндеттері мен құқықтары
4.1.Ассоциация мүшелерінің құқықтары:

- Ассоциация өткізетін немесе қатысатын барлық шараларға, сонымен қатар Ассоциация бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, оның мүшелері мен қызметін басқаруға қатыса алады;

- сайлануға, сайлауға, ұсынуға, ал ұжымдық мүшелер Ассоциацияның барлық мүшелеріне өз өкілдерін ұсынуға және сайлауға;

- Ассоциацияның қызметіне қатысты барлық мәселерді талқылауға және оның жұмысын жақсартуға ұсыныстар білдіруге;

- Ассоциацияның тиісті немесе жалға алынатын мүліктерін, ғимараттарын, құрал-саймандар мен көлік құралдарын, мәліметтер банкін және т.б. пайдалануға;

- Жеңілдіктер жағдайында Ассоциация қызметін пайдалануға;

- Ассоциация және оның мүшелерінің қызметі туралы ақпаратты алуға;

- Ассоциация меншігіне заң жүзіндегі мүліктерін беруге;

- Ассоциация басқармасы, өкілі немесе Ассоциация мүшелерінің шешімімен Ассоциация атынан сөйлеуге және оның қызығушылықтарын таныстыруға;

- Ассоциация басқармасының сайланған және бекітілген мүшелері кезектен тыс кездесуді шақыруға құқылы;

- Жарғыға сәйкес Ассоциацияның орындаушы және жетекші мүшелерінің қызметін бақылауға;

- Ассоциация құрамынан өз еркімен шығуға;

- Олардың міндеттері мен құқықтарына қатысты түрлі мәселелерді талқылауға;
4.2. Ассоциация мүшелері міндетті:

- Ассоциация ережесінің барлық бөлімдерін орындауға;

- Өздері сайланған мүшеліктің жұмыстарына белсене қатысуға;

- Ассоциацияның жетекші мүшелерінің шешімдерін орындауға, өз қызметтерін Ассоциация жетекшілерімен келісуге, оның атынан сөз сөйлеп және қызығушылықтарын таныстыруға;

- Ассоциацияға моральдық немесе материалдық нұқсан келетін әрекеттер жасамауға;

- Сеніп тапсырылған Ассоциацияның материалдық мүлігін ҚР заңнамасында көрсетілген тәртіп және көлем бойынша материалды жауапкершілік таныту;

5. Ассоциацияның жетекші, бақылаушы, орындаушы мүшелері және құрамы:

- Ассоциацияның жетекші мүшелері болып жиналыс, Ассоциация төрағасы, және басқармасы болып табылады;

- Қажеттілігіне байланысты жылына 1 реттен кем емес Ассоциация Басқармасымен Ассоциация мүшерінің жиналысын өткізу жоғары жетекші орган болып табылады. Кезектен тыс жиналыс Ассоциация Басқармасының немесе Ассоциация мүшелерінің 20% бастамасымен шақырылуы мүмкін;

Жиналыс Ассоциация мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда ғана құқықты болып саналады;




М.ӨТЕМІСОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КЕҢЕСІ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Жұмыс берушілер кеңесі университетке студенттерді оқыту мен жұмысқа орналастыру, білім сапасын арттыру, сұраныс берушіге деген оның бағдарын, оқу үдерісін қамтамасыз етуді жақсарту, университет қызметін қаржылық көтермелеу, университет қызметі салалары бойынша өнеркәсіптер мен ұйымдар өзара әрекетінің тиімділігін, жұмыс берушілер мен экономика салалары қажетті кадрлар дайындау деңгейіне жақындау қызметтерінкөрсету үшін құрылады.

1.2 Жұмыс берушілер кеңесі ҚР Білім туралы заңы, университет жарғысы, сондай-ақ осы ереже негізінде әрекет жасайды.
2. ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕР КЕҢЕСІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

2.1 Жұмыс берушілер кеңесінің мақсаты университет дамуының өзекті мәселелерін шешу және оны жоғары білікті мамандар дайындау орталығы ретінде қалыптастыру, қазіргі нарық талаптарына сай іргелі және қолданбалы сипаттағы міндеттерді шешуге қабілетті әрекет жасау болып табылады.

2.2 Жұмыс берушілер кеңесі (әрі қарай – Кеңес):

2.2.1 кәсіби білім жүйесін дамытуға, жұмыс берушілер талаптарын есепке ала отырып, ЖОО түлектерінің іскери және кәсіби сапасын қалыптастыруға қатысу;

2.2.2 жұмыс берушілерді мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарын, типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын дайындауға тарту;

2.2.3 кәсіпорындар мен ұйымдардың технологиялық базасын қолдану арқылы барлық түрдегі сараман өткізу орнын іхздестіруге қатысу;

2.2.4 білім салаларына сәйкес кәсіби тәжірибесі бар жоғары санатты мамандарды оқыту үдерісіне тарту;

2.2.5 түлектердің кәсіби дайындығын бағалау және кәсіби білім сапасын бақылауды ұйымдастыру;

2.2.6 білім ұйымдарын дамытуға жұмыс берушілердің қаржылық қаражатын тарту;

2.2.7 қызмет және өндіріс саласында ғылыми-техникалық нәтижелерді ендіру, бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен халықаралық жобаларды орындау, инновациялық қызметтің дамуын қолдау;

2.2.8 мамандар дайындау сапасын көтеру, болашағы бар бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға көмек көрсету;

2.2.5 университеттің халықаралық білім және ғылыми-техникалық ынтымақтастығының дамуы мен қалыптасуына ат салысу;

2.2.6 оқу үдерісі үшін қажетті ғылыми зерттеулер өткізу, материалдар мен құралдар алуға ат салысу;

2.2.7 университет түлектерінің жұмысқа орналасуына ат салысу;

2.2.8. кәсіпорындар мен ұйымдардың инновациялық дамуы бойынша мамандардың біліктілігін көтеру, сараптамалық-кеңестік қызмет, жобаларды орындауға қатысу, т.б. мәселелерді шешуге ат салысу;

2.2.9 талантты студенттерді, магистранттарды және оқытушыларды кәсіби дайындауда қолдау мен әлеуметтік қорғау;

2.2.10 жарнамалық қызметті жүзеге асыруға ат салысу;

2.2.11 жұмыс берушілер сұранысының оқу үдерісінде бейімделуіне ат салысу;

2.2.12 студенттер мен магистранттардың дипломдық жұмыстарына /диссертацияларына/ жетекшілік жасауы үшін мамандарды таңдауды жүзеге асыру;

2.2.13 түлектердің жәрмеңкесін ұйымдастыру мен өткізуге қатысу.


3. ҚҰРАМЫ, ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ КЕҢЕСТІ БАСҚАРУ

3.1 Кеңес университет ректорының бұйрығымен құрылады.

Кеңес отырысы қажеттілікке орай, бірақ жылыны бір реттен кем емес шақырылады.

3.2 Кеңес құрамына мекеме және кәсіпорын, қызмет көрсету саласы, ғылыми ұйымдар, қоғамдық және кәсіби ұйымдар (қауысдастықтар) жетекшілері, облыстық білім басқармасы бастығы мен аудандық, қалалық білім бөлімдері меңгерушілері, мектеп және колледж директорлары, банк жетекшілері, әкімшілік сот өкілдері, мемлекеттік өкімет орындары, сондай-ақ университет жетекшілері мүше бола алады.

3.3 Кеңес уақыты нақтылы емес.

3.4 Кеңес мүшелері өз қызметін қоғамдық негізде атқарады.

3.5 Кеңес университеттің ғылыми кеңесі және ректоратымен тығыз байланыста және оның мүшелерінің тең құқылы деңгейінде қызмет жасайды.

3.6 Кеңес құрамында университет мамандарын дайындау бағыты және басқа да шарттар бойынша секциялар құрылуы мүмкін.

3.7 Кеңес шешімі кеңестік және ұсыныс сипатында қызмет атқарады.

3.8 Кеңеске мүшелікке алыну мен кеңес құрамынан шығу жазбаша өтініш негізінде университет ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.

3.9 Кеңес төрағасы (тең төрағасы) және секциялар төрағаларын кеңес мүшелері ішінен 3 жылға университет ректоры тағайындайды.

3.10 Кеңес және оның секцияларының өздерінің құзіреттілік мәселелері бойынша шешімі қатысушылардың ашық дауыс беру жолымен қабылданады.

3.11 Кеңестің жауапты хатшысы мен секциялардың жауапты хатшысын университет қызметкерлерінің ішінен ректор тағайындайды.
4. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕ

4.1 Университет кеңесінің жұмысын тоқтатуы мен қайта құрылуы университет ректорының шешімі бойынша жүргізіледі.



4.2 Осы ереже, сондай-ақ ондағы өзгерістер мен толықтырулар университет ректорымен бекітіледі.
жүктеу 0,88 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау