Мандибаева Лаура Сагидуллаевна



жүктеу 0,78 Mb.
бет22/23
Дата12.04.2023
өлшемі0,78 Mb.
#42118
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
22.06.20 Мандибаева Л.С. диссертация

ҚОРЫТЫНДЫ

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік салаларының тарихи даму кезеңдерінде табиғи факторлардың әсерін ескермеу мүмкін емес. Ақтөбе облысы аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуында, әсіресе, алғашқы кезеңдерінде пайдалы қазбалар, тиімді экономикалық-географиялық орын, табиғат жағдайлары зор рөл атқарды. Мұғалжар ауданының табиғат ресурстары (әсіресе, пайдалы қазбалары) өндіргіш күштердің дамуына, құрылымына, орналасуына және аумақтық ұйымдастырылуына басты әсер етті. Өндірістің көптеген салаларының экономикалық тиімді дамуы мен орналасуы: отын-энергетикалық, минералды-шикізат, агроклиматтық, биологиялық, рекреациялық, жер және су, т.б. ресурстарға сандық және сапалық тұрғыда баға беру, олардың техникалық, гидрогеологиялық, технологиялық ерекшеліктері, қорларының аумақтық шоғырлануы мен орайлас орналасуы, өндіру мен өңдеу жағдайлары, тасымалдау мен экономикалық тұтыну ерекшеліктері және т.б. себептерге байланысты. Нарықтық экономикаға көшу кезеңінде табиғат факторы экономиканың дамуын тұрақтандыру мен әлеуетін ұлғайтуда басты рөл атқарады. Бұл үшін Қазақстан үкіметі минералды-шикізат ресурстарын тиімді және кешенді пайдалану бағдарламасын жасады. Мұнда елімізді экономикалық дағдарыстан алып шығу үшін тау-кен өнеркәсібінің базалық сала бола беретіні арнайы көрсетілген. Яғни бұл саланың дамуы тек қана шикізат өндірмей, құрылымдық өзгеріс арқылы, жартылай фабрикат пен дайын өнімдерді өндіруді көздейді.


Әр ауданның басты міндеті өзінің табиғат байлықтарына, оның ішінде пайдалы қазбаларға мемлекеттік кадастр жасау мен әлеуеттік құнын есептеу. Табиғат ресурстарының құнын есептегенде жан-жақты, яғни, экономикалық, рекреациялық, мәдени-эстетикалық, экологиялық, тарих, т.б. көзқараспен қарау керек.
Мұғалжар ауданының индустриялды-инновациялық даму бағдарламасына орай ауданның географиялық және экономикалық факторларын ескере отырып, күтілетін нәтиже төмендегідей:

  • Өндіріс орындарының көбеюіне байланысты өнеркәсіптік кешен құрылымының жаңаруы;

  • Инновациялық өнім түрлерінің өнеркәсіп салаларында көлемінің ұлғаюы;

  • Аудандағы шаруашылық жүйесінде шағын және орта кәсіпкерліктің маңызының басымдылығы.

Мұғалжар ауданы халқының тұрмыс деңгейінің көрсеткіштері табыстар қалыптасуы мен бөлудегі өзгерістердің негізгі бетбұрыстарын бақылап, қоғамдағы теңсіздікке баға беруге мүмкіндік береді. Сондықтан реформалардағы әлеуметік тиімділігі халық тұрмысы деңгейін жақсарғанын көрсетеді. Аудан халқының тұрмыстық әл-ауқатының өзгеруі негізінен тұтынушылық нарық дамуына, тұрғын үй нарығына, жұмысшы кұші нарығына байланысты.
Мал шаруашылығының дамуы әр кезде қажетті жемшөп базасын құратын өсімдік шаруашылығымен қатар жүреді.
Сонымен бірге жылдың ауа райына және ауыл шаруашылығы өнімінің нарығында өзгеріп отырған сұранысқа байланысты қаржы бөлуге мүмкіндік береді.
Ауыл шаруашылығына жарақты жердің ішіндегі табиғи жайылымдар мен шабындықтар ауданда мал шаруашылығын дамытуға қолайлы әсер етеді. Ауданның барлық аймақтары мал өсірумен, яғни мал шаруашылығы өнімін өндірумен айналасады.
Қазіргі кезде ауданда ауыл шаруашылығы салаларының жағдайын жақсарту барысында мақсатты түрде жұмыстар жүргізілуде. Ауыл шаруашылығының өндірісінің қазіргі таңдағы технологияларын игеру, машина-трактор паркін құру, асыл тұқымды мал шаруашылығының дамуы, несие қорларына қол жеткізу мүмкіндігі, ауылдардағы нарықтық инфрақұрылымды жетілдіру осы және ауыл шаруашылығы саласында өткізіліп жатқан басқа жұмыстар агробизнестің тиімді жүйесін құруға ауыл шаруашылығы өндірісі тиімділігі арттыруға, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бәсекелестігі жоғары өнім шығаруға мүмкіндік береді.
Шаруашылық жүйесі саласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту арқылы ауданның экономикалық жағдайын жақсартуға болады. Нарық сұранысының механизміне сәйкес бәсекеге қабілетті өнім кәсіпкерліктің арқасында дами алады. Бұл мүмкіндік мемлекет тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға, мемлекеттік саясат негізінде экономиканың индустриялды-инновациялық даму бағыттарын айқындауды көздейді. Мұндай мемлекеттік шаралар нарықтық қатынастың артықшылықтары мен кемшіліктерін жоюға бағытталып отыр. Осындай зерттеулер жасау арқылы жұмысымыздың негізі тұжырымдары мен қорытындысы:
Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуына талдау жасау арқылы шаруашылығына кері әсерін тигізіп отырған кемшіліктер мен олқылықтар айқындалды. Солардың ішінде ауданның негізі өндіріс бағдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу сапасының төмендігі, қазіргі қоғамдағы нарықтық сұранысқа сай келмеуі, нарықтық инфрақұрылымдардың қалыптасуының баяу ұйымдастырылғаны айқындалды. Шағын және орта бизнес субъектілерінің қаржы ресурстарына қол жеткізуінің шектеулілігі, бизнес адамдардың кәсіпкерлікпен айналысуға құлқының болмауы немесе алға басатын білікті кадрлардың жетіспеушілігі байқалды.
Кәсіпкерлік қызметті бағалау механизмінің болмауы Мұғалжар ауданының шаруашылығында шағын және орта бизнесті дамытуда кедергі болып отыр. Бұл экономикалық қызмет шаруашылық жүйесінде кәсіпкерлікті қолдауға ықпал етеді және жергілікті ауданның басқару органдарына ақпаратпен қамтамасыз етудің негізі болады. Аудандағы өнеркәсіптердің дамуы үшін жоспарланған іс-шаралар орындалуы арқылы экономикалық тұрақты даму жүреді. Өнеркәсіп салаларының мамандануы шаруашылық жүйесінде үлкен маңызға ие, өйткені белгілі бір салаға мамандана отырып нарық сұранысына сай өнім шығару, инновациялық өнім шығаруда технологиямен қамтылу қызметтің тиімділігін арттырады.
Макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуде нарықтың мүмкіндігі шектеулі болғанымен мемлекет тарапынан реттеу айтарлықтай маңызды. Республикамыздың өндірістік орындары мен өнеркәсіптік кешенінің қызметін тиімді ұйымдастыру мемлекет сұранысын қанағаттандырады.Мемлекет аясында облыс және аудан тарапынан кәсіпкерлікті қолдау, ветеринария және тиімді салық жүйесін енгізуге, қаржы-несие саясаты мен міндетті сақтандыруды дамыту, өнеркәсіпті жаңа техника мен технологиямен қаруландыру ұсынылды. Шаруашылық жүйесінде интеграцияны қолдай отыра, ауыл шаруашылық өнімдерін өз өнеркәсіптерімізде өңдесе өндірістің тиімділігі артар еді. Демек біз осындай интеграцияның бірі ретінде өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласында Қазақстанмен тиімді экономикалық бірлік жүйесі арқылы дамыта аламыз.
Экономикадағы кәсіпкерлік субъектілерінің аграрлық саладағы орнын дамыту үшін Мұғалжар ауданында кәсіпкерлікті қолдауды ұсынамыз. Аграрлық саладағы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар, іс-әрекет түрлері, қолдау инфрақұрылымы, несие түрлері өте маңызды. Ал Мұғалжар ауданының шаруашылығына инвестиция салмайынша дамуы мүмкін емес. Бұл ретте шетел инвестициясының ролі зор. Мемлекет құрамындағы инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағытындағы қорлар мен даярлау қызметтері, банк мен компаниялардың рөлі ерекше.
Мемлекеттің өнеркәсіп өндірісінің құрылымына талдау жасалынды. Нәтиже негізінде аймақтың өнеркәсіп салаларын дамытуға ұсыныстар жасалды. Өнеркәсіп тауар өндірушілерінің экспортқа тауар шығаруы және сол тауардың әлемдік сұранысқа ие болуы үшін жүйелі жұмыстарды жалғастыра беру керектігі анықталды.
Мемлекеттік-жеке серіктестікті қамтамасыз ететін мемлекеттік реттеу құралы индикативті жоспарлау кезінде механизмнің жаңашылдығы, субьектілер арасындағы тығыз байланыс және өнім өндірушілердің өзара әрекет етуі ұсынылды.
Ауданның ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп пен саласын жетілдіру тұрақты экономикалық өсудің көрсеткіші. Ауданның экономикалық-әлеуметтік дамуында тұрақты даму қағидалары, сыртқы ортамен тиімді өзара байланыс орнату, қызмет көрсету мен қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды.
Еркін сауда айнылымында ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің сатылымдағы нарық сұранысын қанағаттандыруы ерекше маңызға ие. Сондықтан ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерін сату және өткізу инфрақұрылымының дамуы мен жетілуінің өзектілігі жоғары. Ал ол өз кезегінде халыққа сауда-саттық бағытында тиімді және тұрақты қызмет жасау, бәсекелестікті жоғарылату, өнеркәсіп өнімінің сапасын арттыру, халықтың тамақ өнеркәсібі салаларында сапалы өніммен қамту және соның есебінен бюджетті толтыру маңызды.



жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау