Пессимистік даму сценарийі. Шикізат-экспорттық даму үлгісінің тоқтатылуы негізінде ішкі дайын тауарлар рыногінің ашылуы, өндірісті өңдеудегі бағаның бәсекеге қабілеттілігінің төмендуі, көмірсутектер экспорты өсімінің баяулауына байланысты оның әлеуетті тарылуы жатады.
Инерциондық даму сценарийінің сипатталуы:
-экономикадағы салыстырмалы артықшылығымен жүзеге асырылатын, ұзақ мерзімді жаңа басымды жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асырудан бас тарту;
-тұрғындардың экономикалық дифференциалының күшейуінен әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарту процестерінің тежелуі.
Бұл сценарийдегі экономикалық өсімнің мүмкіндіктері негізінен мынадай факторлармен анықталатын болады:
-көмірсутектер экспорты мүмкіндіктерінің ұлғайуы жаңа кен орындарының жеткіліксіз түрдегі игерілуі және құбырлық инфрақұрылымның баяу өрістеуімен шектелуі;
-өңдеуші өндірістегі технологияның бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі және импорт өсімінің басып озу қарқынының сақталуы;
-адами капитал сапасының төмендеуі;
-жылына 3-4 пайыздан жоғары еңбек өнімділігінің өсуі.
Бұл сценарийде отын-энергетикалық кешеніндегі жұмыстары нақты басталып жатқан ғана жобалар жүзеге асырылады. Бұл жағдай 2017 жылдан кейін мұнай шығару стагнациясына және нарықтағы аймақтық энергия тасымалы үлесінің қысқаруына әкеліп соқтырады. 2020 жылға қарай экономикалық өсімнің инфрақұрылымдық шектелуді толықтай жеңіп шығуға шамасы жетпейтіндігі (энергетикалық қуаттылықтың, транспорттық инфрақұрылымның тапшылықтары) орын алады. Сондай-ақ, қазіргі кездегі құрылымдық сипаттамалар сақталады: шикізат секторындағы экспортта болсын немесе капитал жиналуының үстем болуы, экономикалық білушіліктің және жоғары технологиялық сектордың анклавтік өзгешеліктері, өңдеуші секторы дамуының әлсіздігі. Жалпы алғанда, өңдеуші өндірісінің бәсекеге қабілеттілік жағдайы төмен күйінде қалады [26, 34-б.].
Бұл сценарий аймақтағы өнеркәсіп өндірісінің шұғыл қысқаруына, тұрғындардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, көптеген әлеуметтік проблемалар мүмкіндіктерінің шешілмеуіне байланысты әлеуметтік шиеленістердің көбейуіне әсер етеді. Нәтижесінде, 2020 жылға қарай ЖІӨ қарқынының өсімі 1-2 % дейін төмендеуі басталады.
Достарыңызбен бөлісу: |