3.3 Аймақтық өнеркәсіп саласында инновациялық қызметтің орындалуы мен келешегінің негізгі бағыттары
Қазіргі уақытта елімізде мемлекет саясаты негізінде инновациялық үрдістерді ірі корпорациялардың ғылыми-техникалық қызметі мен нарық сұранысына байланысты бағыттау маңызды. Сондықтан заманауи ғылыми ұйымдар және ғылыми институттармен жұмыс жасау басты назарда болып отыр. Инновациялық тұрақты экономиканың даму жолына өту үшін аймақтарда орналасқан кәсіпорындардың дамуының инвестициялық кезеңіне экономикалық, инфрақұрылымдық жағдайлар жасау маңызды.
Зерттеу кезіндегі нәтижелер, ғылыми-техникалық өзгерістер жүзеге асатын өнеркәсіп инфрақұрылымын басқару, жүргізілген инновациялық әрекеттің жобалық, технологиялық, материалдық, ұйымдастырушылық кезеңдерін қамтитын, нәтижені талдау мен қайта түзету жұмыстарын жүргізу арқылы болжам жасау негізінде нарықты сұранысты қанағаттандыруы тиіс.
Инновациялық бағдарламалар мемлекеттің инновациялық саясатына орай жаңа өнім түрлерін шығару мен өндірістегі жағдайын бақылау, болжам негізінде даму мүмкіндіктері жағдайында құру ұсынылады.
Өнеркәсіп өндірісін мамандандыру жөнінде көптеген міндеттерді нақтылау, техника мен технология, ұйымдастыру түрлерін енгізу және инновациялық басқару саласында мамандар даярлау көптеген міндеттерді шеше алады [57, 188-б.].
Кесте 4. - Аймақтық өнеркәсіптегі инновациялық үрдісті басқару
№
|
Өнеркәсіптегі инновациялық үрдістер
|
1.
|
Аймақтық өнеркәсіптегі инновациялық үрдістердің даму стратегиялық бағыттары бойынша кеңестер, комитеттер немесе шығармашылық топтар құру.
|
2.
|
Өнеркәсіп саласында жаңа технологиялар жасайтын және қолдануды ғылыми негізге сүйеніп жүргізуді реттейтін орталықтар.
|
3.
|
Өнеркәсіп саларында ғылыми зерттеу жасау негізінде маңыздылығы жоғары техника мен технологияларды енгізу мақсатында ұсынылатын жобалық топтар.
|
4.
|
Жаңа ғылыми білімдерді және инновацияны меңгеру мен оларды озық технологиялар мен шаруашылықты жүргізу әдістеріне айналдырумен шұғылданатын ғылыми зерттеу және тәжірибелік-құрастырушылық ұйымдар.
|
5.
|
Өнеркәсіп нарығын зерттеу аясында озық жобалар ұсынатын ғылыми-техникалық даму орталықтары.
|
6.
|
Өнеркәсіпте инновацияны өндіретін ірі холдингтер мен корпорациялардың құрамындағы венчурлік ұйымдар.
|
7.
|
Өнеркәсіп тауарларын өткізу мақсатында өндірушілерге кеңес берумен айналысатын ақпараттық-кеңестік орталықтар.
|
8.
|
Өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп орындарына мониторингін жүргізу, тауарлар мен қызметтердің маркетингін жасаумен айналысатын ақпараттық-кеңестік орталықтар.
|
9.
|
Инновациялық және ғылыми техникалық қызметтер көрсететін жеке фирмалар.
|
Өнеркәсіп салаларын әрі қарай дамыту, өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындардың жұмысын жетілдіру үшін төмендегі жұмыстар жүргізілуі керек:
өнеркәсіптің маманданған салаларын дамыту, облыс және аймақ арасындағы еңбек бөлінісін жетілдіру;
істе тұрған өнеркәсіптерді жоғары техника және технологиямен қамтамасыз ету;
өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп орталықтарын қалдықсыз өнім технологиясына бағыттау;
шикізат спасы мен жұмсалатын шығын көлемін азайту үшін өңдеуші кәсіпорындарды мейлінше шикізат көзіне жақын ашу және дамыту;
аудан аумағында уақытша тоқтап тұрған өнеркәсіптерді іске қосу және жергілікті бюджет есебінен инвестиция салу негізінде өнеркәсіп жұмысын жандандыру;
өнеркәсіп өнімінің сапасы мен өндіріс орнының қауіпсіздігін бақылайтын нормативтік-әдістемелік база құру.
Мұғалжар ауданының аймақтық өнеркәсіптік инновациялық жүйесінің инфрақұрылымын қалыптастыру үрдісінде мемлекеттік мәртебесі бар Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің мамандарын,технологиялық орталықтарды және инновациялық үрдістерді қаржыландырып жүзеге асыратын ұйымдарды іске тарту керек (6-сурет).
6-сурет. Өнеркәсіп саласында инновациялық үрдісті жүзеге асыру сызбасы
Өнеркәсіптік инновациялық жүйеде өнеркәсіп салалары мен қажетті ресурстарды шоғырландыру және оны тәжірибеде өткізуді тұрақты қолдану білу керек. Бұл өнеркәсіп салаларын материалдық базамен қамтамасыз ету, өнім сапасын жақсарту, шикізатты тиімді қолдану, экологиялық зиянын азайту үшін маңызды.
Көп жылғы ауданның жылнамалылық деректерін қолданып, өнеркәсіп өндірісін заманауи жаңашаландыру мен еңбек бөлінісінің әсерінен мамандандырудың болашақтағы техникалық-экономикалық негіздері аясында оңтайлы нұсқасын әзірлеген дұрыс.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдегі негізгі нұсқасы бірнеше басты факторлармен айқындалған:
- аймақ экономикасының энергетикасында, ғылым және білім беруде, жоғары технологиялар мен басқа да салаларды дамыту дәрежесі мен жүзеге асырудың салыстырмалы басымдықтарын іске асыру;
-өңдеу өндірісінің инновациялық жаңару қарқындылығы және еңбек өнімділігінің динамикасы;
-транспорттық және энергетикалық инфрақұрылымның даму динамикасы;
- адами капитал сапасының қарқындылығын көтеру және орта буынды құру;
- әртүрлі экономикалық кеңістікке шығу;
- көмірсутегі рыногындағы әлемдік бағаның конъюнктурасы.
Осы факторлардың жүзеге асырылуына байланысты орта мерзімді перспективаға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың сценарийінен үш сапалы көрсеткіштерді бөліп көрсетуге болады - инерциондық, энерго-шикізаттық және инновациялық даму.
Барлық сценарийлер бойынша біркелкі сыртқыэкономикалық жағдайлар -әлемдік экономика өсімінің динамикасын жаһандану және аймақтандыру тенденциялары қатынастарының балансының жасалуы қабылданды. Жалпы, орта мерзімді кезеңде өнеркәсіп саласының экономикалық даму қарқыны жылына 11-15% шамасында болады деп күтілуде.
Демографиялық динамиканың үдетілген үлгісі ұсынылып отыр (аудан халқы санының өсімі 2020 жылға қарай 70 мың адам) болады деп күтілуде.
Барлық сценарийлерде институционалдық құрылымдардың жүйелі жүргізілуі, бәсекелестікті дамыту, экономикалық еріктілікті және меншік құқығын қорғау, инвестициялық жағдайды жақсарту мәселесі көзделген [26, 33-б.].
Сондай-ақ, екінші, әсіресе үшінші сценарийлер шеңберінде белсенді құрылымдық саясатты немесе бәсекелестік саясатын көтеру, инвестициялық климат жағдайына, өндірістік құрылым мен экспортқа едәуір ықпал етеді. Басқаша айтқанда, екінші, әсіресе үшінші сценарийлерде әлеуметтік және экономикалық институттардың тиімділігі мен тым жоғары сапасын арттыру болжанып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |