қауіптері:
- технологиялық даму бойынша арта қалу салдарынан ішкі нарықтың импортқа тәуекелдлігінің ұлғаюы;
- қаржылық-несие жүйесінің тұрақсыздық жағдайында құрылыс саласының тұралауын сақтау;
- экономикаға шикізатты бағыттауды сақтау;
- транспорт пен жол шаруащылығының ағымдағы дамуын сақтай отырып, бәсекелестік басымдылығының төмендеуі;
- тазартқыш құрылымдарын кішкене жаңартқан жағдайда экологиялық ахуалдың нашарлауы;
- желілердің жоғарғы тозу деңгейі сақталған жағдайда бизнесті жүргізу шаттары мен халықтың өмір сүру сапасының нашарлауы;
- даму институттарында жобаларды, соның ішінде үдемелі индустриализациялау бағдарламасына байланысты жобалардың қаралу мерзімдерінің ұзақтығы;
- өңдеу өнеркәсібінің және халық тұтынатын тауарларын шығару өндірісінің жеделдетілген модернизациялау бағдарламасының жүзеге асырылмауы;
- жергілікті атқарушы органдардың стратегиялық (бағдарламалық) құжаттарды сапасыз дайындауы;
- бөлімдердің жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшуге дайын болмаулары;
- мемлекеттік басқару жүйесін модернизациялау бойынша қабылданған шаралар нәтижелерінің кейбір теріс мәндерінің пайда болуы.
Ауданнан алыс тұратын ауылдарда фермерлік және жеке шаруашылық серіктестік құру сияқты шаруашылық жүйесінің жаңа түрлерін енгізу маңызды мәселе. Шаруашылықтың даму кезеңінің алғашқысы болып саналатын сектор ретінде ауылшаруашылық салаларын, оның ішінде мал шаруашылығын аудан аумағында дамыту үшін жеке шаруа қожалықтарының ролі маңызды.
Тең құқылы мемлекеттік, кооперативтік және акционерлік ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын құру Мұғалжар ауданының ауылдарының экономикалық даму деңгейін жоғарылатады. Көп укладты экономиканы қалыптастыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік жағдайды жақсарту және табиғи факторларды қолдана отырып, ауылдық елді-мекен түрғындарын жұмыспен қамту арқылы еңбек табысын арттыру аудан және ондағы ауылдар экономикасының даму бағытындағы үлкен міндеттерді шешетіні сөзсіз. Әлемдік қой өсіруге маманданған елдер, атап айтсақ Аустралия сияқты қой өсіру кооперативтерін құрып, сол жердің бірнеше тұрғындарын жұмысқа тартуға болады [44, 84-95 б.].
Мемлекет алдында тұрған тағы бір маңызды мәселе ауыл шаруашылығы салаларымен айналысатын кәсіпорындардың жұмысын жаңашаландыру, барынша кіріс өнімін арттыруда жұмыстану. Егін шаруашылығында өсірілетін дақылдарды мал шаруашылығына икемдеп қолдану шарасы ауылдағы өндіріс тиімділігін арттырады. Бір-бірімен байланысты шаруашылық жүйесі арқылы сол жерде өсіріп, өнімдерін өңдесе экономика үшін пайдасы көбірек болар еді. Мұғалжар ауданындағы астық шаруашылығында өсірілетін бидайды осы өлкеде ұн-тарту өнеркәсіптерінде жоғары сапамен өңдеу орындарын ұйымдастыруға болады. Ауыл шаруашылығы салаларымен айналысуда табиғи факторларды негізге ала отырып жүргізсе ауданның экономикалық дамуын алға жылжытады.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп орындарын жақын жерлерде көбірек ашу, дәстүрлі шаруашылықпен айналысуға ауыл тұрғындарын тарту, ет, сүт және тері илеп,жүн тазалап, жіп иіру кезеңдерін түгелімен қамту, қалдықсыз технологияны енгізу арқылы ауылдардағы күрделі мәселелерді шешуге болады.
Ауыл халқының белсенді көші қоны, көші қондық үдерістердегі теріс айырым ауылды елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайының төмен болуымен де түсіндіріледі [53, 63-б.].
Аймақтардың өндірістік жүйесінде ауылдық аумақтардың дамуына, оларды басқару деңгейіне тәуелді болып табылатын, ішкі және сыртқы деп бөлінетін бірқатар нақты факторлар ықпал етеді. Аймақ деңгейінде басқарылатын сыртқы факторларға аймақтық өндірістің күрделі үйлесімін, аграрлық сала мамандануының басты бағыты ретіндегі құрылымдық ілгерілеуді, сондай-ақ мәселелік аймақтарда ауылдық аумақтарды дамытуды аймақтық реттеудің белсенділігін жатқызуға болады. Тікелей аумақтық экономикада қалыптасатын ішкі факторлар негізгі өндірістік ресурстардың болуы мен сапасына қатысты, сонымен қатар оларды ұдайы өндіріс процесінде пайдаланудың тиімділік дәрежесін көрсетуде нақты көрінуі мүмкін, оларды бағалау ауылдық елді мекендер жеткен әлеуметтік-экономикалық дамудың деңгейі мен олардың экономикалық кеңістігінің бірігу дәрежесіне бағытталуы керек. Проблемалы аймақтарға ұдайы өндіріс процесін жүзеге асырудың өзіндік ерекшеліктері тән. Ақтөбе облысындағы елді мекендердің ұдайы өндірістің үйлесімін талдау оларда дамудың бірқатар біртұтас ерекшеліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:1) ішкі аймақтық нарықта ұсынысқа сұраныстың көбіне көлеңкелі сектордың кірісі мен бюджеттің әлеуметтік трансфері есебінен артуы; 2) еңбек өнімділігінің төмендеуі мен оның жиынтық ішкі өнімді құрудағы үлесінің өсуі; 3) аймақтық жиынтық өнім құрылымында көп жағдайда қызмет көрсету сферасының нарықтық емес салаларының дамуы есебінен құрылатын үшіншілік сектор салаларының басым болуы; 4) аймақтық жиынтық өнімінің біріншілік секторы құрылымында ауыл шаруашылығы рөлінің басымдығы; халықтың төменгі кірісінің салдарынан пайда болатын аймақтық тұтыну нарығы сыйымдылығының шектеулілігі; 6) табиғи өсім мен жұмыс орындарының жетіспеушілігі жағдайында күшейген кері көші-қон ағыны; 7) ішкі және сыртқы капитал көздерінің жетіспеуі; 8) аймақтық ұдайы өндіріс жүйесіндегі өндіріске қарағанда, тұтынуды қолдауға бағытталған аймақтық бюджет шығындары құрылымының әлеуметтік бағдарлануы. Аграрлық сфера мен жердің табиғи байланысы өндіріс процестерінің табиғат жағдайымен тығыз байланыстылығын көрсетеді. Бұл, өз кезегінде, аграрлық сферадағы құрылымдық үйлеспеушіліктің ауылдық елді мекендер экономикасына елеулі ықпалын айқындайды [55, 52-56 б.].
Ауылдық елді мекендердегі өндірістік сфераны қолдау өндірісті кеңістіктік ұйымдастыру тәсілдерін жаңғырту жағдайында анағұрлым тиімді болады, мұнда дамыған елдердегі кластерлік құрылымның құрылуы сияқты, аймақтық өндірістік кешендердің жұмыс тәжірибесін де тәжірибе ретінде ескеру қажет. Ауылдық аймақтар экономикасында өнімнің жалпы қосылған құнын максималды деңгейге жеткізу мақсатында агрокластерлер құрылысын сүйемелдеу айрықша мәнге ие. Құрылатын агрокластерлердің ядросы ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары болуы керек. Кластер элементтері ретінде өндірістің мамандандырылған факторларын көрсетушілер, ілеспе салалардың фирмалары, арнаулы инфрақұрылым провайдерлері, тұтынушы мен қызмет көрсетуші салалар, атқарушы құрылымдар алға шығуы керек. Агрокластер кәсіпорындары арасындағы қажетті өндірістік байланыстарды сүйемелдеу салық жеңілдіктерін жасау мен кәсіпорындардың кәсіпкерлікті жүргізуінің шекті жағдайларын орындауы барысында бюджеттік жүйелер қаржысы есебінен субсидиялау жолымен жүзеге асырылуы мүмкін.
Ауылдық елді мекендерді тұрақты дамыту компонентті (табиғат, халық және шаруашылық) факторлар жүйесі шеңберінде әлеуметтік, экономикалық және экологиялық міндеттерді шешуді біріктіреді. Басқаша айтқанда, ауылды тұрақты дамытудың алғышарттары ауыл қауымы, ауыл экономикасы және жергілікті экология болып табылады, олар қоғамның азық-түлікке деген қажеттілігін қанағаттандыруға жағдай жасайды және бұл салада ауылдық елді мекендердің ресурстық әлеуетін сақтауды қамтамасыз етеді. Ауылдық аумақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы ауыл экономикасының өсуі, әртараптануы және әл-ауқатының артуы; адам капиталы өндірісінің кеңеюі және ауыл халқының толықтай жұмыспен қамтылуы; табиғи-биологиялық ресурстарды үздіксіз өндіру және тиімді қолдану; ауылдық елді мекендердегі халықтың өмір сапасы мен деңгейін арттыру сияқты мәселелерді қарастырады. Ауылды дамытудағы маңызды тәсілдердің бірі – қоғамды оның тіршілік әрекетінің экономикалық, әлеуметтік және экологиялық сфераларында өзін-өзі ұйымдастыруға бағдарлау [56, 44-б.].
Бірнеше экономикалық мақсаттарды көздейтін бұл бағыттар бағыттар ауылды дамытуға және аграрлық өндіріс сферасында қазіргіден анағұрлым ерекше жаңа экономикалық саясатты қалыптастыруға мүмкіндік береді (1-кесте).
Кесте 1. – Агроөнеркәсіптік және ауылдық қоныстар саясатының мақсаттары
Жоғарғы тәртіптегі мемлекеттік экономикалық саясат құндылықтары
|
Агроөнеркәсіптік және ауылдық елді мекендер саясатының ерекше құнды мақсаттары
|
Экономикалық өсім және даму үйлесімділігін басқару
|
• ауыл шаруашылығының тұрақты негізде ресурспен қамту;
|
Агроөнеркәсіптік саясат
|
• ауылда тұратын тұрғындарды ауыл шаруашылық салаларына жұмысқа тарту;
• елді-мекендердің қоныстану инфрақұрылымн жетілдіру;
|
Жоспарланған мерзімнің тұрақтылығын басшылыққа алу
|
• ауылдағы өндірісті механикаландыру;
• ауылда өндірілген өнімдердің сапасының жоғары болуы арқылы бәсекелестікк түсу;
|
Ауылдық аймақтарды тұрақты дамытудың құралы шағын бизнез болуы қажет, ол халықтың жұмыспен қамтылуын және инновациялық-экономикалық ортасын құруды, елдің экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сондықтан негізгі топтарын жолға қоюға мүмкіндік беретін аудан экономикасындағы «өсім нүктесін» анықтау ерекше мәнге ие. Кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуды жетілдірудің негізгі бағыттары 2-кестеде берілген.
Кесте 2. – Кешенді әлеуметтік-экономикалық дамуды жетілдірудің негізгі бағыттары
Кешенді әлеуметтік-экономикалық даму
|
Ұсынылатын жобалар
|
Бағдарлама мақсаты
|
1
|
2
|
3
|
Ауданның экономикалық әлеуетінің өсуі
|
1. Фермерлік аквакультураның дамуы (балық аулау, т.б.)
|
-аймақтың табиғи-ресурстық әлеуетін біршама толық пайдалану;
-қосымша жұмыс орындарын құру;
- жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін шығару
|
Ауданның экономикалық әлеуетінің өсуі.
|
2. Интеграцияланған аквакультураны дамыту:
- балық аулау-қаз және балық аулау-үйрек шаруашылықтарын;
- поликультураның қосымша нысандарымен тауар тоғандары;
- балық фермаларында құндыздарды өсіру.
|
- шығарылатын азық-түлік өнімдерінің, нарықта талап етілген су құстары етінің ассортиментін кеңейту;
- тауар нарығына үлпек жүнді аң терісі шикізатын шығару;
|
Өндірістік кәсіпкерлік
|
Құстарды өсіру үшін азық өндіретін цехтар ашу
|
жергілікті сүт өңдеу кәсіпорындарының, дән, ет шикізаттарын пайдалану есебінен фермерлік құс шаруашылығын азықпен қамтамасыз ету
|
Рекреациялық аквакультураны дамыту
|
Балық фермаларында әуесқой және спорттық балық аулауды ұйымдастыру, 12-15 демалушыға арналған туристік кешендер құрылысы
|
- халыққа қызмет көрсету сферасын дамыту;
|
Агротуризмді дамыту
|
Интеграцияланған балық фермалары және фермерлердің «жасыл үйлері» базасында туркешендер ашу
|
- халыққа қызмет көрсету сферасын дамыту;
- агротуризмді жетілдіру;
-мотельдер, жол маңы мейрамханалар мен кафелер құру арқылы абаттандыру ісін күшейту;
|
Фермерлік аквакультура өнімдері үшін өтім желілерін қалыптастыру.
|
Өндірілетін өнім ерекшеліктерін ескере отырып (тез бұзылатын өнімдер), арнайы өтім желілерін құру мен дамыту
|
-өндірістік қызметтер сферасын дамыту;
- халыққа қызмет көрсету сферасын дамыту;
-ауданның сауда көсіпорындарымен коммерциялық байланыстарды дамыту
|
Ауылшаруашылық тұтыну кооперативтерін құру және дамыту.
|
Маманданған ауыл шаруашылық кооперативтерін құру.
|
-нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру, фермерлерге көрсетілетін өндірістік қызметтерді жетілдіру;
-тұтынушы сұранысына сәйкес кең ассортиментті, жоғары сапалы азық-түлік өнімдерін өндіру
|
Дағдарыс процесіне тойтарыс беру және қазақстандық ауылдарды тұрақты даму траекториясына шығару үшін тек мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешенді ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық саясатты да түбегейлі жаңғырту қажет.
Бұндағы негізгі міндеттер төмендегідей:
«әлеуметтік мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру;
ұлттық идеялар тұжырымдамаларын жасау;
ішкі сұранысты арттыру;
экономиканың барлық секторларында еңбекақыны едәуір өсіру;
агроөнеркәсіптік кешенді (АӨК) қайта құру;
АӨК-ні мемлекеттік қолдау деңгейін бірнеше дүркін арттыру;
АӨК-дегі интеграциялық байланыстардың (ауылшаруашылық тұтыну кооперативтері) дамуы;
Несие ресурстарына қолжетімділіктің анағұрлым кеңеюі;
Мемлекеттік қызмет жүйелерінде экономиканың инновациялық қызметтерін реттейтін, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы салаларының заңды түрде нормативтік құжаттары жүргізіледі.
Өндірістік- экономикалық жүйеде инновациялық-ғылыми төңкерістерді енгізуге қолдау көрсету арқылы техника - ұйымдастырушылық-басқарушылық өзара тәуелді болу қарастырылған. Жаңа жетістіктердің өндірісте енгізілуі мен тәжірибеде қолданылуы инновациялық кезеңнің уақыт өлшемін құрайды.
Өндіріс орындарындарындағы инновациялық қызмет мемлекет тарапынан үлкен қолдау мен қаржыны қажет етеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына техника мен технологияға керек қаржы мөлшері, біліктілігі жоғары жаңалық ойлап табуға бейім ғылыми азамат пен азаматшалар саны, инновациялық инфрақұрылымның қызметі, қажетті техника мен салынған қаржыны тиімді қолдана алатын көшбасшылық сияқты факторлар инновациялық қызметке әсерін тигізеді. Даму деңгейі бойынша дүние жүзінде алда тұрған елдерде техникалық инновациялық кезең бес-алты жыл болса, дамушы елдердің экономикасында он бес пен жиырма бес жыл аралығын қамтып отырғандығын есімізде ұстаған жөн.
Әлем елдерінің экономикалық даму үрдісі инновациялық даму, техникалық жаңалықтар енгізу, ғылыми төңкеріс жетістіктерін белгілі бір уақыт аралықтарында өндіріске бағдарлау сияқты жүйелі жұмыстарға бағытталған. Кез-келген мемлекетте бірінші орында экономиканың инновациялық дамуына назар аударылады, ұлтқа тән аумақтық техникалық-инновациялық құрылым пайда болады [57, 101-б.].
Кері және оң әсерін тигізетін себептер мен жағдайлар инновациялық үрдіске ықпал етеді. Сондықтан зерттеу жүмысымда шаруашылық түрлеріне әсерін тигізетін факторларға толық тадау жасауды дұрыс деп түсіндім.
Инновациялық үрдістің үш негізгі түрі анықталған:
ұйымаралық,қарапайым әзірленген жаңашылдықты бір кәсіпорында келісім арқылы тәжірибеден өткізу, бұл жаңашылдық бастамасының өнімі ережеге сәйкес тауар түрінде дайындалмайды;
ұлғаймалы, енгізілген жаңашылықтың аумағының ұлғаюы, монополизмнің тоқтатылуы;
тауарлы, бұл кезде инновациялық жаңашылдық әзірленіп, тәжірибеде қолданылған өндіріс өндірушілері мен оны қолданып тұтынушылары қызмет етеді, сапалы жаңа тауар өнімі пайда болады;
Қазақстанның шаруашылығында дәстүрлі ата-бабадан келе жатқан тарихи-ұлттық технологиядан басқа жаңашалдықты қажет ететін төмендегілерді айтуға кетуге болады:
шаруашылық жүйесінде ауыл шаруашылық өнім түрлерінің, технологияның әртүрлігі және өндірісте қолдану уақытының ұзақтығы;
Жүргізілген қызмет жұмыстарына облыс және аудандар арасындағы географиялық әр түрлі орналасу мен экономикалық даму деңгейлерінің айырмашылық жасауы, орналасу қашықтығының әсері;
ғылыми- техникалық жаңашылдық өндіретін орталықтар мен мекемелерден ауыл шаруашылық салаларының оқшау орналасуы;
Шаруашылық жүйесінде енгізілген жаңашылдықтарды қолдану мен игеру қабілетінің төмен болуы.
Ұлттық бәсекелестікті күшейту саласында дүниежізілік шаруашылықта орын алған елдер жетерлік. Мысалы, Жапония өз өндіріс орындарына ақыл - ой нәтижесінде ойлап табу арқылы жаңа техника мен технологиялар шығарды және бұл әлемдік сұранысқа ие болып келе жатыр. Сол сияқты экономикасы өте жоғары дамыған АҚШ елінің ғылыми-техникалық саясатын іске асыру жақсы дамыған институционалдық құрылымға бағытталған.
Еуропалық одақта , атап айтсақ, ұлы жетілікке кіретін елдерінде шаруашылық жүйесінің дайын өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыруда және сұранысын көбейтуде корпорацияларды қолдау маңызды.
Инновациялық қызмет аудан көлемінде белгілі ұстаныммен анықталып, мақсат және міндеттерді есте ұстайды. Экономикалық әрекет жүйесінде қатысушылардың жан-жақты инновациялық жүйесін құру, шаруашылық жүйесінде ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізу және ғылыми қор жағдайының әлеуетін белсендіру инновациялық қызмет құрамын толықтырады. (Кесте 3).
Мұғалжар ауданының инновациялық құрылымы екі кезеңді қамтиды: біріншісі- шаруашылық жүйесіне жаңашылдық енгізетін орталықтар құру, екіншісі-тұтас аудан көлемінің негізінде инновациялық кешен құру [57, 122-б.].
Кесте 3. – Инновациялық жүйе құрылымы
Жүйе құрылымы
|
Іс-әрекет түрлері
|
Мәселенің себептері, шешу жолдары
|
Ұйымдастыруды басқару
Қаржылық қолдау
Жүргізілген жұмыстарға сырттай бақылау жүргізу
|
Ұзақ мерзімді жоспар
Ота мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Жоспарланған қызметтерді ұйымдастыруды жүргізу
Ұзақ мерзімді жоспар
Ота мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Жоспарланған қызметтерге қаржылық қолдау
Ұзақ мерзімді жоспар
Ота мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
Әлеуметтік-мәдени тұрғыда зерттеу
|
Басқару және ұйымдастыру кезіндегі қателіктер
қызметтің жаңа жүйесін қалыптасыру
|
Мұғалжар ауданы аумағының тұрақты әлеуметтік-экономикалық даму мүмкіндіктерін осы негізде толықтай қамтысақ, ауданның экономикасы мен әлеуметтік әлеуеті артатыны сөзсіз.
Достарыңызбен бөлісу: |