М. С. Мұздыбаев, Д. М. Мырзабекова



жүктеу 267,39 Kb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата14.05.2018
өлшемі267,39 Kb.
#12511
1   2   3   4   5   6   7   8   9

1) сату алдындағы техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі ТҚса);  

2) сыннан ӛткізу кезеңіндегі техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - ТҚсӛ);  

3) күн сайынғы техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - КҚ);  

4) кезеңді техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - ТҚк);  

5) маусымдық техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - МҚ);  

6) консервациялау алдындағы техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі - ТҚт);  

7) жӛндеу (бұдан әрі - Ж).  

 ТҚ операцияларының барлық кӛлемі екі топқа бӛлінеді:  

1) міндетті жұмыстардың тізбесіне кіретін операциялар. Операциялардың бұл 

тобы,  меншік  нысандарына  қатыссыз  автокӛлік  құралдары  иелерінің  барлығы 

орындау үшін міндетті болып табылады;  

2) автокӛлік құралдары иелерінің шешуі бойынша орындалатын, ұсынылатын 

операциялар.  

 Ӛндірістік  бағдарламаға  байланысты  автокӛлік  құралдарына  ТҚ  бойынша 

жұмыстар (күйанықтау) ағынды желілерде немесе тұйықталған посттарда, ал ТЖ  - 

әмбебап  және  мамандандырылған  посттарда  орындалады.  Автокӛлік  құралдарына 

ТҚ бойынша жұмыстар кемінде:  

1) ТҚ-1 үшін - 12 қызмет кӛрсету;  

2)  ТҚ-2  үшін  -  5  қызмет  кӛрсету  ауысымдық  бағдарламасы  бар  ағынды 

желілерде жүргізіледі.  

 Орындалатын  жұмыстардың  сапасын  белгіленген  кӛлемде  қамтамасыз  ету, 

сондай-ақ  еңбек  ӛнімділігін  арттыру  мақсатында  ілеспелі  ағымдағы  жӛндеудің 

кӛлемін  ТҚк  жүргізу  кезінде  шектеу  ұсынылады.  Ілеспелі  ағымдағы  жӛндеу 

операцияларының  жалпы  еңбек  сыйымдылығы  ТҚк  тиісті  түрінің  еңбек 

сыйымдылығынан 20%-дан аспауы тиіс. 

 

 



12 тақырып. Автокӛлік құралдарына сыннан ӛткізу кезеңіндегі 

техникалық қызмет кӛрсету 

 

Жаңа  автокӛлік  құралдарының  сыннан  ӛткізу  кезеңі  бӛлшектердің, 



тораптардың, тетіктердің қарқынды қосымша жұмысымен, бекіткіш қосылыстардың 

босауымен және технологиялық саңылаулардың бұзылуымен сипатталады.  

ТҚсӛ  бойынша  жұмыстарды  орындауды  автокӛлік  құралының  иесі 

техникалық  қызмет  кӛрсету  станцияларында  жүзеге  асырады  және  ол  автокӛлік 

құралы агрегаттарының, тораптарының және бӛлшектерінің ең тӛменгі тозу арқылы 

қосымша  жұмыс  істеуін,  босаған  бекіткіштер  мен  қосылған  жерлерді  бақылауды 

және тартуды қамтамасыз етудің қолайлы жағдайын жасауға бағытталған.  

Сыннан  ӛткізу  кезеңі  жасаушы  кәсіпорында  автокӛлік  құралының  нақты 

маркасы  (үлгісі)  үшін  белгіленеді  және  конструкция  мен  пайдалану  шарттарына 

байланысты 1-ден 5 мың км дейін болуы мүмкін.  

Автокӛлік құралын сыннан ӛткізу кезеңінің соңында орындалуы қажет негізгі 

жұмыстарға:  

1) қозғалтқыштағы майды және май сүзгісін ауыстыру;  

2) майлау, қоректендіру және салқындату жүйелерінің герметиктігін тексеру;  

3) агрегаттардың бекіткіштері мен трансмиссияның тораптарын тексеру;  

4) газ бӛлу тетігі мен қоректендіру жүйесі бойынша реттеу жұмыстары;  




5)  басқару  тетіктері  мен  тежегіш  жүйесі  бойынша  бақылау-диагностикалық 

жұмыстар;  

6) қозғалтқышты пайдаланылған газдардың уыттлығы мен түтінділігіне тексеру 

жатады.  

Автокӛлік  құралының  нақты  маркасына  (үлгісіне)  арналған  ТҚсӛ 

операцияларының толық тізбесі жасаушы кәсіпорында белгіленеді және пайдалану 

жӛніндегі нұсқауда (сервистік кітапшада) келтіріледі. 

 

13 тақырып. Автокӛлік құралдарына күн сайынғы  

техникалық қызмет кӛрсету 

 

КҚ  күн  сайын  ауысымның  басталу  алдында  не  ауысымаралық  уақытта 



автокӛлік  құралының  техникалық  жай-күйін  бақылау  және  оны  пайдалануға 

дайындау мақсатымен орындалады.  

Автокӛлік құралына КҚ операцияларында:  

1) тиісті сыртқы түрді сақтау бойынша жұмыстарды орындау;  

2) техникалық жай-күйді тексеру;  

3) пайдалану сұйықтықтарын құю;  

4) санитарлық ӛңдеу кӛзделеді.  

Техникалық  жай-күйді  тексеруді  күн  сайын  арнайы  постта  немесе  автокӛлік 

құралы  тұрақты  тұратын  (сақталатын)  орында  жауапты  техникалық  қызметкер 

(бақылаушы  механик)  және  (немесе)  желіге  шығу  алдында  жүргізуші  жүзеге 

асырады.  

Автокӛлік  құралының  кәсіпорын  тұрақты  орналасқан  орыннан  тыс  жұмысы 

кезінде  КҚ  бақылау  операцияларын  күн  сайын  жүргізуші  орындайды.  Бақылау 

операциялары сонымен қатар жүргізушілер ауысу кезінде орындалады.  

Жинау-жуу  жұмыстары  қажетті  жуатын  жабдықпен  жабдықталған  және 

қоршаған  ортаның  автокӛлік  құралдары  агрегаттарының,  тораптарының  және 

бӛлшектерінің  тозуынан  шыққан  заттармен,  пайдалану  материалдарымен  және 

персонал  осындай  жұмыстарды  орындауға  арналған  арнайы  техникалық 

сұйықтықтармен ластану мүмкіндігін болдырмайтын мамандандырылған посттарда 

орындалады.  Одан  басқа,  жинау-жуу  жұмыстары  міндетті  тәртіппен  автокӛлік 

құралдары  күйін  анықтау,  техникалық  қызмет  кӛрсету  және  жӛндеу  посттарына 

автокӛлік құралы келер алдында орындалады.  

Мамандандырылған автокӛлік құралдарының шанақтарын дезинфекциялағыш 

ерітінділермен  ӛңдеу  Автомобиль  кӛлігімен  жүктерді  тасымалдау  ережесінің, 

жүктің  нақты  түрін  тасымалдауға  қойылатын  талаптарына,  сондай-ақ  санитарлық-

эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.  

Жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды жүзеге 

асыру  кезінде  пайдаланылатын  автобустардың,  шағын  автобустардың  салондары, 

отырғыштарды, тұтқаларды, терезе шыныларын және едендерді қоса алғанда, желіге 

шығу  алдында  міндетті  тәртіппен  жуғыш  және  дезинфекциялағыш  заттарды 

пайдалану арқылы күнделікті жуылуы тиіс. 

 

 

 

 



14 тақырып. Автокӛлік құралдарына кезеңді  

техникалық қызмет кӛрсету 

 

ТҚк  жұмыстардың  кӛлемі,  олардың  орындалу  кезеңділігі  мен  еңбекті  қажет 



етуі бойынша шартты түрде үш сатыға бӛлінеді: бірінші техникалық қызмет кӛрсету 

(бұдан әрі  - ТҚ-1), екінші техникалық қызмет кӛрсету (бұдан әрі  - ТҚ-2) және МҚ 

операциялар.  

Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  елдерінде  шығарылған  автокӛлік 

құралдары үшін де,  сондай-ақ  алыс  шет  елдерде  шығарылған  автокӛлік  құралдары 

үшін  де  ТҚк  сатыларын  қамтитын  негізгі  операциялар  аталып  ӛткен.  Олар 

пайдалану  жӛніндегі  нұсқауға  немесе  автокӛлік  құралының  сервистік  кітапшасына 

сәйкес  те  орындалуы  және  6-қосымшаның  мәліметтерін  ескере  отырып  ӛңделуі 

мүмкін.  

Автокӛлік  құралын  жасаушы  кәсіпорында  жүріс  аралықтарының  нормалары 

мен  ТҚк  операцияларының  тізбесі  белгіленбеген  немесе  олар  толық  болып 

табылмаған жағдайда, келтірілген мәліметтерді басшылыққа алу ұсынылады.  

Тәуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  және  алыс  шетел  елдерінде  шығарылған 

кейбір  автокӛлік  құралдары  үшін  жасаушы  кәсіпорын  әрбір  автокӛлік  құралының 

нақты  маркасы  (үлгісі)  үшін  ӛз  жұмыс  кӛлемі  мен  ӛз  кезеңділігін  және  ТҚк 

сатысының тиісті индексін (мысалы, А, В, С) белгілеуі мүмкін.  

ТҚк  бойынша  жұмыстардың  еңбекті қажет  ету,  автокӛлік  құралдарының  ТЖ 

салыстырмалы  еңбекті  қажет  ету  нормативтері  келтірілген.  Берілген  пайдалану 

шарттарында  автокӛлік құралының  нақты  маркасы  (үлгісі)  бойынша  еңбекті қажет 

ету  мәндерін  анықтау  үшін  жұмыстарды  жүргізуші  қажет  кезде  операцияларды 

нормалауды ӛз бетімен жүргізеді.  

Автокӛлік  құралдарын  пайдаланудың  жол  тӛсемі  мен  жер  қыртысының 

түрімен сипатталатын шарттарының жіктемесі бес санатқа бӛлінеді.  

 ТҚк  бойынша  жұмыстардың  кезеңділік  және  еңбекті  қажет  ету,  сондай-ақ  ТЖ 

салыстырмалы  еңбекті  қажет  ету  нормативтері,  сондай-ақ  автокӛлік  құралдарын 

жасаушы  кәсіпорында  ұсынылатын  нормативтер  нақты  пайдалану  шарттарында 

тиісті коэффициенттердің кӛмегімен:  

1) К1 автокӛлік құралдарын пайдалану шарттарына;  

2) К2 - табиғи-климаттық шарттарға;  

3)  К3  -  автокӛлік  құралын  пайдалана  бастағаннан  бастап  белгіленген 

амортизациялық жүріске дейінгі жүрісіне;  

4)  К4  -  қызмет  кӛрсетілетін  және  жӛнделетін  автокӛлік  құралдарының  санына 

байланысты ӛңделеді.  

 1,0-ге  тең  бастапқы  ӛңдеу  коэффициенті  пайдалану  шарттарының  бірінші 

санаты және қоңыржай климат аймағы үшін қабылданады.  

Нормативтердің қорытындылаушы ӛңдеу коэффициенті жеке коэффициенттерді 

кӛбейтумен белгіленеді:  

1) кезеңділік ТҚк - К1. К2;  

2) еңбекті қажет ету ТҚк - К4;  

3) еңбекті қажет ету - ТЖ - К1. К2. К3. К4.  

ТҚк операцияларының номенклатурасы ӛз бетінше болып табылады. ТҚк әрбір 

келесі  сатысы  алдағы  саты  жұмыстарының  кӛлемін  қамтиды  (ТҚ-2  ТҚ-1 

операцияларын, МҚ - ТҚ-2 операцияларын қамтымайды).  



ТҚк  әрбір  сатысы ӛз  бетінше орындалуы  мүмкін.  Алайда, ӛндіріс  шарттарында 

ТҚк  тиісті  сатыларын  біріктіру  орынды  (мысалы,  ТҚ-2  орындау  кезінде  ТҚ-1-де 

кӛзделген жұмыстардың кӛлемін бір мезгілде орындау орынды). 

Автокөлік құралдарына маусымдық техникалық қызмет көрсету 

МҚ автокӛлік құралын кӛктемгі-жазғы және күзгі-қысқы кезеңдер жұмысына 

дайындау  бойынша  жұмыстарды  орындау  арқылы  жылына  екі  рет  (кӛктемде  және 

күзде) жүргізіледі.  

МҚ  кезінде  орындалатын  жұмыстардың  жалпы  кӛлеміне  ТҚ-2  міндетті 

жұмыстары және тікелей МҚ операциялары кіреді.  

Тӛменгі  температуралар  кезінде  қозғалтқышты  іске  қосуды,  автокӛлік 

құралының жолаушы салонының (кабинасының) герметиктігін және қыздырылуын 

қамтамасыз етумен, қоршаған ортаға зиянды әсерді тӛмендетумен байланысты МҚ 

едәуір маңызды жұмыстары күзгі кезеңде орындалады.  

Одан басқа, МҚ негізгі жұмыстарына:  

1)  қоректендіру  жүйесінің  герметиктігін,  қозғалтқыштың  майлану  мен 

салқындатылуын,  сондай-ақ  салқындатқыш  сұйықтықтың  тығыздық  деңгейін 

тексеру және пайдалану шарттарымен сәйкестікке келтіру;  

2) от алдыру жүйесін (жоғарғы вольтті сымдардың, бӛлгіштің және тұтандыру 

оттықтарының жай-күйін) тексеру;  

3) электр жабдығының жай-күйін тексеру;  

4)  электролиттің  тығыздық  деңгейін  бақылау  әрі  пайдалану  шарттарымен 

сәйкестікке  келтіру  және  аккумулятор  батареясының  бақылау-машықтандыру 

циклін жүргізу;  

5)  қозғалтқыштағы  майды  және  салқындатқыш  сұйықтықты  ауыстыру 

(қажеттілік бойынша) жатады. 

 

15 тақырып. Сұйытылған мұнай және сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін  

автокӛлік құралдарына техникалық қызмет  

кӛрсету және жӛндеу ерекшеліктері 

 

Сұйытылған  мұнай  және  сығылған  табиғи  газбен  жұмыс  істейтін  автокӛлік 



құралдарына  (бұдан  әрі  -  газбаллонды  автокӛлік  құралдары)  ТҚк  бойынша 

жұмыстар  кезеңділігі  карбюраторлы  және  дизельді  қозғалтқыштары  бар  автокӛлік 

құралдарына арналған ТҚк бойынша жұмыстардың кезеңділігіне сәйкес келеді.  

 Газбаллонды  автокӛлік  құралдарына  техникалық  қызмет  кӛрсету  және 

жӛндеу  жүргізу  кезінде  газбен  және  бензинмен  қоректендіру  жүйелеріне  ТҚ  және 

ТЖ бір мезгілде орындалатын технологиялық процесі сияқты газ аппаратурасы үшін 

ТҚ  және  ТЖ  ӛз  бетінше  технологиялық  процесі  ұйымдастырылуы  мүмкін. 

Жұмыстар  мамандандырылған  учаскеде  жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте,  бірінші 

жағдайда,  мамандандырылған  учаскеге  екі  дербес  пост  кіреді,  оларда  жұмыс 

бензиндік (дизельдік) және газдық қоректендіру жүйелері үшін бӛлек орындалады. 

Екінші  жағдайда,  газбен  қоректендіру  жүйесінің  ТҚ  және  ТЖ  бойынша  жұмыстар 

мамандандырылған  учаскеде  орындалады,  ал  бензиндік  (дизельдік)  қоректендіру 

жүйесінің жұмыстары жалпыпосттар мен желілерде орындалады.  

Автокӛлік  кәсіпорындары  мен  техникалық  қызмет  кӛрсету  станцияларында 

газбаллонды  автокӛлік  құралдарының  ТҚ  және  ТЖ  ұйымдастыру  кезінде  ашық 

алаңда  орналасқан,  газ  аппаратурасының  герметиктігін  тексеру  посттары  кӛзделу 




тиіс.  Газбаллонды  автокӛлік  құралдарының  ТҚ  және  ТЖ  постарына  қойылуы, 

сондай-ақ  сақталуы  газ  аппаратурасының  жарамдылығын  тексеруді  жүргізгеннен 

кейін  ғана  рұқсат  етіледі.  Бұл  ретте  газ  қоректендіру  жүйесінен  шығарылуы  тиіс 

және  қозғалтқыштың  ТҚ  мен  ТЖ  және  сақтау  аймағындағы  одан  арғы  жұмысы 

бензиндік  (дизельдік)  қоректендіру  жүйесін  пайдалану  арқылы  жүзеге  асырылуы 

тиіс.  


 Газбаллонды  автокӛлік  құралдарының  ТҚ  және  ТЖ  бойынша  жұмыстары 

аяқталғаннан  кейін  сонымен  қатар  газ  аппаратурасының  герметиктігін  тексеру 

жүргізіледі. Герметиктігін тексеруден жоғарғы қысымды газ құбырларының барлық 

қосылыстары,  газ  баллондарының  ауыздары,  шығыс  және  магистральдық 

вентильдер (жабық және толығымен ашық күйде) ӛткізіледі.  

Сығылған табиғи газбен жұмыс істейтін автокӛлік құралдарының ТҚ және ТЖ 

бойынша  жұмыстарын  орындауға  арналған  үй-жайлар,  сондай-ақ  газ  баллондарын 

алуға  және  орнатуға  арналған  посттар  ауа  кеңістігіндегі  кӛмірсутегілердің  үздіксіз 

болуын  бақылау  датчиктерімен,  бір  датчик  үй-жай  ауданының  40  шаршы  метріне 

деген  есеппен,  жабдықталған  сигнал  беру  жүйесімен  жабдықталуы  тиіс.  Ауа 

кеңістігіндегі кӛмірсутегілер шектік рұқсат етілген шоғырланудан асқан кезде жүйе 

үй-жайдың авариялық вентиляциясын қосуы тиіс.  

Газбаллонды автокӛлік құралдарын сақтау тұрақ ауданының әрбір 200 шаршы 

метріне  бір  пост  деген  есеппен,  ӛртке  қарсы  сигнализациямен  және  ӛртке  қарсы 

посттармен  жабдықталған  ашық  алаңшаларда  жүзеге  асырылуы  тиіс.  Газбаллонды 

автокӛлік  құралдарын  сақтауға  арналған  алаңшаларды,  конструкциясы  оларда 

қойылған  газ  баллондарының  қызып  кету  мүмкіндігін  болдырмайтын  қыздыру 

жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі. 



 

 

Әдебиеттер тізімі 



 

 



Савостенко  В.В.  Теоретические  основы  технической  эксплуатации  транспортной  техники. 

Учебник пособие. -  Усть-Каменогорск:  ВКТУ, 1999. -  259 с. 

 

Техническая  эксплуатация  транспортной  техники  /Под  ред.  Кузнецова  Е.  3-е  изд.  –  М.: 



Транспорт, 1991. – 413 с. 

 



Кузнецов  Е.С.  Управление  технической  эксплуатацией  транспортной  техники.  –  М.: 

Транспорт, 1990. – 272 с. 

 

Техническая  эксплуатация  транспортной  техники:  Под  ред.  Крамаренко  –  3-ое  изд.  –М.: 



Транспорт, 1983. – 488 с. / 2-ое изд. –М.: Транспорт, 1972, 440 с. 

 



Крамаренко Г.В., Николаев В.А., Шаталов А.И. Безгаражное хранение транспортной техники 

при низких температурах. – М.: Транспорт, 1984. – 136 с. 

 

Шейнин А.М. Основные принципы управления надежности машин в эксплуатации. Выпуск 1, 



ПМ.: Знание, 1977. – 59 с., - 44 с. 

 



Керимов Ф.Ю., Савостенко В.В. Методы обработки информации о надежности транспортной 

техники, строительных и дорожных машин. – М.: МАДИ, 1990. – 169 с.        

 

Руководство  по  техническому  обслуживанию  и  текущему  ремонту  транспортной  техники, 



работающих в отрыве от основной базы. Алма-Ата, КазНИПИАТ, 1977. – 138 с. 

 



Лабезников  М.Г.,  Бакуревич  Ю.Л.  Эксплуатация  транспортной  техники  в  условиях  жаркого 

климата и пустынно-песчанной местности. – М.: Транспорт, 1969. – 11 с. 

 

Афанасьев Л.Л. и др. Гаражи и станции технического обслуживания транспортной техники. – 



М.: Транспорт, 1980. – 215 с. 



 



Краткий автомобильный справочник (НИИАТ). – М.: Транспорт, 1984. – 224 с.

 

жүктеу 267,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау