- жүктерді тасымалдауға арналған және максималды массасы 3,5 тоннадан асатын,
бірақ 12 тоннадан аспайтын кӛлік құралдары N2 санатындағы механикалық кӛлік
құралдары:
-жүктерді тасымалдауға арналған және максималды массасы 12 тоннадан асатын
кӛлік құралдары N3 санатындағы механикалық кӛлік құралдары:
- жүктерді тасымалдауға арналған және максималды массасы 12 тоннадан асатын
кӛлік құралдары О санатындағы механикалық кӛлік құралдары:
- максималдық массасы 0,75 тоннадан аспайтын тіркемелер О1 санатындағы
механикалық кӛлік құралдары:
- максималды массасы 0,75 тоннадан асатын, бірақ 3,5 тоннадан аспайтын
тіркемелер О2 санатындағы механикалық кӛлік құралдары:
- максималды массасы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 10 тоннадан аспайтын тіркемелер
О3 санатындағы механикалық кӛлік құралдары:
- максималды массасы 10 тоннадан асатын тіркемелер О4 санатындағы механикалық
кӛлік құралдары:
Автомобиль кӛлік құралы дегеніміз автомобиль кӛлігінің жылжымалы
құрамының бірлігі.
Автокӛлік құралдары жабдықтарының құрамдас бӛліктері мен заттары
нормативтік құжаттармен реттелетін талаптар қойылатын автокӛлік құралдарының
құрылымдарында орнатылатын және (немесе) қолданылатын агрегаттар, түйіндер
және бӛлшектер.
Кӛлік техникасын техникалық пайдалану дегеніміз кӛлік техникасының
техникалық күйін тиімді басқару әдістері мен құралдарын оқытатын ғылыми білім
саласы. Кӛлік техникасын техникалық пайдаланудың пәні кӛлік техникасы, оның
техникалық күйі, кӛлік техникасына әрекет ететін әдістер мен құралдар,
нормативтік, техникалық және технологиялық құжаттама.
Кӛлік техникасын техникалық пайдаланудың мақсаты уақыт пен құралдардың
минималды шығындарында пайдалану кезеңінде кӛлік техникасының тиімділігі мен
қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Кӛлік техникасын техникалық пайдаланудың міндеттері - пайдалану кезеңінде
кӛлік техникасының техникалық күйінің нормативтік және техникалық құжаттама
талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету, техникалық қызмет кӛрсету мен жӛндеу
кезінде уақыт пен құралдардың шығындарын азайту, оларды жүргізу үшін қолайлы
жағдай жасау, адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға тигізетін кері әсерін
тӛмендету
7 Тақырып. Кӛлік құралдарының техникалық күйі (негізгі ұғымдар,
терминдер мен анықтамалар)
Кӛлік техникасының және (немесе) оның құрамдас бӛліктерінің техникалық
күйі дегеніміз белгілі бір кезеңде шығарушы кәсіпорынның техникалық
құжаттамасымен белгіленген белгілерімен сипатталатын пайдалану процесінде
ӛзгеретін кӛлік техникасының немесе оның құрамдас бӛліктерінің қасиеттерінің
жиынтығы
Жұмысқа қабілеттілік күйі, жұмысқа қабілеттілік дегеніміз барлық
параметрлердің мәні берілген қызметтерді орындау қабілеттілігін сипаттайтын
нормативтік-техникалық және (немесе) құрылымдық (жобалық) құжаттама
талаптарына сәйкес келетін нысанның күйі
Жұмысқа қабілетсіз күй, жұмысқа қабілетсіздік дегеніміз ең жоқ дегенде бір
параметрдің мәні берілген қызметтерді орындау қабілеттілігін сипаттайтын
нормативтік-техникалық және (немесе) құрылымдық (жобалық) құжаттама
талаптарына сәйкес келмейтін нысанның күйі
Шекті күй дегеніміз нысанды ары қарай пайдалануға жарамсыз немесе тиімсіз
күйі, немесе оның жұмысқа қабілетті күйін қалпына келтіру мүмкін емес немесе
тиімсіз күйі
Шекті күйдің критерийі нормативтік-техникалық және (немесе) құрылымдық
(жобалық) құжаттамамен белгіленген нысанның шекті күйінің белгісі немесе
белгілерінің жиынтығы
Ақаусыз күй, ақаусыздық дегеніміз нысанның нормативтік-техникалық және
(немесе) құрылымдық (жобалық) құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін
күйі
Ақаулы күй, ақаулылық дегеніміз нормативтік-техникалық және (немесе)
құрылымдық (жобалық) құжаттама талаптарының ең жоқ дегенде біреуіне сәйкес
келмейтін нысанның күйі
Жұмыс күйі дегеніміз мақсатқа байланысты қолданылатын нысанның күйі
Кӛлік техникасының және (немесе) оның құрамдас бӛліктерінің техникалық
ақаусыздығы дегеніміз шығарушы зауыт нормалаған барлық параметрлер оларға
белгіленген нормативтік мәндердің шегінде болатын кӛлік техникасының және
(немесе) оның құрамдас бӛліктерінің техникалық күйі
Тежегіш жүйесі дегеніміз автокӛлік құралдарын тежеуді жүзеге асыратын
құрылғылар жиынтығы
Тежегіштік басқару дегеніміз автокӛлік құралдарының барлық тежегіш
жүйелерінің жиынтығы
Жұмыстық тежегіш жүйесі дегеніміз пайдаланудың кез келген жағдайында
автокӛлік құралдарының жылдамдығын реттеуге арналған тежегіш жүйесі.
Автокӛлік құралдарының жылдамдығын баяулатуға арналған тежегіш жүйесі
Аялдамалық тежегіш жүйесі дегеніміз тірек бетке қатысты автокӛлік
құралдарын жылжымайтын күйде ұстауға арналған тежегіш жүйесі
Тежегіш жетек дегеніміз тежеуді жүзеге асыру мақсатында оның кӛзінен
электр энергиясын тежегіш механизміне беруге арналған тежегіштік басқару
бӛлімдерінің жиынтығы
Тежеу күші дегеніміз автокӛлік құралдарының тежелуін болдыратын тіреу
беттің доңғалаққа қатысты реакциясы
Меншікті тежеу күші дегеніміз автокӛлік құралдарының доңғалақтарындағы
максималды тежегіш күштерінің сомасының оның массасы мен еркін түсу үдеуінің
кӛбейтіндісіне қатынасы
Тежеу жолы дегеніміз автокӛлік құралының тежеудің басынан бастап аяғына
дейінгі жүрген жолы
Тежеу жүйесінің іске қосылу уақыты дегеніміз тежеудің басынан бастап
автокӛлік құралының баяулауы жол жағдайында тексеру кезінде белгіленген мәнді
қабылдайтын уақытқа дейінгі немесе стендте тексеру кезінде тежегіш күші
максималды мәнге ие болатын немесе автокӛлік құралдарының доңғалақтарының
стенд роликтерінде блокталатын уақыт интервалы