«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ
Несие комитетінің
201__ жылдың«___» _______
шешіміне (№______ хаттама)
№______ қосымша
К-020
«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатын шарттарға қойылатын талаптар
№
р/с
|
К-020 талабы
|
Талаптардың иесі
|
Ескерту
|
1.
|
Шарт кіріспе сөзбасы: шартқа қол қоятын тараптар көрсетілетін тарау
|
ДРК,
ДПСКД(шартқа қол қойған тұлғалардың уәкілеттілігін тексеру бөлігінде)
|
|
2.
|
Шарт мәні және бағасы (құны): келесілер сөз етілетін тарау:
- тауар/жұмыс/қызметтердің сипаттамасы немесе оларды сипаттайтын қосымшаларға сілтемелер көрсетілген шарт мәні (жабдықты/материалдарды жеткізу, қызметтерді, жұмыстарды орындау және т.с.с.). Келтірілген сипаттамалар сатып алынатын тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді ұқсатуы тиіс (сипаттама, техникалық сипаттамалар, көлемі, саны, мөлшері, жаңа/пайдалануда болған және т.с.).
- бірлік /тауар/жұмыс/қызмет көлемі үшін баға көрсетілген, шарттың жалпы сомасы, ол:
1) кесімді және жұмыс көлемі мен сапасы өзгеріссіз қалған жағдайда, кему жағына өзгертілуі мүмкін;
2) тауарды жүк алушының қоймасына дейін жеткізуге/ қызметтерджі/жұмыстарды орындауға байланысты барлық тәуекелдер мен шығындарды, оған қоса, сақтандыру, салықтарды, баж және қолданылатын құқықпен және/немесе өндіруші зауыт елінің құқығымен белгіленген өзге төлемдерді (жеткізу базисі – DDP (сатып алушының қоймасы)) және жеткізушінің/мердігердің МЗЖ сақтандыруды (оның ішінде, ҚМЖ бүкіл кезеңінде) төлеуді қамтиды.
Шарт сомасы мен мәні келесілерге сәйкес келуі тиіс: жобаның инвестициялық кезеңінің жоспар-кестесіне, Жоба бойынша сатып алу жоспарына, техникалық-экономикалық негіздемеге (бизнес-жоспарға). Егер шарт қаржыландыру кезеңінде қарастырылатын болса, шарттың сомасы мен мәні Жоба бойынша бекітілген шығындар сметасына сәйкес келуі тиіс.
Шартқа есептеулер, шарт сомасының негіздемесі тіркелуі тиіс: құрылыс-монтаждау жұмыстарына сметалар, қызмет құнының есептеуі, түрлері, техникалық сипаттамалары және бір бірлік үшін бағасы бойынша жабдық/материалдардың тізімі).
|
ДРК
|
|
3.
|
Шарт бойынша есептесу талабы мен тәртібі: келесі есептесу тәртібі келісілетін тарау:
1) шарт құнының (тиісті тауар/жұмыс/қызмет көлемі топтамасы сомасының) 30%-ы көлемінде алғытөлем төлеу, жеткізушімен/мердігермен шарттық міндеттемелерді толық орындаудан кейін төленетін шарт құнының 5-10% көлеміндегі ақтық төлемнен басқа, қалған сома жеткізу/жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету айғағы бойынша төленуі тиіс.
( Мысалы:
- жобалау бойынша қызметтер үшін – жобалық-сметалық құжаттаманың оң мемлекеттік сараптама қорытындысын алғаннан кейін;
- құрылыс-монтаждау жұмыстары мен негізгі техникалық жабдықты жеткізу үшін, оның ішінде бас мердігерлік шарты бойынша, ЕРС-шарттары/келісімшарттары үшін – мемлекеттік қабылдау комиссиясының нысанды пайдалануға беру туралы актісіне қол қоюдан бұрын емес және т.с.с.).
2) 30%-дан артық көлемде алғытөлемді көздейтін шарттар бойынша алғытөлем тек мердігермен/жеткізушімен алғытөлемді қайтарудың банктік кепілдігін ұсынған жағдайда ғана төленеді, бенефициар ретінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ көрсетіледі.
3) міндетті түрде кезекті төлем қандай мерзімде және қандай құжаттардың негізінде жүргізілетінін көрсету.
|
ДРК
|
|
4.
|
Тауарды жеткізу/жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету талаптары:
Келесілер келісілетін тарау: тауарды жеткізу/жұмыстарды орындау/қызметтерді көрсету талаптары, орны және мерзімі.
Тарауда келесі талаптар анықталуы тиіс:
- Тауарларды Қарыз алушымен нақты алудан/мердігермен толық көлемде қызметтерді көрсетуден/жұмыстарды орындаудан/жылжымайтын мүлік нысанын пайдалануға беруден кейін меншік құқығының, тәуекелдердің, жауапкершіліктің Қарыз алушыға өтуі;
- тауарды тиеу/жеткізу күні, ілеспе құжаттаманы жіберу талаптары:
Жеткізілетін тауармен бірге жіберілетін құжаттардың тізімі (мысалы: төлқұжаттар, сипаттамалар, техникалық құжаттама, сапа/сәйкестік/шығу тегі сертификаттары, қабылдау-тапсыру актілері, жүкқұжаттар/кепілдік талондары, орындалған жұмыстар/көрсетілген қызметтер актісі, экспорт декларациясы, жүк-кеден декларациясы және т.б.);
ілеспе ақпаратты жіберу әдісі – поштамен, факспен, электрондық поштамен және т.б.
шартта жұмыстарды орындаудың/жабдықты жеткізудің бастапқы және ақтық мерзімдері көрсетілуі тиіс. Жұмыс өндірісі кестесінде жұмыстардың жеке кезеңдерінің аяқталу мерзімі (аралық мерзімдер) және аралық мерзімдерді бұзу үшін жауапкеркершілік көрсетілуі тиіс.
|
ДРК
|
Incoterms ережелеріне сәйкес жеткізу талаптарын қолдануды ұсынамыз, осы жағдайда ережелер баспасы (м-лы, Incoterms 2010 және т.б.) және жеткізу немесе тиеу орны (жеткізу базисінің талаптарына сәйкес) көрсетіледі, м-лы: Астана ст. DDP талаптарынада (Incoterms 2010). Тауарларды импорттау жағдайында, Incoterm терминалына сәйкес жеткізу нұсқаларын көрсету қажет.
«D» санатты (Incoterms 2010) жеткізу талаптарына басымдылық жасалады. Қарыз алушы Жобасы бойынша шығындар сметасында тауарлар үшін Қарыз алушының қажетті шығындары (кеден бажын төлеу, жүкті сақтандыру, тасымалдау бойынша шығындар) қарастырылған жағдайда, «С» санатты (Incoterms 2010) талаптарға рұқсат беріледі.
Шартта келесілер көрсетілуі мүмкін:
- нысан салынып бітуі тиіс кезең;
- құрылыстың шекті мерзімі.
|
5.
|
Техқұжаттама және таңбалау: міндетті түрде техникалық құжаттаманы ұсыну және орыс және ағылшын/өндіруші тілінде таңбалау көрсетілуі тиіс тарау.
|
ДРК, УТА
|
Техқұжаттаманың тілін келіскен жөн (орыс, ағылшын/өндіруші тілі).
|
6.
|
Жеткізушінің/мердігердің белгілі бір мерзім ішінде тауар/орындалған жұмысқа кепілдігі: келесі талаптар келісілетін тарау:
- кепілдік мерзімі – кемінде 1 жыл.
Ақауларды/сәйкессіздіктерді ауыстырған немесе жөндеген жағдайда, ауыстырылған/қалпына келтірілген тауар/жұмыс/қызметке немесе оның бөлшегіне кепілдік мерзімі осындай ауыстыру/қалпына келтіру күнінен бастап есептеледі.
Егер кепілдік мерзімінің ішінде тауар/жабдық/қызметтің техникалық талаптарға сәйкессіздігі анықталса, тапсырыс беруші мұндай тауар/жабдық/қызметтен бас тарту құқығын иеленуі тиіс, ал жеткізуші өз есебінен тауарды/жабдықты/жұмысты/қызметті ауыстыруы/қалпына келтіруі/сәйкестікке келтіруге және/немесе оны ауыстыру/қалпына келтіру құнын (жұмыстар/қызметтерді ескере отырып) өтеуі тиіс.
Ақауларды/сәйкессіздікті жою мүмкін болған жағдайда және/немесе нысан өндірістік қуатқа шыға алмаған жағдайда, жеткізуші/мердігер тапсырыс берушінің барлық залалдарын (шығындарын) өтейді.
Жеткізушілер/мердігер кемінде кепілді қызмет көрсету мермізіне міндеттемелерді орындаудың банк кепілдігін ұсынуы тиіс, бұл ретте, бенефициар ретінде «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ көрсетілуі тиіс.
|
ДРК
|
|
7.
|
Тараптардың құқықтары мен міндеттері: Тараудың болуы шарттың барлық тараптары үшін міндетті.
Жеткізуші/мердігер шарт бойынша өз міндеттерін орындамағаны және/немесе тиісті түрде орындамағаны жағдайында, тапсырыс берушінің шартты бір жақты тәртіпте бұзу құқығы қаралуы тиіс тарау, бұл ретте, жеткізуші/мердігер шарт бойынша алынған соманы қайтаруға және тұрақсыздық айыбын төлеуге міндетті (шарттың тараптарымен келісілген мөлшерде).
|
ДПСКД_____8.__Тараптардың_жауапкершілігі'>ДПСКД
|
|
8.
|
Тараптардың жауапкершілігі: келесілер келісілетін тарау:
Мердігердің құрылыс нысанын пайдалануға беруге дейінгі оны сақтығына/жеткізушінің тауарды нақты тапсырыс берушімен қабылдауға дейінгі сақтығына жауапкершілігі, сондай-ақ шарт бойынша көрсетілген міндеттемелерді орындамаған және/немесе тиісті түрде орындамаған үшін төленетін айыппұлдардың көлемі, тәртібі және мерзімі.
|
ДРК
|
Ұсыныс: шарт бойынша төлемдердің мерзімін кешіктіру үшін тұрақсыздық айыбының көлемін шектеу, мысалы, «осы шарт бойынша төлемдердің мерзімін кешіктіру үшін тапсырыс беруші уақтылы төленбеген соманың 0,1%-на тең, бірақ шарт құнының 5%-нан апсайтын тұрақсыздық айыбын төлейді».
|
9.
|
Қолданылатын құқық: қолданытан құқық және дауларды шешу орны мен тәртібі келісілетін тарау.
Шартты бейрезидентпен бекіткен жағдайда, шарт Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетінін (Қазақстан Республикасының заңы қолданылатын заң болып табылады) және даулар туындаған жағдайда олар тапсырыс берушінің орналасқан жеріндегі Қазақстан Республикасының соттарында немесе орналасқан жерінде Қазақстан Республикасының аумағындағы төрелік соттарда қаралатынын көрсету.
|
ДПСКД
|
|
10.
|
Шарт тілі: егер шарт екі және/немесе одан артық тілдерде, онын ішінде орыс тілінде әзірленген болса, орыс тілі басым күшті иеленуі тиіс.
|
ДРК
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |