майлау-май құю, тазарту, шинаны жӛндеумен байланысты жұмыстар болып
табылады.
Ағымдағы жӛндеу барысында жоғарыда аталған жұмыстардан басқа
бӛлшектеу-жинақтау, бақылау-іріктеу, ақаулық, ұста-рессорлық, дәнекерлелеу,
балқыту, шанақтық, слесарлық-механикалық, сырлау, желім жұмыстары
орындалады.
Технологиялық процесс жұмысын орындау ұзақтығы уақыт нормасы деп
аталады. Уақыттың техникалық нормасы дегеніміз – анықталған ұйымдастыру-
технологиялық жағдайында біліктілігі сәйкес бір немесе бірнеше орындаушылар
орындайтын технологиялық операцияның регламенттелген уақыты.
Технологиялық процесті жобалау бірқатар принциптер немесе критерийлер
негізінде орындалуы керек. Осы процестерді орындау дәрежесі технологиялық
процестің жетілгендігін сипаттайды. Технологиялық процестің жетілуіне себепші
болатын негізгі критерийлер: еңбектің жоғары ӛнімділігі, бӛлшектердің максималды
сақталуы, ауыр және қол еңбегін тӛмендету, зиянды және қауіпті операцияларды
болдырмау, жылжымалы құрамның тұрып қалуын қысқарту.
Кез-келген критерийлері бойынша технологиялық процестерді оңтайландыру
нақты бір шарттарға (тәуліктік немесе жылдық ӛндірістік бағдарлама, қызмет
кӛрсету әдісі, қызмет кӛрсетілетін автомобильдердің типі, қызмет кӛрсетуге немесе
жӛндеуге кететін уақыт кезеңі, т.б.) байланысты жүзеге асады. Үлкен ӛндірістік
бағдарлама мен қызмет кӛрсетудің ағынды әдісі барысында техникалық қызмет
кӛрсетудің технологиялық процесінде механикаландыру құралдарын кеңінен
қолдану үнемділікке себеп болады. Учаскелерді мамандандыру барысында
орындалатын жұмыстардың біртектілігіне байланысты механикаландыру тиімділігі
артады. Және керісінше, аз ӛндірістік бағдарлама немесе берілген автомобиль
модельдерінің аз мӛлшерінде қымбат механикаландырылған құралдарын және
басқа да күрделі жабдықтарды қолдану үнемсіз болып табылады.
Автокӛлік кәсіпорындарының технологиялық процестерін механикаландыру –
мехникаландыру кӛрсеткіштерімен (механикаландыру дәрежесі, механикаландыру
деңгейі, жұмысшылардың механикаландырылған жұмыспен қамтылу дәрежесі)
сипатталады.
Автокӛлік
кәсіпорындарының
кейбір
учаскелері
үшін
механикаландыру деңгейінің мәндері қосымшада берілген.
Ағымдағы жӛндеудің технологиялық процесін жобалау барысында берілген
кәсіпорында қолданылатын ағымдағы жӛндеу әдісін (агрегатты немесе жеке) есепке
алу керек. Жӛндеудің агрегатты әдісінде автомобильдің жұмысқа қабілеттілігін
қалпына келтіру істен шыққан агрегатты агрегаттардың айналым қорынан
алынатын жаңа агрегатқа ауыстыру арқылы жүзеге асады. Бұл жағдайда ағымдағы
жӛндеу аймағында бӛлшектеу-жинақтау, ақаулық және басқа да агрегаттарды
қалпына келтіру жұмыстарын орындау жоспарланбайды. Істен шыққан агрегаттарды
қалпына
келтіру
мамандандырылған
учаскелерде
немесе
автожӛндеу
кәсіпорындарында іске асады.
Ағымдағы жӛндеуді ұйымдастырудың осы сұлбасына сәйкес технологиялық
процесті жоспарлау қажет. Бұл жағдайда ол бӛлшектеу-жинақтау, күйанықтау,
кӛтеріп-тасымалдайтын және басқа да агрегатты шешу мен тасымалдау процесіне
байланысты операциялардан тұрады. Берілген операцияларды механикаландыру
құралы ретінде автомобильдердің ағымдағы жӛндеу аймағында кӛп тұруын
қысқартатын ӛнімділігі жоғары технологиялық жабдықтарды таңдау қажет. Агрегат
әдісінің негізгі артықшылығы автомобильдердің ағымдағы жӛндеуде болу уақытын
қысқарту болып табылады.
Жӛндеудің жеке әдісінде ағымдағы жӛндеу қосынында бӛлшектерді ауыстыру
мен агрегаттардың қандай да бір бӛліктерін ғана бӛлшектеуді қамтитын
технологиялық процесті жоспарлау тиімді.
Тиімді ұйымдастырылған және нормаланған технологиялық процесті сипаттау
технологиялық карта түрінде беріледі. Технологиялық карта орындаушы үшін
жетекші құжат болып табылады және оны техникалық қызмет кӛрсету мен
ағымдағы жӛндеу жұмыстарының толық және сапалы орындалуын техникалық
бақылау үшін де қолданады.
-
Карта негізінде автомобильдердің қосында тұру ұзақтығы, техникалық
әрекеттер бойынша жұмыс кӛлемі анықталады, сонымен қатар жұмыстарды
орындаушылар мен қосын арасында бӛлу іске асады.
11 тақырып. Автокӛлік құралдарына техникалық қызмет
кӛрсету және жӛндеу
Автокӛлік құралдарының сенімділігін, олардың жолдардағы қоршаған ортаға
ең тӛменгі теріс әсермен қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету жоспарлау-алдын алу
техникалық қызмет кӛрсетудің жоспарлау-алдын алу жүйесін (бұдан әрі - Жүйе) іске
асырумен жүзеге асады.
Жүйе нормативтік құжаттаманың, және автокӛлік құралдарының, оларды
пайдалану және сақтау процесіндегі жарамды күйін қамтамасыз ету үшін қажетті
орындаушылардың және техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу құралдарының
жиынтығын білдіреді.
Автокӛлік құралдарына техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу жӛніндегі
нормативтік құжаттама пайдалану шарттарын ескере отырып, қағидаттар,
анықтамалар, ұсыныстар, технология, нормативтерді және оларды ӛңдеу әдістерін
белгілейді және осы Ережеден, мемлекеттік стандарттар мен ӛзге де нормативтік
актілерден, оның ішінде конструкторлық құжаттама мен автокӛлік құралының
нақты маркасын (үлгісін) пайдалану жӛніндегі басшылық құралдан тұрады.
Автокӛлік кәсіпорындарында, автокӛлік құралдарына техникалық қызмет
кӛрсету және жӛндеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындарда (бұдан әрі -
техникалық қызмет кӛрсету станциялары) орналасқан автокӛлік құралдарына
техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу құралдарына ғимараттар мен құрылыстар,
технологиялық жабдық пен жарақ кіреді.
Жүйені іске асыру процесіндегі техникалық іс-әрекет жиынтығы:
1) автокӛлік құралын пайдалануға енгізуге, пайдаланудан уақытша алуға және
сақтауға дайындауға;
2) автокӛлік құралдарының, оларды пайдалану және сақтау процесіндегі
қажетті сенімділік деңгейін ұстап тұруға және жарамды күйін қамтамасыз етуге
бағытталған автокӛлік құралдарына техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу
бойынша жұмыстарды қамтиды.
Автокӛлік құралдарына техникалық қызмет кӛрсету және жӛндеу мынадай
түрлерге бӛлінеді: