Коррозия. Сыртқы ортаның әсерінен металл тоттанып, оның беріктігі
жойылады. Коррозиялық тозуға әкеліп соғатын қоршаған ортаның белсенді
агенттеріне жолға себілетін тұз ерітінділері, су мен топырақта болатын қышқылдар,
пайдаланылған газ компоненттері. Коррозиялық тозу шанақты, раманы, суыту және
қоректендіру жүйелерін қамтиды. Автомобильдің кейбір бӛлшектері сұйық
ағынында болатын ауа түйіршіктерін осқылау кезінде гидравликалық соққы
нәтижесінде кавитациялық тозуға ұшырайды. (цилиндрдің гильзалары, су
сорғысының қалақтары).
Денеге қатысты сұйықтық немесе газдың қозғалысы кезінде дене бетінен
металдың бӛліктерінің бӛлінуі нәтижесінде эрозияға ұшырайды (қозғалтқыштың
клапандары, карбюратордың жиклерлері).
Материалдар мен металдардың физика-химиялық және температуралық
өзгеруі. Автомобильдің, оның агрегаттары мен бӛлшектерінің техникалық күйінің
параметрлері сыртқы ортаның әсеріне, пайдалану жағдайына қатысты ӛзгереді.
Тезеңке-техникалық бӛлшектер тотығуда, термиялық әрекетте (қызу, суу), майдың,
отынның, сұйықтың химиялық әрекетінде, күн радиациясы мен ылғалда беріктік
пен серпімділігін жоғалтады. Бӛлшектер мен материалдар сақтау кезінде де ӛз
қасиеттерін ӛзгертеді.
5 тақырып. Пайдалану жағдайларының автомобильдің техникалық күйіне
тигізетін әсері
1 Жол жағдайлары
2 Қозғалыс
жағдайлары
3 Кӛліктік жағдайлар (тасымалдау)
4 Табиғи-климаттық жағдайлар
5 Мерзімдік жағдайлар.
Істен шығулар жіктемесі. Бұйымның жұмысқа қабілеттілігіне әсер ету
бойынша бұйымның ақаулығына немесе істен шығуына ықпал ететін оның
элементтерінің істен шығуы болады. Мысалы, салонның ішіндегі шамның қыздыру
жібінің жанып кетуі шамның, автомобильдің емес істен шығуын (элементтің), ал
тежегіш жүйесінің істен шығуы автомобильдің істен шығуына әкеліп соғады.
Пайда болу кӛзіне байланысты: құрылымдық жетіспеушілігінің салдарынан
болатын құрылымдық істен шығу; бұйымды жӛндеу немесе дайындаудың
технологиялық процесінің бұзылуы немесе жетіспеуі салдарынан болатын
өндірістік істен шығу; әрекеттегі ережелердің (уақытында техникалық қызмет
кӛрсетуден ӛтпеу, аввтомобильге артық жүк тиеу т.б.) бұзылуынан болатын
пайдалану барысындағы істен шығу. Басқа элементтердің істен шығуымен бай
ланысты тәуелді және тәуелсіз істен шығулар болады. Тәуелді істен шығу
бұйымның басқа элементтерінің ақаулығынан немесе істен шығуынан болатын істен
шығу. Тәуелсіз істен шығу басқа элементтердің ақаулығынан немесе істен
шығуынан тәуелсіз болатын істен шығу.
Пайда болу сипаты мен болжау мүмкіншілігіне байланысты біртіндеп және
кенеттен істен шығу болады. Біртіндеп істен шығу нысанның техникалық күйінің
параметрлерінің бір қалыпты ӛзгеруі нәтижесінде болады. Ол кӛбінесе
бӛлшектердің тозуы салдарынан болады. Кенеттен істен шығу техникалық күй
параметрлерінің әрқилы ӛзгеруі салдарынан болады.
Пайда болу жиілігіне байланысты аз жұмыс істеу уақытымен байланысты (х<3-
4 мың км), орташа жұмыс істеу уақытымен байланысты ( 3-4 ≤ х < 12-16 мың км)
және ұзақ жұмыс істеу уақытымен байланысты (х > 10-16 мың км).
Еңбек сыйымдылығы мен бұзылуды жөндеу ұзақтығы бойынша. Бір істен
шығуды жӛндеудің орташа еңбек сыйымдылығы 1,5-2 адам-сағат.
Автомобильдің жұмыс уақытын жоғалтуға ықпал ету бойынша істен
шығулар жұмыс уақытын жоғалтпай жӛндеу және жұмыс уақытын жоғалтумен
жӛндеу болып бӛлінеді.
6 Тақырыбы. Кӛлік құралдарының түрлері. Кӛлік техникасын техникалық
пайдаланудың пәні, мақсаты, міндеттері
Механикалық кӛлік құралы дегеніміз қозғалтқышпен жабдықталған кӛлік
құралы. Кӛлік құралы дегеніміз адамдарды және (немесе) жүктерді тасымалдауға
арналған құрылғы.
92/53/ЕЭС Кеңесінің директивасына сәйкес механикалық кӛлік құралдары
санаттарға бӛлінеді:
- 4-тен кем доңғалақтары бар кӛлік құралдары L санатындағы механикалық кӛлік
құралдарына жатады
- жұмыс кӛлемі 50 куб.см-ден аспайтын және максималды құрылымдық
жылдамдығы 40 км/сағ. аспайтын қозғалтқышты бар екі және үш доңғалақты кӛлік
құралдары L1 - L2 санатындағы механикалық кӛлік құралдарына жатады:
- жұмыс кӛлемі 50 куб.см-ден асатын және максималды құрылымдық жылдамдығы
40 км/сағ. асатын қозғалтқышты бар және максималды салмағы 1000 кг-нан
аспайтын екі және үш доңғалақты (ортаңғы бойлық оське қатысты ассиметриялы
және симметриялы) кӛлік құралдары L3 санатындағы механикалық кӛлік
құралдарына жатады:
- 4-тен кем емес доңғалақтары бар және жолаушыларды тасымалдауға арналған
механикалық кӛлік құралдары М санатындағы механикалық кӛлік құралдарына
жатады:
- жүргізушінің орнын есептемегенде 8-ден аспайтын орны бар, жолаушыларды
тасымалдауға арналған кӛлік құралдары М1 санатындағы механикалық кӛлік
құралдарына жатады:
- жүргізушінің орнын есептемегенде 8-ден асатын орны бар, жолаушыларды
тасымалдауға арналған және максималды массасы 5 тоннадан аспайтын кӛлік
құралдары М2 санатындағы механикалық кӛлік құралдарына жатады:
- жүргізушінің орнын есептемегенде 8-ден асатын орны бар, жолаушыларды
тасымалдауға арналған және максималды массасы 5 тоннадан асатын кӛлік
құралдары М3 санатындағы механикалық кӛлік құралдарына жатады
- 4-тен кем емес доңғалақтары бар және жүктерді тасымалдауға арналған
механикалық кӛлік құралдары N санатындағы механикалық кӛлік құралдарына
жатады:
- жүктерді тасымалдауға арналған және максималды массасы 3,5 тоннадан аспайтын
кӛлік құралдары N1 санатындағы механикалық кӛлік құралдарына жатады: