Бірақ,
автомобильдің
сапасын
анықтайтын
қасиеттерінің
кӛптеген
кӛрсеткіштері, мысалы, үнемділік, қауіпсіздік, динамикалылығы, ӛнімділігі,
жайлылығы және т.б. автомобильдің жұмысы барысында (ескіру) ӛзгереді. Осы
қасиеттерді қолдауға, қалпына келтіруге, яғни оларды басқаруға болады. (Мысалы,
жаңа ЛиАЗ-677 автобусының жүргізушісінің жұмыс орнының аймағында НИИАТ-
тың берілісі бойынша шуыл деңгейі 87 дБ, ал 400 мың км-ден кейін – 96 дБ-ге дейін
жетеді).
Кейбір кӛрсеткіштер қатары үшін (ӛнімділік, жұмысқа қабілеттілік, істен
шыққанға дейінгі жұмыс істеу уақыты және т.б.) автомобильдің пайдалану
уақытынан немесе жүрістен экспоненциалды тәуелділік бойынша ӛзгереді:
П
К
(t) = П
К1
ехр [- k (t – 1)],
мұндағы t – пайдалану ұзақтығы, жылдар; П
К1
, П
К
(t) – пайдаланудың бірінші
және t жылдағы сапа кӛрсеткіштері; k – жұмыс істеу уақыты бойынша сапа
кӛрсеткішінің ӛзгеру қарқындылығын анықтайтын коэффициенті.
Уақытқа қатысты автомобиль сапасының кӛрсеткіштері неғұрлым қарқынды
түрде ӛзгерсе, оның пайдалану қасиеттері соғұрлым тӛмен болады. Сондықтан да
осындай кӛрсеткіштерді бағалау кезінде бұйымның пайдалану уақытын есепке алу
қажет. Сапаның іске асырылатын кӛрсеткіші – берілген немесе нақты автомобильдің
қызмет ету мерзімі немесе жүрісі үшін сапа кӛрсеткішінің орташа шамасы.
Іске асырылатын кӛрсеткіш келесідей анықталады:
]
[
)
(
1
1
kt
ехр
t
ехрk
П
t
П
t
t
К
К
Сапаның іске асырылатын кӛрсеткіші сапа кӛрсеткішініңбастапқы мәнінен,
уақытқа қатысты оның ӛзгеру қарқындылығынан және бұйымның t қызмет ету
мерзімінен тәуелді болады. Сапа кӛрсеткішінің бастапқы мәні пайдалану саласының
талаптарын есепке ала отырып, ӛндіріс саласымен анықталады. Автомобильдің
қызмет ету мерзімі оның құрылымынан, ӛндіріс технологиясынан, пайдалану
жағдайынан, сонымен қатар кӛліктік жұмысқа қажеттілік пен берілген
автомобильдердің ӛндіріс кӛлемі арақатынасынан тәуелді. Сапа кӛрсеткіштерінің
ӛзгеру қарқындылығы ӛндіріс және пайдалану саласынан тәуелді. Автомобиль
ӛнеркәсібі сапа кӛрсеткіштерінің ӛзнеру қарқындылығына автмообиль ӛндірісінің
технологиясы мен құрылымын жетілдіру, бӛлшектердің тозу тұрақтылығы мен
беріктілігін арттыру, пайдаланатын материалдардың сапасын арттыру арқылы әсер
етеді.
Сенімділік дегеніміз кез келген бұйымның, соның ішінде автомобильдің
берілген шекте белгіленген пайдалану кӛрсеткіштерінің мәндерін уақытқа қатысты
сақтай отырып, берілген функцияны орындау қасиеті. Пайдалану кӛрсеткіштерінің
жарамды шектері (допустимый предел) сәйкес құжаттамамен анықталады.
Сенімділік қасиет ретінде пайдаланудың анықталған жағдайларында автомобиль
жұмысы кезінде автомобиль сапасы кӛрсеткіштерінің қалай тез ӛзгеретінін
сипаттайды.
4 тақырып. Автомобильдің техникалық күйінің ӛзгеруінің негізгі себептері
Автомобильдің, оның агрегаттары мен механизмдерінің техникалық күйі сол
механизмдердің жұмыстарының салдарынан, басқа да кездейсоқ жағдайлардың,
сонымен қатар автомобиль сақтайтын немесе жұмыс істейтін сыртқы жағдайлардың
әсерінен ӛзгереді. Кездейсоқ себептерге кӛрінбейтін ақаулар, құрылымды артық
жүктеу т.б.
Автомобильдің, оның агрегаттары мен механизмдерінің техникалық күйінің
ӛзгеруіне әсер ететін негізгі үнемі әрекеттегі себептерге тозу, пластикалық
деформация және қажулық қираулар (усталостное разрушение), коррозия,
материалдар мен бӛлшектердің физика-химиялық және температуралық ӛзгеруі
жатады.
Тозу. Тозу процесі үйкелетін бӛлшектердің материалдары мен ӛңделу сапасы,
олардың арасындағы майдың болуы, жанасу жұмысының жүктемелік, жылдамдық
және жылулық режимі себепші болатын үйкеліс нәтижесінде пайда болады. Тозу
дегеніміз бӛлшектің деформациялануы нәтижесінде бӛлшектің ӛлшемінің біртіндеп
ӛзгеру немесе үйкеліс материалының бетінен алшақтау процесі.
Тозудың бірнеше жіктемесі бар. Профессор М.М.Хрущоватың жіктемесі
бойынша
механикалық,
молекулярлы-механикалық,
коррозиялы-
механикалық тозу болады.
Механикалық тозу ӛз алдында пластикалық деформация салдарынан болатын
тозу, абразивті тозу және морттық беттік бүліну салдарынан тозу деп бӛлінеді.
Абразивті тозу үйкеліс беттерінің арасындағы қатты түйіршіктердің тырнауы
салдарынан болады. Үйкелетін бӛлшектер арасына немесе ашық үйкеліс
түйіндерінің майлау материалдарына қоқым, құм түрінде түсетін түйіршіктер
олардың тозуын арттырады. Кейбір механизмдерде абразивті түйіршіктер ретінде
үйкелетін бӛлшектерден бӛлінген тозу ӛнімдер болып табылады.
Пластикалық деформация салдарынан болатын тозу бӛлшекке түсетін артық
жүктеменің салдарынан болып, антифрикционды материалдардың беткі қабатының
сырғу бағытына қарай жылжуын сипаттайды. Бұл жағдайда бӛлшектің ӛлшемі оның
массасын ӛзгертпей ӛзгереді.
Морттық беттік бүлінуде түйіскен бӛлшектердің біреуінің беткі қабаты үйкеліс
нәтижесінде жұқарып, оның астындағы жұқа материалды бүлдіреді. (подшипниктің
жүгіру жолы)
Молекулярлы-механикалық тозу үйкелу материалдарының молекулярлық
ілінісу нәтижесінде болады. Үлкен жүктеме мен жылдамдық кезінде май пленкасы
ажырап, металл қатты қызып бір-біріне дәнекерленеді.
Коррозиялы-механикалық тозу. Механикалық тозу мен ортаның агрессиялы
әсерінен болады. Механикалық үйкеліс барысында алынатын бӛлшек бетінде жұқа
коррозия
пайда
болады.
(цилиндр-піспекті
топ
бӛлшектерінде,
гидрокүшейткіштерде, гидравликалық жетекті тежегіш жүйесінің бӛлшектерінде).
Пластикалық деформация және бүлінулер. Тұтқыр (болат) және морт (шойын)
материалдармен байланысты болады. Бұндай бүлінулер есептеулерде қателер
болғанда, пайдалану ережесі бұзылған жағдайда болады.
Қажулық тозу. Үнемі артық жүктеме болғанда пайда болады. Қажу сызаттары
біртіндеп жинақталып, бӛлшекті қажулық бүлінуге әкеліп соғады. (аспа бӛлшектері,
(рессорлар, кронштейндер), рама).