«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет15/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

31 


ӘОЖ 001. 

 

ЖАС ҰРПАҚҚА ҰЛТТЫҚ РУХАНИ, МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР НЕГІЗІНДЕ 



ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ БЕРУ 

 

Калдыбаева Г.А. 



Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, ҚРСО мүшесі, Алматы қ. 

 

Жас  ұрпақ    тәрбиесіндегі  тәлімдік  дәстүрлер  тәжірибесін,  бүгінгі  педагогикалық  тәрбие 

мазмұнымен жарасымды  ұштастыру негізінде, Отаны, туған елінің өркениеті үшін қызмет ететін, 

жинақтаған  білімі  мен  қабілетін  адамзат  құндылықтарын  сақтауға,  насихаттауға,  өмір  сүретін 

ортасы үшін пайдаланатын азаматты тәрбиелеу – бүгінгі күннің өзекті проблемасы саналады. Бұл 

міндеттерді  жүзеге  асыру  –  адамзат  қоғамын,  жеке  тұлға  болмысының  рухани  –  мәдениетін 

ізгілендірудің алғышарттары саналады. 

Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ 

тәрбиелеудегі  тәжірибелері,  біздерге  дейін,  сол  рухани  мәдениет,  этикалық,  эстетикалық 

құндылықтарын  құрайтын  –  ұлттық  әдет-ғұрып,  салт-дәстүрлер,  әдеби,  музыкалық,  кәсіби, 

тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге, ұрпақ тәрбиесіне, жалпы 

халықтың  рухани  дамуына  байланысты  педагогикалық  ой-пікірлер  мен  идеяларды,  ертедегі 

ғұламалардың  мұраларынан,  қазақ  ауыз  әдебиеті  құндылықтарынан,  ата-бабаларымыздың 

тәлімдік  дәстүр-салтынан,  билер  мен  шешендердің  сөздерінен  және  дәстүрлі  сәндік  қолөнерінің 

айшықты  туындыларынан  халқымыздың  көркем-эстетикалық  талғампаздығын,  дүниетанымын 

танып  білеміз.  Сол  сияқты,  жас  ұрпаққа  ұлттық  рухани,  мәдени  құндылықтар  негізінде  тәлім-

тәрбие  берудің  маңыздылығына  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев,  Ш.Құдайбердұлы, 

әсіресе  ХХ  ғасырдың  басында,  А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов,    т.б. 

сынды қазақ ағартушылары баса көңіл аударған. Дегенмен де, кеңестік қоғам құрылысы кезінде, 

әр  халықтың  өзіндік  ұлттық  ерекшеліктерін,  ұрпақ  тәрбиелеудегі  сындарлы  тәжірибелерін, 

біртұтас, жалпы кеңестік идеология нормаларымен айырбастағаны белгілі. 

Егемендік  алған кезеңнен бастап,  елімізде жалпы білім беретін  мектептердегі  оқу-тәрбие 

ісінің  мазмұнын  отандық  және  әлемдік  өркениетті  елдердегі  психология,  педагогика  және 

физиология  ғылымдарының  жетістіктерін  пайдалана  отырып,  жас  ұрпақ  тәлім-тәрбиесін,  адами 

болмыстың  қасиеттері  «адамгершілік»,  «ізгілік»,  «әдептілік»,  «қайырымдылық»,  «жақсылық 

нышандар»  мен  рухани-мәдениет  құндылықтары  негізінде  ізгілендірудің  қажеттілігі  туындады. 

Бұл  мәселенің  өзектілігі,  тәрбие  саласындағы  мемлекеттік,  педагогикалық  құжаттар  мен 

тұжырымдарда  басты  мәселелердің  бірі  ретінде  атап  көрсетілген.  Туған  халқының  рухани 

мәдениет  үлгілерін,  адамгершілік  сапаларын,  этикалық-эстетикалық  құндылықтарын  және 

бүкіләлемдік мәдениеттің өнегелік нұсқаларын бір-біріне кіріктіре отырып, жас ұрпаққа игертуге 

бағытталған педагогикалық талаптар мен міндеттер, балалар тәрбиесінің мазмұнын және жүйелік 

нысандарын  одан  әрі  жетілдірудің  қажеттілігін  туғызып  отыр.  Бұл  мәселелердің  шешімін  табу, 

өсіп келе жатқан жеткіншек ұрпақты жан-жақты жетіліп, үйлесімді дамыған, адамгершілік қадір-

қасиеттері мол жеке тұлға етіп тәрбиелеуде берік тұғырлық негіз қалайды. Сондықтан да,  жалпы 

білім беретін мектептің жеткіншек ұрпаққа білім беру сапасын, оқыту әдістемелерін жетілдірумен 

бірге,  оқушыларға  жан-жақты  тәлім-тәрбие  берудің  мазмұнын,  әдістемелік  іс-шараларын 

қоғамның даму үрдісімен ұштасқан міндеттер мен талаптарға негіздеп, үнемі жаңартып отыруды 

талап  етіледі.  Бүгінгі  таңда,  еліміздің  болашағы  –  жас  ұрпаққа  мектеп  аясында  адамгершілік, 

имандылық,  ізгілік,  парасаттылық,  мәдениеттілік,  т.б.  қадір-қасиеттерге  тәрбиелеуде  шешімін 

күтетін  өзекті  мәселелер  бар.  Әлі  де  болса  мектеп  жасындағы  балалардың  бойында,  қоғамның 

өркениетті дамуына кері әсер ететін келеңсіз жат мінез-құлықтардың, рухани өрістің таяздығынан 

халықтық мәдени құндылықтарға деген немқұрайлы көзқарастардың бой алуы жиі көрініс беруде. 

Олай болса, мектептік тәлім-тәрбие мазмұнын, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтардың 

өнегелі нұсқаларымен байыта отырып гуманизациялау, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірінен 

саналады.  



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

32 


Сондықтан,  еліміздің  болашағы  жас  ұрпақтың  қалыптасуына  ықпал  ететін  жаңа  саяси, 

әлеуметтік,  экономикалық  құбылыстар  аясында,  олардың  бойында,  өркениетті  ой-сананың  ең 

басты бағыты саналатын - адамзаттың рухани мәдениет құндылықтарын игерте отырып тұлғалық 

болмысын гуманизациялау қажеттігі туындайды. Халықтың барлық озық идеялары мен тәрбиелік-

тәжірибесі мол мәдениетімізде жинақталғандығын рухани мәдени құндылықтарын игерту арқылы 

білімгерлерге  эстетикалық  тәрбие  берудің  қажеттілігін  дәлелдейді.  Өйткені,  құндылық    адамды 

тұлға  деңгейіне  көтеретін  негізгі  құрал  болып  саналады.  Сондықтан  да  болашақ  мектептегі 

Бейнелеу  өнері  және  сызу  пәндерінен  беретін  мұғалімдерге  қойылатын  талап  ұлттық  рухани 

мәдениет  құндылықтарын  игерту  негізінде  берілген  материалдарды  пайдалану  арқылы, 

оқушыларға  эстетикалық  тәрбие  беру,  әлеуметтендіру  және  шығармашылығын  дамыту  болып 

табылады. Бүгінгі таңда құндылық термині философия, эстетика, этика, өнертану, мәдениеттану, 

әлеуметтану,  психология,  педагогика  ғылымдарында  кеңінен  қаралуда.  Құндылық  мәселесіне 

арналған  еңбектерден  өз  зерттеуімізге  байланысты  «құндылық»  ұғымының  философиялық, 

эстетикалық      педагогикалық  мәніне  баса  назар  аудара  отырып,  оларды  өз  зерттеулеріміздің 

алғышарттары ретінде жүйелі түрде талдау жасаймыз. 

Ұлттық, жалпы адамзаттық құндылықтар қарым-қатынастардан, қоғамдастықтан тыс жеке 

дара  қалыптаспайды.  Ұлттық  сезім  -  ерекше  әлеуметтік  психологиялық  құбылыс,  ол  сыртқы 

әсерлерге тез бой алдырып отырады деп дәлелдейді зерттеуші ғалымдар. Сондықтан да ол үнемі 

тәрбиелеуді  және  ақыл  парасат  тарапынан  бақылауды  қажет  етеді.  Сан  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан өзіндік тарихы бар құндылықтар негізінде болашақ ұрпақты тәрбиелейтін мазмұнды 

ақпараттар  өте  көп.  Ғұлама  ойшылдардың  педагогтар    мен  психологтардың  еңбектерінде  түрлі 

көзқарастарда баяндалып, атадан балаға ұласатын құндылық сезім ниеттер, ұмтылыстар, тұлғаның 

тәрбиелігін анықтайтын ізгі қасиеттерді қамтиды. Философиялық көзқарастарда құндылықтын әр 

түрлі  көріністеріне  жататын  табиғи,  қоғамдық  құбылыстар,  адамның  іс  -  әрекетін  бағалауда 

пайдаланылатын  сұлулық,  қайырымдылық,  мейірімділік  секілді  этикалық  және  эстетикалық 

ұғымдар  қолданылады.  Құндылық  объектісінің  адам  үшін  қаншалықты  маңызды  екенін 

анықтайды. Құндылықтар өмірге, еңбекке, шығармашылыққа, адам өмірінің мәніне т.б. баға беру 

қатынасынан тұрады. Құндылықтар қоғам үшін ең маңызды деген әдет ғұрыптар, нормалар мен  

мән мағыналар   қызметін   өзіне   бағындырады, ретке келтіреді. 

Рухани құндылықтарға  білімді, ғылымды, өнерді,  дінді  жатқызады.  Рухани құндылықтар 

арқылы  адамдар  өткен  дәуірлердегі  адамзат  қолынан  шыққан  материалдық  мұралар  мен 

дүниетанымдық,  эстетикалық,  этикалық  т.б  адами  қасиеттерді  дәріптейтін  құндылықтар  туралы 

тек біліп қана қоймай оның маңызды және қажетті деген элементтерін өзінің рухани мұратына, 

мақсатына  айналдырып  отырады.  Осындай  жағдайда  ғана  нағыз  сабақтастық  болуы  мүмкін. 

Рухани  дәстүр  адамды  қайта  түлетуі  қажет.  Адам  тек  зерделі  тіршілік  иесі  ғана  емес,  сонымен 

бірге оның бойында қасиетті рух бар. «Руханилық - бұл сыртқы болмыс әмбебаптығын тұлғаның 

ішкі  ғаламына этикалық негізде айналдыру қабілеті, сол ішкі әлемді кұрау қабілеті арқылы үнемі 

өзгеріп  отыратын  жағдайдың  алдында  адамның  өзіне  сәйкестігімен  мен  оның  еркіндігін  жүзеге 

асыра  білуі».  Руханилық  ақыр  аяғында  «өзіндік  мағыналық  космогонияға,  әлем  образының 

тұлғаның  адамгершілік  заңымен  бірігуіне  әкеледі»  [4,213].  Халқымыздың  бойынан  табылатын 

жақсы  моральдық  қасиеттердің  түп  негізі  ғасырлар  қойнауында  қалыптасқан  құндылықтар 

әлемінде деп білеміз. Ол құндылықтар ұрпақтан ұрпаққа  сәндік қолданбалы өнер  арқылы,  ауыз 

арқылы  берілген  эпостарда,  фольклорда,  аңыздарда,  айтыс  өнерінде,  дәстүрлі,  дүниетанымдық 

түсінікте  сақталыпты.  Сондықтан  жас  ұрпақты  білімгерлерді  тәрбиелеуде  рухани  даму  бірінші 

орынға  шыға  отырып,  тұлғаның  рухани  деңгейін  көтеру  арқылы    бойындағы  ақылдың  терең 

қасиеттерін  ашуға  мүмкіндік  береді.  Өз  ойынан  ол  білімгер  бойындағы  дарынды  тиімді 

пайдалануға  көмектеседі.  Білімгер  бойындағы  рухани  дүниені  дамыту  арқылы  өмірге, 

айналасындағы      қоршаған  ортаға,  әсемдікке  үйлесімді  қатынас  орнатуға  болады.  Жастардың    

рухани ішкі жандүниесін тәрбиелеу арқылы сыртқы дүниеге, көріністерге, құбылыстарға жаңаша 

қатынас  орнатып,  жоғары  деңгейге  көтеруге      деген        болмысын  қалыптастыруға  болады. 

Руханилық құбылысы әлеуметтік бола адамсыз және адамнан тыс өмір сүре алмайды, сондықтан 

ол  жеке,    дүниетанымымен,  іс-әрекетімен  тікелей  байланысты  [5,192  б.].  Осы    айтылғандар 




жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау