«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет23/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

47 


ә)  Қазақ  халқының  ата  -  кәсібі  мал  өсіру  болғандықтан  төрт  түлік  мал  туралы  және 

олардан  алынатын  өнімнің  пайдасын  қалай  қолданып  келгені  туралы,  құстар  мен  табиғаттағы 

аңдарды қалай қорғап, олардың кейбір ерекшеліктерін пайдалана білгенін оқушыларға қосымша 

түсініктемелер беріп отыруға болады. Мысалы: үкі тырнағы, кірпі тікені, борсық ішегі, т.б. 

Тәуелсіз  Қазақстанның   әлемдік   өркениетке   жетудегі   бірден-  бір  дара  жолы  –  білім 

жүйесі.  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-  бабында:  «Білім  беру  жүйесінің 

басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, 

халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Сондықтан 

қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үдерістерін технологияландыру мәселесі 

қойылып отыр [1]. 

Жаңа  технологияны  меңгеру  оқытушының  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруға көмектеседі, білім алушыны  өзіндік жұмыс атқаруына және  ең басты мәселе - 

білім  сапасын  арттыруға  көмектеседі.  Қазіргі  оқыту  барысында  оқытушы  қолданып  жүрген 

көптеген  технологиялар   жеке  тұлғаның  жетілуіне,  оқытудың  тиімділігінің  негізін  құруға 

бағытталған. 

Білім беруде қолданыс тапқан жаңа инновациялық технологиялар мыналар: 

Саралап- деңгейлеп оқыту; 

Лысенкованың  тірек сигналдары арқылы жеделдете оқыту; 

Ізгілендіру  технологиясы  (  білім  алушының  өзін  -  өзі  тану,  қабілет  қызығушылығын 

дамыту,  тәрбие  негізгі  роль  атқарады,  салауатты  өмір  салты,  сенімділікпен  қарау,  күштеусіз 

шығармашылыққа жетелеу); 

Проблемалық оқыту технологиясы (проблемалық жағдаят туғызу); 

Сын тұрғысынан ойлау технологиясы; 

Кейс  технологиясы  (Кейс  амал-тәсілінде  басты  назар  білім  алушылардың  ұсынылған 

шынайы   немес  қиялдық  жағдаяттарды  талдауы  және  осы  жағдаятқа  өзіндік  баға  беруі,  өзінің 

ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі, т.б) ; 

Модульдік оқыту технологиясы; 

Ұжымдық оқыту технологиясы [2]. 

Осы  инновациялық  технологиялар  негізінде  оқытушы  мен  білім  алушы  мынадай 

нәтижеге қол жеткізеді: 

Түрлі әдіс- тәсілдерді пайдалану сабақтың мәнін терең ашуға көмектеседі; 

Білім алушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады; 

Әрбір білім алушының деңгейі анықталады; 

Білім алушыларды түгел бағалауға болады; 

Білім  алушылардың  жеке  тұлғалық  сипатын  дамытуға,  шығармашылығын  шыңдауға, 

өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады [3]. 

Қазіргі  таңда  оқытушыларға  осы  педагогикалық  жүйені  дамыту,  оны  тәжірибеде 

пайдалану  шарт.  Бұл  жетістіктерге  арнайы  курс,  тәжірибе  алмасу,  біліктілігін  арттыру 

оқытулары және жалықпай іздену арқылы жетуге болады. 

Қорыта  айтқанда,  біз  тәрбиелеп  отырған  жеке  тұлға  білімді,  білікті,  іскер,  еңбекқор, 

рухани жетілген, ұлттық болмысы шыңдалған, білімнің әлемдік кеңістігіне шыға алатындай әрі 

мейірімді болуы тиіс. 

Шығыс  даналығымен  айтсақ,  «Біліммен   қарулану  -  батырлық,  білімді  жетілдіру  -

даналық, ал оны тиімді қолдану - іскерліктің жоғарғы деңгейі». 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  ҚР  Президенті- Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 

2.  Бағзыбекова   Н.  Білім  сапасын   арттырудың  алғы  шарттары  //«Қазақстан  мектебі» 

 №10,  2013 жыл. 

3.  Рахиева  С. Инновациялық тәсілдер негізінде //«Қазақстан мектебі» №8, 2013 ж. 

4.  Игенбаева Б. Жеке тұлғаның рухани адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі.   2005 ж. 

 



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

48 


ӘОЖ 37.017.4. 

 

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯ, СУРЕТ ЖӘНЕ СЫЗУ 

ПӘНДЕРІНІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ 

 

Мадигалиев С.Қ. 



Абай атындағы №3 орта мектеп, Талғар қ-сы. 

 

Аса құрметті ұстаздар қауымы! Мен мектеп саласында қырық жыл көлемінде еңбек етіп 

келемін.  Кеңес  үкіметінің,  егеменді  еліміздің  білім  саласында  әр  түрлі  оқытудың  қыр  сырына 

қанықпын. Сондықтан бүгінгі таңдағы еліме, жеріме, Отаныма керекті, ең қажетті үрдістен шет 

қалмайын  деп,  өз  ойымды  ортаға  салып,  қазағыма  жаңа  дәуірде  не  керек  екені  жайлы  сөз 

қозғауды жөн көрдім. 

Мен 2002 жылы Астана қаласында 26-27 сәуірде өткен «ХХІ ғасырдағы орта білім беру 

жайы  және  даму  болашағы»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияда  «ХХІ 

ғасыр  «Күншуақ-болашақ  мектебі»  атты  жобамды  талқыға  салып  елімізге  осы  мектеп 

жобасымен 100 мектеп салу керек деген бастама көтергем. «Қазақстан мұғалімі» газетіне «Қазақ 

мектебінің болашағына менің көзқарасым» атты мақала жазып, өз ойымды ашық айттым. Енді 

міне, тағы өз пікірімді ортаға салып отырмын. Бүгінгі таңда қазаққа ағылшын тілі емес, техника 

тілі  ауадай  қажет!  Жапондар  ұсынып  отырған  аппарат  арқылы  кез  келген  екі  ұлт  өкілі  еш 

қиналыссыз отырып сөйлесуге мүмкіндік туып отыр. Яғни, болашақта олар әлемдік барлық тілді 

енгіземіз  деп  құлшыныс  танытып,  ол  аппараттарды  жаппай  қолданысқа  шығарып,  ұсынып 

отырған кезде  ағылшын тілін бар қазаққа  үйрету  күпірлік. Әлемдік тәжірибеге көз  салсақ, тек 

қана  ғылымы  мен  техникасы  өркендеген  ел  алға  шығады!  Ал  ғылымы  мен  техникасы 

өркендеген елдің ең алдымен өндірістік қаблеті артады, мүмкіндігіне жол ашылады. Адамзат тек 

екі  жағдайда  алға  шығады,  біріншісі  ол  соғысқа  дайындалғанда,  екіншісі  ол  қорғануға 

дайындалғанда.  Әлемдегі  барлық  техниканың  ең  жақсысы  ол  әскери  салаға  бағытталған 

өндірістен  шыққан.  Сол  зауыттармен  фабрикадан  басқада  адам  өміріне  қажетті  тұтыныс 

бұйымдары өндірілген.  

Ал осы үрдістен орын ала алмаған, жер асты, жер үсті байлықтарына ие мемлекеттер тек 

сол байлықты сатумен күнелтіп отыр. Олар ешқашан әлемдік бай мемлекеттер қатарына қосыла 

алмайды.  Ол  әлемдік  тәжірибе.  Қазаққа  ағылшын  емес  техника  тілін  меңгеру  өте  қажет! 

Айталық  ауыл  шаруашылығын  әлемдік  деңгейге  жеткізу  үшін,  қазіргі  көзқарастан  аулақтап, 

техникалық  бағытқа  ауысу  керек.  Мысалға  малды  бағуды  кең  далаға  айдап  салу  емес,  сол 

жайылымды  тақталарға  бөліп,  апта  сайын  басқа  тақтаға  жіберіп,  қалған  тақаларды  суарып, 

тыңайтып,  жерді  бағалай  білу,  ол  жерден  аз  шығынмен  көп  өнім  алуды  мақсат  ету  керек.  Ол 

үшін  өзен  көлдерден  суды  алқапқа  ысырапсыз  шығару  жолдарын  қарастыру  керек.  Ал  ол  істі 

гидротехник маман ғана дұрыс жасай алады, демек оқу керек, мамандық иесі болу қажет. Шөп 

шабу, жинау, тасу түгел техника көмегімен істелетіндіктен оны меңгере алатын мамандар керек. 

Егін  егу,  шабу,  тасу,  элеваторларда  тазарту  түгел  ең  қарапайым  шофердан  бастап,  ғылым 

деңгейін  игерген  мамандар  керек  ететін  сала.  Елді  үймен,  бала  бақша,  мектеп,  колледж, 

институт, мәдениет ошақтары, демалыс орындары түгел адам өміріне өте қажетті ғимараттарды 

салушы, өңдеуші, күтуші мамандар ауадай қажет.  Ал мұнай өнімдерінен адам баласына қажетті 

бұйымдарды  шығару  бүгінгі  таңдағы  алдыңғы  қатардағы  өндіріс  боп  саналады.  Адам 

баласының  күнделікті  қарапайым  тіршілігін  онсыз  қазір  елестету  мүмкін  емес.    Ал  оларды 

өндіру  шығару  үшін  зауыттар  мен  фабрикалар  салып,  оларды  өндіретін  мамандар  дайындау 

керек. Теміржол, тас жол мамандары, әуе жол, ұшақтарды игеретін мамандар айтпаса да керек 

екені бесенеден белгілі. Медицинаның сан алуан түрлері, олар қолданатын құрал - жабдықтар, 

дәрі - дәрмектер, дәрумендер, ота жасайтын құрылғылардың майталмандарынсыз бүгінгі өмірді 

елестету мүмкін бе? Сонда қазаққа керегі ағылшын тілі ме техника тілі ме ойлана беріңіз... Мен 

көп  жыл мектепте директор, завуч боп қызмет еттім, мектеп жобасын жиырма жылдай жүріп 

жасадым.  Әлемдік  алдыңғы  қатарлы  барлық  елдердің  ең  үздік  мектептерінің  іс  тәжірибелерін 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау