«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет19/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

39 


2.  Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындаудың 

әдістемесіндегі  шешуші  фактор  «Қолөнер  пәнін  оқыту  әдістемесі»  атты  болашақ 

мұғалімдерге  арналған  элективті  курсы  ұйымдастыру  болып  табылды.  Курс  мазмұны 

болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындау  әдістемесі  оқытудағы 

теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттары, көркемдік білім берудің тарихы, 

қолөнер  тарихын  мектепте  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттері  және  осы  заманғы 

педагогикалық талаптар, өнер шығармаларын қабылдаудың өнертанымдық негіздері, өнерді 

оқытудың  әдістемелік  негіздерін  ұйымдастыру  әдістері  болып  негізгі  төрт  бағытты 

қамтитынын көрсетті. Болашақ технология пәні мұғалімдеріне қолөнерді оқытуға дайындау 

оқу үдерісін мақсатты түрде ұйымдастыру, өз бетінше жұмыс жасай алатын маман дайындау 

міндетіне  бағындыру,  оқыту  ісін  білімгердің  өзін-өзі  бақылай  алу  және  өз  жұмысын  өзі 

ұйымдастыра  алу  деңгейін  арттыратын  белсенді  білім  беру  мен  тәрбиелеу  формаларымен 

байытуды қажет етеді. 

Қолөнер  пәнін  оқыту  әдістемесі  педагогика  ғылымының  қазіргі  кездегі  көкейкесті 

мәселелерінің  бірі  ретінде  оның  негізгі  ұғымдары  мен  түсініктерінен  құралады. 

Педагогикалық  әдебиеттерде  әдістеме  белгілі-бір  мақсат  қойып  орындалуы  жоспарланған 

білім көздерін менгеру жолындағы болашақ мұғалімнің іс-әрекеттерінің мазмұны, кезеңдері, 

формалары  және  олардың  жеке  әдістері  түрінде  түсіндіріледі.  Болашақ  мүғалімдерді 

әдістемелік іс әрекетке дайындаудың негізгі ұғымдары-әдістемелік тұрғыда оқыту, тәрбиелеу 

және  жеке  шығармашылық  тұлға  ретінде  дамыту  болып  табылады.  Оқытуға  дайындау 

әдістемесі-оқыту  мазмұнын  жоспарлау,  оқыту  үдерісін  басқаруды  жоспарлау,  оқыту 

нәтижесін  бақылау,  оқыту  әдістерін  жобалау,  білім  беру  жобасы,  білім  беру  әдістерін 

классификациялау т.б. ұғымдарын біріктіреді. 

Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындау  әдістемесінде 

қажетті  болашақ  мұғалімнің  алғашқы  әдістемелік  білімдер  жүйесі-өнер  пәнін  оқыту 

әдістемесі  пәні  арқылы  оқытудың  қазіргі  жағдайына  диагностика  жасау  әдістері,  оны 

жоспарлау  әдістері,  ұйымдастыру  әдістері  және  ұйымдастырылған  іс  шараларды  талдау 

әдістері туралы  білімдерімен айқындалады. 

Жоғары  оқу  орындарындағы  оқыту  үдерісінде  болашақ  технология  пәні 

мұғалімдеріне қолөнерді оқытуға дайындау арқылы мектеп оқушыларының көркемдік білім 

алуына эстетикалық тәрбиесіне болашақ мұғалімдерді дайындау әдістемесінің ұтымдылығын 

зерттеу мынадай міндеттерді анықтауға мүмкіндік туғызды: 

1.  Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға  дайындау      арқылы 

көркемдік  білім  беру  үдерісін  ұйымдастыруда  қолөнерден  оқу  мен  тәрбие  жұмыстарын 

жоспарлау, ұйымдастыру және оны талдау туралы білімдерді меңгерту қажеттігі туады.   

2. Болашақ технология пәні мұғалімдеріне қолөнерді оқытуға дайындаудағы шешуші 

фактор  «Қолөнер  пәнін  оқыту  әдістемесі»  атты  болашақ  мұғалімдерге  арналған  элективті 

курсты ұйымдастыру болып табылды. Курс мазмұны өнер пәнін мектепте оқыту әдістемесін 

оқытудағы  теориялық  және  тәжірибелік  тұрғыдағы  басты  бағыттары,  көркемдік  білім 

берудің  тарихы,  өнерді  мектепте  оқытудың  мақсаттары  мен  міндеттері  және  осы  заманғы 

дидактикалық  талаптар,  өнер  шығармаларын  қабылдаудың  өнертанымдық  негіздері  мен 

өнерді  оқытудың  әдістемелік  негіздері,  ұйымдастыру  әдістері  болып  негізгі  төрт  бағытты 

қамтитынын көрсетеді. 

Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді    оқытуға  дайындау  әдістемесі 

арқылы болашақ мұғалімдерді көркемдік білім беруге  дайындаудың  ұсынылған әдістемесі 

негізінен үш бағдарламаны бір жүйеге біріктірсе:  

1.  «Қолөнер  пәнін  оқыту  әдістемесі»  болашақ  мұғалімдерге  арналған  элективті  курс 

бағдарламасы іске асырылса; 

2.  «Қолөнер  пәнін  оқыту  әдістері»  болашақ  мұғалімдерге  арналған  өздік  жұмыс 

тапсырмасы жасалынса; 




«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

40 


3.  «Қолөнер пәнін оқыту тәсілдері» атты болашақ мұғалімдерге қолөнерді оқытудың 

өнертанымдық  негіздері  мен  көркемдік  білім  берудің  педагогикалық  іскерлігі  мен 

дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыздандыратын бағдарламасы қосылса. 

Болашақ  технология  пәні  мұғалімдеріне  қолөнерді  оқытуға    дайындаудың 

дидактикалық  шарттары:  Мазмұндық  қамтамасыз  ету:  «Қолөнері  тарихы  мен  теориясы», 

«Қолөнерді  оқыту  әдістемесі»  пәндерінің  бағдарламасын  жасау  сол  бойынша  дәрістік, 

тәжірибелік  сабақтар  өткізу;  «Педагогикалық  іс  тәжірибе»  бағдарламаларына  қосымшалар 

енгізу  арқылы  мектептегі  өнер  пәнінен  сабақтар  мен  сабақтан  тыс  тәрбиелік  іс  шаралар 

ұйымдастыру;  «Қолөнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасын жасау 

және  оның  сабақтарын  өткізудің  әдістемесі  карастырылады.  Ұйымдастырушылық 

қамтамасыз ету: дипломдық жұмыс, курстық жұмыс, қолөнер мұражайларына экскурсиялар 

ұйымдастыру,  тренинг,  тест  тапсырмалары,  қолөнер  туралы  пікір  алысу,  баяндама,  нұсқау, 

кеңес беру, сауалнама, конференция, семинар, дебат, көрме жұмыстары ұйымдастырылады. 

Әдістемелік  қамтамасыз  ету:  оқу  бағдарламалар,  оқулықтар,  көрнекілік  құралдар, 

электрондық 

оқулықтар, 

дидактикалық 

материалдар, 

оқытудың 

инновациялық 

технологияларының  болуы.  Материалдық  қамтамасыз  ету:  кітапхана  қоры,  интерактивті 

тақта, видео, компьютерлік кластар оқу материалдарымен жабдықталуы. 

Ұсыныс: 

1.  Ауылдық  мектептерде  техналогия,  бейнелеу  өнері  және  сызу  пәндерінің 

сабақтарына  қажетті  құрал-жабдықтармен,  кабинетпен,  кампьютермен  проекторлармен 

толық жабдықталса, оқушылардың қызығушылығы артар еді. 

2. Уақыт көбірек бөлінсе, аптасына 2 сағттан, практикалық жұмыс өнімді болар еді. 

3.  Жаңартылған  бағдарламада  көркем  еңбек  деп  аталатын  пән,  бұрынғы  аталуы 

бейнелеу өнері пәні деп қала берсе. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР: 

1.  Касимовна С. Қазақ халқының қол өнері. – Алматы, 2010 ж. 

2.  Адамкулов Н. М. Ұлттық қолданбалы қолөнері. – Алматы, 2007 ж. 

 

 

ӘОЖ 37.017.2. 



 

БЕЙНЕЛЕУ  ӨНЕРІН  ОҚЫТУДЫҢ  МАҚСАТЫ  МЕН  МІНДЕТТЕРІ 

 

Қыстаубаева Б.Қ., Абдильдаев М.Д. 

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 

botik8181@mail.ru, abdildaev64@mail.ru 

 

Бейнелеу  өнері  мамандығы  бойынша  студенттерге  элективтік  курстарының  пәндері 



оқылады.  Бұл  курстың  мақсаты  -  студенттерді  болашақ  педагогикалық  қызметке 

дайындаудың әдістемелік негізін қалау, жалпы білім беретін мектептерде оқушы жастармен 

бастауыш, оқу бағдарламаларының тарауларына сәйкес жемісті жұмыстар жүргізуіне, мектеп 

оқушыларын  Республикадағы  жаңаша  әлеуметтік  және  экономикалық  жағдайларда  еңбекке 

дайындауға  қажетті  білім,  іскерлік  және  дағдысын  қалыптастыру.  Курсты  оқытудың 

міндеттері:  Кәсіпке  оқыту  мазмұнынының  әр  кезеңіндегі  білім  беру  мазмұны  жөнінде 

студенттерге  нақты  түсінік  беру;  педагогтың  сабақты  ұйымдастыруы  мен  материалдық 

жабдықтауы,  оларды  жоспарлау  жұмыстарының  мазмұнымен  таныстыру,  сабақтан  тыс, 

сыныптан  тыс  және  мектептен  тыс  жұмыстарды  ұйымдастыру  мен  басқаруға  болашақ 

мұғалімдерді дайындау; 

Жан-жақты дамыған, шығармашылық қабілеті жоғары, кәсіби бейім тұлғаны тәрбиелу 

және жетілдіруге жағдай жасау; болашақ суретшілердің өзін өзі айқындау мен өз мүмкіндігін 

жүзеге асыруға дайындау; 



жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау