«Ұлттық рухани қҰндылықтарды дамыту мақсатындағы инновациялық технологиялар»



жүктеу 1,32 Mb.
Pdf просмотр
бет22/37
Дата27.12.2019
өлшемі1,32 Mb.
#25103
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37

«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

 

45 


бабалардың алдындағы борышын өтеген болады.  Жалпы  әр  ұлттың  өсіп,  жетіліп  келе  жатқан 

жеткіншек ұл-қыздарының өз елінің тілін, ділін, әдет  - ғұрпын,  дәстүрін, тарихын,  мәдениетін 

жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы күнгі ұстаздар мен тәлімгерлер. 

Ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті тұлға тәрбиелеу үшін:  

-  жас ұрпақ  санасына туған халқына деген құрмет,  сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін 

ұялату,ұлттық рухын дамыту;  

-  ана  тілі  мен  дінін,  оның  тарихын,  мәдениетін,  өнерін,  салт-дәстүрін,  рухани  мәдени 

мұраларды қастерлеу;  

- жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тәрізді ұлттық мінездерін 

қалыптастыру сияқты міндеттерді орындағанда ғана басты мақсатқа жетеміз.  

Ұлттық  тәрбие  қазір  елімізде  орын  алып  отырған  көптеген  мәселелерді:  ана  тілін,  ата 

тарихын,  ұлттық  салт-дәстүрін  білмейтін  жастар,  тастанды  жетім  балалар,  қарттар  үйіндегі 

аталар  мен  әжелер,  нашақорлыққа  салынған  жастар,  тағы  басқаларды  бірте-бірте  жоюдың 

және олардың алдын-алып, болдырмаудың негізгі жолы.  

Сабақты  үнемі  бір  сарынды,  бір  деңгейде  ұйымдастыру,  баланың  тез  шаршауына, 

қабылдау мен ойлау әрекеттерінің тоқырауына, қызығушылығының төмендеуіне әкеліп соғады. 

Сондықтан    пәндерді  оқытуда  да,  сыныптан  тыс  жұмыстар  жүргізгенде  де  жаңа  технология 

элементтерін негізге ала отырып жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруді, қазақтың салт- дәстүрлері, 

әдет-ғұрыптары 

туралы 


түсінік 

беруді, 


пайдалы, 

қажетті 


дүниелерді 

үнемі 


насихаттап отыруды дағдыға айналдыру қажет.  

Қазіргі  Қазақстанның  білім  аясының  ахуалы  ұлттық  рухтағы  бағдарларды,  адами 

құндылықтарды,  салт-дәстүрлерді,  ойлау  тәсілі  мен  тілді  жаңғыртуды  талап  етеді.  Дамыған 

елдерден  қалмай  отырып,  Еліміздің  ұлттық  білім  жүйесін  қалыптастыру  керек.  

Бұл  білімді  техникалық  ақпараттық  қамтамасыз  етудің  әлемдік  деңгейіне  жету  мен 

жалпыадамзаттық құндылықтарды дәстүрлі ұлт жүйесімен байланыстыру арқылы қол жеткізуге 

болады.  Осы  жерде  зерттеуге  ұсынылып  отырған  идея  әлемдік  практикада  өз 

тәжірибесін берген құбылыс болып табылады.  

Қазіргі  әлем  әдебиетінің  ХХІ  ғ.  ұсынған  құндылықтары:  адам  құқықтары,  демократия, 

азаматтық  қоғам,  толеранттылық,  орнықты  даму  және  т.б.  Мәдени  сабақтастыққа  негізделген 

Жапония,  Оңтүстік  Корея,  Кувейт,  Бразилия  елдерінің  әлеуметтік  тарихи  тәжірибесі  дәстүрлі 

құндылықтармен  заман  талабына  сай  мәдени  жаңашылдықтарды  үйлесімді  біріктірудің 

өркениеттілікке  жету  жолының  мүмкіндігін  көрсетеді.  Қазақ  халқының  да  мыңжылдық 

көшіне қосатын мәдени құндылықтар жетістіктері жеткілікті.  

Педагогикалық сөздікте  «Құндылық» – адамның ішкі құқы, ізгілігі, адамдармен қарым-

қатынасы,  іс-әрекет  кезіндегі  көрсетілетін  қайырымдылығы,  тұрақтылығы,  мейірімділік 

тәрбиесі» делінген.  

Педагогикада  «Құндылық»  оқу  мен  тәрбие  жұмысы  арқылы  жүзеге  асады.  Ал  ұлттық 

құндылық  белгілі  бір  ұлтқа  тән,  адам  болмысындағы,  қарым  қатынасындағы  адами 

құндылықтың, ұлылықтың жетілген жемісі. Құндылықтар жүйесі белгілі әлеуметтік-этникалық 

қауымдастықта  қалыптасып  дамитын  болғандықтан  ол  ауқымдағы  мәдени,  тілдік, 

идеялық, мұраттық маңызы зор.  

Ұлттық  құндылық  дегеніміз  –  адамзаттық  құндылықтардың  құрамдас  бөлігі  және  әр 

ұлттың  қоршаған  табиғат  ерекшеліктеріне  қарай  өмір  салты  негізінде  ғасырлар  бойы 

жинақталған тұрмыстық және рухани мұрасы. Елді елден, халықты халықтан айыратын бірден-

бір белгі - оның ұлттық құндылықтары. Қазіргі кезең – ұлттық құндылықтардың жойылып бара 

жатқанкезі. Ұлттық құндылықтар ұлттық идея негізінде құралады [18,19].  

Біз,  ұстаздар  кез  келген  пән  сабақтарында  халық  даналығын,  құдіретті  сөз  зергерлері  – 

жыраулар мен шешендердің, ақындардың нақыл, өсиет сөздерін, классик жазушыларымыздың 

қанатты 


сөздерін 

ұлттық 


санамызға 

тығыз 


байланыстыра 

отырып 


пайдалану арқылы білім беруіміз шарт.  

Осы орайда, негізгі көңіл бөлетініміз: тілге қабілеттілікті дамыту халық педагогикасының 

өзекті арналарымыздың бірі болып табылады.  



«ҰЛТТЫҚ РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР»  

атты республикалық ғылыми-тәжірибелік симпозиумының материалдар жинағы 

 

46 


Қысқасы, әрбір  ұстаз  өзі  өтетін  әр  сабақты  қазіргі  заман  талабына  сай  қазақ 

этнопедогогикасы  және  оның  негізі  халық  педогогикасымен  байланыстыра  отырып  оны 

тәрбиемен  ұштастыра  білім  берсе,  өз  елін  сүйетін  жастарды  әрі  ұлттық  рухы  қалыптасқан 

өскелең  ұрпақты  даярлап  шығара  алмақ.  Бұған  бұрынғы  ата  -  бабаларымыз  айрықша  көңіл 

бөліп, ұрпағының білімді, ойлы да байсалды болуын мақсат етті. Мұны біз бала бойына сіңіре 

отырып  білім  нәрімен  сусындата  алсақ,  ұтарымыз  көп.  Ал  бұл  асыл  мұраларымызды  бала 

тәрбиесінде орынды пайдалана білу әр ұстаздың біліміне байланысты. Ол үшін өзіміз білімді әрі 

білікті  болуымыз  керек.  Сонда  ғана  ұлттық  білімді  қалыптастыра  аламыз.  Демек, 

оған қол жеткізу өз қолымызда.  

Жаңа  дәуірдегі  «қазақ  ұлттық  мектебі»  дегеніміз  қандай  мектеп,  оның  негізгі  қызметі, 

мақсат-мүддесі,  ұстанымдары  мен  тұғыры  қандай,  ол  қай  бағытта  жұмыс  жасауы  қажет? 

Сонымен ғылыми педагогикалық тұрғыдан жүйелі зерттелуі, қазақ ұлттық мектебінің теориялық 

әдіснамалық  негізін,  ғылыми-  тұжырымдамалық  ұстанымдары  мен  модельдік 



үлгілерін, даму үрдісін анықтау талап етілуде.  

Қай  ұлттың,  қай  халықтың  болсын  кемеліне  келіп  толысуына,  рухани  өсуіне,  әдеби-

мәдени дамуына басты ықпал жасайтын негізгі тірек-ұлттық мектеп. .  

Қазақ тілінде оқытатын мектептердің басты міндеті – өз ұлтының тарихын, мәдениетін, 

тілін,  дінін  қастерлейтін  және  оны  жалпы  адамзаттық  деңгейдегі  рухани  құндылықтарға 

ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.  

Қазақстан  үшін  білім  мазмұнын  жаңарту  мен  ақпараттық  өркениеттің  талаптарына  сай 

етіп лайықтап, жаңа педагогикалық технология мен инновациялық қызметтің әлемдік деңгейін 

қамтамасыз  ете  отырып,  оны  қазақ  халқының  ұлттық  рухани  құндылықтарымен  үйлестіре 

отырып, тәрбиелейтін этностық-мәдени білім жүйесін құру–бүгінгі күннің келесі мәселесі.  

Ұлттық тіл- әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасатын, бүкіл болмыс тіршілігі мен 

сезім-түсінігін  ұрпақтан  –  ұрпаққа  жеткізуші  күретамыр.  Онсыз  халық  аты  бар  да,  заты  жоқ 

тобыр  болмақ.  Жан-жақты  мәдениетті  тұлға  –  беделді  тарихи  сана  иесі.  Нақ  осы  тарихи  сана 

этностық  та,  жалпы  мемлекеттік  те  сананың  негізі  болып  табылады.  Айналып  келгенде, 

тарихы бар халықтың ертеңі нұрлы болмақ  

Сабақтарда  қолданатын  жаңа  технология  және  ұлттық  элементтерді  бірнеше  топтарға 

бөліп, жүйелеуге болады.  

1.  Сөзжұмбақты  сабақта  қолданған  кезде  сабақтың  мазмұнын  ашу  үшін  қандай  да  бір 

ұлттық элементтердің сөздерін келтіруге болады.  

Сабақта 


сөзжұмбақтарды 

пайдалану 

оқушыларды 

ойлауға, 

тапқырлыққа, 

байқампыздыққа баулып, көп білуге, жан - жақты ізденуге ынта-жігерін арттырады.  

2.  Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруда  ұлттық  ойындар  және  ұлттық  тағамдардың 

маңызы  өте  зор  екенін  оқушылардың  санасына  жеткіземіз.  Ұлттық  ойындардан  асық  иіруді 

оқушыларды тарауды қайталаған кезде қолданған тиімді.  

3.  Киіз  үйдің  құрылысы.  XX  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдарынан  бастап  қазақ 

мемлекетінің  жеке  шығуы  ұлттық  мәдениетін,  оның  ішінде  киіз  үй  қадірі  мен  орнын  өз 

дәрежесінде  қайта  көтеріп,  ұлы  бабаларымыздың  киелі  рухының  қайта  дәріптелуі,  оларға 

лайықты ас пен тойлардың, соған сәйкес ұлттық мәдениеті рөлінің артуы киіз үйге құрылысы, 

оған қойылатын ұлттық бұйымдар туралы түсіндіру үшін алдын ала олардың аттарын конвертке 

салып, дайындап қойған жөн. 

4.«Сөздің  көркі  –  мақал».  Қазақ  халқы  –  ежелден  сөз  қадірін  біліп,  қасиетті  сөздерді 

қастерлеп аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлеңмен өрнектеп, терең мағыналы 

сөздермен  зерлеп,  келе  жатқан  халық.  Сөз  зергерлерінің  аузынан  шыққан  мәтелдер  мен 

мақалдарды ретіне қарай қолдану ұрпақ тәрбиесіне көп себебін тигізеді. ондықтан барлық салт-

дәстүрлерімізге байланысты мақал–мәтелдерді сабақтарда көптеп қолдануға болады. 

а)  Ата-бабамыздың  өсімдіктерді  ежелден  қастерлеп,  қадір  тұтып  келгендігіне 

өсімдіктерге арналып қойылған адам, жер – су аттары дәлел. Осыған байланысты шөп, жер, су, 

аң, құстардың аттарын жеке жинақтап, кейбір тақырыптарды өткенде сөзжұмбақтарға қолданған 

тиімді.  




жүктеу 1,32 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау