.
8-сынып.
Сабақтын тақырыбы: Қан жасушалары.
Сабақтың мақсаты
Білімділік. Жаңа білім беру. Қанның кұрамы, ағзаның ішкі
ортасы туралы ұғым қалыптастыру.
Дамытушылық. Оқытудын жаңа элементтерін пайдаланып, оқушы беленділігін арттыру. Оқушылардың іс-әрекетін басқару арқылы ой таласын туғызу, оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім-біліктігін дамыту.
Тәрбиелік. Оқушы бойына ұлттық рухты сіңіріп, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-санасын құрметтеуге тәрбиелу.
Көрнекіліктер. Плакаттар, сандар тізімі,
микроскоп, компютер,телевизор.
Сабақтың түрі: Ізденіс
Сабақтың әдісі:СТО элем-н пайдалану.
Сабақтың пән аралық байланысы: Экология.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ. Бағалау.
І. Амандасу. Сабаққа әзірлеу. Түгелдеу.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақта оқугаыларға өз бетінше іздшіп, әрекет жасауға дағдыландыру. Проблемалык сұрақтар койылады.
1. «Қан-дәнекер ұлпа». Қан-өмір сыйлаушы» дегенді: қалай түсінесіз?
2. «Адам денсаульғы қанның құрамын зертту арқылы анықталады» дегенді қалай түсінесіз?
3. Қан аркылы берілетін ауруларды білесіз бе?
4. Адам жүрексіз өмір сүре ала ма?
5. 0,9% КаСІ ерітіпдісін не үшін құяды?
6. Қазақ жеті атадан қыз алмаған, онын сыры неде? Жауаптары.
1. Қан болмаса тіршілік болмайды. Ол деяемізге қоректік затты, оттекті тасымалдайды, керексіз заттарды сыртқа шығарады.
2. Қанды тексергенде қан жасушаларының мөлшері анықталады. Мөлшері сәйкес келсе, адам денсаулығы жақсы екені байкалады. Мысалыі эритроцит көбейсе, эритроцитоз байқалады.
3. Қан арқылы таралатын аурулар: туберкулез, кант диабеті, психикалық аурулар, гемофилия,казіргі кезде байкалып отырған ЖИТС ауруы.
4. Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Себебі, жүрек кан айналымын реттейді.
5. Адам көп қан жоғалткан кезде, дәрігер еч тобына сәйкес қан қүюмен бІрге, 0,9% №С1 ерітіндісІн қүядьі. Себебі, жасушаньщ ішінде осмостык қысым ерітіндіиің осмостық қысымымен тен болғандыктан, кабыкша жарылмайды.
6. Қазақ халқында «жеті атадан» бері кыз алуға тиым салган, аталары туыс, кандары жакын адамдар үйлаісе олардан іуған ұрпақ әмірге аурушан, акыл есі кем, кемтар болып келеді.
Тірек-сызба нұсқалармеп жұмыс
Қанның құрамы
Плазма Қан жасушалары
эритроцит
Минералды тұз су орг. зат лейкоцит
тромбоцит
нәруыз май глюкоза
Альбумин-р
Улобулин
Жаңа сабақта:
1. Кан жасушалары, кұрылысы,кызметі. 2. Лейкоциттің түрлері.
3. Фагоцитоз құбылысы.4. Қанның ұюы.
Қан жасушаларына эритроциттер, лейкоцит, тромбоцит жатады. Эритроциггердің негізі қызметі- О2 мен СО2 тасымалдау. Алам қаиында 99%-эритроцит,1%- баска жасушалар,Лейкоцитгері түссіз, ядролы жасушалар.1мм3 қанда 4-9мын лейкоцит болады. Негізгі кызметі - қорғаныш қызметін, улы затгарды залалсызландырып ыдырату. Уақытша көбею лейкоцитоз, кандэғы ақ түйіршіктердің азаюы лейкомея дейді.
Түйірлі лейкоциттер-гранулоциттер, түйіршіксіз - агранулоциттер
Қан жасушалары
Эритроцит Лейкоцит Тромбоцит
Тромбоциттер-қанның ұйығыш. қамтамасыз ететін жасуша деп аталады. Түссіз, домалак пішшді. 2-5мкм келетін ядросыз жасуша. Қаның 1мм3 250-400мың болады, тіршілігі-7-10 күндей,..
Ой козғау Биологиялык, диктаңт
Организмнің ішкі ортасы деп ... айтады. Қан организмдегі ... ұлпаға жатады. Қан жасушаларына .., .... , ... жатады. Эритроциттің қызметі ... тасымалдау. Лейкоциттер организмге түскен ... өзіне сіңіріп қорытады. Қан жасушалары ... жасалады. Көп нуктенің орнына қоятын создер: сүйек кемігінде, дәнекер. лейкоцит, эритроцит, тромбоцит,қан, лимфа,жасуша сұйыктығы, О2, бөгде заттарды.
Ой толғаныс
1. Тақтаға ілінген сандарға анықтама беру:
І20/80мм, 75-76 рет, 5л, 4топ, 50есе, 100 мың км, 4-9мың.
Анықтама. Қая кысымы, 1 мин. жүректің соғысы, қан мөлшері, қан тобы, қылтамырдың шаштан 50 есе жіңішкелігі, қылтамырұзындығы, 1мм лейкоциттің саны.
Микроскоппең жұмыс
Оқушылар микроскоп арқылы қан жасушаларын анықтап көреді. Компыотердін мониторында дайын тест сұрағы шығарылып тұрады,
ІІІ. Тест
I.Қан кандай ұлпа? а) дәнекер; ә)бүлшықет; б) жабын; в) жүйке; г) май.
2. Қан дене салмағының неше % құрайды? а) 10%; ә) 7%; б) 15%; в)20%; г) 25%.
3. Плазмаиын кұрамьшда неше пайыз су болады? а) 10%; ә) 95-98%; б) 70-72%; в) 85%; г) 90-92%.
4. Эритрошттер түзелетін орны:
а) сұйек кемзгі; ә) бауыр; б) өкпе; в) жүрек; г) айыр безде.
5. Эритроииттер қызметі?
а) О2 тасымалдаушы; ә) қанның ұюнаа қатысады;
б) бактерияны залалсыздандырады;в) антидене қалыптасуына қатысады.
6. Қанның қызыл түсті болуы ... байланысты:
а) эритроцитке; ә) лейкоиитке; б) қан сары суына; в) фибринге;
7. Оксигемоглабин дегш не?
а) СО2 қосылған гемоглобин; ә) темірмен косылған гемоглобин;
6) 02 қосылған гемоглобин; в) Н2О қосылған гемоглобин.
8. Қан ауруын зерттейтін ғылым:
а)кардиология; ә) миология; б)остеологюі; в)гемотология; г)маммалогия.
9. Қан айналу жүйесіне жататындар:
а) жүрек пен бүйрек; ә)өкпе мен жүрек; б) жүрек пеи өкпе
.в)жүрек пен қан тамыры;
10. Қанның ұюын қамтамасыз ететін зат:
а) эритроцит; ә)лейкоцит; б)фибрин; в)плазма; г)ақуыз.
Тест жауаптары:
1-а, 2-ә, 3-г, 4-а, 5-а, 6-а, 7-6, 8-в,9-в,10-б.
ІV. Үйге.§30оқу
8-сынып. 15.01.08ж
Сабақтын тақырыбы: Эритроциттер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды эритроциттердің құрылысы және
атқаратын қызметтерімен таныстыру,қаназдық
туралы түсініктер беру.
2.Оқытудын жаңа элементтерін пайдаланып, оқушы
беленділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.- 3. Оқушы бойьша ұлттық рухты сіңіріп, өз ұлтының әдет-ғұрпын, салт-
санасын құрметтеуге тәрбиелу..
Сабақтың түрі: Кіріктірілген
Сабақтың әдісі:СТО элем-н пайдалану.
Сабақтың пән аралық байланысы: Экология.Химия, матем.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ. Бағалау.
Қан - организмдегі дәнекер ұлпаньщ бір түрі. Эрнтроциттер -ядросы жоқ вдызыл түсгі кан клеткәлары. Олардың орта диаметрі шамамен 7,2-7,5 мкм. қанньщ 1м3 көлемднде 4,5-5 млн эритроцит, ал оныңмөлшерінде 10-13 гемоглобин бар және олардың диаметрі адамның жасьша, іс-әрекетіне, өмір сүріп отырған климат жаедаіі-ларьша байланысты өзгереді. Олардың ортасы қысыңқы тегершік пішінд ібодады. Бул эритроциттердщ бегін 1,5 есе улкейтеді және газдардың мол көлевде алмасуьша бейімірек келеді.
Эритроциттердід құрамыңда белокты зат - гемоглобин бар. Гемоглобин - күрделі органикалыгс қоспа. Ол белок глобин мен кдннын, бояіыш заты гемнен тұрады. Ал. гемнің к^рамынатемір ионы кіреді. ТемІрдін, оттегімен крсылысы қанға к&ізыл түс береді. Кдн өкпеге келгенде, темір ионы оттегімен тұрақсыз қосылыс (ҒеО) түзеді, яғня гемоглобин оттегіге қанығады. . Оны кызылтамыр қаны деп атайды.
¥лпадарға келгенде гемоглобині өзіндегі оттегін ыдырау арқылы бөліп, клетквлардың тыныс алуына береді. Оттегіден босаған гемоглобин клеткалардың тіршілігінен п.б СО2 газын өзіне тұрақсыз түрде қ осып алады. Сондықтан мүшелерден шыққан қан күрең Қызыл түсті болады. СО2 -мен қаныққан көктамыр қаны деп атайды. гемоглобгш отгегін ұлпалар мен клеткаларра жеткізіп отырады, ал СО2 газын олардан екпеге тасымалдайды. Гемо-глобиннен бөлінген СО2газы тыныс шығарғанда ауаға бөлініп отырады.
Әрбір эритроцит тыныс алуға қатысуы шамамен 120 күнге созылады. Содан соң эритроцит бауыр мен көкбауырға келіп, ыдырауға түседі (2 миллионнан 10 млн эритроцитке дейін ыдырайды).
Эритроциттердін. кызметі:
- газдарды тасымалдау:
Нв + Оа = НвО2 (оксигемоглобин),
Нв + СО3 = НвСО2 (карбоминогемоглобин);
- ортадағы қышкыл-сілтілік тепе-теңдігін реттеу;
- ұлпа изотониін қолдау;
- аминкышқылдар мен липидтерді тасымалдау және адсорбциялау.
Қаназдық (малокровие). Қанның құрамындағы эритроциттерд оттекті тасымалдау қызметінің жеткіліксіз болуынан адам . түрлі ауруға ұшырайды. Қаназдық деп эритроциттер санынь азайып, оның кұрамьгндағы гемоглобиннің төмендеуін айтады. Қаназдық ауруының пайда болуы бірнеше жағдайға байланыст: 1 — жілік майында эритроциттердің аз шығарылуы. Онын себебі эритроциттер түзілу үяіін ңажетті қоретік заттар, витаминдер, темір жетіспеуі және жілік майында түрі улы қосылыстардың әсер етуі. 2 — эритроцитті құрамында гемоглобиннің аз болуы.
ІV. Үйге.§30оқу
V. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтары.
1. Қан құрамында қандай заттар бар?
2.Қан қандай қызметтер атқарады?
3. Қан қалай ұйыды?
8-сынып. 11.01.
Сабақтын тақырыбы: Лимфоциттер. Лимфа оның маңызы.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды лимфоциттердің құрылысы және
атқаратын қызметтерімен таныстыру.
2.Оқытудын жаңа элементтерін пайдаланып, оқушы
белсенділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.
3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу..
Сабақтың түрі: ұжымдық ойлау
Сабақтың әдісі: Эврикалық сұбхат,сұрақ-жауап.
Сабақтың пән аралық байланысы: Валеология,медицина.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ. Бағалау.
ІІ. Лимфа және онын, маңызы. Лимфа — ақшыл сары сұйықтық. Ол лимфа тамырларында жиналады, одан сон көктамыр қаны құятын оң жақ құлақшаға құйылады. Салмағы 60 кг ересек адамның организмінде 1200-1600 мл лимфа болады. Лимфа плазмасының құрамы қан плазмасына жақын. Қанға қарағанда лимфаға улы заттар тез өтеді. Лимфа жүйесінің қызметі қан тамыры жүйесіне ұқсас, яғни қоректік затты, энергиялық және құрылыс материалдарын клеткаларға, ұлпаларға тасымалдайды ж\е оларда зат алмасудан пайда болған керексіз және улы заттарды организмнен шығарады. Ол лимфаның бөгеттік, иммундық құнарландыру қызметтері. Вөгеттік қызметті лимфа түйіндері атқарады. Лимфа түйіндері лимфаның құрамына түскен улы заттарды, бактерияларды, вирустарды және т. б. сүзіп, ұстап, кейбіреулерін организмге зиянсыз түрге айналдырады. Лимфа түйіндерінің бұл бөгеттік қызметі кейде едәуір зиянын да тигізеді. Ондағы жиналған заттар лимфа түйіндерінің жұмысын бұзады. Мысалы, үнемі ісіп тұратын тамақ бездері және туберкулез, сарып (бруцеллез) ауруларында лимфа түйіндері жұқпа қоздыру орнына айналады. Сонымен қатар жұқпа лимфа түйіндерінде жасалынады. Бұл — лейкоциттердің бір түрі. Адамда не бары 460 лимфа түйіні бар. Лимфоциттер осы түйіндерде, көкбауырда, тимусте жөне жілік майында түзіледі. Кеуде куысындағы 1 мм3 лимфада 2000-ға дейін лимфоцит бар.
Тимус безінде Т-лимфоциттер түзіліп, дамиды.
Лимфоциттер антидене түзеді. Онда нәруыздар, майлар сіңіріледі және олар алмасады. Қан құрамын зерттейтін ғылым гематология. Дәрігер –гематолог.
ІІІ. Тапсырманы орындау. 115 бет.
Қан клеткалары
|
Клетка пішіні
|
Ярдосы бар
|
1мм3қандағы саны
|
Клетка маңызы.
|
|
|
|
|
|
ІV. Үйге§31оқу
V. Сұрақтар. 1. Лейкоциттердің қандай қызметтер атқарады ?
2. Фагоцитоз дегшеніміз не ?
3. Иммунитет түрлерін атаңыздар оның маңызы қандай?
4. Лейкоциттердің эритроциттерден айырмашылығын түсіндіру.
5. Антиденелер туралы не білеміз.
8-сынып. 15.01.
Сабақтын тақырыбы: Лейкоциттер.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды лейкоциттердің құрылысы және
атқаратын қызметтерімен таныстыру,иммунитет
туралы түсініктер беру.
2.Оқытудын жаңа элементтерін пайдаланып, оқушы
беленділігін арттыру. әрекетін басқару оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.- 3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу..
Сабақтың түрі: Шығармашылық
Сабақтың әдісі: Эврикалық сұбхат,эссе жазу.есептер шығару.
Сабақтың пән аралық байланысы: Валеология,.Химия, матем.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ. Бағалау.
ІІ. Лейкоциттер — эритроциттерге қарағанда ірі ядролы қан жасушасы. Қанның Імм3 мөлшерінде 4О00-Н000 лейкоцит
Лейкоциттер жіліктің кемігінде, көкбауырда, лимфа түйіндерінде түзілсді де қанға қосылады. Олар бірнеше күннен бірнеше жылдарға дейін тіршілік етеді. Лейкоциттер — түссіз жасушалар, сондықтан ақ қан түйіршіктері н-е ақ қан жасушалары деп аталады. пішіні тұрақты болмайды.Лейкоциттсрдің негізгі қызметі — организмді микробтардан, басқа түрлі нәруыздың әссрінен, суық пен ыстықтан, денеге зиянды заттар енуден сақтайды. Лейкоциттердің әр түрлі микроорганизмдерді сіңіріп және оны қорытып жіберуін И.И.Мечников фагоцитоз дсп, ал «обыр» жасушаларды фагоциттер деп атаған. Адам жұқпалы ауру туғызатын микробтын бір түрімен ғана ауырып, соған қарсы денеде антиген түзілсе, онда аурудың бүл түріне екінші рет қарсы түра алады. Денеде иммунитет, яғни жұқпалы ауру қоздыратын осы микробтан өзін қорғайтын қасиеті пайда болады. Иммунитеттің 2 түрі бар: 1. іштен пайда болады; 2. адамның өмірінде жүре пайда болады. Бұлар — табиғи иммунитет. Жасанды иммунитет пайда болу үшін адамға тіршілігі жойылған н\е әлсіретілген ауру коздырғыш-н егеді. адам көпке дсйін ауырмайды.
Түйірлі лейкоциттер-гранулоциттер, түйіршіксіз - агранулоциттер
Лейкоцит
Түйіршіксіз Түйіршікті
Нейтрофилдер 45-75%-лизосома ферм. Лимфодит 18-30%
Ээзинофилдер 1-5%-гепорин өяім коб. Моноцнттер 29% Базофилдер 0-1%.
ІІІ. Эссе жазу ұйымдастырылады «Лейкоциттердің маңызы»
ІV. §31оқу, Реферат жазу бір оқушы «ЖҚТБ қатерлі дерт»
V. Сұқрақтары:
1.Қанды не үшін құйады,қай топтағы адамның қанын бір-біріне құюға болады?
2.Қан кеткенде неше % NaCI ерітіндісін құяды?
3. Эритроциттердің гемоглобин құрылысы қандай ?
4. Қаназдық деген не ?Оның п.б себептері қандай?
5. Эритроциттер қай жерде түзіледі?
8-сынып. 18.01.
Сабақтын тақырыбы: ҚАН ТОПТАРЫ. ҚАН ҚҰЮ. РЕЗУС-ФАКТОР.
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды қан топтарының түрлерімен ,ерекшеліктері және қан құю әдістері,резус фоктарлар туралы түсініктер беру.
2.Оқытудың оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.
3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу.
Сабақтың түрі:дәріс
Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру.
Сабақтың пән аралық байланысы:.Химия, математика.
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ. Бағалау.
І Амандасу, сабақ құралдарын тексеру,
ІІ. Жаракаттанғанда, зақымданғанда көп қан жоғалту адам өміріне кауіпті.
1901 жылы австриялык ғалым К. Ландштейнер қанның үйлеспеушілігін зерттеу кезінде кейбір жағдайда бір адамның канының плазмасының эритроциттерін баска адамньщ эритроциттерімен араластырған кезде олардың бірігіп калатынын байқады. төрт тобын ашты: I, II, III және IV топ Осы еңбегіне байланысты 1930 жылы К. Ландштейнер Нобель сыйлығын алды, Эритроциттердін бірігіп қалуын агглютинация дел атайды. Агглютинциядан қан ұйып, ұсақ тамырлар бітеліп қалады да, адам өліп кетуі мүмкін.
Қан қүю кезінде енгізілетін қан эритроциттерінің донор қаны құйылатын адам қанының эритропиттерімен бірігіп
қалмауын ескеру өте маңызды. Құюға арналған қанды донордан алады. Донор дегеніміз — өз еркімен кан беретін адам. Реципиент деп донордан қан алатын адамды айтады. I топты қанды қаны кез келген топтағы адамға кұюға болады. Сондыктан кан тобы I адамды әмбебап донор деп атайды. Қаны IV топ адамға барлық терт топтағы қанды кұюға болады, оларды әмбебап реципиент деп атайды. Шамамен, адамдардың 40%-ының қан тобы I, 40%-ы — II топ, 14%-ы — III топ, 6%-ы — IV топ. Қан тобы — тұқым қуалайтын белгі және адамның бүкіл өмірінде өзгермейді.
Донор дегеніміз — өз еркімен қан беретін адам. Реципиент деп донордан цан алатын адамды айтады.
Қан тобы
|
Мынадай топқа қан беруге болады
|
Мынадай топтағы қанды құюға болады
|
|
|
|
I
|
I ІІ ІІІ IV
|
1
|
ІІ
|
II IV
|
І ІІ
|
ІІІ
|
III IV
|
I III
|
IV
|
IV
|
I II III IV
|
Резус-фактор. Резус-фактор — ерекше нәруыздық зат. Оны ең алғаш 1940 жылы К. Ландштейнер макака-резус маймылының (атау осыдан алынған) қанынан аныктаған. Адамдардың 85%-ының канында резус-фактор бар, оларды оң-резус (Rh+) деп атайды. Ал адамдардың 15%-ында резус-фактор жок, оларды теріс-резус (Rh-) дейді. Егер құрамында резус-фактор бар канды резус-факторы жоқ адамға кұйса, онда бегде нөруызға ерекше антидене түзіледі. Резусы теріс адамға резусы оң канды кайталап кұйғанда, эритроциттер бірігіп калуы мүмкін (агглютинация). Осының салдарынан жүйке кызметі, қанайналым бұзылып, адам өліп кетеді. Сондықтан кан кұю кезінде канда резус-фактордың болу-болмауын ескеру керек. Әсіресе үйленетін жастар резус-факторын аныктауға кан тапсыруы кажет. Анасының резусы — теріс, әкесінікі — оң отбасында көп киындыктар болуы мүмкін.
ІІІ. 1. Қан топтары қандай болады?
2. Қандай белгілеріне байланысты қанды топқа бөпеді?
3. Қандай жағдайда адамға қан құяды?
4. Резус-фактор дегеніміз не?
5. Өз қаныңның тобы мен резус-факторын біпу не үшін қажет?
6. Агглютинация дегеніміз не?
7. Донор дегеніміз кім? Реципиент дегеніміз кім?
ІV. Үйге§34оқу
V. 1. Лимфа жүйесінің құрылысы қандай?
2. Лимфа құрамы қандай?
3. Лимфациттер қызметі қандай?
4.Лимфа түйіндері қалай тұзілген және қандай қызмет атқарады?
5. Ұлпа сұйықтығын заласыздандыру және сүзу қайда жүреді?
6. Фагоциттер қандай қызмет атқарады?
8-сынып. 21.01.
Сабақтын тақырыбы: ИММУНИТЕТ ТҮРЛЕРІ. ЖИТС (СПИД). ЖИТС-ТІҢ АЛДЫН АЛУ
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды иммунитет түрлерімен , ЖИТС-тің алдын алу туралы түсініктер беру.
2.Оқытудың беленділігін арттыру,оқу материалдарының мазмұнын өмірмен байланыстыру арқылы оқушылардың білім біліктігін дамыту.
3. Оқушыларды салауатты өмір сүруге тәрбиелу..
Сабақтың түрі: семинар
Сабақтың әдісі: баяндау, кестелер толтыру.
Сабақтың пән аралық байланысы:. медицина, математика
Сабақтың көрнекілігі: сызба-нұсқа,трек-сызба
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі.
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
ІІІ. Бекіту.
ІV. Үйге тапсырма беру.
V. Үй тапсырмасын тексеру.
VІ. Бағалау.
І Амандасу, сабақ құралдарын тексеру,
Лейкоциттердің бір түрі — лимфоциттер осындай кабілетке ие. Антиденелер ауру тудыратын бактериялар мен вирустардын тіршілік әрекеттерінің өнімдерін зиянсыздандырады және бейтараптайды. Кейбір антиденелер қатаң белгілі бір коздырғыштарға, ал басқалары бірнеше ауру қоздырғыштарына әрекет етеді. Антидене организмнің жұкпалы ауруларды қабылдамауын, жалпы қарсы тұру дәрежесін арттырады.
Организмнің енген жүкпалы және бөгде денелер әрекетін кабылдамауы иммунитет деп аталады. Иммунитет табиги жөне жасанды болып бөлінеді.
Табиғи иммунитет туа бітеді ж/е жүрё пайда болады. Туа біткен иммунитет адам туылғаннан бастап болады. Ол балаға тұқым қуалау аркылы беріледі. Мысалы, адам тауық тырысқағымен (холера), ірі кара обасымен ауырмайды. Себебі туылғаннан бастап адам қанында осы ауру қоздырғыштарына карсы дайын антиденелер болады. Ал адам қандай да бір жұкпалы аурумен ауырғаннан кейін пайда болтан иммунитет журе пайда болган иммунитет деп аталады. Бала кезінде шешекпен немесе көкжөтелмен ауырған адам бұл аурулармен кайталап ауырмайды. Себебі олардың организмінде пайда болған антиденелер ұзақ уақыт сақталады. Осындай жүре пайда болған белсенді иммунитет ұзақ уақыт, кейде өмір бойы сақталады.
Кейбір жұқпалы ауруларға, мысалы, тұмау, жәншау (скарлатина), күл (дифтерия) ауруларынын жүре пайда
болган енжар иммунитетін бала ана сүті арқылы алады. 1—2 жастан кейін анадан алынған антиденелер бұзылады да, баланың аталған инфекцияны қабылдағыштығы артады. Мұндай жағдайда жұкпалы аурулардың алдын алу үшін жасанды жолмен иммунитет пайда болады. Ол үшін, өдетте, бала кезде сактандыратын екпе жасалады — әлсіретілген немесе тіршілігін жойған ауру коздырғыштарының вакциналарын егеді. Бүл кезде бала организмінде корғаныш антиденелер түзіледі де, ауру жеңіл түрде өтеді. Әрі карай бүл антиденелер адам организміне коздырғыштар түскен кезде аурудан сактандырады. Бүл — жасанды белсенді иммунитет. Біздің елімізде балаларға қызылша, көкжөтел, күл ауруы, туберкулез, полиомиелит, сіреспе, т.б. ауруларға карсы вакцинация жасалады. Бұл осы аурулармен ауыруды едөуір азайтады.
Енжар иммунитет, шамамен, 4—6 апта сакталады да, содан кейін антиденелер бүзылып, иммунитет жойылады. Кейбір жүкпалы аурулардан кейін иммунитет пайда болмайды. Мысалы, адам баспамен бірнеше рет ауыруы мүмкін.
ЖИТС (СПИД; жүре пайда болған иммундык тапшылық синдромы) — организмнің иммундык жүйелері зақымданатын ауыр ауру. ЖИТС коздырғышы — вирус. Ол ЖИТС вирусы жүкпалы ауруларға карсы антиденелер жасайтын кан лимфоциттерін талдап закымдайды. Бүл кезде организмнің микробтардан корғануы күрт төмендейді де, әр түрлі мүшелер мен жүйелердін кабыну процестеріне апарып соғады. ЖИТС-пен ауыратын адамда ісіктің пайда болуына карсылығы төмендейді. Ауыр қабыну аурулары мен қатерлі ісіктің дамуы ЖИТС-пен ауыратын адамның өліміне себеп болады. ЖИТС вирусын адамның иммундык тащдылык вирусы — АИВ (ВИЧ) деп белгілеу кабылданған. ЖИТС вирусы ауру адамнан cay адамға, ең алдымен,стерильденбеген медициналық инструменттер арқылы, қан күю кезінде, сондай-ак жыныс жолдары аркылы беріледі.
Аурудың ең алғашқы белгілері: дене температурасының ұзак уакыт көтерілуі, лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
ІІІ.1. Адам организмінің корраныш қызметі мен иммунитет түрі арасындағы сәйкестікті анықтандар.
Қорғаныш қасиеттері
|
Иммунитет түрлері
|
1. Қан плазмасында тұкым қуалау арқылы алынған антиденелердің болуы.
|
а) белсенді;
ә) енжар;
б) туа біткен.
|
2. Антиденелерді емдік қан сарысуы арқылы алу.
|
|
3. Вакцинация нәтижесінде өанда антиденелердің түзілуі.
|
|
4. Аурудын әлсіретілген қоздырғыштарын ентізгеннен кейін антиденелердід түзілуі.
|
|
2. Иммунитеттід әрбір түріне дұрыс сипаттама беріңдер.
Иммунитет және оның тұрлері
1. Туа пайда болған иммунитет.
2. Жүре пайда болған иммунитет.
3. Белсенді жасанды иммунитет.
4. Енжар жасанды иммунитет.
а) организмге емдік сарысуды енгізгеннен кейін пайда болады;
ә) организмде антиденелер жұқпалы ауруме-ауырғаннан кейін түзіледі;
б) организмге вакцина енгізгеннен кейін түзіледі;
в) организмге ата-анадан тұқым қуалап беріледі.
ІV. §35
V. 1. Қан топтары қандай болады?
2. Қандай белгілеріне байланысты қанды топқа бөпеді?
3. Қандай жағдайда адамға қан құяды?
4. Резус-фактор дегеніміз не?
5. Өз қаныңның тобы мен резус-факторын біпу не үшін қажет?
6. Агглютинация дегеніміз не?
7. Донор дегеніміз кім? Реципиент дегеніміз кім?
1. Лимфа сұйықтығының қандай ерекшеліктері қандай ?
2. Лимфоциттер қандай қызмет атқаоады ?
3.Гемотолгия деген не? ЖҚТБ-қандай ауру ?
. ЖҚТБ ауруы туралы түсініктер беру.
Достарыңызбен бөлісу: |