Дөңгелек үстел
Дөңгелек үстел – оқушыларға белгілі бір проблеманы өрістетіп, ақпаратты алуды арттыруға әсер ететін және олардың өзіндік позициясын бекемдейтін, әрі олардың танымдық қызметін ұйымдастырудың белсенді формаларының бірі, шешім қабылдауда қателіктен қашып құтылудың амалы – дискуссияны логикалық және шығармашылық мәдениетпен жүргізе білуге тәрбиелеудің төте жолы.
Аталған педагогикалық ұғымды салмақтаған кезде бірден түсінікті болатыны дөңгелек үстел нақты проблеманы шешу кезіндегі ақпараттық сипаттағы семинар-дискуссияның ерекше бір түрі болып саналады. Дөңгелек үстелді көбінесе жаңартпашылық мектептердегі математикадан қорытынды сабақ түрін өтуде, сонымен қатар ұстаздардың матемтикадан білімін көтеретін курстарда қолдану тиімді. Ресей зерттеушілерінің сестрин инновациясын психологиялық тұрғыдан мектеп педагогикасымен біртұтастықта алып, бала үлгерімінің психологиялық жағын басты назарда ұстап, Мектептерде дөңгелек үстел педагогикалық өмір салтына енгізілуде.
Мектеп өмірінде өтікізілетін кез келген Дөңгелек үстелдің мақсаты болып нақты өзекті проблеманы шешудегі пән мұғалімдерінің белсенділігі мен жинақылығы танылады. Дөңгелек үстел оқушылар арасында мектепаралық деңгейде математикадан өткізілетін қалалық олимпиада кезінде өткізген ыңғайлы.
«Дөңгелек үстел» өткізудегі оңтайлы жағдайлар, күн тәртібіне алынған тақырыптың негізгі және жанама сұрақтарын атауға болады. Олардың бәрінің маңызды болатын себебі: оңтайлы нәтижеге қол жеткізуде, іскер ахуал қалыптастыруда, сонымен бірге интеллектуалды және сезімдік көңіл хошын көтеруге әсер етеді. Ең қажеттісі, Дөңгелек үстел шынымен өз қызметін мүлтіксіз орындасын десек, онда «беппе-бет» немесе «көзбе-көз» қарым-қатынасы іске асуы тиіс.
Әуелі Дөңгелек үстелге қатысушылардың қажетті мөлшерін қарастырып алуға тиіспіз. Егер математикалық олимпиадаға жиналған мұғалімдер саны шамадан тыс көп болса, онда бір емес, екі жүргізуші (оларды әдетте тілшілер деп те атайды) болуы керек. Бір сыныпта әр мектептен келген 20-30 оқушы болғанда, бір тілші мен оған техникалық құралдар жағынан жәрдемдесетін ассистент болғаны дұрыс.
Дөңгелек үстелді өткізудегі ең маңыздысы күн тәртібін сақтау.
Дөңгелек үстелдің жалпы күн тәртібі – 2 сағаттан, оқушылардың жарыс сөзі – 10 мин., дискуссияға қатысуы – 3-5 минуттан болып келеді. Ал, қалған жағдайлары төмендегі 43-суретте көрсетіліп отыр.
43-сурет.
Сонымен бірге, Дөңгелек үстелді өткізу кезінде аяқ астынан туындайтын келеңсіз жағдайлардың да етек алатынын еш естен шығармауымыз керек. Олар Дөңгелек үстел әдісімен өткізілетін семинар-сабақтың нәтижелілігіне өз әсерін тигізеді де, игілікті іске өз көлеңкесін түсіреді.
Егер жағымды жағдайды мәуелі ағашқа баласақ, келеңсіз жағдайды қураған ағаш кейпінде суреттер едік (44-сурет).
44-сурет
алдын ала дайындалған жарамды сценарий
тілшілердің дөңгелек үстел жүргізу дағдысы
күн тәртібін сақтау
«Ар кодексін» сақтау
интеллектуалды төзім
шешім қабылдауды бағалаудағы шынайылық
әдіскерлік
мейірбандық
ашықтық т.с.с.
|
дөгелек үстел алдын ала дайындалған сценарийсіз өз бетімен өткізу
тілшілердің дайын еместігі, жұрт алдында өз позициясы мен дәлелдеулерінің жеткіліксіздігі
құрылымдық сыннан бас тарту
сараптай білмеу
проблеманы тұрпайыландыру
қарым-қатынас жасау дағыдысының жоқтығы
жаңаның енгізілінуіне кертартпалық
беделділерге қысым көрсету
|
45-сурет.
Осылардың бәрі, дөңгелек үстелдің психологиялық астарын түзеді. Осылайша, математика пәнін оқытудағы кез келген проблема бойынша өткізілген дөңгелек үстелдің негізгі бөлігі дискуссиядан тұрады. Сондықтан, жетекші осы әдістің ақпараттық өрістеуін жете меңгеруі қажет. Өйткені, ол әр мектептен жиналған математикалық олимпидаға қатысушы оқушылардың бәріне ортақ, бәрін қанағаттандыратын критерий ұстануы шарт. 46-суретте дөңгелек үстел өткізуге дайындалу кезеңі көрсетілген.
46-сурет.
Дөңгелек үстелге қатысушы оқушылардың дискуссияға араласып кетуі әдетте өте күрделі. Өйткені олар:
өзінің ойымен қабыспайтын «бөтен» ойға, идеяға, ұсыныс пен позицияға назар аударады;
талқыланатын проблема туралы жеткілікті хабардар болмайды;
дискуссияны қалыпты жүргізе алмайды, яғни айтылған ойдың, идеяның шынайылығын сездіретін қарсы факті мен айғақтаулар негізінде дөңгелек үстелге қатысушыларды өзіне тарта алмау сияқты кедергілер алдымызды орайды.
Егер қатысушылардың басым бөлігі белгілі бір ғылыми-теориялық сенімді бойларына сіңіріп, осы алған білімдерін өздерінің көзқарастары мен ұстанымдарын пікірталас үстінде қорғауда қолдана алатын болса ғана дөңгелек үстел нәтижелі деп айта аламыз. Психологиялық жағынан аталған бұл процесс жайдан-жай өте салмайды, өйткені бұрынғы қалыптасып қалған ескі көзқарасты өзгерту керек. Сондықтан дөңгелек үстел кезінде үнемі өзіңнің жеке бастық сезіміңді тізгіндеп отыруың керек. Бұл арада дөнгелек үстел жүргізушіден талап етілетіні - үнемі сезімдік ауанды қалай ұстағаны мен интеллектуалды әлеуетті қалай ашатыны.
Қатысушылар дөңгелек үстелге бейімделуі үшін алдын ала «ақпараттық шабуыл» өткізіп алу керек. Бұл – алдын ала бой жазу мен ой сергіту. Осы арқылы болашақ талқылатын проблема жөнінде ақпараттық база қалыптасады.
Егер қатысушылардың барлығын бір мөлшерлес білімділік және ақпараттық деңгейде деп санайтын болсақ, «ақпараттық шабуыл» кезінде дискуссияның еш кедергіге ұрынбай, біз қалаған арнада ашық та, қызу өтетіндігі дау тудырмайды. Осылайша, өз тарапымыздан көзге көрінбейтін психологиялық кедергіні жеңіп шығып, олимпиадаға қатысушы оқушылар үшін есте қаларлықтай дөңгелек үстел өткізе аламыз. Енді дөңгелек үстелді ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесіне тоқталалық (47-сурет).
Дөңгелек үстел өткізу әдістемесі
|
Жетекшінің алғы сөзі (сабақтың жалпы технологиясы, күн тәртібі, ережесі)
|
|
«Ақпараттық шабуыл» жасау
|
|
Дискутанттар жарыссөзі. Дискуссия сауалдарына жауап қату.
|
|
Дискуссия мен шығып сөйлеушілердің сөзі негізінде шағын қорытынды шығару
|
|
Бейне және аудиожазбалар
|
|
Жетекшінің қорытынды жасауы
|
47-сурет.
Әдетте, дөңгелек үстелдің мынадай үш кезеңі бар: дайындық, дискуссиялық және дискуссиядан соңғы.
І кезең – дөңгелек үстел өткізуге дайындық қадамы (46-сурет);
ІІ кезең – Дискуссиялық, яғни дөңгелек үстел өткізу (47-сурет);
ІІІ кезең – Дискуссиядан кейінгі (48-сурет).
Осы арада дөңгелек үстелдің кейбір өзіндік ерекшелігіне ұстаздардың назар аударғаны жөн.
Біріншіден, ақпараттың жандануы. Дискуссия үстінде қатысушылар жалпы көзқарасты емес, өзінің жекелей пайымын айтады. Ол өз бетімен аяқ астынан ойға оралып, ақырына дейін түйінделмеуі де мүмкін. Сондықтан, осындай ақпаратқа байыппен қарап, оның ішіндегі ең құндысын, ең сенімдісін басқа дискутанттардың пікірімен салыстыра отыра, шұғыл түрде қолданып, көрсете білу керек.
Екіншіден, аталған семинар-сабақтың көп дауыстылығын (полифония-лығы) атап өтуіміз қажет. Дөңгелек үстел кезінде іскерлік шу бой көрсетіп, көп дауыстылық орын алады. Ол өз кезегінде шығармашылық пен өрелік ахуалдың, тақырыпқа қызығушылықтың орнауына өз көмегін тигізеді.
48-сурет.
Осы көп дауыстың ішіндегі ең «бастысына» назар аудару керек. Сол арқылы осы негізде өз ойын білдірем дегендердің барлығына өз пікірлерін айтып шығуына мүмкіндік беру қажет. Тап осы жағдай дөңгелек үстелдің ерекшелігі болып табылады (49-сурет).
Сонымен дөңгелек үстел – өрелі оқушылардың семинар-сабақ үстінде өзара ақпараттық қарым-қатынас жасау процесі, онда тек ақпарат алмасу ғана емес, өзінің жеке позициясын қорғау мен өзгенің пікірін мойындау, жоққа шығару, бейімдей түзету де орын алады. Осылайша қажетті жаңа ақпараттық кеңістік пайда болып, жүргізуші ұстаздар тарапынан жаңартпашылық нұсқаулар мен шешімдер қабылданады.
Дөңгелек үстел дәстүрлі сабақтардан көп ерекшеленеді, атап айтқанда қайталау сабақтарынан бөлектенеді. Өйткені, онда мұғалім оқушыларға өзінің сенімін таңады. Дискуссия кезінде дискустант әуелі «өзі үшін», содан кейін «өзгелер үшін» түйіндеулер іздестіріп, сол арқылы өз ойын өзгелерге мойындатады.
Сонымен дөңгелек үстелдің негізі – ақпарат пен қарым-қатынас жасау болып табылады. Тап осы жөнінде американың атақты магнаты Рокфеллер мынандай пікір айтқан болатын: «Ақпарат пен қарым-қатынас жасау – қант пен кофе сияқты тауар. Мен осы тауарға басқаларға қарағанда артықтау ақша төлер едім».
Балаға ең құнды, ең мәнді ақпар беру – дөңгелек үстел семинар-сабақтарының басты мақсаты болып табылатының мектеп мұғалімдері естерінен шығармаулары керек.
49-сурет.
8 лекция
Достарыңызбен бөлісу: |