6 Лексия
Бүкіләлемдік тартылыс заңы және ИЕСЖ
1.Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
2.Ауырлық және инертті масса.
3.Тартылыс өрісі.Кернеулік.Потенциал.
4.Планеталардың қозғалысы.Кеплер заңдары.Ғарыштық жылдамдықтар.
5.Инерциалды емес санақ жүйелері.
1.Бүкіләлемдік тартылыс заңы.
Бүкіләлемдік тартылыс заңында И.Ньютон көптеген жеке экспериментальдық нәтижелерді жалпыламалық тұрғыдан қорытып, Кеплер заңына бағынатын қозғалыстағы планеталарға тартылыс күшіне типтес күштер әсер ететіндігін дәлелдеп, тартылыс заңының аспан механикасының есептерін шешуде пайдаланатындығынан оның жұлдыздардың, планеталардың және басқа аспан денелері үшін орындалатындығын көрсетті.
Бүкіләлемдік тартылыс заңын қолданғанда материалдық нүкте ретінде есептелетін, яғни өлшемдері олардың арақашықтықтарымен салыстырғанда едәуір кіші денелер үшін дұрыс екендігін ескеру қажет. Егер денелердің арақашықтықтары олардың өлшемдеріне жақындаса, онда біз ойша алынған денелерді кіші элементтерге бөліп, қосарлана алынған барлық элементтердің тартылыс күштерінің қорытқысын анықтаймыз. Өте күрделі бұл математикалық есепті шешу әдістері математикалық физикада потенциалдар теориясы арқылы жетілдірілген. Тартылу күшінің шығу тегі физиктерге әлі белгісіз. Гравитациялық әсерлердің механизмін Ньютон былайша бейнеледі: Массасы М дене өзінің айналасында өріс туғызады. Егер өрістің қандай да бір нүктесіне m сынақ массасын орналастырсақ, онда оған өріс Ғ күшпен әсер етеді. Берілген нүктеге әсер ететін Ғ күші, осы нүктедегі өрістің қасиеттеріне және сынақ массасының шамасына тәуелді. Сынақтағы дене өзінің айналасында массасы М денеге әсер ететін өріс туғызады. Заттан бос кеңістіктің бірнеше физикалық және математикалық қасиеттері бар.
Классикалық физикада екі нүктенің ең қысқа арақашықтығы түзу сызық, уақыттың жүрісі кеңістіктің барлық нүктелерінде бірдей, жарық сәулесі түзу сызықпен тарайды деп қарастырылады.
Энштейннің теориясы бойынша, кеңістіктің қандай да бір облысына енгізілген массасы М дене кеңістіктің қасиеттерін өзгертеді. Дербес жағдайларда екі нүктенің ең қысқа арақашықтығы түзу сызық емес қисық сызық, параллель түзулер қиылысады, үшбұрыштың ішкі бұрыштарының
қосындысы емес, одан үлкен немесе кіші болады. Сызықтың қисықтығы мен бұрыштың үлкен немесе кіші болуы дененің массасына және денеден кеңістіктің зерттеліп отырған нүктесіне дейінгі қашықтыққа тәуелді. Жарық ең қысқа жолмен тарағанымен, оның траекториясының пішіні қисық болады. Массасы үлкен денелерге жақын орналасқан нүктелерде уақыттың өтуі баяулайды. Яғни, гравитациялық өріс массасы үлкен денеге жақын орналасқан нүктелердегі кеңістіктің физикалық және геометриялық қасиеттеріне сипаттама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |