Лекция конспектісі кредит саны -3 Шымкент-2019ж Құрастырған: к б.ғ. доцент Есқараев. Н. М


Геологиясы, тектоникалық құрылымы



жүктеу 1,33 Mb.
Pdf просмотр
бет12/25
Дата11.11.2022
өлшемі1,33 Mb.
#40130
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
лек экол ресурс кіріспе

Геологиясы, тектоникалық құрылымы.
Оңтүстік Қазақстан 
облысының көпшілік жері Тұран плитасының құрамына кіреді. Жазық өңірі 
негізінен кембрилік, девондық карбондық, жыныстардан, (құм, тас, тақта тас) 
таулы бөлігі төменгі полеозойлық жыныстардан (құм, тас, граниткогаомерат) 
жота аралық ойыстар девонның қызыл түсті шөгінділеріне толған. Ақсу, 
Сайрам өзендерінің бассейіндерінде бор жыныстары таралған. Батыс Тянь-
Шаньда, Қаратауда ерте бор дәуірінде қызыл сарғыш топырақтан құралған. 
Бор дәуірінің климаты құрғақ, аридті болады. Мұның өзі қызыл 
топырақтың көп таралғанын көрсетеді. Бор жыныстары Ташкент, Шымкент 
аудандарында тараған. Төменгі жағы құмды саздармен, жоғарғы қабатты 
конгломераттармен шөгінді тау жыныстарымен толтырылған. Облыс төменгі 
бор қызғылт түсті құмдармен, саздармен күрделі. Ол 1500м тереңдікке дейін 
барады. Жоғарғы бор теңіздің ізбесті ашық қызыл құмдарымен ерекшеленеді. 
Ең жоғарғы қабаты қоңыр топырақпен жамылған. Қаратау және Талас 
Алатауының төменгі силурда және жоғарғы силурда лавалармен 
ерекшеленеді. Талас Алатауында, Қаратауда үштік дәуір жыныстары құмды 
сазды болып басталады. Тянь-Шаньның батыс бөлігінде тектоникаға 
байланысты мезокайнозойлық жыныстар таралған. Бұл негізінен оңтүстікке 
қарай Сайрам өзені алабында, Қаратау жотасында үштік дәуір жыныстары 
құмды саздар болып басталады. Орта бөлігі гипс тектес сазбен күрделенген 
жоғарғы олигоценге жатады. Континентті гора қатпарлығы Іле аңғарында 
және Шымкент қаласында белгілі. 
Пайдалы қазбалары. 
Облыс қойнауы пайдалы қазбаларға бай. Мұнда 
полиметалл рудалары (қорғасын) қоңыр көмір қабаттары, мәр-мәр, отқа 
төзімді және кварцтты құмдар, темір, гипс, құрылыс материалдары, жер асты 
және грунт суларының қоры мол. 
Қазақстан қорғасын өндіруден бірінші орын алады. Соның негізінде 
Шымкент қаласында қорғасын зауыты бар. Бұл зауыт 1971 жылы салынып, 
1984 жылы алғашқы өнімді береді. Шығарған өнімі тазартылған қорғасын
алтын, күміс рудалары және тағы да басқа. Қоңыр көмір Төлеби ауданында. 
Бұл Шымкенттің өндірістік жылк базасы болып табылады. Шымкенттен 170 
шақырым. Солтүстік батысында «Таскөмірсай» көмір Кен орны ашылды. 
Мұнда юра жасындағы көмір кен орны бар. Цемент өндіру Оңтүстік 
Қазақстан облысында Састөбеде бар. 
Оңтүстік Қазақстан басқа облыстарға қарағанда өзгеше айырма және 
көршілес жатқан Орта Азия Республикаларымен салыстырғанда бұл жерде 
фосфорит кен орны, қорғасын қоры жөнінен орасан зор маңызы бар. 
Оңтүстік Қазақстан су ресурстарына да бай. Бұл жөнінен ол Шығыс 
Қазақстан облысына жол береді. Таскөмірсай Кен орнында 50 мың тонна 
көмір бар. Қоңыр көмірдің 476 млн. тонна қоры тек 258 млн. тоннасы 
өндірісте пайдаланылады. Бұл негізінен Төлеби ауданында өндіріледі. 
Төлеби көмірінің жылу балансы 3850 ккал. Көмірді өндіру бұл жақта қиынға 
соғады. 


Гидрологияның және тау-кен техникалық жағдайларға байланысты 
көмір өндіру жылына 5 мың тоннадан аспайды. 
Қалған Кен орындарында өндіріліп болған десе де болады. Мысалы, 
Келте Машат Шымкенттен шығысқа қарай. 
Қорғасын мен мырыштың ірі Кен орны Қаратаудың оңтүстік батыс 
бөлігінде. /Кентау, Ащысай, Байжансай кен орындары/. 
Бұл темір жолда және қайта өңдеу орталықтарынан қашық емес. 
Шымкент қорғасын балқыту зауытында өңделеді. Қаратаудың аласа 
бөліктерінде мыс, молибден, ваннадий рудалары бар. Темір рудаларын Кен 
орындары Шымкент, Жамбыл темір жолдарына жақын жерлерден 
зерттелінген. Бұл жердегі темір қорына 182 млн. тонна, ал өндірісте 58 млн. 
тонна пайдаланылады. 
Оңтүстік Қазақстанда ТМД-дағы ірі фосфор бассейні бар. Қаратау 
жотасының солтүстік шығыс бөлігінде ұзындығы 200 шақырым. Бұлардың 
қоры 1472 млн. Өндірісте 779 млн. тонна. Оңтүстік Қазақстанда құрылыс 
материалдары көп. Бұл жерлерде су жоғарғы сапалы ізбес тастары мен сазды 
цемент бар. Састөбе поселкесінде гипс, мрамор, шыны жасайтын құмдар
және минералды бояу және тағы басқалар кездеседі. 
Оңтүстік Қазақстан облысындағы пайдалы қазбаларды негізінен төмендегі 
топтарға бөлуге болады. 
1.
Жанатын пайдалы қазбалары. 
А) тас көмір 
Тас көмірдің Шу атырауындағы пайдалы алабы 100 шақырымға 
созылып жатыр. Ленгірдегі тас көмір қазбасы энергия қуатын өндіру үшін 
пайдаланылады. 
Б) азоты- гелді газ. 
2. Темір рудасы пайдалы қазба көздері. 
А) Қаратау тауының бөліктерінен марганец пайдалы Кен көздері табылған; 
Ванадий пайдалы қазбасы Қаратау, Жабағылы аймағынан, темір кені Ірісу 
аймағынан табылды. Қорғасын мен цинк Қаратау Кен орындарында көп 
кездеседі. 



жүктеу 1,33 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау