Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
Стратегиялық менеджмент циклі.
Стратегиялық менеджмент процесінің кезеңдері дегеніміз не..
Кезеңдеріне тоқталыңыз.
3-лекция: Фирманы стратегиялық басқару түрлері.
Дәріс мазмұны
Экстрополяция негізінде және стратегиялық жоспарлау.
Стратегиялық позицияларды таңдау және стратегиялық жағдайларды ранжирлеу жолымен басқару.
Мақсаты: Стратегиялық жоспарлау түрлерін анықтау.
1 Ұзақ мерзімді және стратегиялық жоспарлаудың негізгі айырмашалағы болашақты көрулерінде болып табылады. Ұзақ мерзімді жоспарлау (процесінде) жүйесінде болашақты тарихи қалыптасқан экстрополяция арқылы болжауға болады делінген.
Экстрополяция негізінде ұзақ мерзімді жоспарлау:
Экстрополяцияға сүйенген болжам
М ақсаттар
Бюджеттер бағдарлама табыстар жоспары
Бөлімдердің жүзеге асырылуы
Оперативті бақылау
Ұзақ мерзімді жоспарлау жүйесінде мақсаттар бағдарламалар істеріне енеді., бюджет және табыстар жоспарлары фирманың әр негізгі бөлімдеріне жасақталады. Кейін бағдарламалар мен бюджеттер осы бөлімдермен іске асырылады.
Стратегиялық жоспарлау жүйесінде болашақ процесі өткен процестерден жақсы болады деген ой жоқ және болашақты экстрополяция арқылы оқуға болады делінбейді. Сондықтан алғашқы қадам ретінде фирманың перспективаларының талдауы алынады. Оның мақсаты тенденцияларды, қауіптерді, мүмкіндіктерді өзгертетін «төтенше» жағдайларды анықтау.
2 қадам бәсекелес күрестегі ұстаным талдауы. Онда бәсекелесті көтеру арқылы фирма жұмысын көтеруге болатындығы анықталады.
3 қадам стратегия таңдау әдісі.
4 қадам диферсификация жолдарын талдау. Онда іске асырылып жатырған жұмыстардың тиімділігі, жаңа қызметтер көрсетіледі. Жаңа жұмыс нәтежиелерін қазіргі кез мүмкіндіктеріне қоса жалпы мақсаттар алынады., яғни перспективалар мен мақсаттар байланысады.
5 қадамда 2 топ мақсаты алға қойылады. : яғни ағымдағы орындауға арналған қысқа мерзімді және стратегиялық ағымдағы бағдарламалар мен бюджеттер фирма бөлімдерін ағымдағы рентабелділікті қамтуға бағытталады. Ал старегиялық жоспарлар мен бюджеттер болашақ рентабелділік негізін құрайды.
Іске асырудың стратегиялық жүйесінде бөлек стратегиялық бақылау жүйесі болады. Ұзақ мерзімді жоспарлау болашақ экстрополяция арқылы өткен кезеңнен алынса ғана фирма мүддесіне жұмыс істейді.
Стратегиялық жоспарлау
П ерспективалар
Мақсаттар Стратегиялар
Міндеттер Стратегиялық
бағдарламалар
бюджеттер
Ағымдағы бюджет,
Бағдарлама
Бөлімдердің іске асыруы Жобалар бойынша істер
Оперативті бақылау Стратегиялық бақылау
2 Стратегиялық менеджментте мүмкіндіктердің өзгеруін жоспарлау стратегияны жоспарлаумен ұштасып байланысады. Стратегиялық жоспарлаудың стратегиялық ұстаным таңдау арқылы басқарудан бірінші айырмашалағы фирманаң потенциалын жоспарлауын оның стратегиясын жоспарлаумен толықтырылуы.
Екінші айырмашалағы жоспарланған стратегияны іске асырумен жоспарланған ұйымның мүмкіндіктерді ауыстырудағы өзгерістерге қарсылықты жеңуі.
Жылдам өзгеріп жатырған мақсаттарға қарсы тұру үшін фирмалар уақытты шешімдер қағидасын, яғни стратегиялық мақсаттарды ранжирлеу арқылы басқаруды қолданады.
Оның негізінде келесі істер жүзеге асырылады:
Сыртқы ортадағы барлық тенденцияларға күнделікті бақылау орнатылады (нарықтық, техникалықәлеуметтік, саяси);
Тенденцияларды талдау нәтежиелері және шешімдердің жеделдігінің дәрежесінің бағалауы ұйымның жоғарғы басшыларына кезеңді кеңестерді, жаңа қауіптер табылып, жаңа мүмкіндіктер ашылғанда да айтады.
Жоғары басшылық фирманың жоспарлау бөлімі мен барлық мақсатарды төрт категорияға бөледі:
а) ең жедел, аса маңызды, назар қарастырылуы тиіс мақсаттар.
б) орта жедел маңызды келесі жоспарлы цикл шеңберінде шешуге болатын мақсаттар.
в) маңызды бірақ жедел емес, күнделікті бақылауды қажет етпейтін мақсаттар.
г) маңызды емес , жалған ақпаратты мақсаттар.
4. Жедел мақсаттар зерттеу мен шешім қабылдауға немесе ұйымның бөлімшелеріне,
арнайы топтарына беріледі.
5. Шешімдер қабылдау тактикасының және стратегиялық салдары жоғары басшылықпен
қамтамасыз етіледі.
Басшылық проблемалар мен приоритеттерді үздіксіз ауыстырып отырады, яғни қайта
қарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |