Теміртау қаласы «№ 8 жалпы білім беретін орта мектебі»ММ
І санатты бастауыш сынып мұғалімі Манапова Жанар Пулатқызы.
Тақырыбы: 12 жылдық білім беру жүйесіндегі диагностикалық жұмыстардың тиімділігі.
12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты-өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын,өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім,бәсекеге қабілетті және құзіретті,шығармашыл,білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру.
Білім саласындағы қазіргі жағдай мұғалімдерден нақты пәнді оқытуды басқару мақсаты мен педагогикалық үрдістерді және құбылыстарды зерттеуді ,ол үшін маңызды болатын педагогикалық диагностика әдістері мен құралдарын меңгеруді талап етеді .
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының 3-бөлімінде «Оқытудың күтілетін нәтижелерін және оларға жету жолдарын диагностика-мониторинг деректерінің негізінде талқылау процесіне күллі жұртшылықты тарту-білім берудің қазіргі нақты жай-күйін толыққанды көрсетуіміздің бірден –бір жолы» -делінген.
Педагогикалық диагностика –оқушы мен мұғалім іс-әрекетінің сапалық нәтижесін талдау мен оның даму болашағын болжаудың динамикалық жүйесі.
Педагогикалық диагностика жүргізуде оның негізгі кезеңдеріндегі мақсат-міндетін ,нысаны мен пәнін нақтылаған жөн.
Диагностика оқыту мен тәрбиелеу сапасын көтерудегі ғылыми тәсілмен қамтамасыз етуге негізделген.Бірінші кезеңде негізгі көрсеткіштер мен критерийлер анықталып ,диагностикалау әдістері таңдалады.Диагностикалау әдістерін формальды әдістер (тестілеу,сауалнама,сұрақтар,бақылау жұмысы,жазба жұмысы т.б) және формальды емес (бақылау,пікірлесу т.б) деп бөлуге болады. Екінші кезеңде ақпараттар жинақталып,мәліметтер сандық және сапалық өңдеуден өткізіледі.
Өңдеу кезінде алынған нәтижелерді салыстыру,педагогикалық диагноз қою,тәуелділіктің себеп-салдарын анықтау және оларға талдау жүргізіледі.
Аралық диагностикалау кезінде алынған көрсеткіштер нормативті көрсеткіштермен салыстырылады,әрі логикалық талдау негізінде нормативті көрсеткіштердің ауытқу себептері анықталып,түзету-дамыту жұмыстарының стратегиясы жасалады.
Соңғы қорытынды –диагностикалық кезеңде жасалған жұмыс жағдайына баға беріліп, алынған нәтиже алғашқысымен салыстырылады.
Диагностиканың мақсаты-оқушының нақты жеке жетістіктері мен жалпы білім беру жүйесіндегі көрсетілген стандартқа сай пән бойынша мегерген білімі арасындағы нақты дәлдікті анықтау болып табылады.
Диагностикалық талдау ,өңдеу,жасау негізінде:
1.Ақпараттар жинақталып,мәліметтер сандық және сапалық өңдеуден өткізіледі.
2.Нәтижелер салыстырылады.
3.Нәтижеге диагноз қойылады.
4.Кешіліктердің себеп –салдары анықталып,оларға талдау жүргізіледі.
Оқушылардың берілген әр деңгейдегі ойлау қабілеті (АВСД) өлшемдеріне және оқу –танымдық қызметіне байланысты анықталады.Әр деңгейдің өзіне қойылатын белгілі талаптары мен күтілетін нәтижелері болады ,сол сияқты (I.II.III деңгейлік өлшемдер бар. ) Әр деңгейде белгілі ұпай саны қарастырылған. Әр деңгей өзіне тән ұпаймен бағаланады.Оны мына сызбадан көруге болады.
I А -1 ұпай
|
II А -5 ұпай
|
III А-9 ұпай
|
I В -2 ұпай
|
II В- 6 ұпай
|
III В-10 ұпай
|
I С -3 ұпай
|
II С- 7 ұпай
|
III С - 11ұпай
|
I Д -4 ұпай
|
II Д – 8 ұпай
|
III Д- 12 ұпай
|
Егер оқушы біліміне 0 ұпай қойылса ,онда қатемен жұмыстар жасалған соң қайта диагностикалау жұмысын жүргіземіз.
Мектепте нақты және анық диагностикалық сараптау жүргізу үшін жалпыға ортақ бір жүйені таңдау қажет.
Тақырыптық және жүйелі диагностика өткізу кезінде барлық жазба, бақылау жұмыстарының түрлері алынса, қорытынды диагностика кезінде тест жұмыстары алынады. Сонымен қатар диагностиканың тағы басқа бірнеше түрлері бар.Психологиялық диагностика ,мұнда оқушының сөйлеу,ойлау, зейіні,есі және кез-келген жағдаяттан жол таба білу шеберлігі,түсінігі,танымы,қабілеттілігі зерттеледі.
Әлеуметтік құзіреттілігін зерттеу диагностикасы-бұл жыл бойы жүргізіледі.Оқушының мінез-құлқы ,оның жүріс-тұрысы зерттеліп,қорытынды жасалады.Рейтингілік ұпаймен оқушының жеке тұлғалық дамуы «төмен», «орташа», «жоғары» деген көрсеткіштермен бағаланады.
Оқушы еңбегі оқушының жеке портфолиосы арқылы және ғылыми жұмысы негізінде де бағаланады.
Қортындылай келе диагностика дегеніміз «мұғалім-оқушы» жүйесіндегі оқушылардың білім деңгейін дамытуда,оқыту мен тәрбиелеуде сапалы нәтижеге жету үшін жүргізілетін жүйелі түрдегі үздіксіз бақылау әрекеті.
Шәкірттердің білім деңгейінің төмендігі –ең алдымен мұғалімнің кәсіптік деңгейінің талапқа сай болмауында екенін мойындаған әрбір мұғалім өзінің кәсіптік білімін,жан-жақты шеберлігін ,іс-тәжірибесін күнделікті іздену ,оқу үстінде толықтырып,жетілдіріп отыруға міндетті.
Жоғарыдағы айтылып өткен диагностикалау жұмыстарын мен өз іс-тәжірибемде қолданып жүрмін.Оған дәлел менің төрт жыл бойы өз оқушыларымның,сыныбымның білім сапасының көрсеткіштері жайлы мәліметтер жинақталған жеке жұмыс папкасы.Бұл папкадан жалпы сынып қана емес жеке оқушының білімі жайлы мағұлыматты тез таба аласың.
Оқушының қалай нәтижеге жеткені диагностикалық жұмыс нәтижесінде анық көрініп тұрады. Міне ,диагностикалау жұмысының тиімділігі осында.
Достарыңызбен бөлісу: |