Лекция жинағы
1-лекция: Стратегиялық менеджмент қағидалары мен функциялары.
Дәріс мазмұны
1. Стратегиялық менеджмент қағидалары.
2. Стратегиялық менеджмент функциялары.
3. Стратегиялық менеджмент қағидалары мен функциялары.
Мақсаты: Пәнге жалпы сипаттама түсінік беру.
1. Стратегиялық менеджмент әдістемесі дегеніміз – көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін стратегиялық шешім қабылдау мен тәсілдерінің жүзеге асырылу әдістерінің, қағидаларының жиынтығы.
Стратегиялық менеджмент пайда болуы объективті себептерге байланысты және ұйым дамуын басқарудағы эволюциялық дамуының нәтежиесі болып табылады. Оған дейін ұйым қызметінің сипатын, бағытын, өндірістік даму тенденциясын анықтауға бағытталған ғылыми-техникалық және экономикалық болжамдау, оңтайлы модельдеуге негізделген ағымды, ұзақ мерзімді жоспарлау әдістері мен формалары болды. Бұл шаралар өндірістік мақсаттар мен тұрақты жағдайларда ғана тиімді болып саналды.
Өндіріс факторларының, сапалы және сандық өсуі, ғылыми жетістіктерді қолданудың кеңеюі, шетел тауарларына, ұлттық шекараның ашылуы, экономиканың көптеген салаларындағы бәсекелестік күрестің күшеюі және ұсыныстың сұраныстан өсуіне әкелді. Сонымен бірге тұтынушылық сұраныс сипаты өзгерді, әлеуметтік қажеттілікке, тұтынушылар құқығын қоғарғауға көп көңіл бөліне бастады. Осы өзгерістер басқару жүйесінің де өзгерісіне алып келді. Ұйымды басқарудың жаңа элементтерінің бірі болып стратегиялық менеджмент әдістемесі табылады.
Стратегиялық менеджмен қағидалары дегеніміз – көздеген мақсатқа қол жеткізуге бағытталған ұйым қызметінің негізгі ережелері болып саналады. Оған мыналарды жатқызуға болады:
Бағытының біртектілігі. Сыртқы ортаның динамикалық шарттарында қызмет ететін ұйымның басқару қағидалары біртекті мақсатқа ие болуы керек.
Ғылыми қағида. Мақсатқа жету үшін ұйымның қалыптасуы мен оны басқаруға адам мінез-құлқы туралы ғылым жетістігін қолдану.
Даму доминантын бөлу. (Доминант бұл белгілі бір нәрсенің негізгі қасиеті немесе маңызды құрамдас бөлігі маңызды идея) Өсу, табыс номасы, тұрақтылық және технология көзқарасындағы ұйым алдынан ашылатын перспективалардың анықтамасы.
Үнемділік және тиімділік қағидасы. Ұйым стратегияларының жүзеге асырылуы және жасалуы қолда бар ресурстардан тұрады және белгілі бір жоспарлы кезеңде нәтежиелерінің шығындардан асуына бағытталған.
Персоналдарды жігерлендіру қағидасы. Көздеген мақсатқа жету үшін ұйым стратегиясын жасайтын персоналдарға жігерлендіруді дұрыс қолдануға бағытталған.
Еңбекті бөлу, көлемі бойынша үлкен, спалы еңбекті біртекті жағдайда орындауға бағытталған.
2 Басқару функциясы – басқару қызметінің негізгі бағытының бірі. Стратегиялық менеджменттің бірі-бірімен байланысты төрт функциясы бар: жоспарлау, жігерлендіру, ұйымдастыру және бақылау.
Жоспарлау. Ұйым дегеніміз белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған адамдар тобы. Жоспарлау функциясы ұйым мақсаты қандай болу керектігіне және ұйым мүшелері осы мақсатқа жету үшін не істеу керектігін шешеді.
Негізінен жоспарлау функциясы негізгі үш сұраққа жауап береді:
Қазіргі кезде біз қай жерде тұрмыз? Жетекшілер ұйымның қаржы, маркетинг, өнідіріс, ғылыми зерттеу, еңбек ресурстары сияқты салалардағы күшті және әлсіз жақтарын бағалап отыру керек.
Біз қай жаққа қарай қозғалуымыз керек? Қоршаған орта мүмкіндігін бағалай отырып жетекші ұйым мақсатын және оған кедергі келтіретін процестерді анықтап отыруы тиіс.
Біз мұны қалай істейміз?
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – белгілі бір құрлымды құру. Ұйым көздеген мақсатына жетуі үшін, өз жоспарын жүзеге асыруы үшін әртүрлі элементтерді құрлымдау керек. Дұрыс ұйымдастырылған жұмыс көптеген нәтежиелерге жетуге мүмкіндік береді. Кез келген жұмысты адамдар орындайтындықтан жетекші нақты жұмысты кім орындау керектігін аықтап жұмысты бөліп әр қызметкерге жауапкершілік артады.
Жігерлендіру. Ұйы мүшелерін еңбеккке жігерлендіруді білдіреді. Жетекші ойлаған мақсатқа тиімді жетуі үшін ол жұмысты дұрыс үйлестіріп , адамдарға жүктеген міндетін орындата білуі тиіс Өз шешімін жүзеге асыру үшін басшы жігерлендірудің негізгі қағидаларын қолданады.
Бақылау. Бұл ұйымның өз мақсатын жетуін қамтамасыз ету процесінің бірі. Бақылау бұл қолда не барын және не болу керектігін ұдай салыстыру.
Басшылар бақылау қызметін мақсат пен міндетті айқындап ұйымды құрған сәттен бастап ақ қолға алады. Ұйымның қалыпты жұмыс істеуі үшін бақылаудың маңызы зор. Бақылау болмаған жерде берекетсіздік орын алады. Жоспардың жүзеге асуына көптеген жағдайлар кедергі келтіреді. Мысалы заңдардың, әлеуметтік құндылықтардың, технологияның, бәсекелесу жағдайларының өзгеруі жоспарлаудың орындалуына себепші болуыықтимал. Бақылаудың қажеттілігі дағдарыс жағдайларының алын-ала сақтандыруға байланысты.
Бақылау процессі үш кезеңнен тұрады. Стандартар мен критерилерді жасау, оларды нақты нәтежиелермен салыстыру, енгізілетін қажетті түзетулерді қабылдау.
Стратегиялық менеджмент осы негізгі функцияларын жүзеге асыру үшін – шешім қабылдау керек және коммуникация – ақпараттарын алмастыру керек. Ал шешім қабылдау үшін ақпараттар қажет.
Шешім қабылдау. Ұйым дұрыс жұмыс істеуі үшін басшы бірнеше дұрыс шешім қабылдауы тиіс.Қабылданған шешім ұйымның экономикалық және әлеуметтік нәтежиелеріне , әрбір жұмысшыға қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Оңтайлы шешім қабылдау үшін ақпарат қажет. Ақпарат алудың негізгі тәсілі болып коммуникация саналады.
Коммуникация дегеніміз – қарым-қатнас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінісуге негізделген байланысы. Бір-бірімен ақпарат, мәліметтер алмасуы. Егер адамдар арасындағы коммуникация тиімсіз болса онда адамдар жалпы мақсатқа келіспеуі мүмкін.
Осындай функциялар байланысы стратегиялық менеджмент процесін қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |