Өзін - өзі тексеру сұрақтары:
1. Ұйымдастыру дегеніміз не.
2. Жігерлендіру дегеніміз не.
3. Бақылау дегеніміз не.
4. Шешім қабылдау дегеніміз не.
5.Коммуникация дегеніміз не.
6. Жоспарлау дегеніміз не.
2-лекция: Стратегиялық менеджмент процессі.
Дәріс мазмұны
Стратегиялық менеджмент циклі.
Стратегиялық менеджмент процесінің кезеңдері.
Мақсаты: Стратегиялық менеджмент циклін және стратегиялық менеджмент процесінің кезеңдерін үйрену.
1. Стратгегиялық менеджмент процесі-динамикалық өзгермелі жағдайда фирма алдына қойған мақсаттарға жетуге бағытталған кезекті, нақты әрекеттер жиынтығы. Ол қолда бар потенциалды оңтайлы пайдаланып сыртқы орта талаптарына биімделуді қамтамасыз етеді. Оның моделі мынадай:
Миссия мен мақсат.
Мүмкіндіктерді анықтау.
Диагноз
Баламаларды анықтау.
Салдарды талдау
Таңдау.
Бағдарламалау.
К оммуникация мен басқару Фирмадағы басқа орындаушылар
Н әтежиені бағалау Тенденцияларды бақылау
Бұл модель стратегиялық менеджменттің толық моделі болып табылады. Бұл модельдегі 8 және 9 деңгейлер бірігіп проблеманы шешу циклін құрайды. 1,2,3,9 деңгейлері бақылау циклі болып саналады. Онда фирманың мақсатқа жету әрекеті бақыланады.
Экстрополяциялы жоспарлау цикліне модельдің 1,2,3,7,10 деңгейлері жатады. Онда шешімдер экстрополяция арқылы болжам негізінде қабылданады.
Кәсіпкерлік істі жоспарлау цикліне 1,2,3,4,5,6,10 кезеңдері жатады. Мұнда мақсаттар қайта қаралып , шешімнің жаңа варианттары іздестіріледі, олардың салдарының толық талдауы беріледі.
2 Стратегиялық менеджмент бірнеше кезеңдерден тұрады.
1-кезеңі-миссия айқындау және фирма мақсаттарын анықтау. Миссияны айқындағанда мыналар анықталады:
а) фирманың негізгі өнімі, нарығы және технология тұрғысынан алғандағы мақсаттары.
б) сыртқы ортаның фирмаға қатысы.
в) фирма мәдениеті ондағы жұмыс климаты
Мақсаттырды анықтағанда олар мына қасиеттеге ие болуы керек:
нақтылық;
өлшемділік;
қол жете аларлық;
келісімділік
икемділік
қажеттілік
2,3,5 кезеңдерде стратегиялық талдау жүзеге асырылады. Оған сыртқы орта талдауы мен фирманың ішкі күшті және әлсіз жақтарын басқарушылық қарау енеді. Сыртқы орта талдауы үш бағытта жүреді:
1) ағымдағы стратегияға әсер ететін өзгерістерді бағалау;
2) ағымдағы стратегияға қауіп төндіретін факторларды анықтау;
3) жалпы ұйымдастырушылық мақсаттарға жету мүмкіндігін кеңейтетін факторларды анықтау.
Фирманың ішкі күшті және әлсіз жақтарын анықтауда фирманың ішкі мүмкіншіліктері анықталады. Басқаруды қарау әлсіз және күшті жақтарды анықтайтын функционалды аймақтарды (зоналарды) бағалайды. Қарауды жеңілдету үшін бес функционалды аймақ зерттеледі.: маркетингтік, өндіріс (НИОКР), ғылыми зерттеулер, қаржылар, адам ресурстары.
Жоғарда айтылғаннан фирмадағы стратегиялық менеджмент миханизмін кеңістікте үш жағынан көруге болады.
1 жағында:
1.1. маркетинг;
1.2. өндіріс;
1.3. НИОКР;
1.4. қаржы;
1.5. персоналды басқару.
2 жағында.
2.1 жоспарлау;
2.2. ұйымдастыру;
2.3. жігерлендіру;
2.4. бақылау
3 жағында.
3.1. ақпарат.
3.2. құрлым.
3.3. персонал.
3.4. басқару техникасы.
3.5. қаржы-қаражат.
3.6. басқару процесінің технологиясы.
Модельдің көлемі 5*6*4=120 Модельде әр тордың мағнасы болады. Модель 1.3-2.3 зерттеулер мотивациясы, ал 1.1-2.1 маркетингті стратегиялық жоспарлау процесі.
Бұл модельде стратегиялық менеджменттің көпқырлы, күрделі процесс екендігі көрінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |