Лекция жеке тұлға тәрбиенің объектісі, субъектісі ретінде және оның дамуы мен қалыптасуының факторы


Сурет-46. Тұлға түсінігінің мән-мағынасы



жүктеу 115,35 Kb.
бет3/21
Дата27.01.2022
өлшемі115,35 Kb.
#37259
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Педагогика Лекция 5 апта

Сурет-46. Тұлға түсінігінің мән-мағынасы
Индивид адамның белгілі бір текке қатынасын көрсетеді, сол тектің табиғи және өзіндік қасиетін іске асырушы болып табылады. Индивид-биологиялық қажеттіліктің жиынтығы. Әлеуметтендіру–мәдени элементтерді түсіндіру, әлеуметтік мұраттар мен құндылықты игеру негізінде жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру.

Әлеуметтік бейімделу индивидтің қоршаған орта жағдайларына ыңғайлануы болса, ал әлеуметтік кемелдену өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру, тәртіптің қарым-қатынаста тұрақтылығы, тұлғаның өзі туралы пікірі, өз-өзіне баға беруі. Әлеуметтік бейімделу мен әлеуметтік кемелдену міндеттерінің шешімі: егер, ізгілікті орта болса, «барлығымен бірге болу» және «өзімен-өзі болу» мотивтерімен, уәждік қажетсінумен реттеледі.

Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша: «Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу». Тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты.

Жеке тұлға дамуы, оған әсер ететін факторлардың ықпалы туралы, қоғамның әртүрлі даму кезеңдерінде әртүрлі көзқарастар, бағыттар болған.

Платон мен Аристотель жеке тұлға дамуында тұқымқуалаушылықтың рөлі үлкендігіне баса назар аударып, биологиялық бағыттың дамуы ықпал етті.

Сол сияқты ХVІ ғасырда преформистік бағыт, Джон Дьюидің жақтаған прагматистік, Джон Локтың идеясымен әлеуметтік бағыт болған.

С.Л.Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері.
Адамның дамуындағы және оның тұлға ретінде қалыптасуындағы (биологиялық, әлеуметтік және биоәлеуметтік) биологиялық және әлеуметтік арақатынас тұжырымдамасы. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және әлеуметтік). Негізгі факторлар: тұқымқуалаушылық, орта, тәрбие, олардың өзара байланысы. Іс- әрекетпен қарым-қатынастың тұлғаның дамуындағы және қалыптасуындағы рөлі. Тұлға тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары. Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның дамуы мен қалыптасуының шарты, нәтижесі.

Тәрбие, орта, тұқымқуалаушылық жеке тұлға дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық ықпалдар болып табылады. Тәрбие – жеке тұлға дамуындағы басты факторлардың бірі. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардың іс-әрекеттерін ұйымдастырады.

Тәрбиенің негізгі мақсаты – қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі ғылымдардың тоғысында қарастырылады.

Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын тапқан (Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг, К.Д.Ушинский, Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).

Жеке адамның дамуының ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол – адам қалыптасуында жетекші фактор. Баланың жеке басының дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап, белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды.

Осы тұрғыдан келгенде тәрбие – аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол – баланы қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.




жүктеу 115,35 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау