Білім берудегі инклюзивті тәсіл және оны Қазақстанда іске асыру.
Мемлекетіміздің әрбір азаматы – ұлттық құндылықтарымыз.Мемлекет даму мүмкіндігі шектеулі азаматтардың білім алуына, дамуында ауытқуды түзетуіне және әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауды қамтамасыз етеді.
Инклюзивтік білім беруді шешу жолдары: мүгедектік мәселені қоғамда түсіну; қатарластарымен тең қарым-қатынас; толыққанды білім беру; қоғамға кіріктіру және бейімделу.
Л.С.Выготский: «Бала бойындағы кемістігін толықтырудың екі түрлі ерекшелігі бар, оның бірі – бала психикасының даму шамасына орай тәрбие талаптары, екіншісі – кемістігін қалпына келтірудегі өз бойындағы ерекшеліктері мен мүмкіндіктері» – деп атап көрсетеді. Психикалық дамуы тежелген балалардың қоршаған орта туралы түсініктері фрагментарлық, зейіндері тұрақсыз, тұтас қабылдау мүмкіндігі бұзылған, қимыл-қызғалыс координацияларының және т.б. жалпы психикалық процестердің дамуында бұзылыстар байқалады.
Ал, бұл қиындықтарды жою мен оның алдын алу үшін мұндай балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі жұмыс атқаруы қажет:
1) Диагностикалық жұмыстар: баланы алғашқы дефектологиялық тексеру; баланың психикалық дамуының динамикасын жүйелі түрде кезең бойына бақылау; зерттеу.
2) Түзету-дамыту жұмыстары.
3) Кеңес беру мен ағартушылық жұмыстары: педагогтармен жеке жұмыс жүргізу; баланың жас, жеке, типтік ерекшеліктерін ескере отырып ата-аналарға, педагогтарға бірқатар ұсыныстарды даярлау; педагогтың оқу жоспарына түзету жұмыстарын енгізу.
4) Әлеуметтік-бейімдеу жұмыстары: баланың әлеуметтенуіне, қоршаған ортаға бейімделуіне жағдай жасау; баланы қоғамдық ортада өзін еркін сезінуге, өзін-өзі басқара білуге, өзі өмір сүретін ортаны толық бағдарлай білуге үйрету.
5) Әдістемелік-ұйымдастырушылық жұмыстары: әртүрлі іс-шараларға дайындықты қамтамасыз етеді.
Тақырып бойынша білімді тексеру мен бақылауға арналған тапсырмалар
1. «Тұлға», «адам», «индивид», «даралық» ұғымдары және олардың арақатынасы. Тұлға - іс-әрекеттің және өзіндік дамудың субъектісі.
3.Тұлғаны «дамыту», «тәрбиелеу», «қалыптастыру», «әлеуметтендіру» ұғымдарына және олардың арақатынасына сипаттама.
4. Тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға әсер ететін факторлар (сыртқы және ішкі, биологиялық және әлеуметтік).
5.Тұлға - тәрбиенің, өзіндік дамудың объектісі және субъектісі. Тұлғаны дамытудың және қалыптастырудың қозғаушы күштері мен негізгі заңдылықтары.
Достарыңызбен бөлісу: |