«Ер зат. Адамның еркек жыныстылары ,еркек азамат. Ерден әйел жамандық та алады,қасиет те алады.( М.Әуезов, Абай.). Ер бала.Ұл.
Ер сын. Батыр, қаһарман,жау жүрек. Бекежанның басында батырларда, ерлерде болатын мінездердің бірі де жоқ (Қ.Жұмалиев,Қаз. Эпосы)»
[1974,386 б.].
«Еркек/ер» сөзінің этимологиялық мағынасы көне дәуірлерден, яғни шумерлік кезеңнен бастау алатынына көз жеткіздік(«Ежелгі шумер тілінде ER~IR (er) «membrum virile»; «еркек» көне түркі тілінде. еr « 1) еркек; 2) еркек жынысты»,алтай тіл. эр «1) күйеу; ерке 2) батыр,жау жүрек»,хакас. ир «1) еркек; 2) күйеу»,чуваш. ар « еркек; күйеу»,моңғол.эр «1) күйеу; еркек; 2) еркек жынысты».
ERIN (eren) «әскер» - көне түркі тілінде eran «күйеу,еркек,жауынгер жасақшы» деп келеді [ Аманжолов 2003,282 б.].
Тіліміздегі еркек/ер гендерлектісінен туындаған сөздер мен сөз тіркестері еркек азамат;күйеу;ер,батыр мағынасынан өрбиді.Мысалы: ерке гендерлектісінен: еркек басыңмен, еркек бола тұрып,еркек атаулы,еркек біткен,еркек қиық көз,еркек мінез,еркексу (еркексіп қоқаңдау),еркекше,еркесіз үй,еркек болмаған жерде,еркектік іс, т.б. Ер гендерлектісімен:еңіреген ер,ер басына күн туды,ердің құны, ер жетті ,ер жүрек,ер мінезді азамат, ер ердің ері,төресі,ердің сойы,ер ортасы жасқа келді,ер мұрынды,ер қара болды,ер көңіл,ер-азаматтық борыш, т.б.
Гендерлік концептілерді тануда мифология,фольклорлық мәтіндер маңызды рөл атқарады. Айталық ,«қиял-ғажайып ертегілердегі ( Жоя мерген, Арғы мерген,Таласпай мерген, Сұр мерген, т.б.) аңшы – мерген образы өте ертедегі батыр бейнесін суреттейді, ол белгілі бір дәрежедегі идеалды ежелгі адамдар қауымындағы еркектің тұжырымдық түптұлғасын жасуға негіз болады [Тілеубердиев 2006,107-109 бб.].
«Еркек» концептісінен ежелгі қаптар мифологиялық батырдың көптеген қасиеттеріне ие еркек бейнесі (аңшы,мерген,батыр) еркекше бөлініп көрінеді. Аңшы – мерген бейнесінде келтірілген ежелгі еркек бейнесі кейінгі тарихи кезеңдерде батыр еркек образымен ауыстырылды.Батыр-еркек образы батырлық ертегілерде («Ер Төстік»,«Керқұла атты Кендебай»,«Құйын батыр»,«Темір батыр», т.б.) берілген. Қазақ батырлық ертегілеріндегі классикалық батыр жауынгер қалпын иемденеді [Қондыбай 2004,109-110 бб.].
Мифтік санада тұлға туралы түсінік жоқ,ол табиғи және қауымдық күштердің тасасында қалған. Тылсым табиғаттың алғашқы еркін жіберілген
тұлғасы – Батыр.Бұл шынында да батырлық еді.Табиғи және құдайылық қажеттілікті жене білген батыр нағыз азаматтық қажеттіліктің негізін қалады. Ең бастысы- батырлық уақытта қазіргі қазақ мәдениетінің алғашқы белгілері(архетиптері) қалыптасқан. Архетиптік уақыт мифологикалық дүниетаным қойнауынан шыққанымен, оның өзіндік ерекшеліктері бар.Қазақ халқының көркем шығармашылығының архетипі де, дәстүрлік басты типі де-фольклор,ауыз әдебиеті.
«Мерген»,«батыр»,«ер» диахрониялық концептілерінің тарихи-мәдени коннотациялары әлі күнге дейін этномәдени өкілдерінің тілдік санасында сақталып келеді.Дала жауынгері – батыр мыңдаған жылдар бойы еркектің идеалы болып қала береді,еркектің-жауынгердің осы бір ментальдік образының сабақтастығы орта ғасырлардағы поэзиядан да, одан әрі XV-XVI ғасырлардағы қазақ халық поэзиясынан да жалғасын тапқан.Ақындар жауынгердің батырдың күшті қаһарман тұлғасын жырлайды [Тілеубердиев 2006,116 б.].
«Еркек» концептін немесе халықтың еркек идеалы, батыр бейнесін танытатын мәдени коттар ( ертегі,фразеологизмдер,мақал-мәтелдер,лексика,шығармалар,суреттер,т.б.) батырлықты рәсімдейтін метафизикалық концепт төңірегінде топтасады.
а) «Батыр»,«батырлық» концептілері – ерлік жасау,батыр болу,батырлық көрсету,ержүректік таныту,елін,жерін қорғау үшін жаумен шайқасу үлгісінде бейнеленеді.Аталған гендерлік концепт құрылымдары санада ой-сурет құрап, поэтикалық мәтіндерде жиі көрініс табады. Тілдің бұл саладағы үлкен қоймасы қазақтың халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тілі болып келеді. Айталық, жырдан -жырға көшіп отыратын әбден тұрақталған композициялар: буырқанды,бұрсанды,мұздай темір құрсанды...,бірнеше күн жол жүріп,кірпігіне мұз тоңып,қоңыраулы найза қолға алып,қоңыр салқын төске алып сияқты тіркестер ой-сурет формада үлгіленген.
Мұндай тілдік бейнелеулерді Махамбет ақынның поэтикалық қазнасынан да кездестіреміз.Мысалы, қызғыштай болған есіл ер,екі тарлан бөрі,құстан туған құмай,таудан мұнартып ұшқан тарланым,шамданса,шалқасынан түсер асау,шамырқанса,шатынап сынар болат,ақсұнқар құстың сойы,тауда ойнаған қарт марал, т.б. Тіліміздегі арыстан,батырларша,аймауыттай,ердің ері,егеудің сынығы,алпамсадай,алып ер,ердей,ел қорғаны, батырлар жыры, т.б.бірліктер де батыр бейнесі туралы білімді толықтыра түседі.
Сонымен,«батыр – еркек идеалын жырлайтын қазақ батырлық эпосында және қазақ жырларының поэзиясында жауынгер – еркек идеалы күшті,қуатты,ержүреке күшті аңдар – қасқыр,арыстан,жолбарыстардың қасиеттеріне ие адам ретінде сипатталады.
Өткен дәуірлерде ер адамның ержүректігі,батырлық қаһармандық қасиеттері бағаланса,көшпелі кезеңде жігіт гендерлектісінің эпикалық,эстетикалық қырынан таныту басты рөл атқара бастады.
Жігіт – ер жеткен,кәмелетке толған ер-азамат,бозбала. Жергілікті тіл ерекшеліктерінде бозбалдақ,боздақ,дондықша жас жігіт мағынасында, қосшы бала жігіт мағынасында жұмсалады.[ Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі 1996,129 б.].«Жігіт» сөзінің ертедегі,алғашқы мағынасы өзгешерек болған.Орхон Енисей ескерткіштеріндегі Күлтегін немесе Тоныкөк жазуларына көңіл аударсақ,«ігід» сөзін оқып,қолдау,көтермелеу» деген түсінік аламыз.Ал Юсуп Баласағұнның «Құтадғу білігі» еңбегінде «ігід» - тәрбиелеу,дағдыландыру, өнеге беру мағыналарына ие. Осы деректерге қарағанда,қазіргі қолданылып жүрген «жігіт» деген сөзінің алғашқы мағынасы «қолдау,көтермелеу»,одан бері келе «өнеге беру,тәрбиелеу» мағынасына дейін жетіп,ең соңында,өнеге көрген,тәрбие алған,ой-өрісі қалыптаса бастаған адамға айтылатындығын көріп отырмыз» [Нұрмағамбетов 1994,123-124 бб.].
Жігіттің гендерлік бейнесі жастықтың,адамгершіліктің ұлттық өлшемдерімен егіз өріледі. Мұны сипаттайтын тілдік бірліктер жігіттікті рәміздейтін гендерлік концепт төңірегінде топтасқан.Жігіттік – жігіт болушылық,жігітке тән қасиет(ерлік,адамшылық,қайырымдылық).Алғашқы балалық шағын және жігіттікке жеткен кезін Ақылбай өз әкесінің үйінде өткізді (М.Әуезов,Әр.жыл.) [Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі 1997,3-36 бб.].
ә) «Жігіттік» концептісінде бастапқы ұғым – жастық кезеңмен ,жас ерекшелігімен байланысты өрбіген гендерліктер: жігіт болу,жігіт-желең,бозбала,бала жігіт,жасөспірім жігіттер,балаң жігіт,жас жігіт,жігітше,жігітшілік,құрды,жігіттіктің базары, жастықтың әуеніне салды,жігітсіну,жігіт болғансу,жігітімсуідүр жігіт,ер түлегі,ер жігіт,т.б;аралық ұғым- некелік немесе туыстық жағдайынан туындайды: бойдақ жігіт,үйленген жігіт,күйеу жігіт,күйеу бала,өкіл күйеу,күйеушілеу,үйленді,әйелі бар ,көп қатын алған,талақ,әйел тастады,жігіттің үш жұрты («Балалығыңды сағыңғаң – нағашыңа бар,жігіттігіңді сағынсаң – қайғына бар»), т.б; қорытынды ұғым – мәртебелік рөлін бағамдайды: жігіт ағасы,ел ағасы,« ақылы асса – аға тұт »(мақал),ағалық етті, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |