Лекция 4: Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 21,97 Kb.
бет2/2
Дата29.09.2022
өлшемі21,97 Kb.
#39446
түріЛекция
1   2
Лекция 4

Студенттерге берілетін тапсырма :

  1. Байланыстырып сөйлеу деген не?

  2. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық негіздері.

  3. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің педагогикалық негіздері.

  4. Байланыстырып сөйлеу туралы ғалымдар пікірлерінен эссе дайындау.

П. Студенттердің оқытушылармен бірлесіп істейтін жұмыстары.
Тапсырма сұрақтары бойынша пікір алысу. Студенттердің жауабын толықтыру, қорыту.

  • Байланыстырып сөйлеу дегеніміз………..

  • Балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері



2. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері.
Балалар ересектердің байланыстыра айтылған сөздерін, алдымен дыбыстарды, жекелеген буындарды, сөздерді меңгеру арқылы түсіне бастайды. 2,5-3 айда сәбилер үлкен адамдардың сөздеріне, ойыншықтардың дыбыстарына елеңдей бастайды. 3 айдан 5-6 айға дейін сәбидің дыбысты айыру және оған көңіл қоятындай қабілеті дамиды. Яғни бала өзіне таныс қимылды білдіретін сөздерді түсінеді (мысалы, қолыңды бер т.б.).
1,5-2 жасқа дейін бала үлкендердің айтқан ойыншықты әкел, орнына қой, маған бер деген тапсырмаларын түсіне бастайды. Жалпы баланың бұл кездегі сөйлеуі тұрмыстық қатынас кезінде, яғни, тамақтану, киіндіру, бірге серуендеу, ойын кезіндегі үлкендердің олармен сөйлеп отырулары арқылы қалыптасады. Балалар осы кезде өздері жиі еститін сөздерді ұғып алады, бірақ ұл кезде баламан сөйлескен кезде сәби үлкендердің айтқан әрбір сөзін, заттардың шартты белгісі ретінде қабылдайтындай етіп әр сөзді анық, сөйлемдерді, сөз тіркестерін қысқа түрде айту керек. Балалардың сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндіктеріне қарай сол нәрселердің, ойыншықтардың өзін қолдарына көрсетіп ұстату және көрсету кезінде, бұл не нәрсе, көлемі қандай, бояуы қандай деген сұрақтар арқылы балаларды сөзге тарта білу керек.
Бала үш жасқа келгенде пассивті сөздік қоры көбейіп, бала тілінің грамматикалық құрамына көңіл бөлуі қажет.
4 жаста бала сол сәтте болып жатқан іс-әрекетке емес өтіп кеткен іс-әрекет жайында да үйренуі керек. Осымен байланысты балада байқағыштық өз ойын жеткізе білуі қалыптасады. Және осы жастағы балалар әңгіме айтуға, тәрбиеші оқып берген, баяндаған мәтіндерді қайтадан өз сөздерімен айтып беруге, қысқа тақпақтарды жатқа айтуға төселеді.
5 жаста балалар тек қана тыңдаған шығарманың мазмұнын түсініп қоймай, ондағы кейіпкерлердің ерекшеліктерін жағымды, жағымсыз әрекеттерін талдауға, шығарма тіліндегі бейнелі сөздерді меңгеруге жаттығады. Бұл жастағы балалар өзі қайталап жүрген шығарманы суреттеп байланыстырып сөйлеуге, картинаның мазмұнын айтуға дағдыланады.
Ал 6 жасқа келгенде өзі тыңдаған ертегі немесе қызықты әңгімелердің оқиғаларын өз қиялымен одан әрі дамытып айтуға жаттықтырады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің екі түрі бар:

  1. Екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы әңгімелесу-диалог деп атайды. Мұндай әңгімелесудің мақсаты бір нәрсе жайында сұрап соған жауап алу. Байланыстырып сөйлеудің бұл түрін үйретуінде алдын ала әзірленген әңгімелесу әдісі қолданады. Алдын ала әзірленген әңгімелесудің міндеті балаларды өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу және әңгіме айтушыны тыңдай білуге үйрету. Алдын ала әзірленген әңгімелесу бірнеше күн бұрынғы дайындық арқылы іске асырылады. Яғни тәрбиеші топтағы балаларға әңгімеге тақырып боларлық нәрсе жайында қысқаша түсінік беріп таныстырады. Тәрбиешінің мұндай әңгімесі кіріспеден, әңгіме тақырыбын одан әрі дамытудан және әңгімелердің аяқталуынан қорытындыдан тұрады. Мұндағы кіріспе сөздердің мақсаты әңгіме болып отырған тақырыпқа балалардың назарын аудару. Ал әңгіме тақырыптың өрістеуі белгілі бір мақсатқа негізделіп, сол оқиғаны немесе нәрсені балаларға толық таныстыруды көздейді. Әңгімені жұмбақ айту, өлеңдер оқу немесе картиналар көрсету арқылы жүзеге асыруға болады.

Байланыстырып сөйлеудің екінші түрі монологты, яғни бір адамдардың байланыстыра сөйлеген сөзі. Байланыстырып сөйлеудің бұл түріне үйрету екі жастан басталады. Зерттеулердің көрсетуінше бес жасқа келгенде бала көргенін, байқағанын, тыңдағанын өз сөзімен айтып бере алады. Монологты сөзге үйретуде қолданылатын негізгі әдістер қайталап айту және ойдан шығарып айту. Қайталап айту кезінде бала тәрбиеші түсіндірген әңгіме, ертегі, тақпақтардың мазмұнын өзінің ұғынуы бойынша баяндайды.
Ал ойдан шығарып айтқанда бала тәрбиеші оқып берген ертегілердің оқиғасын өз қиялымен одан әрі жалғастырады және балабақшаға дейін өзі кездестірген оқиғалар жайында ойдан құрап жеткізеді.
Студенттерге берілетін тапсырма:

  1. Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысының мазмұны (жас ерекшеліктеріне байланысты).

  2. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің түрлері

  3. Диалогты сөйлеу, оның ерекшелігі.

  4. Монологты сөйлеу, оның ерекшелігі.

жүктеу 21,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау