Лекция 4: Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету тіл дамытудың басты міндеті



жүктеу 21,97 Kb.
бет1/2
Дата29.09.2022
өлшемі21,97 Kb.
#39446
түріЛекция
  1   2
Лекция 4


Лекция 4: Мектеп жасына дейінгі балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету – тіл дамытудың басты міндеті.
Мақсаты: Студенттерге байланыстырып сөйлеу туралы түсінік беру. Балаларды байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық-педагогикалық негіздерін меңгерту.
Жоспар

  1. Байланыстырып сөйлеу туралы жалпы түсінік

  2. Байланыстырып сөйлеуге үйретудің психологиялық – педагогикалық негіздері

Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич:  ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе, Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші.
Баланың тілді меңгеруі жайлы белгілі психологтар Л.С.Выготский; А.Л.Имедадзе, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, Н.С.Рождетвенский, Ж.Аймауытов, Ә.Алдамұратов, М.Мухина т.б. баланың жас кезінде танымдық, қабылдағыштық қабілеттерінің ерекше болатындығына байланысты тілді тез меңгеретінін көрсетеді.
Қоршаған орта арқылы баланың ойы, қабылдауы, сезінуі қалыптасып, тіл байлығы жетіледі деп қарастырады. Балардың тілінің дамуы, байланыстырып сөйлеулері туралы мәселелерге психологтардың әрқайсысының өзіндік пікірі, өзінше талдауы бар. А.А.Люблинская табиғаттағы заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстардың да сөзбен белгіленетінін тұжырымдамаса, Л.С.Выготский ”Сөз – ойлау мен тілдің негізгі жиынтығы“ деп көрсетеді.
Психологтар Е.Суфиев, Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев және т.б. балалардың байланыстырып сөйлеуінің қалыптасуын қоршаған дүниедегі заттар мен құбылыстардың сыртқы көрінісі мен құрылысына қарай бір-бірімен байланыстыра қабылдайды, ойлайды. Сол арқылы танып-біліп, баяндай білетіндігін белгілейді деп тұжырымдаған.
Демек, жоғарыда аталған ғылыми пікірлер балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда негізгі қағидалар ретінде есепке алынады.
Психологиялық еңбектерге жасалған талдау негізінде балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастырудың ерекшеліктері анықталды:
— қоршаған дүниені танып-білуі арқылы сөздік қоры молайып, сөзбен әрекет жасау үрдісінде ана тілінің заңдылықтарын меңгереді;
— бала өз ойын байланыстырып, логикалық түрде жеткізуге жаттығады, талқылаулары интеллектуалдық тапсырмаларды шешу амалдарына айналады;
— қоршаған дүние туралы шығармашылық әңгіме құрастыруда практикалық және интеллектуалдық (тапсырмаларды) орындауда тілдің жоспарлаушылық функциясы қалыптасады;
— байланыстырып сөйлеуде саналы қарым-қатынас қалыптасады, ол іс-әрекеттің ерекше түрі болып табылады;
— тіл нақтылы педагогикалық жағдаяттардан жан-жақты күнделікті қарым-қатынас құралына айналып, баланың байланыстырып сөйлеуі дамиды.
Бірқатар педагог-ғалымдар Е.И.Тихеева, А.П.Усова, Н.И.Кузина, Т.И.Алиева, А.А.Зрожевская, Б.Баймұратова, Х.Қожахметова, С.Ғаббасов т.б. баланың таным белсенділігін арттырып, байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда жыл мезгілдерінің ауысуына байланысты болатын ауа-райының өзгерістері: боран мен үскірік, жел соғуы, найзағай отының жарқылдауы, жер бетін тұман басуы, өзендерде сеңнің жүруі сияқты табиғат құбылыстарын бір-бірімен байланыстыра түсіндіруді қажет деп көрсетеді.

жүктеу 21,97 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау