Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Мүлiк жалдау шартының нысанасы (объектiсi)



жүктеу 0,61 Mb.
бет53/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Мүлiк жалдау шартының нысанасы (объектiсi) болып негiзiнен қозғалатын сондай-ақ қозғалмайтын заттар келедi. Аренда шарты бойынша (негiзiнде) берiлетiн заттар жеке сипаттары мен анықталатын, тұтынылмайтын заттарға жатады, олар оларды пайдалану барысында өздерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн бiртебiрте табиғи тозу салдарынан жоғалтады. Кейбiр объектiлер пайдалану тəртiбi дұрыс болса тiптi өздерiнiң қасиеттерiн жоғалтпауы мүмкiн, оларға жер бөлшектерi, көп жылдық егiстер жəне с.с. жатады. АК. 541— бабына сəйкес, мүлiктiк жалдауға, кəсiпорындар мен басқа да мүлiктiк кешендер, жер учаскелерi, үйлер, ғимараттар, жабдықтар, көлiк құралдары берiлуi мүмкiн. Жалдаудың объектiсi өзге де заттар бола алады.

Заңнамада оларды мүлiктiк жалдауға беруге тыйым салынған, немесе жалдау мүмкiншiлiгi шектелген мүлiк түрлерi анықталуы мүмкiн. Бiрiншi кезекте шектеулер азаматтық айналымнан алынып тасталған, немесе азаматтық айналымы шектеулi заттарға қатысты болып келедi. Əрине, азаматтық айналымнан алынып тасталған заттар жалға берiлуi мүмкiн емес. Ал азаматтық айналымы шектеулi заттар жалға оларды пайдалану тəртiбi, жалпылама оларға меншiк құқығын жүзеге асырудың барлық тəртiбi сақталып жалға берiлуi мүмкiн. Мысалы, тұлға азаматтық айналымы шектеулi бiр немесе өзге мүлiктi иеленуге рұқсат алмаса, ол өзiнде бар сондай (азаматтық айналымы шектеулi) мүлiктi иелiгiнен шығаруы керек. Заңның (ҚР АК 252 бабы 2 тармағы) тiкелей нұсқауына сəйкес көрсетiлгендей мүлiкке меншiк құқығы тоқтатылуы қажет. Яғни ондай мүлiкте иелiктен шығаруға бағытталған шарттар болып сатып алусату, сыйға тарту, айырбас шарттары келедi деп болжам жасаймыз.

Бiрақ мəселенi тым шектеулi шешуге болмайды. Сiлтеме жасалған азаматтық кодекстiң нормасы өмiрде оны əртүрлi жағдайларға лайықтап қолдануды талап етедi. Мысалы, айналымы шектеулi мүлiктiң иегерi болашақта оған рұқсат аламын деп үмiттенетiн болса оған оны жалға беруге тыйым салынбауы керек. Немесе мүлiктi иеленуге рұқсаты жоқ айналымы шектеулi заттың меншiк иесi бiрден сатып алушыны таппаған соң оны болашақта сатып алу жағдайы қарастырылатын жалдау шарты негiзiнде бере алады.

Жер пайдаланушыға мынадай мiндеттер жүктеледi:

— тиiстi санитарлық жəне экологиялық талаптарға сəйкес келетiн өндiрiс технологиясын қолданудың, халықтың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтiрiлуiне жол бермеу;

— топырақтың құнарлығын нашарлатпаудың жер қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырудың, орман, су ресурстары мен басқа да табиғи ресурстарды пайдалану тəртiбiн сақтаудың, жер учаскесiнде орналасқан, заңдарға сəйкес мемлекет қорғайтын тарих, сəулет ескерткiштерi, археологиялық мұра мен басқа да объектiлердiң қорғалуын қамтамасыз ету;

— басқа меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбау;

— топырақтың құнарлы қабатын сыдырып алу оның бiржола жоғалуын болғызбау үшiн қажет болған жағдайларды қоспағанда, басқа тұлғаларға сату не беру мақсатымен құнарлы қабатты сыдырып алуға жол бермеу;

— сервитуттары заңдарда көзделген тəртiпте ұсынуды қамтамасыз ету.

Өз ерекшелiктерi тұрғын үйдi жер қойнауының учаскелерiн жəне басқа объектiлердi жалдауда орын алады. Жер қойнауының учаскiлерi концессиялық жəне басқа келiсiмдер негiзiнде пайдалануға берiледi, олар АК 541б, 4т. сəйкес өзiнiң заңды табиғаты бойынша мүлiктi жалдауға түбiрлес болып келедi жəне оның жалпы (негiзгi) ережелерiне негiзделедi. Мұндай кең түсiнiк ҚР азаматтық заңнамасында шарттардың бұрынғы кеңестiк кезеңдегi азаматтық құқыққа таныс емес тəртiптенген жүйесi қалыптасып келетiнiн сипаттайды. Бұл бөлек шарттардың құрылысын өңдеуде де, бүкiл шарттық құқық жүйесiн өңдеуде де өз көрiнiсiн тауып отыр. Жер қойнауын пайдаланумен байланысты жəне өзге де шарттардың жаңа түрлерiне қатысты пайда болған айқынсыздық ақырындап жойылып келедi.

ҚР АК тағы да бiр елеулi жаңалық бар. Оны заңнаманы дамытудағы батыл, өркендi қадам ретiнде бағалауға болады жəне онда бiздiң көзқарасымыз бойынша арендалық қатынастарды одан əрi дамытудың мүмкiншiлiктерi қарастырылған. Бiрақ ол жалдау туралы дəстүрлi көзқарастарды ескеретiн болсақ үйренiмсiз болып көрiнедi. ҚР АК 541бабының 2тармағына сəйкес жалдаудың нысанасы болып жер пайдалану құқығы, жер қойнауын пайдалану құқығы жəне өзге заттық құқықтар келуi мүмкiн. Мүлiктiк құқықтардың арендасына жол бермеу заңнамалық актiлермен қарастырылуы мүмкiн. Аталған норманы қолдану мүлiктiк құқықтардың айналымын жанжақты дамытуға мүмкiншiлiк бередi.

Мүлiктi жалдау шартының ақылы мiнезi, жалпылама мiндеттемелiк құқық нормаларының мазмұны жəне қалыптасқан шарттық тəжiрибеде мүлiктi жалдау шартында сатып алусату шартында да сияқты оның бiрден бiр елеулi жағдайы болып нысанасы туралы жағдай келетiнiне əсер етедi.

Мүлiк жалдау шартында жалдаушыға мүлiктiк жалдаудың объектiсi ретiнде берiлуге жататын мүлiктi анықтауға мүмкiншiлiк беретiн мəлiметтер келтiрiлуi керек. Егер бұл мəлiметтер шартта болмаса, онда мүлiктiк жалдауға берiлуге жататын объект туралы жағдай келiсiлмеген болып, ал тиiстi шарт жасалмаған болып есептеледi. Үлкен тəжiрибелiк мəн жалға берiлетiн объектiнi толық сипаттауда болып келедi, яғни оны тек жалпы анықтау жеткiлiксiз. Осының қажеттiлiгi мүлiктi жалдау шарты мазмұнының өзiнен көрiнiс табады.


жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау