Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақыға уақытша иеленуге жəне пайдалануға беруге мiндеттенедi



жүктеу 0,61 Mb.
бет50/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Мүлiк жалдау (аренда) шарты бойынша жалға берушi жалға алушыға мүлiктi ақыға уақытша иеленуге жəне пайдалануға беруге мiндеттенедi. (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 540б.). Аренда шартының сатып алу, сату рента шарттарынан айырмашылығы, ол мүлiктi уақытша иеленуге беруге байланысты қатынасты реттейдi. Мүлiк жалдау шарты Римде кеңiнен таралған едi. Ол (locatio conductio rerum) деп аталады. Оның анықтамасы қазiргi кезде жүзеге асырылып отырған анықтамадан елеулi ерекшеленген жоқ.

Сонымен қатар, мүлiктi жалдау затты пайдалануды болжайтын1 мұнымен қоса жалдаушының иеленуiне назар аударылмайтын, ал негiзiнен жалдаушы тек затты ұстаушы меншiк иесi құқықтарын жүзеге асыруға көмектесетiн тұлға ретiнде ғана бағаланатын. Түбiрiне қарайтын болсақ, қазiргi уақытта да ең басты мақсат жалдаушыға мүлiктi қажеттi көлемде пайдалану, оның пайдалы қасиеттерiн мүмкiншiлiгiн беру екенiн айтуға болады.

Қатынасты реттеудiң түбiрлi негiзi сақталғанымен өзгерiстер де енiп жатыр. Мүлiктiк қатынастарды жеке құқықпен реттеу жалпылама жетiлдiрудiң əсерiн сезген жəне əрине жетiлдiру одан да əрi жалғасады. Осының нəтижесiнде шарттық қатынастардың мазмұны өзгерiс шегедi, оларды реттейтiн нормалар меншiк құқығы жəне өзге заттық құқықтарды реттейтiн нормалармен тығыздау тұйысады.

Аренданы заттық құқықтарға жатқызу немесе жатқызбау сауалы ұзақ мерзiм бойы даулы болып келдi. Заттың құқықтарға (олардың мəселелерiне) арналған соңғы Қазақстандық жұмыстарда аренда заттық құқықтардың қатарына жатқызылады. Бұл көзқарас көрiп тұрғанымыздай аренданың заңнамалық анықтамасында да қолдау табады, яғни онда пайдалану мен қоса иеленуде бiрге қарастырылады. Бұл заңнамалық шешiм арендалық қатынастарға бұрынғыдан көрi жоғарылау (көбiрек) тұрақтылық бередi, олардың мəнiнкөтередi. Осының нəтижесiнде мүлiктi меншiк құқығы негiзiнде иемденуге мүмкiншiлiгi жоқ бөтен бiреудiң мүлкiн пайдаланған кезде, мүлiктi жалдау шарты тиiстi қатынастарды тыйымды реттетуге мүмкiншiлiк бередi. Кейбiр жағдайларда аренда (мыс. жер арендасы) тiпте меншiк құқығына балама ретiнде қарастырылатын 99 жылға дейiнгi ұзақ мерзiмдi жер арендасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсанда қабылданған “Жер туралы” заң күшi бар Жарлығының 41 бабында қарастырылған едi. Аренда белгiлi мөлшерде жерге меншiк құқығының баламасы деген түсiнiк қазiргi (күшiндегi) заңнамада да сақталып

тұр. Қазақстан Республикасының 2001 жылы 24 қаңтардан “Жер туралы” заңының 28 бабымен 49 жылға дейiнгi жердiң ұзақ мерзiмдi арендасы қарастырылған.

Аренда тек жалдаушының қажетiн, мүддесiн қамтамасыз етiп қоймайды. Оның нормаларында жалға берушiнiң мүдделерiнде есепке алу бар Меншiк иесi ретiнде ол бəрiбiр жалға алушыға қарағанда артықшылық жағдайында болып келедi.

Мүлiктi жалдау шарты консенсуалды (құқықтары мен мiндеттерi тек тараптардың келiсiмi негiзiнде пайда болатын), өзара, өтеулi (ақылы) болып табылады. Арендалық шарттан туындайтын мiндеттемелiк құқықтық қатынастарды жəне заттық құқықтық қатынастарды ажыратып қарау қажет. Əрине, мiндеттемелiк құқық шеңберiнде бiрiншi кезекте аталған қатынастардың бiрiншi тобын қарау керек. Аренданың заттық құқығы жеткiлiктi дəрежеде жанжақты жəне толық заттық құқық мəселелерiне арналған еңбектерде талданған.

Сонымен қатар, аренданың заттық құқығы ескерiлмесе жолға алушының да жалға берушiнiң де құқықтық жағдайының сипаттамасы толық болмайды. Жалдаушы мен жалға берушiнiң заттық құқық қатынастар негiзiнде қатысуын (олар сырттай шарттық болып көрiнгенiмен) жоққа шығаруға болмайды. Бiздiң айтып отырғанымыз арендаға берiлетiн мүлiктi күтiп ұстау ауыртпалығына, меншiк иесiнiң (жалға берушiнiң) жəне жалдаушының заттық құқықтарының бəсекесiне жəне тағы басқа ұқсас нəрселерге қатысты.




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау