Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Сақтау шарты бойынша жауапкершiлiк



жүктеу 0,61 Mb.
бет68/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Сақтау шарты бойынша жауапкершiлiк. Тараптардың жауапкершiлiгiнiң жекелеген сəттерiн белгiлi бiр мəселелер аясында жоғарыда қарастырып өткенбiз. Бiз мұндай жолды əдiснамалық тұрғыдан дұрысырақ деп есептеймiз, өйткенi соның арқасында тараптардың мiндеттерi мен олардың құқықтық жағдайының басқа да ерекшелiктерi жақсы сипатталады (нақтыланады).

Даулы жағдайлардың шешу жəне кiнəлi тұлғаларды жауапқа тарту үшiн азаматтық құқықтағы жауапкершiлiк туралы жалпы ережелердi кеңiнен қолданған жөн екенiн атап өткен дұрыс. Сақтау стандартты шарттың институт, ал жауапкершiлiк бойынша талап етiлмелi ерекшелiк оны реттейтiн нормаларда ескерiлген.

Сақтау шартында кəсiпкерлермен қатар кəсiпкер еместер де жиi көрiнедi. Сондықтан, жалпы ереже бойынша, сақтаушының жауапкершiлiгi, борышқордың жауапкершiлiгi сияқты. Оның кiнəлi iсəрекетiне (əрекетсiздiгiне) негiзделедi. Сақтаушы сақтауға алынған заттың жоғалғаны,

кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн егер ол заттың жоғалуы, кем шыққаны немесе бүлiнуiн өзiнiң кiнəсiнен болмағанын дəлелдемесе, жауап бередi. Сақтаушы шарт бойынша басқа мiндеттемелердi орындамағаны, тиiстi түрде орындалмағаны үшiн де, егер соның салдарынан жүк берушiге зиян (залалдар) келтiрiлсе немесе айып төлеу түрiндегi жауапкершiлiк санкциялары көзделсе, кiнəлi жауапкершiлiкке тартылады. Сақтауды өзiнiң кəсiпкерлiк қызметiне орай жүзеге асыратын тұлға, тек заттың жоғалуы, кем

шығуы немесе бүлiнуi дүлей күштiң салдарынан не заттың өзiне тəн ерекшелiгiнен, не жүк берушiнiң қасақана пиғылынан немесе өрескел абайсыздығынан болған жағдайларда ғана заттың сақталмағаны үшiн жауаптылықтан босатылады. Кəсiптенген сақтаушыға заттың кез келген кездейсоқ жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуi үшiн кiнəлi жауапкершiлiк немесе керiсiнше, жауапкершiлiк жүктелетiндiгi (сақтау шартымен) көзделуi мүмкiн. Бұған əрине, олардың заттың өзiне тəн қасиеттерi не жүк берушiнiң қасақана пиғылы немесе дөрекi абайсыздығы салдарынан болатын жағдайлар кiрмейдi.

Егер мерзiмдi сақтау шартында көзделген сақтау мерзiмi немесе мерзiмсiз сақтау шарты бойынша затты қайтып алу үшiн сақтаушымен көзделген қисынды мезгiл өткен соң жүк берушi затты қайтарып алмаған болса, сақтаушы өз тарапынан қасақана пиғыл немесе өрескел абайсыздық болғанда ғана бұл заттың жоғалғаны, кем шыққаны немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.

Жалпы ереже бойынша жүк берушiге заттың жоғалуы, кем шығуы немесе бүлiнуiнен келтiрiлген залалдар сақтаушымен ҚРАК 350бабына сəйкес өтеледi. Яғни, ҚРАК 9бабының 4 тармағына сəйкес анықталатын зиянды толық көлемде өтеу туралы сөз болып огыр. Табыс алу үшiн жүк берушiмен қолданылған шаралар жəне осы үшiн онымен жасалған дайындықтар ескерiлетiн болады.

Кез келген жағдайда жоғалған, кем шыққан, бүлiнген мүлiктiң iс жүзiндегi шығынының құны өтелетiн болады. Егер сақтауға өткiзу кезiнде шартта немесе өзге жазбаша құжатта көрсетiлгендей заттың бағалануы жүзеге асырылған болса, сақтаушының жауапкершiлiгi бағалау сомасына сүйене отырып анықталатын болады. Ол барлық жағдайларда даулана алады.

Ақысыз сақтау кезiнде сақтаушының мiндеттемелердi бұзғаны үшiн мөлшерi iс жүзiндегi зиянмен шектелген жауапкершiлiк туындайтын болады. Ақысыз сақтау кезiнде жүк берушiге заттың жоғалуынан, кем шығуынан немесе бүлiнуiнен келтiрiлген залалдар:

1) Затты жоғалтқаны немесе оның кем шыққаны үшiн – жоғалған немесе кем шыққан заттың құны мөлшерiнде;

2) Заттың бүлiнгенi үшiн – оның кұны төмендеген соманың мөлшерiнде өтеледi.

Егер сақтаушы жауап беретiн заттың бүлiнуi салдарынан , зат сапасын соншалықты өзгергендiгiнен оны бастапқы мақсат бойынша пайдалану мүмкiн болмайтын жағдайда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, жүк берушi одан бас тартуға жəне сақтаушыдан бұл заттың құнын өтеудi, сондай ақ басқа да залалдардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.



Егер сақтаушы затты сақтауға қабылдағанда бұл ерекшелiктер туралы бiлмесе жəне бiлуге тиiс болмаса, жүк берушi сақтаушыға заттың өз ерекшелiктерiнен туындаған залалдардың орнын толтыруға мiндеттi.
жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау