Лекция №29. Заем шартының ұғымы, элементтері,мазмұны және түрлері:банк заемы, мемлекттік заем
Жоспар:
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шартының ұғымы, элементтері және мазмұны.
Тасымалдау шартының ұғымы, элементтері, мазмұны және түрлері: жүкті тасымалдау, жолаушы мен жүкті, кеме жалдау (чартер) тасымалдауды ұйымдастыру.
Тапсырма шартының ұғымы, элементтері және мазмұны. Басқанын мүддесіне тапсырмасыз іс-әрекет жасау.
Банктік қызмет көрсету шартының ұғымы, элементтері, мазмұны түрлері: банктік шот, акша аудару, банк салымы.
Заем шарты бойынша бiр тарап (заем берушi) басқа тараптың (заемшының) меншiгiне (шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектiк белгiлермен айқындалған заттарды бередi (беруге мiндеттенедi), ал заемшы заем берушiге дəл осындай ақша сомасын немесе осы тектегi жəне сападағы заттардың тең мөлшерiн уақытында қайтаруға мiндеттенедi.
Заем шарты реалды шарт болып табылады, заңнамамен көзделген жағдайларда, ол консенсуалды болуы мүмкiн. Реалды заем шарты ақша немесе заттарды беру туралы келiсiмге қол жеткiзiлген сəттен бастап бекiтiлдi деп саналады (заңнамада мəндi жағдайдың не болып табылатындығы туралы арнайы жағдайлар жоқ, бiрақ, Азаматтық кодекс нормаларының мəнiсi бойынша, бəрiнен де бұрын оған оның пəнi туралы жағдай жатады).
Егер шарт тараптардың алдын ала келiсiмiне негiзделсе, онда ол консенсуалды болып табылады. Реалды заем шарты көп жағдайда бiр жақты болып табылады, өтйкенi заем берушi ақша немесе заттарды бергеннен кейiн мiндеттi тарап болып заемшы ғана табылады, ал заем берушiде оған талап қою құқығы ғана болады. ҚР Азаматтық одексiнiң 717бабының 2бөлiгiне сəйкес ақша мен заттарды бөлшектеп (бөлiпбөлiп) беру жүзеге асқанда да шарттың бiржақты сипаты сақталады. Заемшының ақша немесе заттардың белгiлi бiр мөлшерiн тиiстi мерзiмдерде қайтару мiндетiмен қатар заем берушiде ақша немесе заттарды одан əрi беру жөнiндегi мiндетi де болады. Осылайша, екi тарап бiрбiрiне қатысты талаптар қоя алатын болады, бiрақ олар қарамақарсы бағытталған сипатқа ие емес. Ақшаны (заттарды) бөлiпбөлiп берудегi заем шарты реалды шарт болып табылады, өйткенi, ол ақшаның (заттардың) бiрiншi бөлiгiн берген сəттен бастап жасалды деп есептеледi.
Егер заңды актiлермен немесе шартпен өзгеше көзделмесе заем шарты ақылы болып табылады. Заем шартының ақылы екендiгi туралы жалпы ереже ҚР Азаматтық кодексiнiң 718 бабының 1тармағында белгiленген. Бұрын егер сыйақыға деген құқық шартпен тiкелей көзделмесе, азаматтар арасындағы заем шарты ақысыз деп қабылданатын. Азаматтық кодекстiң жаңа редакциясына сəйкес жалпы ереже бойынша ақысыз болып заттар берiлетiн заем шарты табылады (ҚР АКң 718бабының 2тармағы). Мұндай шартта оның ақылығы ескерiлетiнi аз болғандай, сыйақының мөлшерi мен нысаны (заттай немесе ақшалай да ескертiлуге тиiс.
Достарыңызбен бөлісу: |