Лекция №24. Шарт нысаны
Лекция №25. Шартты өзгерту және бұзу негіздері
Шартты өзгертудің жəне бұзудың негіздері мен тəртібі ҚР АК 24 тарауымен айқындалады. Егер АК, басқа да заң құжаттары мен шартта өзгеше көзделмесе, шарт тараптардың келiсуiмен өзгертiлуi жəне бұзылуы мүмкiн. Тараптардың бiреуiнiң талабы бойынша шарт:
1) екiншi тарап шартты едəуiр бұзған кезде;
2) АК, басқа да заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге реттерде тек сот шешiмiмен өзгертiлуi немесе бұзылуы мүмкiн. Тараптардың бiреуi шартты бұзып, ол екiншi тарап шарт жасасу кезiнде үмiт артуға құқылы болғанынан едəуiр дəрежеде айрылып қалатындай шығынға əкеп соқса, бұл шарттың едəуiр дəрежеде бұзылуы деп танылады.
Шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда (шарттан тиiсiнше iшiнара немесе толығымен бас тарту) шарт өзгертiлдi немесе бұзылды деп есептеледi.
Тараптардың бiрi, атап айтқанда:
1) шартқа негiзделген мiндеттеменi орындау мүмкiн болмаған (АК 374-бабы);
2) белгiленген тəртiппен екiншi тарапты банкрот деп таныған;
3) шарт жасалғанда негiзге алынған мемлекеттiк органның актiсi өзгертiлген немесе күшi жойылған жағдайларда шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шарт мерзiмi көрсетiлмей жасалған жағдайда шартты орындаудан бiржақты бас тартуға жол берiледi. Егер АК, басқа да заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, шартты орындаудан бiржақты бас тартылған жағдайда бiр тарап бұл туралы екiншi тарапқа бiр айдан кешiктiрмей ескертуге тиiс.
Шартты өзгерту жəне бұзу тəртiбi туралы келiсiм, егер заңдардан, шарттан немесе iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан өзгеше туындамаса, шарт жасалатын сияқты нысанда жасалады.
Шартты өзгертуге немесе бұзуға ұсыныстан екiншi тараптың бас тартуы алынғаннан кейiн, не ұсыныста көрсетiлген немесе заңдарда не шартта белгiленген мерзiмде, ал ондай мерзiм болмаған кезде отыз күн мерзiмде жауап алынбағаннан кейiн ғана тарап шартты өзгерту немесе бұзу туралы талапты сотқа мəлiмдей алады.
Шартты бұзу жəне өзгерту салдары. Шартты бұзу кезiнде тараптардың мiндеттемелерi тоқтатылады. Шарт өзгертiлген кезде тараптардың мiндеттемелерi өзгертiлген түрiнде қолданыла бередi. Шарт б ұзылған немесе өзгертiлген ретте, егер тараптардың келiсуiмен немесе шарттың өзгеру сипатынан өзгеше туындамайтын болса, мiндеттемелер шартты өзгерту немесе бұзу туралы тараптар келiсiмге келген кезден бастап, ал шарт сот тəртiбiмен бұзылған немесе өзгертiлген жағдайда – шартты бұзу немесе өзгерту туралы сот шешiмi заңды күшiне енген кезден бастап тоқтатылған немесе өзгертiлген болып есептеледi.
Егер заң актiлерiнде немесе тараптардың келiсiмiнде өзгеше белгiленбесе, тараптардың шартты бұзған немесе өзгерткен кезге дейiн мiндеттеме бойынша өздерi атқарған жұмысты қайтарып берудi талап етуге құқығы жоқ.
Егер шартты бұзуға немесе өзгертуге бiр тараптың шартты едəуiр бұзғаны негiз болса, екiншi тарап шарттың бұзылуынан немесе өзгертiлуiнен келтiрiлген залалдың орнын толтырылуын талап етуге құқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |