Шарттың мазмұны. Шарттың мазмұнын оның ережелерінің жиынтығы құрайды. Заңдарда тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, шарттың ережелері тараптардың келісімдері бойынша айқындалады.
Шарттың ережесi заңдарға сəйкес қолданылатын қалыппен көзделген реттерде, егер тараптардың келiсiмiмен өзгеше (диспозитивтiк қалып) белгiленбесе, тараптар өздерiнiң келiсiмдерiмен қалыптың қолданылуын жоя алады немесе сол қалыпта көзделгеннен өзгеше жағдайды белгiлей алады.
Егер шарттың ережесiн тараптар немесе диспозитивтiк қалып бел гiлемеген болса, тиiстi жағдайлар тараптардың қатынастарында қолданылатын iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтармен белгiленедi.
Шартта оның кейбiр ережелерi осындай шарттар үшiн əзiрленген жəне баспада басылып шыққан үлгi ережелермен белгiленетiнi көзделуi мүмкiн. Үлгi ережелер үлгi шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат нысанында жазылуы мүмкiн.
Шарт тараптар үшiн оны жасасу кезiнде қолданылып жүрген заңдармен белгiленген мiндеттi ережелерге (императивтiк қалыптарға) сəйкес келуге тиiс.
Егер шарт жасалғаннан кейiн шарт жасалған кезде қолданылып жүрген ережелерден өзгеше, тараптар үшiн мiндеттi ережелер заңдармен белгiленген болса, жасалған шарттың ережелерi оның күнi бұрын жасалған шарттардан туындайтын қатынастарға да қолданылады деп заңдармен белгiлегендегiден басқа жағдайларда өз күшiн сақтайды.
Шарттың ережелері елеулі жəне елеулі емес деп екіге жіктелінеді. Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi. Елеулі ережелер аталған шарт үшін міндетті болып табылады жəне осылар жоқ болған ретте шарттың заңнама талаптарына сəйкес еместігі себепті, жарамсыз деп тануға болады.
Шарттың мəнi туралы ережелер заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мəлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.
Аудиторлық тексеру жүргізу шартының талаптары:
Шарттың пəні;
Аудитті өткізу мерзімі;
Сəйкес қызмет көрсетулердің мөлшері;
Төлемақының мөлшері мен шарттары;
Тараптардың құқықтары мен міндеттері;
Тараптардың жауапкершілігі;
Өзге де жағдайлар.
Кепілшартында көзделуі тиіс:
Кепіл пəні жəне оны бағалау;
Мəні, өлшемі жəне міндеттемелерді кепіл берушімен қамтамасыз етілген орындау мерзімі;
кепілге салынған мүліктің қай тарапта болатынын белгілеу жəне оны қолдану мүмкіншілігін анықтау.
Мүлікті бағалау шартында болуы тиіс: тапсырыс берушінің жəне бағалаушының аты, бағалау объектісінің атауы мен орналасқан жері; шарттың мақсаты; бағалау түрі; бағалау объектісінің түрі; бағалауды өткізу мерзімі мен күні; қызметке төленетін төлемақының шарты, тəртібі жəне мөлшері; тараптардың жауапкершілігі; тапсырыс берушінің бағ алау объектісіне меншік құқығын дəлелдейтін құжат деректемелері.
Шарттардың көпшілінде шарттың бағасы міндетті ереже болып табылмайды. Жалпы ереже бойынша шартты орындауға ақы тараптардың келісімі бойынша төленеді. Заң актілеріде көзделген жағдайларда уəкілетті мелекеттік органдармен реттелген құны қолданылады (тарифтер, бағалары, ставкалар, т.с.с.) Шарт жасалғаннан кейін бағасын өзгерту шартта көзделген жағдайларда, заңды актілермен немесе заңды актілермен белгіленген тəртіп бойынша жасалады.
Ақылы шарт жасалған кезде шарттың талабы бойынша құны көрсетілмесе, көрсетілуі мүмкін болмаса, шарт жасалған кездегі ұқсас тауарлардың сол кездегі құны бойынша шарт орындалуы тиіс деп есептеледі.
Шарт жасасу рəсімдері екі кезеңнен тұрады:
а) Оферта жіберу;
б) Офертаның акцепті.
Шарт жасасу туралы бiр немесе бiрнеше нақты жақтарға жасалған ұсыныс, егер ол жеткiлiктi дəрежеде айқын болып, ұсыныс жасаған жақтың ол қабылданған жағдайда (акцепт) өзiн сонымен байланысты деп есептеу жөнiндегi ниетiн көрсетсе, оферта деп танылады.
Егер ұсыныста шарттың елеулi ережелерi немесе оларды анықтау тəртiбi көрсетiлсе, ол жеткiлiктi дəрежеде айқын деп табылады. Оферта оны жiберген жақ ол алушының қолына тигеннен бастап байланысты етiп қояды. Егер офертаны қайтарып алу туралы хабар офертаның өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, оферта алынбаған болып есептеледi.
Егер офертаның өзiнде өзгеше айтылмаса не ұсыныстың мəнiнен немесе ол жасалған жағдайдан туындамаса, алушының қолына тиген офертаны оның акцептi үшiн белгiленген мерзiм iшiнде қайтарып алуға болмайды.
Жарнама жəне беймəлiм адамдар тобына жiберiлген өзге де ұсыныстар, егер ұсыныста тiкелей өзгеше көрсетiлмесе, оферта жасасуға шақыру ретiнде қаралады.
Ұсыныс жасаушы жақтың кез келген хабарлаушысымен ұсыныста көрсетiлген жағдайларда шарт жасасу еркi көрiнетiн, шарттың барлық елеулi ережелерi бар ұсыныс оферта (жария оферта) деп танылады. Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп танылады. Акцепт толық əрi бұлтарыссыз болуға тиiс.
Егер заң құжатынан, iскерлiк қызмет өрiсiндегi əдеттегi құқықтардан немесе тараптардың бұрынғы iскерлiк қатынастарынан өзгеше туындамаса, жауап қайтармау акцепт болып табылмайды.
Офертаны алған жақтың оның акцептi үшiн белгiленген мерзiмде онда көрсетiлген шарт ережелерiн орындау жөнiнде жасаған əрекеттерi (тауарлар тиеп жөнелту, қызмет көрсету, жұмыс орындау, тиiстi соманы төлеу жəне т.б.), егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада көрсетiлмесе, акцепт деп есептеледi.
Егер акцептi қайтарып алу туралы хабар оферта жiберген жаққа акцептiң өзiнен бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледi.
Достарыңызбен бөлісу: |