Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны


Лекция №26. Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні, мазмұны, негізгі элементтері



жүктеу 0,61 Mb.
бет40/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Лекция №26. Сатып алу-сату шартының ұғымы, пәні, мазмұны, негізгі элементтері

Жоспар:

Сатып алу – сату шартының түрлері және олардың ерешеліктері: сатып алу – сату, айырбас, жеткізілім, келісім шарт жасасу, энергиямен жабдықтау, кәсіпорынды сату, сыйға тарту.


Сатып алусату шарты бұл – мүлiктi ақылы берудi қамтамасыз ететiн шарттардың бiр түрi. Əрекет етушi азаматтыққұқықтық нормалар оның бiрнеше түрiн реттейдi, олардың əрқайсысының ерекшелiгi, олар қолданылатын салалардың ерекшелiгiне байланысты. Қазiргi кезде оның түрлi қолданыс табатынын айта кеткен жөн. Жеке кəсiпкерлер, жеке жəне мемлекеттiк кəсiпкерлер арасындағы дəстүрлi тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттiң мұқтажы үшiн тауар сатып алу да қамтамасыз етiледi. Əрбiр шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тəртiбiмен жəне өзге қырларымен ерекшеленедi. Тауар жеткiзiлiмi шартында жəне сатып алусату шартының өзге де түрлерiнде, егер бiз оларды сатып алусату шартының жалпы ережелерiмен салыстыратын болсақ ерекшелiктер байқалады. Дегенмен, ол өзiнiң алуан түрлiлiгiне қарамастан, азаматтыққұқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерiнiң бiрi болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелерi ұзақ даму жолынан өткен жəне олардың тек өмiрге сəйкес келетiндерi ғана сұрыпталған.

Сатып алусату шартына сатып алушы жағына мүлiктi меншiкке беру шартқа сияқты көзқарас дəстүрлi болып табылады. ҚР АК 270 бабының 3шi тармағына сəйкес зат үшiншi тұлға меншiгiне берiлу мүмкiншiлiгi жоққа шығарылмайды. Қазақстан Республикасының аумағындағы ҚСР Одағының жəне республикалардың Азаматтық заңдары негiздерiнiң 1991 жылы күшiне енгiзiлуiне байланысты аталған шарт мүлiктi сатып алушы тарабының меншiгiне, толық шаруашылық жүргiзуiне, оралымды басқаруына беретiн болып қарастырылады. Мұндай шешiмдi екi тұрғыда қарастыруға болады. Бiрiншiден, мемлекеттiк кəсiпорын, мекеме қатысуымен сатып алусату шартын онда мемлекет аталған субъектiлердiң мүлiктi оның меншiгiне алуға келiсiмiн берген шарт ретiнде бағалауға болады, осымен бiрге мемлекет аталған субъектiлерде тиiстi заттық құқықтар пайда болуына қарсы емес деп табу мүмкiн. Екiншiден, аталған заттық құқықтар мемлекеттiк меншiкке негiзделетiн заңды тұлғалар меншiк иелерi ретiнде мүлiктi сатып ала алуы үшiн көлемi бойынша жеткiлiктi екенiн болжауға болады. Осы көзқарасты қолдасақ, онда осындай мүмкiншiлiктер меншiк иесiнен басқа өзге де заттық құқықтар иелерiнде, мысалы, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқарушылар да бола алатынын айта аламыз. Осы екi көзқарастар сырттай тек теориялық тұрғыда болып келгенiне қарамастан оларды одан əрi негiздеу мемлекеттiк жəне оның құрған заңды тұлғаларының қарымқатынастарының тəжiрибелiк мəселелерiн шешуге мүмкiншiлiк бере алады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 406бабына сəйкес: “Сатып алу шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға жəне ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттi”. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкiндiк бередi. Оған азаматтар жəне заңды тұлғалардан басқа мемлекет жəне субъект ретiнде əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер қатыса алады.

Мемлекеттiк кəсiпорын, қазыналық кəсiпорын, мемлекеттiк мекеме сатып алушы болған уақытта мүлiк тиiсiнше олардың шаруашылық жүргiзуiне, жедел басқаруына өтедi. Сонымен қатар, меншiк құқығы сатып алушы республикалық немесе коммуналдық кəсiпорын болып келгенiне байланысты мемлекетте немесе əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiкте пайда болады. Бұл мемлекеттiк меншiк нысанына негiзделген заңды тұлғалар тек шартты бөлiнiп шығарылады деген пiкiрге əкелуi мүмкiн. Бiрақ бұл (заңды тұлға құру) мүлiктi бiрнеше мақсатта оқшаулау үшiн маңызды. Кейде осы жеке меншiкке негiзделген заңды тұлғаларға да қатысты. Мысалы, егер сатып алушы жеке мекеме болып табылса, онда сатып алынған мүлiкке жедел басқару құқығы пайда болатыны анық.

Сатып алусату шартын меншiкке жеке сипаттармен анықталатын заттарды беретiн шарт ретiнде бағалау (себебi тек жеке сипаттарымен анықталатын заттар ғана меншiк құқығының немесе заттық құқықтық нысанасы бола алады) мүлiктi құқықтарды сату ерекшелiгiн ескерудi талап етедi.

Бағалы қағаздарды жəне валюталық құндылықтарды сатып алусатуда, егер заңнама оларды сатып алусату үшiн арнайы ережелер қарастырмаса, жалпы ережелер қолданылады. Сонымен бiрге бөлшектеп сатып алусатуға, тауар жеткiзiлiмiне, энергиямен жабдықтауға арнайы нормалар қолданылады. Дегенмен бiз жалпы ережелер мəнiн төмендетпеуiмiз керек, өйткенi осылардың көмегiмен көптеген даулы жағдайлар шешiледi.

Шарттың өзiн сипаттауға көшейiк. Сатып алусату консенсуалды шарт болып табылады. Ол, екi жақ барлық елеулi жағдайлар бойынша келiсiмге келген сəттен бастап аяқталған (сатып алусату шарты жасалған) болып табылады. Шарттың жасалуы мен орындалуының бiр уақытпен сəйкес келуi (жасалған сəтiнде орындалатын шарттың болуы) бұл ереженi өзгертпейдi.

Сатып алусату шарты – ақылы шарт. Тауарды беру оның сату бағасын алуды талап етедi. Бiрқатар жағдайларда сатып алу бағасы тауардың экономикалық тепетеңi болып келмейдi, бiрақ шартта кiрiптарлықпен жасалған мəмiле көрiнiс таппауы керек, сол сияқты бағаны қалыптастыру жөнiндегi мiндеттi нормалар да бұзылмауы керек. Оның ақылы мiнезiн (тепетең айырбас ретiндегi) ескеру кəмелетке толмаған немесе əрекетке қабiлетсiз тұлғалардың құқықтарын қорғау негiзiнде болуы тиiс. Сонымен бiрге, бұл мемлекеттiк мүлiктiк мүдделердi неше түрлi алаяқтықтардан қорғау үшiн де қажет.

Кейде сатып алусату шарттарын жасағанда ақылылық ережесiнен ауытқу да болуы мүмкiн (сондықтан тек жартылай ақылылық туралы айтуға болатын шығар). Аталған мəмiлелер өзiнiң заңдық табиғаты бойынша шартты мəмiлелер бола алады. Мысалы, егер сауда кəсiпорны мыңыншы сатып алушыға iрi жеңiлдiк жасаймын деп жарияласа (мəмiле осы жөнiндегi

шартпен жасалса). Бiр бiрiне қарсы бағытталған екi тараптың субъективтiк құқықтары мен мiндеттерi сатып алусату шартын өзара шарт ретiнде сипаттауға мүмкiндiк бередi. Əңгiме шарттың мəнiн құратын құқықтары мен мiндеттерi туралы болады. Құқықтар мен мiндеттердiң көмекшi мөлшерi екi жақтықтан ауытқу болуы да мүмкiн.

Сатып алусату мүлiк иесiнiң (басқа құқық иеленушiнiң) өзгеруiне (ауысуына) əкеледi. Көрсетiлген белгiлер, сонымен қатар бұл шарттың ерекше мазмұны аталған шарттың мүлiк жалдау (аренда), мердiгерлiк, сыйға тарту жəне басқа да шарттардан елеулi түрде ерекшеленетiнi туралы қорытынды жасауға мүмкiншiлiк бередi. Дегенмен, сатып алусату шарты туралы нормалар жалпы мəндi де иемденедi. Мысалы, олар мердiгерлiк қатынастарды реттеуде де есепке алынуы қажет. Өз материалдарымен жұмысты орындайтын мердiгер оның сатушы рөлiнде болады. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар шеңберiнде сатып алусату туралы нормаларды есепке алу қажет жағдайлар болуы мүмкiн.

Сатып алусату қатынасын 3 мəнде белгiлеуге болады.

Бiрiншiден, бұл — сатып алусатудың экономикалық қатынасы.

Екiншiден, бұл — адамдардың ой елегiнен өткен жəне құқық нормаларымен бекiтiлген субъективтiк идеологиялық қатынас. Ең соңында, сатып алусату шарты бұл — азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы. Құқықтық реттеуден тəуелсiз тұрмыс етiп айырбастық материалдық қатынас ретiнде аталған құқықтық реттеудiң арқасында (көмегiмен) құқықтық нысанға ие болады. Ол нысан — құқықтық қатынас нысаны. Шарт жағдайы, нысаны тұлғалардың белгiлi бiр əрекетiн азаматтыққұқықтық шартқа айналдыруға, олардың құқықтары мен мiндеттерiн бекiтуге мүмкiндiк беретiн заң техникасының тəсiлдерi болып келедi.

Сатып алусату шартының нысаны оның бағасына, субъектiлерiне жəне заңдық, шарттық талаптарға сəйкес анықталады. Оған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 152 бабында бекiтiлген мəмiле нысаны туралы жалпы ережелер қолданымды болып келедi. Жүз айлық есептiк көрсеткiштен жоғары сомаға, сонымен бiрге кəсiпкерлiк қызметтi қалыптастыру барысында жасалатын мəмiлелер, жасалған кезде орындалатындарын қоспағанда жазбаша нысан да жасалуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды жəне онымен жасалатын мəмiлелердi мемлекеттiк тiркеу туралы” заң күшi бар Жарлығына сəйкес, жылжымайтын мүлiктi сатып алусату шарттары мемлекеттiк тiркеуге жатады. Азаматтық кодекстiң 494бабы кəсiпорынның сатып алусату шартының бiр құжатты құру жолымен, екi жақтың қол қоюымен жазбаша түрде жасалуын, оған: инвентаризация актiсiн, бухгалтерлiк балансты, кəсiпорынның құны мен құрамы туралы тəуелсiз аудитор қорытындысының мiндеттi тiркелуiн қарастырады. Олар басқа да қозғалмайтын мүлiктi сату бойынша, шарттар сияқты мемлекеттiк тiркеуге жатады жəне мемлекеттiк тiркеу кезеңiнен жасалған деп есептеледi.

Сатып алусату шартының субъектiлерi ретiнде азаматтық құқық субъектiлерi, яғни жеке тұлға, заңды тұлға, əкiмшiлiк аумақтық бiрлестiктер, мемлекет əрекет ете алады. Сатып алусатудың қандай шарты жасалатынына қарап кəсiпкерлiк немесе кəсiпкерлiк емес, бөлшек сатып алусату шарты немесе мемлекеттiк кəсiпорындар мүлкiн жекешелендiру, олардың қатысушылар құрамы да өзгередi. Басқа да жағдайларда қатысушылар құрамының ерекшелiгi сатып алусату шарттарының жекелеген түрлерi бойынша төменде қарастырылатын болады.

Мұнда тек барынша маңызды (қағиданы) жағдайларды атап өтемiз. Арнайы құқықтық қабiлеттi иемденетiн заңды тұлғалар сатып алусату бойынша қатынасқа тек арнайы (жарғылық) құқықтық қабiлеттiлiк шеңберiнде қатыса алады, яғни бұл жерде əңгiме қандай да бiр оның жалпы шеңберi туралы жүрмейдi, құқықтық қабiлеттiлiк көлемi əрбiр жекелеген құқықтық қатынаста нақтылануы қажет. Мысалы, шаруашылық жүргiзу құқығында мүлкi бар мемлекеттiк кəсiпорын, оның негiзгi құралдарына жататын мүлiктi, сонымен бiрге акцияларын сатуға құқығы жоқ. (2002 жылдың 21 мамырындағы Қазақстан Республикасының “Мемлекеттiк мүлiк ережелерi бойынша Қазақстан Республикасының заң актiлерiне кейбiр қосымшалар мен өзгерiстер енгiзу туралы” Заңының редакциясындағы Азаматтық кодекстiң 200бабының 2шi тармағы. Егер мемлекеттiк келiсiмшартқа отыруына қысқаша тоқталсақ, мыналарды атауға болады. Заңды түрде мемлекеттiң құқық қабiлеттiлiгi шектелмеген, бiрақ, олармен жасалатын шарттардың мiнезi, мазмұны мемлекет атқаратын экономикалық жəне басқа да функциялармен (қызметтермен) анықталады.

Жеке тұлғалардың сатып алусату шарттарын жасасу мүмкiншiлiгiне олардың құқықəрекет қабiлеттiктерiнiң көлемi əсер етедi. Мысалы, əрекет қабiлеттiлiгi шектелген тұлғалар тек ұсақтұрмыстық мəмiлелердi жасай алады, ал басқа мəмiлелердi жасауға олар өзiнiң қамқоршысының келiсiмi болғанда ғана құқылы (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 27бап, Iтармақ). Егер жүйелi түрде жүзеге асырылатын саудасаттық қызметi туралы айтатын болсақ, онда жеке тұлға тек жеке кəсiпкер мəртебесiне иемденген соң ғана оны жүргiзе алатынын ескерту керек немесе бұл қызмет коммерциялық заңды тұлғамен жүргiзiлуi мүмкiн. Негiзiнен: “Құқықтық қатынас субъектiлерi болып, жеке басымен жəне мүлкiмен оқшауланған, құқықтарға ие болатын жəне мiндеттердi көтеретiн тұлғалар табылады” Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы басқа мемлекеттердiң азаматтық құқығы сияқты құқықтық қатынастарда жеке тұлғалар қауымдастықтарының (жай серiктестiктердiң) қатысуын да қарастырады, дегенмен бұл келтiрiлген анықтаманың дұрыстығына əсерiн тигiзбейдi.

Сатып алусату шартының нысанасы (объектiсi). Құқықтық қатынастың объектiсiн материалды (заттық), заңды, идеологиялық қылып бөлу толық мөлшерде азаматтыққұқықтық шарттар үшiн де жарамды болып табылады. Сатып алусату шарты өзiнiң ерекше нысанасына (затына), заңды жəне идеологиялық объектiлерiне иемденедi.

Қазiргi жағдайда олардың əрқайсысының мəнi бiрдей. Дегенмен, қазiргi өндiрiстiң өсуi, тауарлардың алуан түрлiлiгi жəне оларды пайдалану мақсаттарының кеңеюi, сатып алынатын тауардың сатып алусату затына талаптардың жоғарылауына əкеледi, əсiресе, егер тауар кейбiр ерекше мақсаттарға арналса. Келiсiмшарт нормаларында олардың барынша анық бекiтiлмеуi жаңылысуға немесе сатып алусату затындағы қателiкке əкелуi мүмкiн. Бөлшектеп сатып алусату шарттары жасалса, заң шығарушы сатылатын өнiмнiң сапасы, қауiпсiздiгi бойынша талаптарды бекiте отырып, тұтынушы жағдайын барынша “күшейтуге” əрекет етедi. Заттар сатып алусату шарты нысанасының барынша кең тараған түрi болып табылады.

Кез келген зат тектiк немесе жеке сипаттар арқылы анықталған, жылжитын жəне жылжымайтын тауар болуы мүмкiн. Тектiк заттарға келсек, олар қалған тауарлық массадан жекеленуi қажет екенiн айта аламыз, сөйтiп олар жеке сипаттар арқылы анықталатын заттарға теңестiрiледi жəне осындай түрiнде сатып алусату шартының нысанасы бола алады. Егер əңгiме жекеленбеген тектiк тауарды сату жөнiнде болса, онда сатып алусату шартының нысанасы болып зат емес, мүлiктiк құқық келедi. Осындай жағдай сатып алусату шартының нысанасы “болашақ заттар” болып келгенде де орын алады.

Тауар əлi өндiрiлмеген немесе тауар табиғатта мүлдем жоқ. Батыс Еуропа елдерiнiң сауда құқығы жүйесiндегi бұған қатысты үш түрлi көзқарас бар: бiрiншiден, кезкелген жағдайда сатушы шартта көрсетiлген нысананы табыс етудi қамтамасыз етуге мiндеттi (ол табиғатта бар болғанмен теңестiрiледi), егер шарттың орындалмауы дүлей күштер салдарынан болғанын дəлелдей алмаса, ол шартты бұзушы болып саналады; екiншi көзқарас бойынша, егер тауар сатушының əрекетiне байланыссыз себептер бойынша өз қалыптасуына иемденбесе, шарт “нысананың болмауы” салдарынан тоқтатылады, ең соңында, егер сатып алушы өзiне белгiлi себептермен тауардың қалай болса да жеткiзiлгенiне үмiттенетiн болса, онда шарт нысанасы тауар емес “сатып алушының үмiтi” болып табылады.

Жоғарыдағы мысалдар нысана ерекшеленуiнiң негiзгi мəнiн көрсету үшiн келтiрiлiп отыр: шарт нысанасының сипаттамалары ең алдымен, шарт орындалмауының, сатып алусату шарттары тиiстi орындалмауының тəуекелi үлесуiне, екi жақтың құқықтары мен мiндеттерiне əсер етедi. Нысана ерекшелiгi сонымен бiрге сатып алусатуды жүзеге асыру тəртiбiне де əсер етедi, мысалы, шетелдiк сатып алусату Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” Заңына жəне оның орындалуы үшiн қабылданған заңға тəуелдi нормативтiк актiлерге сəйкес жүргiзiлетiн болады.

Бағалы қағаздар айналымы Қазақстан Республикасының “Бағалы қағаздар рыногы туралы”; “Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар мен мəмiлелердi тiркеу туралы” Заңдармен, сонымен бiрге, заңға тəуелдi нормативтiк актiлермен реттеледi. Азаматтық айналымда шектелген заттарды сатып алусату жекелеген заң актiлерi бекiткен ережелердi сақтаумен жүргiзiледi, мысалы, Қазақстан Республикасының “Қарудың жекелеген түрлерiнiң айналымы үшiн мемлекеттiк бақылау туралы” Заңымен ж.б.

Күшiнде болып келетiн ҚР Азаматтық кодексi 406 бабының 4шi тармағында мүлiктiк құқықтар сатып алусату шартының нысанасы болып келуiне қатысты жалпы мəндегi норма бекiтiлген. Мүлiктiк құқықтарды беруге қатысты мəмiлелер кең таралуды иемденедi, оларға тауар биржаларында жасалған, жекелеп алғанда оларға биржалық тауарлар жеткiзiлiмi шартына немесе биржалық тауарлар қатынасындағы мiндеттер мен құқықтарды болашақта өткiзу, құқықтарды сату шарттары жатады. (Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Тауар биржалары туралы” заң күшi бар Жарлығының 5 бабының 1шi тармағы. Патенттiк құқықтарды беруде нысанасы мүлiктiк құқық болып келетiн сатып алусату шарттары жасалуына əкеледi.

Шарт заты (нысанасы) туралы келiсiм сатып алусату шартының бiр ғана елеулi жағдайы болып табылады. Егер шарт тауарлардың атауын жəне санын айқындауға мүмкiндiк берсе, нысанаға қатысты жағдай келiсiлген деп есептеледi. (407бап 3шi тармақ). Сатып алусату шартының бағасы дегенiмiз, оны алуға сатып алушының немесе онымен көрсетiлген үшiншi тұлғаның құқығы бар, қарсылай ақша түрiндегi қанағаттандыру. Ол Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 383бабының 1шi тармағында бекiтiлген шарт бойынша бағаны қалыптастыру бостандығына негiзделедi. Тарифтер, баға белгiлеу, ставкалар жəне т.б. заңдық актiлерде қарастырылған жағдайларда уəкiлдi мемлекеттiк органдармен орнатылады. Орталықтандырылған тəртiпте орнатылған баға белгiлеу, тарифтерден 0.001 кəсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң өздерi қойған бағаны, тарифтерiн ажырату қажет.

Монополистiк қызмет субъектiлерiмен өткiзiлетiн тауарларға баға орталықтандырылған тəртiппен қойылады. Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында табиғи монополияны реттеу бойынша Қазақстан Республикасы Агенттiк төрағасының 1999 жылдың 25 тамызында

бекiтiлген “Мемлекеттiк кəсiпорындармен монопольдi қалыптасатын қызметтерге бағаны реттеу Ережесi” сонымен бiрге, 1998 жылдың 14 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының бəсекенi қорғау жəне табиғи монополия субъектiлерiнiң қызметтерi мен жұмыстарына баға (тарифтер) енгiзу, бекiту, қарастыру, ұсыну тəртiбi туралы нұсқау қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Мемлекеттiк кəсiпорындар туралы” заң күшi бар Жарлығының 40 бабының 1шi тармағы қазыналық кəсiпорындар мен өткiзiлетiн тауар бағалары өкiлеттi органмен қойылатынын қарастырады.

Жарлықтың аталған бабының екiншi бөлiгi 1999 жылдың 4 қазанындағы “Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Мемлекеттiк кəсiпорын туралы” заң күшi бар Жарлығына толықтырулар енгiзу туралы” Қазақстан Республикасы заңының редакциясында қазыналық кəсiпорындар мен монополиялық өндiрiлетiн тауарларға бағаны мемлекеттiк реттеудi қарастырады.

1999 жылдың 23 қазанындағы “Алкогольдi өнiмдерге минимальдi бағаны қалыптастыру туралы” Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен алкогольдi өнiмге ең төменгi шектегi баға қойылған.

Басым көпшiлiк жағдайларда баға шартпен қарастырылады. Егер шарттың бағасы өзiнде нақты келiсiлмесе жəне оның жағдайларымен анықталмаса, онда бұл шарттың жарамдылығына əсер етпейдi. Мұндай жағдайда тауар бағасы бойынша əдетте қолданылатын талаптар есепке алынады, басқаша айтқанда, негiз ретiнде тауардың нарықтық құны алынады. Баға тауар салмағына байланысты қойылса, егер шартта басқаша қарастырылса, ол таза салмақ бойынша анықталады.

Бұл сатып алушы үшiн қолайлы ереже, əсiресе ыдыстың салмағы үлкен немесе тауар қымбатболса жəне салмақтың кiшiгiрiм өзгеруi (көбеюi) тауардың елеулi қымбаттауына əкелсе.

Егер шарт тауар бағасы оны негiздейтiн көрсеткiшке байланысты өзгертiлуге жататынын қарастырса, бiрақ бағаны қайта қарау тəсiлi анықталмаса, баға шартты жасасу кезеңiндегi жəне тауарды беру бойынша мiндеттi орындау уақытындағы көрсеткiштердiң өзара қатысуымен анықталады. Яғни тауарды оны өткiзу кезеңiнде өз құны көтерiлуi немесе төмендеуiне қарай шарт бойынша оның бағасы тиiстi дəрежеде көтерiлуi немесе төмендеуi қажет. Бiздiң көзқарасымыз бойынша, осы, Азаматтық кодекстiң 438бабының 3тармағында бекiтiлген ережелерде анықсыздық бар. Тауар бағасы шартты жасасқан кездегi көрсеткiштердiң жəне шарт бойынша ұсынылатын тауарларды сақтандыру, тиеу, буыптүю, сатып алу, өндiру кезiнде қалыптасатын олардың өзiндiк құны (шығындар) қатысуының негiзiнде анықталуы керек. Осымен бiрге Азаматтық кодексте сатушының мерзiмдi өткiзiп алуынан сатып алушының мүдделерiн қорғауға арналған норма да жетiк емес деп табуға болады. Ол тек тауар құнын (бағасын) төмендетудi қарастыруы қажет, бiрақ 438баптың 3шi тармағымен мəселе былайша шешiлмеген. Сатып алу бағасын төлеудiң мерзiмiн сатып алушы өткiзiп алса, онда ол үшiн баға тек көтерiлу бағытында өзгеруi қажет. Өкiнiшке орай бұл да Азаматтық кодексте көрiнiс таппаған. Құқықтық қатынастар (шарттар) мазмұнын қарайық. Ол екi мəнде түсiндiрiлетiнiн айтқан жөн. Бiрiншiден, құқықтық қатынастар мазмұны бұл – құқықтық реттелетiн қоғамдық қатынас. Сонымен бiрге мазмұн деп екi жақтың құқықтарымен мiндеттерiн (заңды мазмұнды) қарастырады.

В. А. Тархов мынадай мысал келтiредi: бiр субъект екiншiсiне қандай да бiр затты сатады жəне олардың арасында материалды экономикалық қатынас қалыптасады, сатып алушы ақша төлеп қажеттi затты алады, баламалы айырбас жүредi. Айырбасқа қатысушылар шарттан қандай құқықтар мен мiндеттер шығатынын ойламауына болады. Бiз осымен келiсе алмаймыз. Ақырында заңдық мазмұн меншiк құқығына иемденудiң жалпы заңдық мақсатымен анықталады. Шартқа қатысушылардың түсiнiгi меншiктi иемденудiң экономикалық мақсатымен ғана шектеледi деп болжау артық болар едi, мұндайға қазiргi өмiрдiң өзi де мүмкiндiк бермейдi. Теориялық тұрғыда болса, онда сатып алусату шартының экономикалық жəне заңдық мазмұндарын ажыратуға талпыну мүмкiн. Бiрiншiсiзаңдық мазмұн, ол құқықтар мен мiндеттердiң жеткiлiктi үлкен жиынтық элементтерiнен құралады. Кейбiр құқықтар шарт негiзiн қалайды, ал өзгелерi қосымша (көмектесу) мəнге ие бола алады. Құқықтық қатынастар мазмұнын оның қатысушыларының жүрiстұрысы құрайды дегендi толығымен дұрыс деп тануға болмайды. Аталған жағдайда құқықтық қатынас пен оның мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар түсiнiгiн араластырып алу орын алады. “Нысан (құқықтық қатынас) өзiнiң мазмұнына тараптардың құқықтары мен мiндеттерiнен, ал мазмұн (реттелетiн қатынас) өз қатысушыларының əрекеттерiнен, олардың қызметтерiнен қалыптасатын өз мазмұнын иемденедi”. Дегенмен, сатып алусату шарттарында экономикалық мазмұнмен жанама байланысты иемденетiн қатысушылардың айырықша заңды жүрiстұрысы (əрекеттерi) барлығын мойындамасқа болмайды. Бұлардың қатарына оферта мен акцептi, келiспеушiлiктi реттеудi, жедел шараларды қолдануды жəне басқа да əрекеттердi жатқызуға болады.

Шарт мазмұнына қатысты жалпы көзқарастар осындай. Осыдан əрi, бiз оны сатып алушы мен сатушының құқықтары мен мiндеттерi күйiнде жекелеп талдауға көшемiз.




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау