Лекция №18. Меншік құқығының ұғымы және мазмұны



жүктеу 0,61 Mb.
бет13/68
Дата02.06.2020
өлшемі0,61 Mb.
#30830
түріЛекция
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68
Лекция 3 курс азаматтык кукык

Қараусыз жануарлар – қараусыз немесе қаңғып жүрген малды жəне басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретiлген жануарларды ұстап алған адам оларды меншiк иесiне қайтаруға, ал егер оның өзi немесе тұрған жерi белгiсiз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешiктiрмей табылған жануарлар туралы iшкi iстер органдарына немесе қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппаратына мəлiмдеуге мiндеттi, олар меншiк иесiн iздестiру шараларын қолданады.

Жануарлардың меншiк иесiн iздестiру кезеңiнде жануарларды ұстаушы адам оларды өзiнiң бағуында жəне пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар басқа адамға тапсыруы мүмкiн. Жануарларды ұстап алған адамның өтiнiшi бойынша оларды бағу мен пайдалану үшiн қажеттi жағдайы бар адамды iздеп табуды жəне оларға жануарларды берудi қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппараты жүзеге асырады.

Егер жұмыс малы мен iрi қараны ұстап алғаны туралы мəлiмделген кезден бастап алты ай iшiнде жəне басқа үй жануарлары жөнiнде – екi ай iшiнде олардың меншiк иесi табылмаса жəне оларға өзiнiң құқығы туралы мəлiмдемесе, бұл жануарларға меншiк құқығы жануарларды баққан жəне пайдаланған адамға көшедi.

Бұл адам бағуында болған жануарларды меншiгiне алудан бас тартқан жағдайда олар коммуналдық меншiкке түседi жəне тиiстi қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ əкiмiнiң аппараты белгiлейтiн тəртiп бойынша пайдаланылады.

Жануарлар басқа адамның меншiгiне көшкеннен кейiн олардың бұрынғы меншiк иесi келген ретте сол жануарлардың өзiне үйiрсектiгi сақталғанын немесе жаңа меншiк иесiнiң оларға қатал не өзгедей мейiрiмсiз қарағанын дəлелдейтiн жағдайлар болған кезде меншiк иесi жаңа меншiк иесiмен келiсiм бойынша белгiленетiн шарттармен, ал келiсiмге келмеген кезде – сот арқылы оларды өзiне қайтарып берудi талап етуге құқылы.

Көмбе, яғни жерге көмiлген немесе басқа əдiспен жасырылған, меншiк иесiн анықтау мүмкiн болмайтын не заңдарға сəйкес оларға құқығынан айрылған ақша немесе өзге де бағалы заттар көмбе жасырылған жер учаскесi иесiнiң немесе қозғалмайтын затты меншiктенушiнiң жəне көмбенi тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгiленбесе, меншiгiне тең мөлшерде түседi. Көмбе жасырылған жер учаскесiн пайдаланушының немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушiнiң келiсiмiнсiз қазған немесе бағалы заттар iздестiрген адам көмбенi тауып алған жағдайда көмбе сол меншiк иесiне берiлуге тиiс.

Тарих жəне мəдениет ескерткiштерiне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншiгiне берiлуге тиiс. Бұл орайда ондай көмбе табылған жер учаскесiн пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлiктi меншiктенушi жəне көмбенi тапқан адам осы көмбе құнының елу процентi мөлшерiнде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы бұл адамдар арасында АК көзделген ережелер қолданыла отырып бөлiнедi.




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   68




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау